Атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


ЛАТЫН ЖАЗУЛЫ ЕМЛЕ МЕН ОНОМАСТИКА – ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ



Pdf көрінісі
бет7/204
Дата06.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#14830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   204
zhan.zhak58@gmail.com
 
 
ЛАТЫН ЖАЗУЛЫ ЕМЛЕ МЕН ОНОМАСТИКА – ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ 
ЖАҢА ПАРАДИГМАСЫ 
 
Аннотация:  тіл  білімінде  жаңа  парадигмалар  тілдегі  белгілі  бір  жайттың  уақыт 
талабына  орай  жаңа  қырларын  ашу  қажеттігінен  келіп  шығады.  Бұрынғы  затқа  я 
құбылысқа  басқа  ыңғаймен  қарау  жаңа  меже,  жаңа  өлшем  болып  саналады. 
Грамматология дәл қазір қазақ тіл білімі үшін қазір жаңа парадигма болып тұр. Бұл – қазақ 
жазуын  латын  әліпбиіне  көшірумен  тікелей  байланысты.  Латын  әліпбиіне  көшу  қазақ 
тілінің, қазақ сөйлеуінің байырғы, табиғи, шын асыл нұсқасын қалпына келтіруді көздегені 
жөн. Ең алдымен, фонема мен әріптің арақатынасына, жазу тіліне, осыдан келіп шығатын 
емлеге осы тұрғыдан ден қою – қазақ тілтануының парызы. 
Әдебиеттанушы  С.Н.  Жамбек  тілдің  осындай  өзекті  мәселелеріне  қалам  тартқан. 
Атап  айтқанда,  мемлекеттік  тілдің  әлеуметтік-қоғамдық  жағдайын,  жер-су 
атауларының  маңызын,  латын  әліпбиінің  мәселелерін  қозғаған.  Сондықтан  мақалада 
географиялық атаулардың латын әрпімен қазақша жазылуын баяндау мақсат етілді. 
Тірек сөздер: тіл, жазу, ономастика, топоним, латын әліпбиі 
 
Доцент  Сәбит  Жамбек  –  елімізге  белгілі  әдебиеттанушы.  Оның  назарынан  жалпы 
руханият мәселесі ешқашан сырт қалған жоқ. Сондай мәселелердің бірі – туған тіл тағдыры. 
С. Жамбектің «Мемлекеттік тілдің болашағы – ел мүддесі» («Бұқпа» газеті, 24 наурыз, 2011, 
№11(529),  «Қазақ  ономастикасы:  ұлт  мүддесі  және  болашағы»,  «Латын  таңбалы  әліпби: 
қоғамымыз дайын ба?»  «Латын әліпбиіне көшкеніміз жөн шығар...»  сияқты мақалаларында 
қазіргі қазақ тіл білімінің жаңа да өткір мәселелеріне шешім іздеген пайымдар баршылық.  
Қазақ  жазуын  латын  әліпбиіне  көшіру  көзі  ашық  қазақтың  қайсын  болсын  бейтарап 
қалдырмайтыны,  қалдырмағаны  да  белгілі.  Сәбит  Жамбек  те  филолог  ғалым  ретінде  өз 
ұстанымын жариялады [1]. 
Қазақ жазба сөзінің алдыңғы тарихы көне түркі жазбаларында екені белгілі. С. Жамбек 
мұны  теріс  көрмейді,  қарайлайды.  Бүгінгі  күн  талабы  тұрғысынан  былайша  баға  береді: 
«көне  руника  таңбасын  жаңғыртайық  деушілер  қазіргі  Қытай,  Корей,  Жапон  елдерінің 
әлмисақтан  келе жатқан бабалар жазуын бүгінгі күнмен сәйкестендіріп отырғанын, мұның 
өзі  оларға  патриоттық  рух  беретінін,  кейінгі  жастар  үшін  мұның  идеологиялық  тұрғыда 
символикалық  мәні  бар  екенін    алға  тартады.  Біз  де  бабалар  рухын  жаңғыртатын  бұл 
таңбалардың  идеологиялық  тұрғыдағы символикалық мәнін жоққа шығармаймыз. Алайда 
бүгінгі  қарыштап  өсіп  бара  жатқан    ақпараттық  біліктілік  жүйеге  негізделген  өркениеттің, 
қоғамның    шындығы  басқа,  талабы  бөлек.  Мұнымен  санаспай  болмайды.  Тіпті  дамыған 
Қытай, Жапон, Корей   елдерінің өзінде осы таңбаларға байланысты шешілмеген мәселелер  
баршылық.  Сондықтан  оларда  да  уақыт  өте  келе  латынға  көшу  мәселесі    талқыланған.  Әрі 
қарай бұл  әңгімені соза беру орынсыз бос әңгіме болмақ» [2]. Осы бір тұжырымына қарсы 
бір  уәж  айтып  кетуді  орынсыз  деп  санамаймыз.  Көне  түркі  жазуын  жандандыру  нағыз 
рухани  жаңғыру  болар  еді.  Сонда  біз,  қазақтар,  түркі  дүниесінің  көшбасшысы  болар  едік. 
Әлемнің рухани кеңістігінен өзімізге тиесілі орын алатынымыз сөзсіз еді. Әрине, ол әліпбиді 
сол  қалпымен  бүгінгі  жазу  кеңістігіне  орната  салмаймыз,  оны  унификациялап  жаңғыртып 


16 
 
аламыз.  Қазіргі  ақпараттануға  тағы  бір  графика,  әліпби  енгізу  қиын  іс  емес.  Өйткені  түркі 
бітігі корей, жапон, ханзу жазуларындай мағыналық әріп емес, дыбыстық жазу ғой. 
Сәбит  Жамбектің  араб  әліпбиіне  де  бүйрегі  бұрады.  Бұл  дұрыс  та.  Өйткені  бұл  жазу 
табиғат  айналысына  орайластырылған  жазу  еді.  «Бірақ  біз  қалай  айтсақ  та    тарихи 
мүмкіндікті, оңтайлы  сәттерді дер кезінде  жіберіп алдық. Енді оған оралу тіпті де мүмкін 
емес. Біз қазіргі тарихи реалий, шындықты мойындауымыз қажет» [2].  
«Кирилл таңбалы әліпбиімізге  келетін болсақ, әрине біздің көзіміз оған әбден үйреніп 
алған.  Төл  дыбыстарымыз    ерекше  таңбалармен  белгіленген.  Былай  қарасаң  бұл  жазулар 
тонның  ішкі  бауындай  өзіміздікі  сияқты.  Мұның  бәрі  әрине  біздің  көзіміздің  үйреніп 
кеткендігінен.  Біз  кирилл  жазуынан  айрылсақ  жаппай  сауатсыздыққа  ұшырайтын 
сияқтымыз.  Бұл  –  алдамшы  жағдай.  Мұндай  жазу  ауыстыру  тек  біздің  ғана  басымыздан 
өткен  жоқ.  Бізге    қазір  Ресейдің  рухани-мәдени  экспансиясынан,  ықпалынан  шығуымыз 
қажет. Қанша дегенмен жазу таңбасында кодталған, символикалық мән бар секілді. Мұның 
өзі біздер үшін  қоғамдық-саяси, психологиялық факторлар екені рас. Бүкіл Еуропа жұрты, 
түркі  жұрттары    тұтынып  отырған  латын  әрпіне  тезірек  көшкеніміз  жөн.  Және  кирилл 
таңбалы  әліпбиіміздегі    төл  дыбыстарымызға    байланысты  кеткен  фонетикалық 
олқылықтармызды  енді  латын  жазулы  әліпбиімізде  қайталамауымыз  қажет».  Өте  орынды 
пікір. Сөйтіп «Латын әліпбиіне көшкеніміз жөн шығар» деп санайды [2]. 
Міне,  Сәбит  Нұрмұхамбетұлының  қазақ  графикалық  кеңістігін  латынға  көшіру 
жөніндегі  пікірлері  осындай.  Мақаламыздың  атауына  орай  енді  ономастика  мәселесіне 
тоқталайық. 
«Қазақ  ономастикасы:  ұлт  мүддесі  және  болашағы»  атты  баяндамасында  Ақмола, 
жалпы 
теріскей 
өлкеміздің 
топонимдерінің 
тұнып 
тұрған 
тарих 
екендігін 
экстралингвистикалық  айғақтар  арқылы  дәлелдейді.  Ұлттық  танымның  таңбалары  екенін 
көрсетеді.  
Жер кімдікі  болса, ел де сонікі  екені  белгілі ғой. Алайда оны таңбалайтын атау  соған 
лайық  болуы  қажет.  Осы  бір  ақиқатқа  адамдар  кесірінен  зор  нұқсан  келіп  тұрғаны  да  рас. 
Біздің еліміздің топонимдеріне қатысты осы бір қайшылықтың салдарынан болар, автор жер-
судың  қазақ  тіліндегі  атауларын  этнотопоним  айрықшалауға  мәжбүр.  Осы  себептен  де  ол 
жеріміздегі  топонимдерді  этнотопоним,  экзотопонимдер  деп  бөледі.  Ішкі  (өзіндік) 
топнимдерді  эндотопонимдер  деп  санайды.  Сөйтіп,  мынадай  оптимистік  ойға  тоқтайды: 
«Солтүстік  Есіл-Көкше  өңірі  жер-су  атауларының  осындай  ұлттық  нақыш  пен  бояуларға 
толы  поэтикалық  эндотопонимдері  Патшалық  Ресей  мен  Кеңестік  кезеңдегі  орыстандыру 
саясатының  арқасында  тарихи  әділетсіздіктерге  ұшырап,  бұрмаланды.  Осы  өңірдегі  ұлттық 
тарихи  кеңістіктің  ұлттық  сипаты  құлдырады.  Аталмыш  өңірде  шетелдік  славян  атаулары 
басым  түсіп,  өзіндік  экзотопонимін  құрады.  Соңғы  жылдары  Ақмола  облысында 
ономастикалық қауырт жұмыс белсенді жүруде. Өңірдің эндотопонимі қалыптасуда» [3].  
«Экзо»  деген  сөз  бірреттік,  таңсық,  уақытша  деген  сөздермен  мәндес  екені  белгілі. 
С.Жамбек  айтып  отырған  әділетсіздікке,  бұрмалауға  ұшыраған  топонимдер  осындай  болса 
істің бет оңға қарағаны, алайда іс насырға шабатын да сыңайы бар. 
Енді С. Жамбек жазған латын әліпбиі мен топонимия туралы ой-пікірлерін ары қарай 
қазіргі тіл білімінің жаңа парадигмасына енгізетін болсақ, топонимдердің латыннегізді қазақ 
әліпбиінің  емлесімен  жазылу  проблемалары  алдан  шыға  келеді.  Бұл  проблемалардың  дені 
Сәбит айтқан экзотопонимдерге байланысты екені көрініп отыр. 
Қазақ тілі латын жазуына көшкен соң, еліміздің мыңдаған жер-су атауы мен шетелдік 
атаулар ұлттық әліпби негізінде өзінің бастапқы бірегейлігін жоғалтпай бейнеленуге тиісті. 
Географиялық  атауларды  стандарттау  жөніндегі  БҰҰ  комиссиясы  мен  Географиялық 
атаулар жөніндегі БҰҰ сарапшылар тобы орфографиялық, ономастикалық ережелерді латын 
әрпімен  сөздер  мен  атаулардың  дұрыс  жазылуын  реттейтін  және  ұлттық  қана  емес 
халықаралық тілдің кеңістікте бұлардың нормалануы мен бірегейленуіне бағытталған, қатаң 
түрде  нақтыланған  ұлттық  бағдарламалар  шеңберінде  халықаралық  стандарттылықты 
қамтамасыз  етуді  нұсқайды.  Бұл  жазылымға  әлемнің  саяси  картасында,  Қазақстандағы 


17 
 
картографиялық  өнімдердің  бәрінде,  оқулықтар  мен  оқу  құралдарында,  сөздіктер  мен 
анықтамалықтарда,  энциклопедияларда,  іс  қағазын  жүргізуде  көрсетілмек  ономастика 
атаулының  бәрі  тартылады.  Осыған  орай,  біздің  ономастикалық  атауларымыз  да,  шетелдік 
ономастикалық  атаулар  да  отандық,  халықаралық  ресми  дереккөздерге,  мемлекетаралық 
келісімдерге,  халықаралық  картографиялық,  геодезиялық  өнімдерге,  тұтастай  айтқанда, 
бүкіләлемдік  ақапараттық-коммуникативтік  кеңістікке  еркін  қосылатын  болады.  Міне,  осы 
кезде жазуға ала-құлалық, шатастыру мен қиындықтар келуі әбден мүмкін [4]. 
Осыған  орай,  Қазақстан  Республикасы  Мәдениет  және  спорт  министрлігінің  Тіл 
саясаты  комитетінің  Ш.  Шаяхметов  атындағы  «Тіл-Қазына»  ұлттық  ғылыми-практикалық 
орталығы  мен  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  Ғылым 
комитетінің  А.Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институты  «Қазақстан  географиялық 
атауларының латынграфикалы әліпби негізінде жазылу ережелерінің» жобасын жасады. Бұл 
жоба  жалпы  қағидат,  қазақ  тіліндегі  географиялық  атаулардың  ережесі  (дауысты  дыбыс 
әріптерінің  жазылуы,  дауыссыз  дыбыс  әріптерінің    жазылуы),  күрделі  географиялық 
атаулардың  емлесі,  орыс  тіліндегі  географиялық  атаулардың  емле  ережесі  сияқты  төрт 
бөлімнен  және  қазақ  тіліндегі  жер-су  атауларының  типтік  үлгілері,  қазақ  тіліндегі 
географиялық  атаулардың  орыс  тілінде  жазылу  ережесі,  қазақ  тіліндегі  халықтық 
географиялық терминдердің қысқаша тізімі сияқты үш қосымшадан тұрады. 
Жалпы қағидат мынадай жайттарды қамтиды: 
1.  «Қазақстан  географиялық  атауларының  латынграфикалы  әліпби  негізінде  жазылу 
ережелері» «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан 
Республикасы тұңғыш Президентінің 2018 жылғы 19-ақпандағы № 637  Жарлығына сәйкес 
бекітілген  әліпби  негізінде  Қазақстан  географиялық  атауларының  жазылуын  нормалау 
мақсатында әзірленді. 
2. Ереже Қазақстан Республикасындағы географиялық атаулардың, әкімшілік-аумақтық 
бірлік атауларының карталар, ғылыми әдебиеттер мен анықтамалықтар, туристік және басқа 
да  басылымдар  мен  бұқаралық  ақпарат  көздерінде,  ресми  құжаттарда,  ісқағаздарда  т.б. 
мәтіндердегі жазылу нормасын қамтиды. 
3.  Қазақстандағы  орыстілді  географиялық  атаулар  орыс  тілінің  орфографиялық 
нормаларына  және  осы  Ереже  нормаларына  сай  латынграфикалы  қазақ  әліпбиі  негізінде 
жазылады. 
4. Ереже нормативтік-құқықтық акт болып табылады.  
5.  Ереже  қазіргі  қазақ  әдеби  тілінің  нормасын  және2018  жылы  6-желтоқсанда 
мақұлданған «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесі ережелерін» негізге алады.  
6. Барлық географиялық атаулар бас әріппен жазылады.  
7.  ҚР  екі  нұсқада  жазылып  келген  географиялық  атаулар  латын  әліпбиі  негізінде 
мемлекеттік тілде бір нұсқада жазылады.  
8. Қазақстандағы бұрмаланып жазылған географиялық атаулар мен әкімшілік-аумақтық 
бірліктерді  сәйкестендіру  мақсатында  Ереженің  ұсынбаларын  басшылыққа  ала  отырып, 
қолданыстағы  заңнамаға  сәйкес  уәкілетті  орган  мен  жауапты  тұлғалар  тиісті  жұмыстарды 
атқарады.    
9.  Ереже  ҚР 1997 жылғы 11 шiлдедегі  «Қазақстан Республикасындағы тiл  туралы»  N 
151 Заңның 4-тарауының 9-бабындағы «Топонимикалық атауларды, ұйымдардың атауларын 
пайдалану  тәртiбi»,  5-тараудың  25-1-бабындағы  «Ономастика  комиссияларының  құзыреті» 
және  25-5-бабындағы  «Ономастика  жұмысының  критерийлері»  талаптарын  басшылыққа 
алады. 
Сондай-ақ Қазақстандағы елді мекен атауларының транскрипциясын нақтылау, өзгерту, 
жаңадан  ат  беру  «Қазақстан  Республикасының  әкiмшiлiк-аумақтық  құрылысы  туралы»  ҚР 
1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2572-XII Заң  баптары мен «ҚР аумағындағы әуежайларға, 
порттарға,  теміржол  вокзалдарына,  теміржол  стансаларына,  метрополитен  стансаларына, 
автовокзалдарға,  автостансаларға,  физикалық-географиялық  және  мемлекет  меншігіндегі 
басқа  да  объектілерге  атау  беру,  сондай-ақ  оларды  қайта  атау,  олардың  атауларының 


18 
 
транскрипциясын  нақтылау  мен  өзгерту  және  мемлекеттік  заңды  тұлғаларға,  мемлекет 
қатысатын  заңды  тұлғаларға  жеке  адамдардың  есімін  беру  қағидаларын  бекіту  туралы»  ҚР 
Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыз N 281- Қаулысы және   «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, 
елді  мекендердің  құрамдас  бөліктеріне  атау  беру,  оларды  қайта  атау,  сондай-ақ  олардың 
атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін 
ескеру  қағидаларын  бекіту  туралы»  ҚР  Үкіметінің  2014  жылғы  24  ақпандағы  №  138 
Қаулысын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік ономастикалық комиссия шешімі арқылы 
реттестіріледі [5]. 
Бұл  ережелердің  қазақ  тіліндегі  дара,  күрделі  топонимдерге  байланысты  тарау-
тармақтары  қазақ  тіліндегі  үндесім  мен  қисынды  ұстанады.  Түйткіл  қазақ  жерінде  заңсыз 
орын алған орыстілді топонимдерде болып тұр. С. Жамбек сенім атқандай, эндотопонимдер 
латын  әліпбиіне  көшкенде  қалыптасып  үлгерген  жоқ,  ондай  жетістікке  жетер  күн  жақын 
емес сияқты. Сәбит айтқандай, бүгінгі күн реалиясы осылай болып тұр. Ең өкініштісі, ереже 
бойынша,  Қазақстандағы  орыстілді  географиялық  атаулар  орыс  тілінің  орфографиялық 
нормасына сай  латын негізіндегі қазақ әліпбиімен жазылатын болды. Қазақ тілінің сөйлеуіне 
бейімдесек, бұлар, бәлкім, орынды болар ма еді? 
Осы бөлімнің басқа тармақтарын көрсетсек, мына сипаттас болып шығады: 
- орыс  тілі  географиялық  атауларындағы  а,  е,  ё,  и,  й,  о,  у,  э,  ы,  ю,  я  дауысты  дыбыс 
әріптері  қазақ  тілі  әліпбиіндегі  a,  e,  e,  ı,  ı,  o,  ý,  e,  у,  ıý,  ıa    таңбаларына  cәйкес  жазылады. 
Мысалы:  Антоновка  –  Antonovka;  Журавлёво  –  Jýravliеvo,  Измайловское  –  Izmaılovskoe; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет