Атаулы күндер



Дата01.10.2023
өлшемі15,28 Kb.
#112224

АТАУЛЫ КҮНДЕР
Сыныптан тыс жұмыстар мен тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2023-2024 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:

  1. Суфизм поэзиясының негізін қалаушы, барлық Шығыс мұсылмандарының рухани тәлімгері және діни жетекшісі, ақын, ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Яссауидің туғанына 930 жыл

  2. 1223-1277 жылдары билік құрған, Египетте мамлюк мемлекетінің негізін қалаған Дешті Қыпшақ даласының әйгілі ұлы Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл

  3. Ұлы жүздің биі Төле бидің туғанына 360 жыл

  4. XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Қазақ жырауы, мемлекет қайраткері Бұқар жыраудың туғанына 330 жыл

  5. Қазақтың батыры, көрнекті ақыны Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл

  6. Ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл

  7. Алаш жұртының әйгілі перзенті, көрнекті қазақ ақындарының бірі, фольклоршы, ғұлама ғалым Мәшһүр - Жүсіп Көпеевтің туғанына 165 жыл

  8. Қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Спандияр Көбеевтің туғанына 145 жыл

  9. Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл

  10. Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл

  11. Қазақ халқының XX ғасыр басындағы аса көрнекті ақын-жазушысы, ақылойшысы, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жыл

  12. 109 демократ ақыны туғанына Ақын, жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл

  13. Қазақстанның Халық Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, партизан-жазушы, Ұлы Отан соғы-сының ержүрек батыры Қасым Қайсеновтің туғанына 105 жыл

  14. Қазақ жазушысы, редакторы. Ұлы Отан соғысының қатысушысы Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл

  15. Қазақ мемлекеттік баспасында поэзия редакциясын басшысы, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі, жазушы Ғафу Қайырбековтің туғанына 95 жыл

  16. Мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тарлан сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, ҚР Журналистика академиясының академигі Мұрат Әуезовтің туғанына 80 жыл

  17. Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі, жазушы, драматург Жазушы Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл

Абай Күні
Жыл сайын 10 тамызда Қазақстанда Ұлы қазақ ақыны, ойшыл, ағартушы, жазбаша қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ Абай күні атап өтіледі. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың туған күні (1845 жылғы 10 тамыз) «Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы № 495 қаулысына сәйкес ресми түрде Қазақстанда мереке күні болып атап өтіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет