«Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Ғасырлық туынды»



Дата09.05.2023
өлшемі16,3 Kb.
#91209

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


«Ғасырлық туынды» бөлімі
Шығарма: М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы


1-БӨЛІМ

1. «Абай жолы» шығармасындағы кейіпкерлердің ойларын сәйкестендіріңіз.





1. «...Сенің бұл ісің жөнсіз. Ана хан тұқымы, бәлеқұмар Баймұрын сенің орныңа аға сұлтан болғысы келіп жүр. Бұйрығыңмен жүріп жатқан мешіттің де бітуі мәрелеп қалды. Ел сені одан әрі сыйлауда. Одан да қырс мінез танытпай, Бөжей бауырыңды өзіңе тарт. Кешірім сұрасаң, сенің ештеңең кетпейді» ...




А) Абай

2. «...Қазағымның асыл ақын сөзінен, әсем әуен әнінен артық қазынасы бар ма?…

В) Алшынбай

3. …« -"Қартайған шағында қайда шырқап барады, қайта оралып көрмеймiз-ау, кеткенi-ау" деп, есiркеп қарайсыңдар!» …

С) Дәркембай

4. … «Күштілер нені айтады? Күшсізге еткен зорлығын айтады. Күшсіз нені айтады? Күштіден көрген қорлығын айтады?…

Д) Құнанбай

А. 2-А, 3-В, 4-С, 1-D


В. 1-В, 2-А, 3-Д, 4-С
С. 1-А, 2-D, 3-С, 4-В
D. 1-А, 2-С, 3-D, 4-В
[1]

2. «...Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін. «Күндестің күлі— күндес» дегенді сен білмей-ақ қой. Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер... Жамандыққа кім табылмайды дейсің, жан ашырдан айрылма», - деп, ақыл берген кім?


A. Ұлжан
В. Зере
С. Айғыз
D. Құнанбай
[1]

3. Қажылыққа кетерде Құнанбай неліктен Ұлжаннан кешірім сұрады?


А. өзіне адал жар болғаны үшін
В. жарының алдында кінәлі болғандықтан
С. елге қайта оралмаймын деген қауіптен
D. барлық жауаптар дұрыс
[1]


4. Абайды Бөжей еліне не себепті жіберді?
А. Құнанбайдың атынан кешірім сұрау үшін
В. Бөжей өліміне көңіл айту үшін
С. Кәмшаттың жағдайын білу үшін
D. Бөжейдің асын беру үшін
[1]


5. «Абай жолы» романынан алынған үзіндінің негізгі идеясын табыңыз.
...«Басқа үкі тағу – бар күйеудің әдеті. Ол ғана емес, қызыл манат шапан мен биік өкше етік киіп, елден ерекше ұзын төбе тымаққа үкі тағып алу бұл өңірдің бар күйеуіне жол болатын» - деді әжесі. Мұндай киімін кигісі келмеген Абайға Зере қатты бұйрық етіп: – Ата-бабаң жолы осы! Барған елің сені кінәламайды. «Әкесі күйеу, шешесі қалыңдық болмаған ба?» деп бізді мінейді. Ки! – деді.
А. ата-баба жолын, салт-дәстүрді құрметтеу
В. Абай киімдерінің бағалы екенін көрсету
С. әжесі Зеренің мінезінің қаталдығын көрсету
D. өр мінезділік, көнбістік, шыдамдылық
[1]


2-БӨЛІМ
6. «Абай жолы» романында Абайдың кедей жатақтарының сөзін сөйлеуінің сыры неде? Ойыңызды автордың идеясымен байланыстырыңыз.
[5]

7. Бөжейдің асын бергенде қазақтың ұлттық құндылықтары қалай сипатталады? Оқырманға әсерін талдап, өз ойыңызды шығармашылықпен жеткізіңіз.


[5]

8. Романдағы Абай жүріп өткен жолдың қиындығын әлемдік мәселе тұрғысынан талдаңыз, ойыңызды дәлелдеңіз.


[5]


3-БӨЛІМ
9. Төмендегі екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз, 200-250 сөз.

  1. «Абай жолы» романындағы әке мен бала арасындағы қақтығыстардың туындау себептерін түсіндіріп, көтерілген мәселенің жаңашылдығына сыни тұрғыдан талдап, баға беріңіз.

  2. «Абай жолы» романындағы Абайдың Ділданы айттыруға барғандағы құда түсу дәстүріне қатысты ұлттық құндылықтарды суреттеудегі автор шеберлігіне баға беріңіз.

[10]

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет