Байланысты: 120410364249 №14 дәріс. Қатты заттың құр. 2
Қатты денелер. Қатты денелердің жылулық Қасиеттері. Фазалық түрленулер Қатты денелер Атомдық-молекулалық деңгейде заттың қатты және сұйық күйлерін қарастырайык Табиғатта кездесетін қатты денелердің басым көпшілігінің құрылымы кристалдық деуге болады (минералдар және металдар қатты күйде кристалдар болып табылады).
Кристалдық күйді сүйық және газ күйінен ажырататын негізгі сипат оларда анизотропияның болатындығы: кристалдың кейбір физикалық (механикалық, жылулық, электрлік, оптикалық) қасиепері бағытқа төуелді болады.
Қасиетгері барлық бағыттарда бірдей болатын денелер изотропты деп аталады. Газдар және сүйықтармен қатар аморфтық қатты денелер изотропты болып табылады.
Кристалдардың анизотроптығының себебі оларды түзетін бөлшектердің (атомдардың немесе молекулалардың) реттілікпен орналасуында. Бөлшектердің реттілікпен орналасуы кристалдардың сыртқы жақтарының дүрыс геометриялық пішінде болуынан-ақ көрінеді.
Атомдық
кристалдық
құрлым тордың
түйіндерінде
нейтрал
атомдардың
болуымен
сипатталады,олардың
арасында коваленттік байланыс болады.Коваленттік
Байланыс деп іргелес
орналасқан екі атомның өзара екі валенттік электрондар алмасу кезінде туатын
Тартылыс күшінің арқасында пайда болатын байланысты атайды.Әрбір атомнан бір-бірден алынған
Екі валенттік электрондар енді бір мезгілде әрбір атомға да жатады да,оларды молекулаға айландырады.
Молекулалық кристалдық құрлымның кеңестік
торында, түйіндерде заттың нейтрал молекула-
лары орналасады.Оларды түйінде молекула
Аралық күш ұстап тұрады.
Металдық кристалдық тордың ерекшелігі, онда тордың түйіндерінде оң зарядталған
Металл иондардың болуы болып табылады.Барлық металдардың атомдарының валенттік электорондары,яғни атом ядросынан ең алыс орналасқан электрондар атомдармен нашар байланысқан болады. Олар атомдарын тастап, кристалл торының бойында хаостық қозғалыста болады.