Қазақ халқының моноэтникалық ҚҰРАМының Өзгеруі



Дата02.12.2022
өлшемі0,85 Mb.
#54369
түріСабақ
Байланысты:
7-сабақ. Қазақтардың ру-тайпалық құрылымының ерекшеліктері (1)

Қазақтардың ру-тайпалық құрылымының ерекшеліктері Қазақстан тарихы, 10-сынып

№23 мектеп-лицей

Жанжигитова А.Д

Оқу мақсаты:

  • 10.2.2.3 -қазақтардың ру-тайпалық құрылымының ерекшеліктерін ауызша тарихнама негізінде түсіндіру (шежіре, генеалогиялық аңыздар);
  • Сабақтың мақсаты:

    Қазақ қоғамындағы ру­тайпалық құрылымның ерекшеліктерін түсіндіру, қазақ жүздері туралы білу

Тірек сөздер. Жүз, ру, тайпа, ру­тайпалық бірлестік, этникалық аумақ, Ұлы жүз, Кіші жүз, Орта жүз

Тірек сөздер. Жүз, ру, тайпа, ру­тайпалық бірлестік, этникалық аумақ, Ұлы жүз, Кіші жүз, Орта жүз

Жүз атауының пайда болуы

  • Біраз зерттеушілер қазақтың "жүз" деген сөзін арабтың "джуз" — бір нәрсенің "басты бөлігі", "тармақ" деген сөзімен сәйкестендіреді. Шығыс деректерінде жүздер жөніндегі жанама мәліметтер XVII ғасырдың ортасына қарай кездеседі. Махмүд бен Уәлидің 16341641 жылдарда жазылған еңбегінде: "Шайбани хан өлгеннен кейін оның ұлы Баһадүр осы ел мен ұлысқа басшылық ете бастады... ол қыстауы мен жайлауы үшін Ақ Орданы таңдап алды, ол әрі Йүз-Орда ретінде де белгілі", — дейді. Осы деректе кездесетін йүз (жүз) сөзін кейбір зерттеушілер қазақтың жүзімен теңестіреді.

Қазақ жүздерінің мынандай ішкі белгілері бар:

а) ішкі аумақтық тұтастық;

ә) этностық туыстық;

б) шаруашылық-мәдени бірлік;

в) саяси басқару ортақтастығы.

Жүздердің пайда болуы туралы пікірлер

  • Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз. Жүздердің шыққан уакыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында әлі ортақ пікір жоқ.
  • Ш. Уәлихановтың пікірі бойынша, "Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай үлкен одақтар құрған". Н.А.Аристовтың ойынша, "жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан".
  • Василий Владимирович Бартольд: "Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды", — деп есептейді.
  • Михаил Порфирьевич Вяткин В.В.Бартольдпен келісе отырып: "Жүздердің құрылуына табиғи-географиялық себептермен қатар саяси оқиғалар әсер етті, жекелеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде XVI ғасырдың аяғында қалыптасты", — дейді.
  • С. Аманжолов: "Қазақ елі, жері үш жүзге моңғолдарға дейінгі кезеңде — X—XII ғасырларда бөлінді", — деп есептейді

Жеке жұмыс.

  • Кестені толтыр. Қазақ жүздерінің шығу себептеріне дерек келтірген ғалымдардың тұжырымдарын анықта.
  • Ш. Уәлиханов
  •  
  • Тұрсын Жұртбай
  •  
  • В.В. Бартольд
  • С. Аманжолов
  • Дескрипторлар:
  • - қазақжүздерінің құрылу себептерін анықтау


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет