Қазақ фольклортану ғылымының қалыптасуы



Дата23.05.2022
өлшемі75,67 Kb.
#35417

Қазақ фольклортану ғылымының қалыптасуы

Тексерген: Серикбол Кусаинович

Орындаған: Мұқажан Мақпал


Қазақ фольклортану ғылымы – қазақ фольклорының жиналу, жариялану тарихы мен табиғатын, даму жолдарын зерттейтін ғылым.
V–VIII ғасырларда тасқа жазылған көне түркі жазуларында алуан түрлі шешендік сөздер, тарихи оқиғалар мен эпикалық сюжеттер сілемдері, жоқтаулар, қанатты сөз үлгілері кездеседі.
  • «Қорқыт ата кітабы» (VIII–IX ғасырлар),
  • Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» (XI ғасыр),
  • Жүсіп Баласағұнидың «Құтадғу біліг» (XI ғасыр),
  • Рабғузидің «Қиссасу-л Әнбие» (XIII ғасыр),
  • «Кодекс куманикус» (XIV ғасыр), т.б. ортағасырлық жазба ескерткіштерде қазақ фольклорының үлгілері жинақталған

Дегенмен, қазақ фольклорының мақсатты түрде жиналып, хатқа түсе бастауы XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдан басталады. П.И.Рычков, П.С.Паллас, И.Г.Георги, И.Ф.Фальк, И.Г.Андреев XVIII ғасырда қазақ фольклорына қатысты біршама құнды мағлұматтар жинап, жариялады.
Бұл еңбектерде, негізінен, этнографиялық деректерге назар аударылып, таныстырушылық сипат басым болса, XIX ғасырдың басында ғалым-саяхатшылар, әскери адамдар мен елшілер фольклорлық шығармалардың бірлі-жарым мәтіндерін жариялап, мазмұндарын баяндады. XIX ғасырдың 2-жартысында қазақ фольклорының ерекшеліктері жөнінде алғашқы ғылыми пайымдаулар айтыла бастады.
Қазақ фальклортану ғылымының қалыптасуына қазақ ағартушылары мен оқығандары:
  • Ш.Уәлиханов,
  • Ы.Алтынсарин,
  • А.Құнанбаев,
  • С.Бабажанов,
  • Т.Сейдалин,
  • С.Жантөрин,
  • Б.Дауылбаев, сондай-ақ ресейлік зерттеушілер
  • В.В.Радлов,
  • Г.Н.Потанин,
  • А.А.Алекторов,
  • В.В.Григорьев,
  • А.В.Васильев,
  • И.Н.Березин,
  • Н.И.Ильминский,
  • П.М.Мелиоранский,
  • А.П.Харузин үлкен үлес қосты.

Шын мәніндегі қазақ фальклортану ғылымының іргетасы да осы кезеңде қаланды. Бұл процесс XX ғасырдың бас кезінде одан әрі дамыды. Осы кезеңде белгілі фольклортанушылар Ә.А.Диваев, М.Көпеев еңбектері жарияланды. Сондай-ақ қазақ фольклорының үлгілері ресейлік басылымдармен қатар қазақ тіліндегі баспасөз беттерінде де үздіксіз жариялана бастады. XX ғасырдың басында халық мұрасын жинау, жариялау ғылыми-зерттеу жұмыстарымен сабақтаса жүргізілді. Оған Ташкенттегі Киркомиссия мүшелері Халел Досмұхамедұлы, Қалжан Қоңыратбайұлы, Күмішәлі Бөриев, Ілияс Жансүгіров, т.б. белсене қатысып, Сырдария, Жетісу фольклорлық экспедицияларын ұйымдастырған.
Шәкерім Құдайбердіұлы, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Қ.Өскенбайұлы, X.Досмұхамедов, т.б. зиялылар шоғыры қазақ фальклортану ғылымын кәсіби деңгейге көтерді.
  • Байтұрсынов («Әдебиет танытқыш», 1926),
  • Әуезов («Әдебиет тарихы», 1927),
  • Досмұхамедов («Қазақ халық әдебиеті», орыс тілінде, 1928) – қазақ фольклорын алғаш рет ғылыми тұрғыдан саралады. Кеңестік қазақ фальклортану ғылымының даму өрісін шартты түрде 20–30-жылдары, 30–50-жылдары, 50–90-жылдары деп бірнеше белестерге бөліп қарастыруға болады. Ұлт зиялылары 20-жылдардың соңына дейін халық мұрасын жинап, жариялау, зерттеу ісін біршама дамытты. Алайда кеңестік идеология 20-жылдардың соңы мен 30-жылдары қазақ фальклортану ғылымына үлкен зардабын тигізді.

«Алашшыл» ғалым-қайраткерлер қуғын-сүргінге ұшырады. Әйтсе де С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин тәрізді зиялылар зерттеулерін одан әрі жалғастырды. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» (1931) атты зерттеу еңбегі жарияланды. Диваев сияқты фольклортанушылар соны ғылыми ізденістер жасады. Бірақ 30-жылдардың соңына қарай бұл буын да саяси зұлмат құрбаны болды. «Жеке басқа табыну» мансұқталғаннан кейін Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов қазақ фальклортану ғылымының жандануына барынша күш салды.
40-жылдардың ортасына қарай Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, кейіндеу М.Ғабдуллин, т.б. әдебиеттанушы-фольклортанушы ғалымдардың жаңа шоғыры қалыптасты. Бұл кезеңде халық мұрасын жинау қайта жанданды, елдің түкпір-түкпіріне ғылыми экспедициялар ұйымдастырылды. Ә.Қоңыратбаев бастаған фольклорлық экспедиция Орта Азиядағы Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қазақстанның барлық аймақтарын аралап, академия қорына мыңдаған қолжазбалар өткізді.
1946-1948 жылдары "Қазақ әдебиетінің тарихы" атты екі томдық академиялық зерттеу жоспарлап, бірінші томын қазақ фольклорына, екінші томын көне түркі әдебиетіне ("Құтты білік", "Диуани лұғат ит-түрік", "Диуани хикмет", "Бақырған", т.б.) арнады. 1947 жылы 21 қаңтарда Қазақстан ВКП(б) Орталық комитеті "Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы саяси-өрескел қателіктер" ("Социалды Қазақстан", 1 ақпан 1947 ж.) атты қаулы қабылдаған соң, аталған қостомдықтың бірінші томы жарық көріп, екінші томы тоқтатылды. Артынша қаулыда аттары аталған ғалымдар - Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, Ә.Мәметовалар қызметтен шығарылып, жер аударылды.
Баспа ісі жетіліп, халық әдебиетінің үлгілері жүйелі түрде жариялана бастады. Бұл дәуірде, әсіресе халық ақындары шығармашылығына ерекше назар аударылды. Республикада халық ақындарының дәстүрлі айтыстары жанданды, жер-жерде халық театрлары жұмыс істеп, халық өнерпаздарына қолдау көрсетілді. Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зертттеу институттарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары да қалыпты ырғаққа түсіп, халық мұрасын жинауға студенттер мен аспиранттар да араласты, қазақ фольклоры жанрлық сала-салаға жіктеліп, диссертациялық тұрғыдан зерттеле бастады. Екі кітабы фольклор тарихына арналған «Қазақ әдебиеті тарихының» (1960–1964) алты томдық зерттеуі жазылды. Қазақ фальклортану ғылымы теориялық әдістемелік жағынан айтарлықтайөсіп, Р.Бердібаев,О.Нұрмағамбетова, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, А.Сейдімбек, Ш.Ибраев, Б.Әбілқасымов, т.б. ғалымдардың фольклордың әр саласын тереңдей зерделеген жаңа еңбектерімен толықты. Қазақ фольклоры қолжазбаларының 6 томдық ғылыми сипаттамасы мен көп томдық жинақтары жарияланды. Осы кезеңде фольклордың қандай саясат болса да өзінің табиғи болмысын өзгертпейтін құндылық, халық шығармашылығының қайнары екендігі дәлелденді.
Қазақ фольклористикасын сөз еткенде бұл ғылымның да қалыптасу, даму, өсу
жолы, басынан кешірген кездері бар деп қараймыз. Біз оларды шартты түрде үш кезеңге бөліп қарастырамыз:
  • Бірінші кезең - 20-30 жылдар арасы;
  • Екінші кезең - соғыс жылдары;
  • Үшінші кезең - Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдар

20-жылдардың бас кезінде-ақ қазақ халқының ауыз əдебиеті жайында мəселелер көтеріліп, фольклор туралы газет-журналдарға үлкенді-кішілі мақалалар жариялана бастайды. Бұл мақалаларда қазақ фольклорын жинау, зерттеу, бағалау хақында көптеген пікірлер айтылады. Мұның өзі қазақ совет фольклористикасының, яғни ауыз əдебиетін зерттейтін ғылымның тууына негіз салады
Алғашқы қадамы қазақ ауыз əдебиеті туралы жазылған кішігірім мақалазаметкалардан басталған қазақ совет фольклористикасы идеология майдандарында шиеленіскен таптық күрес жағдайында, фольклордың тарихы жəне қоғамдық рөлі жайында көтерілген мəселелерге белсене араласу негізінде туып қалыптаса бастаған совет фольклористикасы 20-жылдардың бас кезінде-ақ ауыз əдебиеті жөнінде бірнеше мəселелер көтереді.
Қазақ совет əдебиетінің негізін салған Сəкен Сейфуллин алашорданың басшылары Бөкейханов, Байтұрсынов, Досмұхамбетов, Дулатов, Жұмабаевтардың совет өкіметіне қарсылығын, олардың ескі өмірді қайта орнатпақ болып күрес жүргізгенін əшкерелей отырып, былай дейді: Олар қазақтың бұрынғы батырлары туралы байлар құлқымен бұрынғы айтылған өлеңдерді жинап, оған тағы да елдегі өлеңшілерге жаңадан өлеңдер қостырып кітаптар шығарды. Мəселен Аламан, Кенесары-Наурызбай жəне де олар байлардың санасын сарындаған көркем əдебиетті сүйгіштеді.
Ал 30-жылдары қазақ совет фольклористикасы өзінің өскелең дəрежеге жеткенін көрсетті. Бұл жылдардағы қазақ фольклористикасы тақырып жағынан болсын, зерттеулердің ғылымдық сапасы жағынан болсын ілгерілеп дами түсті. Ауыз əдебиетін баяндауға арналған маңызды да көлемді зерттеулер көріне бастады. Аталған кездегі фольклористикамыз тақырып жағынан алғанда бірнеше күрделі мəселелерді көтерді. Солардың ішінен бастылары мыналар:
1.Оқулықтар жасау мəселесі. 2. Ауыз əдебиетінен үйрену мəселесі. 3. Ауыз əдебиетінің халық өміріне байланысы жəне халық ақындарының шығармашылығы туралы Қазақ əдебиетінің тарихын оқулық көлемінде баяндап шығуды саяси, мəдени мəні мол аса зор міндеттің бірі деп түсінген Сəкен Сейфуллин қазақ əдебиеті тарихын екі кітап етіп жазбақ болады. Бұл кітаптың біріншісі 1931 жылы жазылып, 1932 жылы Билер дəуірінің əдебиеті деген атпен жарық көреді. Жалпы С. Сейфуллин бұл кітабында ел басқарған хандар, сұлтандар, билер, байлар, батырларды сол дəуірде көсемдік қылған үстем таптың өкілдері ретінде қарастырды. Сондай-ақ бұл дəуір тудырған деген нұсқаларды билер дəуірінің əдебиеті деп те атайды. Еңбекте С.Сейфуллиннің фольклордын ауызекі даму ерекшелігін дұрыс айқындаған. С. Сейфуллин фольклорды:
  • эпос,
  • ертегі,
  • тұрмыс-салт жырлары т.б. деп жүйелеген.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет