Атом (көне грекше: ἄτομος - Химиялық элементтерді құрайтын, олардың өзіне тән ерекшеліктерін сақтайтын ең кішкене бөлшек.
Молекула – жай немесе күрделі заттардың құрамы мен химиялық қасиеттерін сақтайтын ең ұсақ бөлшегі.
Атом бүтіндей алғанда зарядсыз, бейтарап бөлшек. Ол ортасында өзінен радиусы 104 -105 есе кіші көлемді алып жатқан оң зарядты ядродан және оны айнала қозғалып жүрген теріс зарядты электрондардан тұрады.
Атом өзінің сыртқы бір немесе бірнеше электрондарын жоғалтқанда оң, ал сырттан электрон қосып алғанда теріс ионға айналады. Атомның сызықтық өлшемдері ~ 10-8 см, көлденең қимасының ауданы ~10-16 см2, көлемі ~10-24 см3. Борлық атом теориясында ең қарапайым атом – сутегі атомы.
Атом құрылысы
Перидоты жүйе периодтық заңның құрылымдық кескіні. Ол 7 периодтан 8 топтан тұратын кесте. Периодтар үлкен және кіші болып бөлінеді. Алғашқы үш период кіші периодтар, олар бір қатардан ғана тұрады, ал үлкен периодтар екі қатардан тұрады.
Бір периодта орналасқан элементтердің энергетикалық деңгейлерінің саны бірдей болғанымен, олардың ядро зарядтарының артуына байланысты ядроның электронды тарту күші артады, сондықтан атом радиустары солдан оңға карай кемиді.

Периодтарда солдан оңға қарай сыртқы қабаттағы электрондар саны біртіндеп артады, бұл металдық қасиеттің біртіндеп әлсіреп, бейметалдық қасиеттің артуына әкеп соғады.
Жоғарыда атомның ішінде электрондар, протондар және электрондар бар дедік. Протонды p, нейтронды n ал электрондарды деп белгілейді.
Жоғарыда атомның ішінде электрондар, протондар және электрондар бар дедік. Протонды p, нейтронды n ал электрондарды деп белгілейді.
Протондар мен нейтрондар электронмен салыстырғанда өте ауыр болғандықтан, атом массасының 99,95% атом ядросында шоғырланған. Атом ядросының құрамы осындай!
Химиялық элементтің Ar салыстырмалы атомдық массасы оның Z - атомдық нөміріне және N - нейтрондар санының қосындысына тең:
Ar = Z + N
Мысалы оттегінің протондар, электрондар және нейтрондар саның анықтайық. Оттегінің атомдық нөмірі Z = 8 ал салыстырмалы атомдық массасы Ar = 16, жоғарыдағы формуланы пайдаланып нейтрондар саның анықтайық:

16 = 8 + N
N = 16 - 8
N = 8.
Сөйтіп оттегінің нейтрондар саны 8 тең, ал осы атомның қысқа түрдегі құрылысы былай жазылады:
Атомдағы электрондар
Электрон дегеніміз теріс таңбалы заряды бар элементарлы бөлшек. Атомдағы электрондар, Нильс Бордың планетарлық моделіне сәйкес, атомның ядросын айналып тұрады: