Ауданныњ ќоѓамдыќ саяси



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата06.03.2017
өлшемі3,78 Mb.
#7828
  1   2   3   4   5   6

      

 Бағасы   келісімді                      № 7  (90103)           14 ақпан   2015 ж.                         Цена   договорная

Газет 1933 жылѓы мамырдан шыѓады



Ауданныњ 

ќоѓамдыќ-

саяси 

апталыќ 

газеті

Газет 1933 жылѓы мамырдан шыѓады

Жылдағы 

дәстүр 


бойынша 

ақпан  айы  әкімдер  есебімен  ба-

сталады.  Жыл  бойы  жасалған  ша-

руалар  сарапқа  салынып,  алда 

атқарылар  міндеттер  нақтыланады. 

Біраз  басшының  аудан  әкімінен 

сын  естіп  абыройдан  айырыла-

тын  кезі  де  осы  тұс.  Тұрғындардың 

тосыннан  қойылған  кей  сауалы 

атқамінерлердің 

төбесінен 

жай 


ойнататыны  да  осынау  кезең.  Бір-

бір  мекеме  мен  ұжымды,  бөлім 

мен  басқарманы  басқарғандардың 

жұртшылықпен  жүздесуде  өздерін 

сергек  ұстап,  ширығып  жүретіні  де 

осы уақыт. 

Ақпанның  6-сы  күнгі  аудан  әкімі 

Е.Қошанбековтың  есебі  Амангелді 

ауылдық  округінде  болып  өтті. 

Биылғы  есептің  ерекшелігі  ауылдық 

округ  әкімі  мен  аудан  әкімінің 

өз 


жұмыстарын 

жұртшылыққа 

бір  уақытта  жария  етуінде.  Осы 

жаңашылдыққа сәйкес алғашқы сөзді 

округ  әкімі  А.Қаптағаев  алып  жыл 

жүзінде  атқарылған  істердің  парқын 

білмекке келген көпшілік алдында бір 

ақтарылды. Алдымен 2032 тұрғыны, 

үш білім ошағы, 3 денсаулық сақтау 

нысаны,  3  байланыс  бөлімшесі,  9 

дүкені  бар  округтің  негізгі  тіршілік 

көзі  агроөнеркәсіп  саласы  мен  мал 

шаруашылығының  бүгінгі  тыныс-

тіршілігіне  тоқталып,  әлеуметтік, 

білім, 

денсаулық, 



мәдениет 

салаларының  бүге-шігесіне  дейін 

баяндай келе алдыға қойып отырған 

міндеттерін  тәпіштеді.  Аудан  бас-

шысынан  көлемді  жерлерді  бауы-

рына  басып  не  өзі  пайдаланбай,  не 

қарапайым  ел  игілігіне  бермей 

отырған  тұлғалармен  түсіністік  ту-

ралы,  жыл  сайын  тынысы  тарылған 

қант 


қызылшасының 

көлемін 


өсіру  хақында,  ауыл  болашағы-

жастармен  жұмыс  ауқымын  мектеп 

қабырғасынан  ары  асыра  алмай 

жатқандығы  жайлы    орынды  сын-

ескертпелер  естіген  округ  әкімі 

бұларды  таяу  уақытта  біржақты 

қылатындығына  уәде  берді.  Ол 

уәденің  орындалу  деңгейін  куәгер 

халық пен  уақыт өз таразыларымен 

өлшейтіндігі айдан анық. Бұдан кейін 

аудан әкімі Ерғазы Қошанбекұлы сөз 

тізгінін  өзі  алды.  Байыпты  да  бай-

салды  әрі  нақтылыққа  негізделген 

аймақ 


басшысының 

баяндама-

сын  кездесуге  келген  көпшілік  зор 

ықыласпен    тыңдады.  365  күнде 

Үш  елді  мекеннен  тұратын  362 

шаңырақты  ұйыстырып  отырған 

Бақалы  ауылдық  округінің  әкімі 

Арын  Күрішбаев  өз  есебінде  ауыл 

шаруашылығына  көбірек  назар  ау-

дарды. Олай болатын жөні бар, округ 

аумағында  102  шаруа  қожалығы 

ауыл  шаруашылық  дақылдарын 

өндірумен  айналысады.  Есепте 

дәндік, майлы дақылдардан алынған 

өнім,  қант  қызылшасын  өсірудегі 

жекелеген  қожалықтардың  жетістігі, 

үкімет тарапынан көрсетілген көмек, 

мал  шаруашылығының  бүгінгі  ты-

нысы,  мал  басын  асылдандыру, 

«Сыбаға»,  «Құлан»,  «Алтын  асық» 

бағдарламаларының 

орындалуы 

жан-жақты  қамтылды.  Сондай-ақ 

инвестиция тартудың, салықтар мен 

бюджеттің  орындалуы,  құрылыстың 

қарқыны, денсаулық, білім, мәдениет 

салаларындағы өзгерістер де есептік 

баяндаманың арқауына айналды.

Қойлық  ауылында  3277  адам 

тұрады.  Орта  мектепте  530  оқушы 

білім  алуда.  Баяндамасын  ада-

ми  құндылықтан  бастаған  Қойлық 

ауылдық  округінің  әкімі  Мейрам 

Макетов  бұл  салаға  жаңадан 

келгендігіне  қарамастан  ауылдың 

өндірісін, 

ауыл 

шаруашылығын 



жан-жақты 

шағып, 


кірісі 

мен 


шығысын  есептеп,  әлеуметтік  са-

ланы  толық  қамтыды.  Төтенше 

жағдайдың  алдын  алу  жолында 

ауыл  азаматтарының  көмегімен 

бас  арық  арналары  тазартылғаны, 

су  тасқыны  қаупі  бар  аймақтарға 

тосқауылдар  жасалғаны  құптарлық 

жайт.  Есепте  қайырымдылық  шара-

ларына кеңінен тоқталған әкім меце-

нат  демеушілердің  атын  атап,  түсін 

түстеп берді. 

Қарабөгет  ауылдық  округінің 

өткен  жылғы  жетістіктері  слайд 

арқылы нақты көрініс тапты. Әсіресе, 

ауыл  шаруашылығының  өткені  мен 

бүгініне  көбірек  тоқталған  ауылдық 

округтің  әкімі  Гүлшат  Ожарова 

білім,  мәдениет,  денсаулық  сала-

сын  қамтып,  алдағы  міндеттерді 

толыққанды саралап берді. 

Шатырбай  ауылының  егін  және 

мал  шаруашылығындағы  бүгінгі 

белестерін  арқау  еткен  ауылдық 

округтің әкімі Манарбек Сүлейменов 

ауылға  инвестиция  тартудағы  та-

быстарын  ортаға  салды.  Білім  беру, 

денсаулық  сақтау,  мәдениет  са-

лаларын  қамтыған  әкім  ауылдағы 

жаңа  мәдениет  үйіндегі  атқарылған 

жұмыстарды,  өткен  жылы  бой 

көтерген 

мешіттің 

көпшілікті 

имандылыққа 

бет 

бұрғызудағы 



роліне тоқталды. 

Черкасск 

ауылдық 

округі 


әкімінің  міндетін  атқарушы  Мақсат 

Айтжановтың  тұрғындардың  ұлт-

тық  құрамына  қарай  екі  тілде 

жүргізген  баяндамасында  айтыл-

май  қалған  тақырып  жоқ.  Әсіресе, 

елді  мекендердің  еңсесін  көтерудегі 

кәсіпкерлердің  ортақ  қорға  қосқан 

үлесі  жиналысқа  қатысқандарды 

ризашылыққа бөледі.   

Аманбөктер  ауылдық  округінде 

есепті жылы 698.1 миллион теңгенің 

өнімі өндірілгенін, былтырғы жылмен 

салыстырғанда  мал  басы  өскенін 

баяндамасына  арқау  еткен  ауыл 

әкімі  Мейрамхан  Кесікбаев  елді 

Салыстырмалы  түрде  алғанда 

Екіаша  ауылдық  округінің  ауқымы 

кең.  Мұнда  өткен  жылы  аграрлық 

секторда  2  млрд.  903  млн.  теңгенің 

өнімі 


өндіріліп, 

оның 


ішінде 

мал  шаруашылығының  өнімі  1 

млрд.700  млн.  теңгені  құраған. 

Ауыл  әкімі  Мұратбек  Естеуов  өз 

есебінде  «Құлан»,  «Алтын  асық», 

«Сыбаға»  бағдарламалары  бой-

ынша  қожалықтардың  мал  басын 

арттырудағы  ізгі  қадамын  санама-

лап, 13 ауруға қарсы вакцина егу, қан 

алу  жұмыстарының  тегін  жүргізіліп 

жатқанын айтып өтті. Сонымен қатар 

егін шаруашылығы жан-жақты сара-

ланып, әлеуметтік, денсаулық, білім, 

мәдениет,  байланыс  салаларының 

бүгінгі  белесі,  ауылды  ауыз  сумен 

қамту,  инвестиция  тарту  жағдайы 

сарапталып, 

ауыл 


әкімдігінің 

алдындағы  міндеттерді  айқындап 

берді.   

Күн 


тәртібіндегі 

кезекті 


мәселе  бойынша  сөз  алған  ау-

дан  әкімі  Ерғазы  Қошанбекұлы 

Қазақстан  халқы  ассамблеясының 

20  жылдық  мерейтойының  бір-

бірімен  тұспа-тұс  келуі  құқықтық 

мемлекет  салтанат  құрған  еліміздің 

бейбіт  ғұмыры  достық,  тұрақтылық 

пен  ұлтаралық,  конфессияаралық 

келісім  деген  берік  ұстындармен 

сабақтасып  жатқанын  аңғартатыны 

анық. Аудан әкімі баяндамасының өн 

- бойынан осындай патриоттық пай-

ым айқын аңғарылып тұрды.

Аудан  әкімі  өнеркәсіп  өнім-

дерінің, 

ауыл 


шаруашылығы 

саласының  бүгіні  мен  келешегін 

сарапқа  салып,  негізгі  мәселелерге 

жан-жақты  тоқталды.  Баяндамада 

шағын кәсіпкерлік, құрылыс саласы, 

жолдар  күйі,  сумен  қамту  жағдайы 

толық  қамтылды.  Салық  және  бюд-

жет,  білім  беру,  денсаулық  сақтау, 

мәдениет,    әлеуметтік  салалардың 

саралауға ілікпегені жоққа тән.  

    -  Қазақта  «Ынтымақ  жүрген  жер-

де,  ырыс  бірге  жүреді»,  «Бірлігі  жоқ 

ел  тозады,  бірлігі  күшті  ел  озады», 

деген.  Бәріміз  жұмыла  кіріссек  ал-

майтын асуымыз жоқ. Өсу жолымыз 

өркениетті,  бірлігіміз  берекелі  бол-

сын! Мәңгілік Қазақ Елінің игілігін арт-

тыру  жолындағы  істеріңізге  сәттілік 

тілеймін,-деді Ерғазы Қошанбекұлы. 

Есепті  баяндамалардан  соң 

Бақалыда өткен жиында жарыссөзге 

шыққан 


ауылдық 

ақсақалдар 

алқасының төрағасы Сапарғали Са-

дыбаев, Сарқан ауданының Құрметті 

азаматы  Мейрамғали  Қалиасқаров, 

Қойлықтағы 

кездесуде 

ауыл 


тұрғындары Тынысбек Мұсабаланов, 

Заман Төлеуов, Қарабөгетте әжелер 

алқасының 

төрайымы 

Сәмиға 

Қылышбайқызы,  тарихшы  мұғалім 



Байжан  Сейітқұл,  жастар  өкілі  Ал-

мас  Дүйсебаев,  аға  буын  атынан 

Болат  Сыбанбаев,  қожалық  бас-

шысы 


Балтабек 

Әбілқасымов, 

Шатырбайдағы  жүздесуде  ауылдық 

ақсақалдар  алқасының  төрағасы 

Жеңісбек  Сембаев,  мектеп  ди-

ректоры  Балтабек  Смайылханов, 

ауыл тұрғыны Мәмила Өнерханова, 

Черкасскідегі  басқосуда  кәсіпкер 

Серікбай 

Мұқатаев, 

ауылдық 

ақсақалдар  алқасының  төрағасы 

Төлеухан  Битимбиев,  аудандық 

мәслихаттың  депутаты  Ермек  Али-

нов,  Аманбөктердегі жиында аға ор-

маншы  Молдағали  Рахимов,  арда-

гер ұстаз Сара Мұсабекова, қожалық 

жетекшісі  Мұқатай  Сатылғанов, 

Екіашадағы  есепті  кездесуде  ша-

руа  қожалығының  басшысы  Мұрат 

Қауменов  ауыл,  аудан  әкімдерінің 

жұмысына 

қанағаттанарлық 

баға  берді.  Көпшіліктен  түскен 

сауалдарға жолаушылар көлігі және 

автомобиль  жолдары  бөлімінің  бас-

шысы  Айдар  Қауменов,    аудандық 

ауылшаруашылық  бөлімінің  бас-

шысы  Нұртілеу  Мұқашев,  аудандық 

ішкі  істер  бөлімінің  басшысы 

Ербол 

Ахметқалиев, 



аудандық 

орталық  аурухананың  бас  дәрігері 

Иманғали Мырзашев, аудандық кіріс 

басқармасының  басшысы  Мырза-

хара  Ахметжанов,  жұмыспен  қамту 

және  әлеуметтік  бағдарламалар 

бөлімінің  басшысы  Оралбек  Тер-

тюбаев,  аудандық  жер  бөлімінің 

басшысы  Игілік  Юсупов,  аудандық 

білім  бөлімінің  басшысы  Панар 

Иманғазиева,  тұрғын  үй  және 

коммуналдық шаруашылық бөлімінің 

басшысы  Жомарт  Мыңбаев,  жұ-

мыспен  қамту  орталығының  бас-

шысы  Талғат  Рыскелдин,  «Сар-

қанирригация» 

кәсіпорнының 

басшысы Заманхан Әшірбеков жау-

ап берді.

Елді  мекендерде  өткен  есепті 

жиындарды  Ерғазы  Қошанбекұлы 

қорытындылап, 

тұрғындардың 

өтініштері  мен  ұсыныстарының 

жүйелі түрде шешімін табуына сенім 

білдірді.



Жомарт ИГІМАН.

  

атқарылған  ауқымды  істер  мен 



алдағы жүйелі жоспарға негізделген 

шаруаларды  сарапқа  салған  аудан 

әкімі  Е.Қошанбеков  Елбасымыз 

Н.Назарбаевтың  биылғы  Жолда-

уынан  бастау  алатын  міндеттерге 

басымдылық  беруге  үндей  келе, 

береке  мен  бірлікте  жұмыс  жасауға 

шақырды. Келесі кезекте жарыссөзге 

жазылғандар:  Пограничник  орта 

мектебінің директоры Қ.Қылшабаев, 

ұстаз  Е.Сүдірбаева  және  мәдениет 

қызметкері 

Ә.Жолдыбаев 

пен 


округ 

тұрғындары 

Н.Бұтаев, 

Б.Сейсенбаев, 

С.Қабанбаевтар 

тарапынан  Шекарашы  ауылына 

мәдениет үйінің керектігі, бау-бақша 

суаруда  су  тапшылығынан  жылда 

қиындық  туындайтындығы  туралы, 

Көкөзек ауылына  апаратын былтыр 

ғана  салынған  қара  жолдың  сапа-

сы  мүлде  сын  көтермейтіндігі  және 

ауылға жылдамдығы  жоғары интер-

нет  желісін  жүргізу  сынды  сұрақтар 

қойылып, бұған «Сарқан ирригация», 

аудандық  жер,  білім  беру,  салық 

бөлімдері  мен  басқармаларының 

басшылары жауап берді.



(Жалғасы 2-бетте).

●Әкімдер есебі

М

емлекет  басшысының  «Әкімдердің  халыққа  есеп  беру 

кездесулерін  өткізу  туралы»  Жарлығына  сәйкес  Сарқан 

ауданында  үстіміздегі  жылдың  2-6  ақпаны  аралығында  барлық 

ауылдық округтерде есеп беру кездесулері өткізілді. Бақалы, Қойлық, 

Қарабөгет, Шатырбай, Черкасск ауылдық округтерінде өткен жиынға 

«Нұр  Отан»  партиясы  облыстық  филиалы  төрағасының  бірінші 

орынбасары Серік Мұқанов, Аманбөктер, Екіаша, Амангелді, Алмалы 

ауылдық  округтерінде  өткен  жиындарға  облыстық  тілдерді  дамы-

ту басқармасының басшысы Әміре Әрін қатысып, Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауынан ту-

ындайтын міндеттерді жүзеге асыру жолындағы Алматы облысын-

да іске асырылуға тиісті өркенді өзгерістерді өз сөзіне арқау етті.

мекендердің  тыныс-тірлігін  баяндап 

шықты. Бұл ауылдағы басты мәселе 

–  тұрғындардың    аздығынан  білім 

ошағындағы  оқушылар  санының 

кеміп  бара  жатқаны.  Компьютер-

ленген, 

интернетке 

қосылған, 

күрделі 


жөндеу 

жұмыстары 

жүргізілген,  сұйық  отынмен  жылы-

тылатын  мектептің  бала  санының 

шектеулігінен 

құлазып 


тұрғаны 

көңілге кірбің түсіреді. Бұл мәселе ау-

дан әкімінің сынына да негіз болып, 

жастарды  ауылға  көптеп  тартудың, 

ол  үшін  тыңнан  жұмыс  орындарын 

ашудың қажеттігі туындап тұрды.    

өткен 

жылдың 


экономикалық-

әлеуметтік  көрсеткіштерін  жұрт  на-

зарына  ұсынып,  алдағы  межелен-

ген  міндеттерге  кеңірек  тоқталды. 

Биыл  ел  алдында  еңсеретін  та-

лай  міндеттер  тұр.  Сондықтан 

уақытымыздың  әр  сәті  алтынға 

баланады.  Ағымдағы  жылы  Қазақ 

хандығының  550  жылдығы  және 

Ұлы  Отан  соғысындағы  Жеңістің 

70 

жылдығы 


аталып 

өтеді. 


Аталған  мерекелердің  баршасы 

әр 


азаматымыздың 

кеудесінде 

отаншылдық  сезімін  оятатынына 

күмәніміз  жоқ.  Конституциямыз  бен 

Өркенді өзгерістер өрісі

Жасалған жұмыстар сарапқа салынды


14 ақпан   2015 жыл

2

Igiman01@mail.ru



Кезінде 

кеңестік 

Қазақстанды 

көп ұлттың 

лабораториясы деп атайтын. 

Бірақ сол идеология аясын-

да жергілікті ұлттың – қазақ 

халқының мүддесі ұмытылып, 

орыстанып кете жаздағанымыз 

аян. Қазақстан тəуелсіздік 

алған соң тіліміз, дініміз, діліміз 

ұштасып, рухымыз көтеріле 

бастады. Тағдыр жазуымен бір 

шаңырақ астында топтасқан 

жүздеген ұлт қазақ деген 

халықтың мейірімі мен пейілінің 

арқасында тыныштығы, 

сенімділігі сақталған тəуелсіз 

мемлекеттің – Қазақстан дейтін 

ордалы шаңырақтың уығы бо-

лып қадалатындығын түсінуде. 

Бұл  орайда  қазақстандықтар 

бабаларымыздың  «Алтау  ала  бол-

са,  ауыздағы  кетеді,  төртеу  түгел 

болса,  төбедегі  келеді»  деген 

өмірлік  пайымын  басты  назарда 



Синхрон-акцияның айтары мол

Таза су мəселелері

1.  Көктерек  ауылында  ауыз  су 

жүйесінің жөндеуден өткізу туралы

Жауабы: 

«Ақбұлақ» 

бағдарла-

масына  сәйкес,  аталған  ауылдың  ауыз 

су  жүйесінің  құрылысына  жергілікті  бюд-

жеттен  180  млн.теңге    бөлінді.Құрылыс 

жұмысын «Монолит» ЖШС-і жүргізді.

2.  Қойлық  ауылының  ауыз  су 

жүйесін жөндеуден өткізу туралы

Жауабы:  Аталған  ауылдың  ауыз  су 

жүйесінің  құрылысына  жергілікті  бюд-

жеттен  150  млн.теңге  бөлінді.  Құрылыс 

жұмысын  «SANA  Consalting  NLK»  ЖШС-і 

жүргізді.

3.  Абай  ауылына  ауыз  су  жүйесін 

жүргізу туралы

Жауабы:«Ақбұлақ» бағдарла-масына 

сәйкес,  Абай  ауылына  су  құбырын  салу 

үшін биылғы жылы11 млн.314 мың теңгеге 

жобалық-сметалық 

құжаттары 

әзір-


ленді.  Құрылыс  жұмыстары  2015  жылы 

жүргізіледі.



Құрылыс  жұмыстары  жəне  жол-

дарды жөндеу

4.  Аманбөктер  –Екіаша  жолын 

жөндеу туралы

Жауабы:  Аталған  жолды  күрделі 

жөндеуден  өткізу  2014  –  2016  жылдарға 

жоспарланып,  биылғы  жылғы  жұмыстың 

I-кезеңіне  республикалық  бюджеттен  200 

млн.теңге  бөлініп,  жөндеу  жұмыстарын 

«РСУ-1» ЖШС жүргізуде.  

ұстайды.  Осыдан  20  жыл  бұрын, 

1995  жылы  1-наурызда  негізін 

қалаған Қазақстан халқы Ассамбле-

ясы, міне, осы міндеттерді іс жүзіне 

асыруды  бағдар  тұтатын  қоғамдық 

ұйым.    

Сарқан  қаласындағы  бала-

лар  мен  жасөспірімдердің  спорт 

кешенінде өткен жұмада «Қазақстан 

халқы 


Ассамблеясы 

жылының 


бастау  алуы»  атты  салтанатты 

синхрон-акция өтті. Мерекенің бета-

шарын екі тілде ашқан жүргізушілер 

көпұлтты  Қазақстан  қоғамында, 

ұлттық  этникалық  құрамда  келісімді 

қамтамасыз  ету  үшін  Мемлекет 

басшысының  ықпалымен  құрылған 

Ассамблеяның  20  жылдық  мерей-

тойымен  көпшілікті  құттықтады. 

Мемлекеттік Гимннен соң сөз кезегін 

алған  аудан  әкімінің  орынбасары 

Ғалымжан Маманбаев күллі жұрттың 

көңіліне  күн  орнатқан  игіліктің  ор-

дасы 


Қазақстан 

шаңырағының 

биіктеп  тұрғандығын  нақты  мысал-

дармен  айғақтап,  жиналғандарға 

ізгі  лебізін  арнады.  Осындай 

жүрекжарды  тілектер  қазақ  тілін 

ана  тіліндей  ардақтайтын  Петр 

Меркельдің, 

аудандық 

ауруха-


на  медбикесі  Ғалия  Боярованың, 

Сарқан политехникалық колледжінің 

білімгері  Владимир  Карпенконың 

құттықтауларына арқау болды. 

Синхрон-акцияның  ажарын  әр 

ұлттың  әндері  мен  билері  ашқаны 

айқын. 

Мұқағали 



Мақатаевтың 

сөзіне  жазылған    «Қазағым»  әнімен 

бастау  алған  думанды  жиында 

жұртшылық  назарына  Бірлік  ауылы-

нан  келген  «Арайлым»  бишілер 

тобының  орындауындағы  «Қазақ 

биі»,  №  1  мектеп-гимназиясының 

өнерпаздары  орындаған  «Өзбек 

биі»  ұсынылды.  Әнші  Мейрам-

бек  Тілейхан  «Юр  буләр»  әнін 

нақышына  келтіре  орындаса,  А. 

Пахмутованың  «Родина  моя»  әні 

Гүлжан  Қисабекованың  репер-

туарында  өз  тыңдаушыларын 

тапты. 

Зулхабира 



Атабае-

ва 


татардың 

«Олмағашлари» 

әнімен 

жұртшылықты 



баура-

са,  грузиннің,  корейдің  ұлттық 

билері  Абай  атындағы  мектеп-

гимназиясы, Сарқан гуманитарлық 

колледжі  бишілерінің  орындау-

ында 


көрермендерді 

бей-жай 


қалдырмады. 

Бірлікке,  достыққа  үндеген  ду-

манды  жиын  аудандық  мәдениет 

үйі 


триосының 

орындауында 

«Көк  тудың  желбірегені»  әнімен 

қорытындыланды.   



Ж. ЖОМАРТҰЛЫ.

Уақыттан қалмау. Бүгінгі 

нарық заманында ғұмыр кешкен 

əрбір азаматқа қажет қасиет. 

Сынаптай зырғыған уақыттың 

əрбір сағатын қастерлеп

тынымсыз ізденген адам ғана 

бақыт дəмін татады. Сарқандық 

кəсіпкер азамат Дүйсенбек Рай-

ымбековты білетіндер таспай-

саспай, арнадан аспай, ақырын 

жүріп, анық басса да уақыттан 

қалмаған замандасымыз деп 

қадыр тұтады. 

Дүйсенді 

қаршадайынан 

қалтылдатпай 

қайрап, 

жа-


стайынан  жалтақтатпай  жанып, 

солқылдатпай шарт сынар еменнің 

иір  бұтағындай  етіп  өсірген  әкесі 

Әбеубәкір болатын. Баласынбады, 

құрдасындай 

  кеңесіп,  қолы 

қалт  еткенде  ұлымен  бірлесіп 

шахмат-дойбы  ойнайтын.  Ойын 

үстінде өмірлік өнегелі шақтарынан  

үзіп-жұлып  естелік  айтып,  пікір-

ұстанымын  ұлына жеткізіп отыра-

тын. Бүкіл ауылға, аймаққа сыйлы 

ұстаздың  баласына  деген  мейірі 

алаулатып-жалаулатпаса  да  осы 

қылығынан  аңғарылып  тұратын. 

Алдында  ағасы  бар,  соңында 

інілері  бар.  Үлкендердің  қолында 

өскендіктен болар әкесінің қатарға 

тартқаны Дүйсенді ерте есейтті. 

Дүйсенбек  Әбеубәкірұлы  1955 

жылы  21-ақпанда  Қарауылтөбе 

ауылында дүниеге  келген. Сарқан 

қаласындағы  Абай  атындағы  орта 

мектепті 

бітіріп, 

Талдықорған 

қаласындағы 

индустриалды-

техникалық  техникумды  аяқтады. 

Әскери  борышын  өтеген  соң  

1978  жылы  Сарқан  қаласындағы 

18-селолық 

кәсіптік-техникалық 

училищеге 

мастер 

болып 


қабылданды.  1983  жылы  Алматы 

қаласындағы  ауыл  шаруашылығы 

институтын 

бітіріп, 

жоғары 

білім  алды.  1985  жылы  Сарқан 



қаласындағы 

"Казсельхозтехни-

ка"  бірлестігінде  машина-трактор 

шеберханасының  меңгерушісі  бо-

лып  тағайындалды.  1989  жылы 

осы  бірлестіктің  инженері  болып, 

1994  жылы  осы  кәсіпорынды 

басқарды. 

-  Өтпелі  кезеңдегі  тоқырауға 

ұшыраған 

кәсіпорындардың 

кебін  біз  де  кештік,-  дейді  Дүйсен 

Әбеубәкірұлы.  -  Қиыншылықты 

еңбегімізбен 

еңсеріп, 

ауыл 


шаруашылығының 

ыдырамауы-

на  үлес  қосқанымыз  жұрт  жадынан 

шыға қоймаған шығар. 

Жекешелендіру 

жаппай 


жүрген  жылдары  "Өркен"  шаруа 

қожалығын  құрған  Дүйсенбек  бұл 

бағытта  да  ізденісін  ілгерілетті. 

Қазір  шаруа  қожалығында  ірі  қара 

өсіріп,  сүтін  қоғамдық  орындарға 

келісімшартпен  босатып,  еңбегінің 

игілігін  көруде.    Мал  басын  артты-

рып,  мал  өнімдерін  еселеуді  ба-

сты  назар  тұтқан  кәсіпкерді  ортасы 

бағалап,  құрметтейді.  Бүкіл  өмірі, 

қызметі  елімен  етене,  тығыз  байла-

ныста  өтіп  келе  жатқан  азаматтың 

жемісті  жетістігі  жұртшылықтың  көз 

алдында. 

Уақыт  шапшаң.  Дүйсекеңмен  

сонау  1997  жылы  Сарқанға  қызмет 

бабымен  ауысқанда  танысқан  бо-

латынмын. 

Кейіннен 

сапарлас 

болдық,  дәмдес  болдық.  Содан 

бері  талай  көктем  келіп,  талай  қыс 

кетті,  қаншама  су  ақты.  Мен  көрген 

қырықтан  асқан  шағында  ұстамды, 

сабырлы  болатын.  Сол  сүтпен 

сіңген,  сүйекке  біткен  мінезі,  міне, 

алпысқа  жеткенше    өзгерген  жоқ. 

Әңгімеңді  тыңдай  алады.  Өз  ойын 

күлбілтелемей 

жеткізеді. 

Құдай 

қосқан  қосағы  Гүлнар  екеуінің  дос-



жолдастарының 

арасында 

жүзі 

жарқын, маңдайы ашық. Балаларын 



өсірді, ұлдары ұяға ұшты, қызы қияға 

қонды.  Немерелерінің  бал  қызығын 

қызықтауға,  оларды  ойнатуға  уақыт 

табады. Алдындағы аға әріптестерін 

сыйлап,  кейінгілерге  сыйластықтың 

үлгісін  көрсетіп  келеді.  Осы  үрдіс 

дәйім жалғасын тапсын дейміз біз. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет