«Ауылымның батырлары: «Сен атаңның ерлігін жасай алар ма едің?»
Отан үшін отқа түс-күймейсің.
Бауыржан Момышұлы
Батыр – деп елі үшін жаумен соғысқан, ер жүрек, қайтпас қайсар, әділ және тапқыр адамдар айтуға болады. Сондықтан, қазақ халқында әрі батыл, өткір де тапқыр, қажырлы да қайратты адамға «батыр» деген құрметті атақ берілген. «Батыр» атағы ешқашан мұраға қалдырылмаған, оған адам соғыс кезінде өзінің ерекше қасиеттері мен жеке ерліктері арқылы жеткен. Міне, осындай сын сағатта елін жаудан азат етіп, жерін, ар-намысын қорғау барысында азаттық соғыстың алдыңғы шебінде қазақ батырлары ерлікпен шайқасты. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары жоңғарлардың толассыз жүргізген соғыстары, бейбіт елді шауып, адамдарын тұтқынға алуы, қырғынға ұшыратуы, қазақ халқын халқын қатты күйзелтті. Осындай ел басына қиын-қыстау күн туған заманда есімі ел арасында кең тараған тұлғалар олар қазақ батырлары .
Егер тарихқа үңілетін болсақ, қазақ хандығы екі негізгі қалаушымен басталған. Олар Керей мен Жәнібек хандар деп айтылатыны белгілі. Дерек бойынша,мәліметтерінде көрсетілгендей, «олардың Әбілқайыр ханнан бөлініп, Жетісудағы Моғолстан атты хандыққа келуімен Қазақ хандығы құрылды» деген пікірді зерттеушілердің бәрі мойындайды. XIX ғасырдың ортасында айтылған бұл пікір қазіргі күндерге дейін тек даму үстінде болды. Бірақ та осы саяси үрдісте жетекші рөл атқарған тұлғалар – Керей мен Жәнібек хандар туралы зерттеулер толық жүргізілмей, олар туралы біліміміз тек дерек мәліметі деңгейінде қала берді. Сонымен қатар, қазақ жерінде одан да көп батырлар болған.
Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары, Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден-ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмай, шыбын жанын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгерлік істері бізге аманат болып жеткен.
Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін, ділін қорғаудағы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар.Халқымыздың бойындағы отансүйгіштік құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады десек . Тұған дәлел көне түркі заманынан бастау алған патриоттық құндылықтарды, Күлтегін жазбаларында былай деп суреттеледі: “Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді” – деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патриотизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден-ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатындығын көрсетеді. Күлтегін жазбасында тағы да мынадай жыр жолдарын кездестіруге болады:
Кедей халықты бай қылдым,
Аз халықты көп қылдым…
Түркі иелігінен
айырылған халықты
Ата-баба мекеніне орнатты… - делінген еді.
Бұл жазбадан патриотизмнің –ата-баба мекеніне ие бо¬лып отыру жолында жан аямау, діл бірлігін қорғау, жиғанын халықтан аямау екендігін аңғаруға болады. Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне жалаң қылышпен қарсы шабуға жетелеген де осы Отанына деген сүйіспеншіліктің, патриотизмнің қуатты күші.
Туған жерге деген ыстық сезім, атамекенге деген құрмет пен қадір қасиет тұтуды ,, Ұлы дала ойшылдары Қорқыт Ата, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, т.б. айтқан болатын. Ақын-жыраулар халыққа өнегелі сөздерімен ықпал етіп, оларды іргелі ел, берекелі жұрт болуға шақырды. Жыраулар жаугершілік заманда хандар мен бектердің ақылгөй кеңесшісі болып, жорықтарға бірге аттанды, ру тайпаларға басшылық етті, сұрапыл қанды майдан көріністерін жырға қосты, ерлікті мадақтады, шейіт болған батырларды жоқтап, ел қайғысын бөліскен.Міне осындай нағыз қазақ батырлары деп айтуға болады,,
Ауылымның батырларына келсек, менің қаламда да нағыз ер ,ержүрек батырлар бар.Соның бірі- Қармақшы ауданындағы есімі елге белгілі, ардақты да, атақты ер азаматтар аз болмаған. Олардың арасында Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаевтың есімін ерекше құрметпен атаймыз.
Өйткені, ол 1941 – 1945 жылдары Ұлы Отан соғысында қан майданда от кешіп, Отан үшін кеудесін оққа тосқан. Соғыста ерекше ерлігімен, жаужүрек батырлығымен көзге түсіп халық батыры атанды. Сондықтан оның жауынгерлік өмір жолы жерлестерінің,ізбасар ұрпақтарының мәңгі жадында.
Тәйімбет Көмекбаев-Қармақшы ауданындағы есімі елге белгілі, ардақты да, атақты ер азаматтар аз болмаған. Олардың арасында Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаевтың есімін ерекше құрметпен атаймыз. Өйткені, ол 1941 – 1945 жылдары Ұлы Отан соғысында қан майданда от кешіп, Отан үшін кеудесін оққа тосқан. Соғыста ерекше ерлігімен, жаужүрек батырлығымен көзге түсіп халық батыры атанды. Сондықтан оның жауынгерлік өмір жолы жерлестерінің,ізбасар ұрпақтарының мәңгі жадында.Тәйімбет Көмекбаев – 1896 жылы Қызылорда облысының, Қармақшы ауданындағы №10 ауылда туған. Ұлты қазақ, КПСС мүшесі. 1944 жылы октябрьде ол Отанды қорғаушылар қатарына қосылды.128 Псков атқыштар дивизиясының 533 атқыштар полкінің 5 атқыштар ротасының бөлімше командирі кіші сержант Көмекбаевқа 1945 жылы 10 апрельде Совет Одағының Батыры атағы берілді. Тәйімбет Көмекбаев соғыстың басынан аяғына дейін барлаушылар бөлімшесін басқарды. Бұрынғы жылқышы бір көрген жерін есте сақтай алатын, жыртқыш құстың әдет қылығын білетін, ол қырандай қырағы еді. Тәжірибелі солдат ол атқыштар қару жарағының қай түрін болса да жақсы білетін. Ұрыста епті де, батыл еді-дейді тарихи жазбаларда.
Екіншісінің бірі, Жанаев Нұрмағамбет-1912 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, қазіргі Тұрмағамбет ауылында туылған. 1924 жылы колхоз завскладта, 1934 жылы дүкенші, 1936 жылы селоның бастығы, 1938 -1939 жылдары армия қатарында жүріп, Финляндия соғысына қатысып, одан 1940 жылы аман –сау келіп, қайтадан селоның бастығы болған. 1942 жылы қайтадан Ұлы Отан соғысына аттанған. 1942 – 1943 жылдары Украина қалаларын азат етуде Белгородта, Харьковта, Днепр өзенін азат етуде Карпат тауларына дейінгі шайқастарда болған. Егер маған ''сен атанның ерлігін жасай алар ма едің'' десе ?Мен әрине ержүрек, батылдықты көкірекке салып жауға төтеп бере едім.Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады деп бекер айтылмаған.