«атырау облысы білім беру басқармасының «атырау облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «СПЕЦИАЛИЗИРОВАННАЯ ШКОЛА-ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТ ДЛЯ ОДАРЕННЫХ ДЕТЕЙ АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ»
Улица А.Владимирского, 28
e-mail: atyrau.qyz@bil.edu.kz
___________№_____ Қабылдау емтиханын ұйымдастыру, өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары» мен «Білім-Инновация» Халықаралық қоғамдық қорының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі №131/1-н/қ және 2022 жылғы 11 қарашасындағы №181-н/қ бұйрықтарын негізге алып БҰЙЫРАМЫН: Атырау облыстық білім беру басқармасынан қабылдау және жарнамалау жұмыстарын жүргізу үшін ресми хат жазылсын;
Қабылдау емтиханының І кезеңі аудандық мектеп оқушыларына 2023 жылғы 22 сәуір күні, қалалық мектеп оқушыларына 30 сәуір күндері (математика және логика 50 сұрақ, оқу сауаттылығы -10 сұрақ, барлығы 60 сұрақ тест, 100 минут) өткізілсін;
Емтиханға 2023-2023 оқу жылының 7-сыныбына қабылдау үшін ағымдағы оқу жылында 6-сыныпты бітіретін білім алушылар қатыстырылсын;
Құжаттарды қабылдау рәсімі 2023 жылғы 1 ақпан мен 15 сәуірге дейін онлайн түрде www.bilemtihan.kz сайтында жүзеге асырылсын;
Үміткерлерді онлайн тіркеу және үміткерлердің ата-аналарына қатысты ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу жауапкершілігі іс-жүргізуші Н.Жұмаханға міндеттелсін;
Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттар талап етілсін;
Үміткердің ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен өтініш (форма бойынша);
Туу туралы куәліктің көшірмесі, ЖСН (ИИН);
Фотосурет 3х4;
Қабылдау емтиханы кезінде санитарлық-дезинфекциялық режим міндетті түрде сақталсын;
Үміткерлер мен қызметкерлердің денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету лицей медбикесі А.Рыскулова мен Б.Тлегеноваға міндеттелсін;
Қабылдау емтиханының І, ІІ кезеңі өту уақыты, өткізілетін орны және қабылдау ережелері туралы хабарландыру – ақпаратты оқушылар мен ата-аналар назарына жеткізу мақсатында қалалық және аудандық білім беру бөлімдерімен бірлесе тиісті шараларды жүзеге асыру Й.Топчуге міндеттелсін;
БАҚ арқылы ақпараттандыру жұмыстарын ұйымдастыру К.Нохатбаеваға міндеттелсін;
Осы бұйрықтың орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.