Ақтық өнім түрлерін ажырату



Дата19.10.2023
өлшемі469,5 Kb.
#119762
Байланысты:
ақтық өнімдер


Ақтық өнім түрлерін ажырату
Ақтық өнімдерге әр түрлі дәптерлер (мектеп дәптері, қалың дәптер, және сурет дәптері т.б.) блокнот, жазба кітапшасы, альбом, әр түрлі папкалар, кальендар және т.б. өнімдер жатады.


Альбомдар (фр.аІЬum) — көркемділігінің сипаттарына қарай, үш топқа бөлінеді:
- көркем өнер бойынша көркем суреттік, кескіндемелер бейнелеу өнерінің түрлері, сәулет өнері, мүсіндеу өнерлері бойынша альбомдар;
- фотоальбомдар (түрлі көріністердің, қоғамдық мәселелер жөніндегі оқиғалы тақырыптар, тарихи, туристік, жарнама каталогтары т.б.);
- ғылыми-техникалық альбомдар (ғылыми, өндірістік, техникалық, оқу т.б.); көркемделінген бояулылығы бірден алтыға дейін бола алады.

Альбомдар түптелінеді, кейде қосымша безендірілген тыстама мен қынапқа (футлярға) салынады. Көпшілік қолданымға арналған альбомдарға қаптамалар кигізіледі немесе арзан түптелінеді. Сыммен блоктың шетінен қапсыра тігіп бекіту әдісі бүктемеленген дәптерлер бірінің үстіне бірі қойылып жинақталған әдісте (комплектовка подборкой), блок бірден тігіледі. Бұл бекіту әдісі кіші және орташа өндірістерде кеңінен тараған. Орындалуы қарапайым және экономикалық өте ұтымды. Бұл әдістің басты кемшілігіне - басылымның нашар ашылуы жатады. Сондықтан бұл әдісті сурет салатын альбомдарды, сапасы орташа, кітап беті 160 беттен аспайтын, кіші көлемді басылымдарды бекітуде қолданылады.




Альбомдадағы көп бояулы лак жағылған бейне материалдарды бүлінуден қорғау үшін плюр деп аталатын арнайы папирос қағазы қолданылады.
Плюр қағазының форматы мен бұрыштардың формасы бекітілген түпнұсқаға сәйкес келуі керек.
Күнтізбе (лат.calendarium – ұзақ мерзімді кітап) апта күндерін, апталарды, айларды, жылды бірізділікпен келтіретін анықтамалық басылым.
Күнтізбелер қабырғаға ілетін, стол үстінде парақталатын және қалталық болып бірнеше топқаа бөлінеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет