Қатты денелер. Қатты денелердің жылулық Қасиеттері. Фазалық түрленулер



бет2/4
Дата13.04.2023
өлшемі1,73 Mb.
#82581
1   2   3   4
Байланысты:
120410364249 №14 дәріс. Қатты заттың құр. 2

Деформация
түрлері
Қайсыбір себептердің әсерінен дененің формасының немесе
көлемінің өзгеруін Деформация деп атайды.
Деформацияның қарапайым түрі болып созылу және сығылу деформациялары табылады. Оны сыртқы күштің әсерінен дененің Δl абсолют ұзаруымен сипаттауға болады. Δl және F арасындағы байланыс дененің механикалық қасиеттерінен ғана емес, дененің геометриялық өлшемдерінен (қалыңдығы, ұзындығы) де тәуелді болады. Δl абсолют ұзаруының бастапқы ұзындығына қатынасын ε салыстырмалы ұзару немесесалыстырмалы деформация деп аталады.
Созылу кезінде ε > 0, сығылу кезінде ε < 0.
Егер денені ұзартуға тырысатын сыртқы күштің бағытын оң деп санасақ, онда
созылу деформациясы кезінде F > 0, сығылу деформациясы кезінде F < 0. 
сыртқы күш модулінің қимасының ауданына қатынасын σ механикалық кернеу деп атаймыз.
Аз деформациялар кезінде
Абсолют деформация деп күш әсерінен дененің қайсы бір өлшемінің сандық
Өзгерісін атайды.
*Денеге түсірілген сыртқы күштер әсері тоқтаған
бойда жоғалатын дененің
деформациясы серпімді деформация деп аталады.
*Дененің сыртқы әсері біткеннен кейін де,сақталып
қалатын деформациясын
Иілгіштік деформациясы деп атайды.
*Машина жасау өндірісінде аса ескеруді қажет ететін
материалдардың механикалық қасиеттеріне морттық және
қаттылық жатады.Практикада жазғантай Жүктемелер кезінде
серпімді деформацияланатын,ал сыртқыжүктемені арттырған
Кезде қалдық деформациясы пайда болмастан
бұрын қирайтын материялдар кездеседі.Мұндай материялдар
Морт материялдар деп аталады.(шыны,кірпіш,керамика,)
*Матриялдың қаттылығын түрліше тәсілдермен анықтауға болады.Көбіне қаттырық материял деп екінші материялдың
Бетінде сызған кезде із қалдыратын материалды атайды.Ең қатты материал алмаз болып табылады.
Үштік нүкте
Үштік нүкте, термодинамикада — заттың үш фазасының да бірдей бір мезгілдегі тепе-теңдік күйіне сәйкес келетін күй диаграммасындағы нүкте. Фазалар ережесі бойынша жеке химиялық зат (бір құраушылы жүйе), тепе-теңдік кезінде, үш фазадан артық күйде бола алмайды. Бұл үш фазаның (қаттысұйық және газ) бір мезгілде тепе-теңдікте болуы температура (Т) мен қысымның (р) белгілі бір мәндерінде ғана жүзеге асады. Мысалы, көмір қышқыл газы (СО2) үшін Тү.н.T 216,6 К, рү.н.р 5,12 атм, су үшін Тү.н.Т 273,16 К (дәл), рү.н.4,58 мм сын. бағ.[1]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет