«Қазақ халқының жүрегінен туған ең жақсы ғұрыптар» Ата – аналарға психологиялық –педагогикалық көмек беру «Даналық мектебі»



бет1/3
Дата04.12.2023
өлшемі1,7 Mb.
#134311
түріСабақ
  1   2   3

Қазақ отбасындағы ұлттық салт-дәстүрлер. Ұрпақтар сабақтастығы: әже даналығы, атадан өсиет, жеңгелерден қызға ақыл-кеңес, ағаға, әпкеге құрмет – баланы тәрбиелеу тәсілдері ретінде. Отбасылық дәстүрлерді дәріптеу.
«Қазақ халқының жүрегінен туған ең жақсы ғұрыптар»
Ата – аналарға психологиялық –педагогикалық көмек беру «Даналық мектебі» жұмысын ұйымдастыру
«Ата» мектебі, «Әже» мектебі, «Аға» мектебі, «Жеңге» мектебі арқылы ұлттық құндылықтарды ұрпақ бойына сіңіру
  • Ұлттық тәрбие мектептерін («Ата» мектебі, «Әже» мектебі, «Аға» мектебі, «Жеңге» мектебі) ашу арқылы озық салт- дәстүрлерді талдап түсіндіру және оны дәріптеу;
  • Халқымыздың сан ғасырлық мәдени жәдігерлері мен ұлттық құндылықтарын тәрбиенің негізгі өзегіне айналдыру;
  • Отбасы тәрбиесінің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету.

МІНДЕТТЕРІ:
Ата-аналарға педагогикалық
көмек берудегі мақсат:
Құрметті ата-аналар, ұлтымыздың қанындағы ізгілік – дөрекілікке, қайырымдылық – қатыгездікке, жомарттық – тоғышарлыққа, адалдық – арамдыққа, парасаттылық – парықсыздыққа ауыспасын десек, ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындап, өзімізден бастап әрекет етуіміз қажет.
Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе, олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады.
Абай Кұнанбаев
«ДАНАЛЫҚ МЕТКЕБІ» АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БІР БАҒЫТЫ РЕТІНДЕ МЕКТЕПТЕРДЕ КЛУБТЫҚ ФОРМАТТА ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ. ОНЫҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ КҮН ТӘРТІБІНЕ ҚОЙЫЛЫП, КЕҢЕСТЕ ТАЛҚЫЛАНЫП, ЖАУАПТЫ АДАМ БЕЛГІЛЕНЕДІ. ОЛ ДИРЕКТОРДЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ БОЛУЫ ДА МҮМКІН. АРЫ ҚАРАЙ ЖАУАПТЫ АДАМ ДИРЕКТОРДЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫМЕН КЕЛІСЕ ОТЫРЫП КЛУБТЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫН ЖАСАП, БЕКІТЕДІ. «ДАНАЛЫҚ МЕКТЕБІ» КЛУБЫНДА АТА ӨСИЕТІН, ӘЖЕ ДАНАЛЫҒЫН, ЖЕҢГЕСІНІҢ КЕҢЕСІН, АҒАНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫН ЖАН-ЖАҚТЫ ТҮСІНДІРЕТІН 4 МЕКТЕП ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ. ӘР МЕКТЕП БОЙЫНША 2 ТАҚЫРЫПТАН, БАРЛЫҒЫ 8 ТАҚЫРЫП ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ.
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА 4 МЕКТЕП БОЙЫНША, ЯҒНИ АТА МЕКТЕБІ – 1, ӘЖЕ МЕКТЕБІ – 1, АҒА МЕКТЕБІ – 1, ЖЕҢГЕ МЕКТЕБІ – 1, ЖАЛПЫ САНЫ 4 ІС-ШАРА ӨТКІЗЕДІ. ДӘЛ ОСЫЛАЙ ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА 4 ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛЕДІ. БҰЛ ІС-ШАРАЛАРҒА ӘР МЕКТЕПТІҢ ӨЗ ӨКІЛДЕРІ (АТАЛАР, ӘЖЕЛЕР, АҒАЛАР, ЖЕҢГЕЛЕР) ҚАТЫСТЫРЫЛУ КЕРЕК. ӘР СЫНЫПТАН КЕМІНДЕ 1 АДАМНАН ҚАТЫСАДЫ. ОСЫ ІС-ШАРАҒА ҚАТЫСҚАН АДАМ ӨЗ СЫНЫБЫНДАҒЫ АТАЛАРДЫҢ, ӘЖЕЛЕРДІҢ, АҒАЛАРДЫҢ, ЖЕҢГЕЛЕРДІҢ БАСЫН ҚОСЫП, ЗАМАНАУИ МҮМКІНДІКТЕРДІ ЕСКЕРІП, ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАРДА ПАРАҚШАЛАР АШЫП, АЙТЫЛҒАН, ТАЛДАНҒАН МӘСЕЛЕНІ ОРТАҒА САЛУҒА БОЛАДЫ. СОНДА КЛУБТЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНЫП, ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫ СЫНЫПТАРДА ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ. КЛУБ АТА МЕН ӘЖЕ ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК, НЕМЕРЕЛЕРІНЕ ҚАНДАЙ ТӘРБИЕ БЕРУІ КЕРЕК. АҒА ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК, ІНІЛЕРІ МЕН ҚАРЫНДАСТАРЫНА ҚАЛАЙ ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУЫ КЕРЕК, ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІНДЕ ЖЕҢГЕНІҢ РӨЛІ ҚАНДАЙ, ҚАЙЫН СІҢЛІЛЕРІ МЕН ҚАЙЫН ІНІЛЕРІНЕ ҚАНДАЙ КЕҢЕС АЙТАДЫ ДЕГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚАРАСТЫРАДЫ. ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ БАҒЫТТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН «ДАНАЛЫҚ МЕКТЕБІ» АРҚЫЛЫ ЖАНДАНДЫРУҒА, ҰЛТТЫҚ МАЗМҰН, ҚОҒАМДЫҚ СИПАТ БЕРУГЕ МҮМКІНДІК БАР. ІС-ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАСЫН ТАҢДАУДА МЕКТЕПТЕГІ ЖАУАПТЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ЕРКІНДІК БЕРІЛЕДІ. (АЛҚАЛЫ ЖИЫН, ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ, СҰХБАТ, СЕМИНАР, КЕЗДЕСУ, ЖЕКЕ ТАҒЫЛЫМДЫҚ САБАҚТАР, ПІКІРТАЛАС, БАЙҚАУ, Т.Б.)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет