Сабақ жоспары: «Сипат» («мінез»), «этникалық сипат»



Дата21.12.2022
өлшемі15,01 Kb.
#58742
түріСабақ
Байланысты:
4 - апта СӨЖ тапсырмасы Мұрат Қайсар


Орындаушы: Мұрат Қайсар

«Ұлттық сана сезімнің мән-маңызы»
Сабақ жоспары:
1. «Сипат» («мінез»), «этникалық сипат» ұғымдары. Қазақстан халықтарының түрлі өкілдері бойынша бірқатар «стереотип-сипаттарды» мысалға келтіру. Осы халықтардың өкілдеріне берілетін сипаттамалар негізінде алғышарттарды анықтау.
2. Қазақстан жастарын әлеуметтік топ ретінде әлеуметтік тұрғыда зерттеу ерекшелігі.
3. Студент жастардың негізгі мүддесі мен сұраныстарын саралау, тұлғаның ұлттық-сана-сезімінің қалыптасуына әсері.
4. Қазақстандағы жастардың қоғамдық бірлестіктері, олардың жастар мәселелерін шешудегі орны мен рөлі.

1. Этникалар аралық қарым-қатынас - түрлі халықтар өкілдерінің, этникалық одақтастықтардың арасындағы субьективтік түрде болатын қарым-қатынас. Әлеуметтік психологияда және этнопсихологияда Этникалар аралық қарым-қатынас - екі деңгейі бар. Олар - жеке және топтық қарым-қатынастар. Бұндай қарым-қатынас өмірдің, саясат, еңбек, тұрмыс, отбасы, достастық, қарапайым қатынас сияқты салаларында қалыптасады. Оның сипаты (достастық, бейтарап не дау-жанжалдық) өткен тарихи жағдайларға, елдің саяси-әлеуметтік жағдайына, экономикалық және мәдени-тұрмыстық жағдайларына, нақты бір оқиғаға не қарым-қатынасты қажет ету жағдайына байланысты қалыптасады. Жеке деңгейде адамдардың жеке-психологиялық жағдайларына байланысты болады. Этникалар аралық қарым-қатынас байланыстың түрлі саласында, ұлттық стереотиптарында, адамдар мен нақты этникалық одақтастықтардың көңіл-күйлері мен өздерін ұстауларындағы этникалық байланыста байқалады. Этникалар аралық ұстанымдар мен бағыттар тұлғаның әлеуметтенуінде, отбасында, оқу орнында, ұжымда, көршілік және достық қатынаста қалыптасады. Бұл мәселе көп ұлтты ел жағдайында келелі мәселе болып табылады.

2. Жалпы әлеуметтік топ дегеніміз – жалпы қызығушылықтары, мақсаттары, құндылық бағыттары біріккен әлеуметтік топтық бақылау жағдайында және әлеуметтік нормалар негізінде біріккен адамдар тобы. әлеуметтік топ түрлері: үлкен, кіші, ресми, ресми емес, референтті, нақты, шартты, ұйымдасқан, диффузиялы (аралас).
Ерекше әлеуметтік топ болып есептелетін жастардың негізгі мазмұнды ерекшеліктерінің теориялық анықтамасы, әдетте олардың әлеуметтік нормаларды игеру процесін бөліп алып қарауды қажет етеді. Шын мәнінде, адамда әлеуметтену процесі жүреді, яғни ол қартайғанға дейін өмір бойы көпжақты әлеуметтік нормаларды және мәдени құндылықтарды, әлеуметтік тәжірибе формаларын игереді. Сонымен бір мезгілде белсенді әлеуметтену процесі де үстемдік етеді. Осы кезеңнің сапалық шекарасы адамның репродуктивті жасқа келуі болып табылады. Бұл кезеңде жастар да әлеуметтік үлгілер мен нормаларды игеру процесіне белсенді түрде қатысады.

3. Ұлттық сана-сезім дегеніміз - Ұлттың келешегін, оның экономикалық өрлеуі мен әлеуметтік прогреске қол созуын, әлемдегі өзге ұлттар мен терезесі тең өмір сүруін, мәдениетінің дамуын қамтамасыз етуге бағытталған идеялар мен көзқарастар жинағы. Тұлғаның өз ұлтының мүддесіне, қажеттіліктеріне және ұлтына деген жанашырлық қатынасын айқандау формасы.


Студендент жастардың, яғни біздің саналы ұрпақ болып өсу. Ал біздік негізгі сұраныстар ол – тек қана сапалы білім. Қуанышқа орай 21 ғасырда біздің сұранысымыздың орындалып жатқанына алғысымыз мол. Ал ендігі кезек сол біздің сұранысты саралар болсақ, сол бәрімізге бірдей берілгшен білімді әркімнің әрқалай жолда қабылдап, оны өзінен кейінгі өскелең ұрпаққа түсіндіруінде деп ойлаймын. Әркімнің ақпаратты әр түрлі жолмен қабылдайтындығы оған дәлел деп ойлаймын. Біліммен қатар соның арқасында біздің интелектімізде кең өріс алып дамиды.

4. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда қоғамдық ұйымдардың, жастар бірлестіктерінің рөлі өте зор. Олар жастар арасында дұрыс идеологияның қалыптасуына ықпал етеді.


Бізге мәлім «Мемлекеттік жастар саясаты» туралы Заң жобасында көрсетілгендей, құжатта мемлекеттік жастар саясатының басты үш міндеті қамтылған. Атап айтқанда, жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси өміріне тарту, азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизмді нығайту. Ал мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарында олардың ішінде қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту, денсаулық сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жұмыспен қамту, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту шаралары қамтылады. Бұл мақсаттарды іске асыруда жастар ұйымдарының көмегі аз емес. Өйткені, жастар саясатындағы басты орынды алатын, жастар тарапынан көтерілген мәселелердің қыр-сырын білетін тікелей солар. Жастар ұйымдары әлемдік тәжірибеде жастар саясатын орындаушы аса маңызды субъектінің қызметін атқарады. Оларға тиісті құқықтар беріп, тең қарастыру, пікірімен санасу қажет. Бірлестіктердің жұмысы көлеңкеде қалып қоймауы тиіс, сонда ғана олардың жұмысы жемісті болады.
Қорытындылай келе, ұлттық сана-сезім, ол біздің келешекке деген нық сенімімізге тіреу болатын ең басты қару. Тек сол қаруды оңтайлы пайдалана біліп, білімді де білікті ұрпақ қалыптастыру өз қолымызда. Ұлттық сана бойымызға толықтай сіңу үшін, бүгінгі сабақта сөз етілген, талданған жағдаяттарды ескеріп, еске салып жүру артық болмас деген ойдамын. Бүгінгі СӨЖ сабағынан әсіресе, Қазақстан жастарын әлеуметтік топ ретінде әлеуметтік тұрғыда зерттеу ерекшелігі ерекше есімде қалды десе де болады. Сөз соңында, егер тұғыры биік «Ел боламын десең — бесігіңді түзе...»

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет