Шәкіртақылық байқауының ережесі І. Жалпы ереже



бет1/5
Дата15.03.2023
өлшемі93 Kb.
#74638
  1   2   3   4   5



Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының
шәкіртақылық байқауының
ЕРЕЖЕСІ


І. Жалпы ереже



    1. Академик Ш. Есенов атындағы шәкіртақылық байқау (бұдан әрі – «байқау») «Shakhmardan Yessenov Foundation» ғылыми білім беру қорының (бұдан әрі – «қор» деп аталады) бастамасы бойынша өткізіледі және қаржыландырылады және геология саласындағы көрнекті ғалым геолог, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлттық ғылым Академиясының академигі, геолого-минералогиялық ғылымдарының докторы, Ленин сыйлығының Лауреаты, Қазақстан Республикасының Мемелекеттік сыйлығының лауреаты, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Шахмардан Есеновтың есімін мәңгілік етуге бағытталған білімгерлердің оқу, ғылыми, қоғамдық іс-әрекеттерін ынталандыруға бағытталған.




    1. Байқаудың мақсаты – еліміздің белгілі жоғарғы оқу орындарының бакалавриаты және магистратураның үздік студенттерін қолдау, олардың заманауи қоғамдық талаптарға сай құзыретін дамыту арқылы Қазақстан Республикасында геология ғылымының дамуына үлес қосу.




    1. Ережеде «шәкіртақы» терминінің мағынасы айына 40 000 (қырық мың) немесе 480 000 (төрт жүз сексен мың) теңге көлеміндегі әрбір шәкіртақы алушыға 2023 жылдың мамыр айынан 2024 жылдың сәуір айы аралығында 12 (он екі) ай мерзіміне тағайындалатын ақшалай төлемақы болып табылады.




    1. Жеңімпаздар ашық байқау барысында іріктеледі. Байқау жылына бір рет, оқу жылының екінші семестрінде өткізіледі. Байқау нәтижесі бойынша атаулы шәкіртақы тағайындалады.




    1. Бағдарлама академик Шахмардан Есенов оқыған және дәріс берген ҚазҰТЗУ-нің 2 (екі) студентіне шәкіртақы алу міндетті квотасын ұсынады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет