Мадина
Қосмекенділер (земноводные) – алғаш құрлықта тіршілік етуге бейімделген төртаяқты омыртқалы жануарлар. Олар суда да, құрлықта да кездесетіндіктен, қосмекенділер деп аталады. Қосмекенділер суда көбейеді және дернәсілдері сулы ортада дамиды.
Құрлыққа шығуына байланысты, аяқтарының сүйектері бірімен-бірі буын арқылы қозғалмалы байланысқан. Алдыңғы аяқтары тікелей иық белдеуімен байланысады. Жамбас белдеуі артқы аяқпен байланысқан. Дернәсілдері суда тек желбезектері арқылы тыныс алады. Ересектерінде құрлыққа шығуына байланысты өкпе пайда болған. Бірақ өкпесі нашар дамығандықтан, терісі арқылы қосымша тыныс алады. Ауыз-жұтқыншақ қуысының қозғалуы арқылы ауа өкпеге өтеді.
Қазіргі кезде қосмекенділердің 4 000-нан астам түрі Жер шарының тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарында кездеседі. Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі таралған. Оның 3 түрі сирек кездесетіндіктен, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Жалпы сипаттамасы және құрылыс ерекшеліктері. Денесі бас, тұлға және бес саусақты төрт аяқтардан тұрады. Кейбір түрлерінің құйрығы болады. Дене тұрқы 2–3 сантиметрден 180 сантиметрге дейін жетеді.
Қосмекенділердің терісі жұқа, тегіс және безді болады. Бездерден бөлінген сұйықтық терісін үнемі ылғалдап, тыныс алуына жағдай жасайды. Демек олар терісі арқылы да тыныс алады.
Қаңқасы балықтармен салыстырғанда күрделі, 4 бөлімге бөлінеді. Олар: бассүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен артқы аяқтарының және жамбас белдеуі мен алдыңғы аяқтарының қаңқасынан құралады. Омыртқа жотасы – мойын, тұлға, сегізкөз және құйрық бөлімдеріне бөлінген. Мойын мен сегізкөз бөлімдерінде бір ғана омыртқадан болады.
Аяқтарында жеке-жеке бұлшықеттер жақсы дамыған.
Жақсүйектеріндегі ұсақ тістер мен тіл қоректі ұстауға көмектеседі. Бақа тілінің ұшы ойыс. Тілінің түбі аузының алдына бекіген, ұшы артқа қайрылып, бос жатады. Қорегін ұстар кезде тілін алға қарай лақтырады. Аузы өте үлкен. Сілекей бездері ең алғаш қосмекенділерде пайда болды. Оның өзектері ауыз қуысына ашылады. Қысқа өңеші кеңейіп, қарынға, ол аш ішекке жалғасады. Аш ішекке бауырдан келетін өт және ұйқы безінің өзектері ашылады. Тоқ ішектің соңғы бөлігі тік ішек деп аталады да, кеңейіп келіп, клоакаға айналады.Дернәсілдері суда тек желбезектері арқылы тыныс алады. Ересектерінде құрлыққа шығуына байланысты өкпе пайда болған. Бірақ өкпесі нашар дамығандықтан, терісі арқылы қосымша тыныс алады. Ауыз-жұтқыншақ қуысының қозғалуы арқылы ауа өкпеге өтеді.Құрлықта атмосфералық ауамен тынысалуына байланысты қанайналым жүйесінде күрделі өзгерістер пайда болған. Қосмекенділердің жүрегі үш қуысты (2 жүрекше, 1 қарыншадан тұрады), екі қанайналым шеңбері бар. Қосмекенділерде алғаш рет кіші қанайналым шеңбері пайда болған. Оны өкпелік шеңбер деп те атайды. Денесіне аралас қан тарайды. Екі қанайналым шеңбері де қарыншадан басталады. Үлкен шеңбер – оң жүрекшеге, ал кіші шеңбер сол жақ жүрекшеге келіп аяқталады. Қосмекенділер миының көлемі балықтарға қарағанда үлкендеу. Алдыңғы миы екі ми сыңарларына айқын бөлінген. Баяу қозғалуына байланысты мишығы нашар дамыған.
Асыл
Құйрықсыз қосмекенділердің ересектерінде құйрық болмайды. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзын әрі жақсы дамыған. Секеңдеп қозғалады. Артқы саусақтарының арасындағы терілі жарғақтар жүзуге көмектеседі. Өзімізге таныс көл бақа, тоған бақасы, құрбақалар осы отрядқа жатады.
Құрбақалар тұқымдасынан жасыл құрбақа, кәдімгі құрбақа және даната құрбақасы Қазақстанда мекендейді. Жасыл құрбақа кеңінен таралған. Құрбақалардың түсі қоңырқай, тері бұдырлары айқын байқалады. Олар құрғақ далалы, кейде шөлейтті жерлерде де кездеседі. Көбіне ертеңгілік, кешкілік уақыттарда, түнде белсенді тіршілік етеді. Зиянды бунақденелілермен өоректеніп, ауыл шаруашылығына көп пайда әкеледі. Даната құрбақасы Қазақстанның Қызыл кітабына (2010) тіркелген. Ол Зайсан, Балқаш, Алакөл өңіренде таралған, бірақ саны барлық жерде аз
Саида
Құйрықты қосмекенділердің қазіргі кезде 500-ге жуық түрі кездеседі. Құйрықты қосмекенділер 5 отряд тармағына және 8 тұқымдасқа топтастырылған. Денесінің ұзындығы 4 см-ден 160 см-ге дейін жетеді, салм. 10 г-нан 30 кг.[1] Денесінде балық құрылысының кейбір белгілері сақталған, аяқтары қысқа, құйрығы ұзын болып келеді. Олардың бұрынғы КСРО-да -11, Қазақстанда 3 түрі тіршілік етеді. (Жақсыз тұқымдас құйрықты қосмекенділердің артқы екі аяғы болмайды. ) бұлар- көбінесе сырттай, кейбір түрлері іштей ұрықтанады. Көпшілігінің тіршілігі сумен тікелей байланысты. Құйрықты қосмекенділердің 19 түрі ХТҚО-ның, 6 түрі бұрынғы КСРО-ның және 1 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.
Қазақстанда кәдімгі тритон, сібірлік бұрыштіс және жетісу бақатісі мекендейді. Кәдімгі тритонды Жайық өзенінің алқабы мен Арал өңірінің солтүстігіндегі шағын суқоймалардан кездестіруге болады. Көктем мен жаз айларында тоқтау суларда тіршілік етеді. Кәдімгі тритондар наурыз-мамыр айларында көбеюге кіріседі. Көбею кезеңінде аталық тритон аталықбез өнімдерін арнайы қапшыққа құйып, су астындағы нәрселерге жабыстырады, ал аналық тритондар оны клоакасымен қарпып алады. Аналық тритон іштей ұрықтанған 600-700 600-700 уылдырықты жеке-жеке өсімдік жапырағына орналастырады. Уылдырықтан 14-20 күнде тұрқы 6,5 мм дернәсіл пайда болады. Дернәсілдің құйрығын жүзбеқанат қатпаршағы жиектейді, қауырсын тәрізді сыртқы желбезек көзге шалынады. Дернәсілдің алдыңғы аяғы бірінші күні айқын байқалады, ал артқы аяқтары 20-күні пайда болады. 60-70күнде дернәсілдік кезең аяқталады, желбезегі және жүзбеқанаттың қатпаршағы жойылып, дернәсіл құрлыққа шығады,2-3 жылдан соң көбеюге қатысып, ұрпағын дамытады. Кәдімгі тритон маса дернәсілдерін жеп, көп пайда келтіреді. Кәдімгі тритон саламандра тұқымдасына жатады.
Сібірлік бұрыштіс пен жетісулық бақатіс-бұрыштіс тұқымдас қосмекенділер. Сібірлік бұрыштістер Қазақстанның солтүстік аймағындағы батпақты, көлді және шалғынды жерлерде мекендейді, ал жетісулық бақатіс Жоңғар Алатауының батыс бөлігінде кездеседі. Жетісулық бақатіс ХТҚО-ның, бұрынғы КСРО-ның және Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген
Достарыңызбен бөлісу: |