азот (78,09%), оттек (20,95%), инертті газдар (0,94%), көмірқышқыл газ (0,03%).
Атмосфера құрылысы:
тропосфера, стратосфера, мезосфера, ионосфера және термосферадан тұрады. Атмосфера жер бетінен жоғары қарай шамамен 3000 км-ге дейін созылады.
3.Атмосфера қысымы: атмосфераның жер бетіне және ондағы заттарға түсіретін қысымы. Ол барометрмен, яғни сынап бағанасының биіктігімен (мм сын. бағ.), СИ жүйесінде паскальмен (Па), ал метеорол. ғылымында гектопаскальмен (гПа) немесе миллибармен (мб) өлшенеді.
4.Қысым градинті,қысым сатысы: – ауа қысымының вертикальдi градиентi деп аталады
Қысымның биiктiк бойынша өзгерiсiн қарастырғанда қысымның вертикальдi градиентi мен қысым сатысы ұғымдары қолданылады.
Қысымның вертикальдi градиентi (G) деп – бiрлiк биiктiкке (100 м) көтерiлгенде қысымның өзгеру мәнiн айтады. Өлшем бiрлiгi – гПа/100 м. Ол статиканың негiзгi теңдеуiнен шығады:
Қысым сатысы (h)деп – ауа қысымын 1 гПа-ға азайту үшiн көтерiлуге керектi биiктiк мәнiн айтады. Өлшем бiрлiгi – м/гПа. Ол қысымның вертикальдi градиентiне керi көрсеткiш және статиканың негiзгi теңдеуiнен шығады:
или .
Қысым сатысы вертикальдi градиентпен былай қатынаста:
Егер, еркiн түсу үдеуiнiң өзгерiсiн ескермесек, қысым сатысы тек ауа тығыздығына бағынышты болады. Ал, биіктеген сайын ауа тығыздығы азаятындықтан қысым сатысы өсе түседi.
Бiрдей қысым кезiнде қысым сатысы салқын ауаға қарағанда жылы ауада үлкен болады.
5. Күннiң құрылысы Күн – жұлдыз – радиусы 695 300 км газды шар. Ол жерден шамамен 109 есе үлкен. Жер бетiнен қарағанда Күн дискiсiнiң бұрыштық диаметрi 32 құрайды.
Жер мен Күннiң орташа ара-қашықтығы 150 000 000 км.
Күннiң салмағы шамамен 1,991030 кг, яғни Жерден 332 448 есе ауыр.
Күннiң ортасында температура 10 000 000 оК-нан жоғары, ал бетiнде 6000 оК шамасында.
Күннің құрамында сутегi – 64 %, гелий – 32 % (салмақ бойынша), ал басқа элементтер атомдары (C, N, O, Ne, Na, Mg, Al, Si, S, Ar, Ca, Fe, Ni) – 4 % құрайды.
Күн құрылысы бойынша бiрнеше қабаттарға бөлiнедi:
Күннің өзі:
ядро,
конвективтi аймақ,
Күннің атмосферасы:
фотосфера,
хромосфера
күн тәжi.
Күннiң көлемi бойынша 1/64 бөлiгiн, салмағы бойынша жартысын құрайтын Күн ядросында энергияның 99 % пайда болады. Онда күрделi термоядролық реакциялар (сутегiнiң гелийге айналуы) жүрiп жатады.
Күн әлем кеңiстiгiне екi түрлi радиация шашады:
корпускулярлық радиация
электромагниттiк толқынды (сәулелiк)
Корпускулярлық радиация (Күн желi) – Күн бетiнен келетiн электрлi зарядталған бөлшектер (гелий мен сутегi) ағыны, негiзiнен электрондар мен протондардан тұрады. Олар 200–1000 км/с жылдамдықпен қозғалып Жерге 1–2 тәулiкте жетедi, бiрақ атмосфераның 90 км-ден төмен бөлiгiне ене алмайды.
Белгiлi бiр жағдайларда олар магниттiк толқындарды, поляр шұғыласын және басқа да геофизикалық құбылыстарды тудырады.
Электромагниттiк радиация – күннен келетiн сәулелiк радиация, ол 300 000 км/с жылдамдықпен тарайды және жердiң бетiне дейiн жетедi.
6. шашыранды радиацияның спектрлiк құрамы ауаның мөлдiрлiгiне байланысты өзгерiп тұрады.
7.