Орындаған: Құдайберген А.С.
Тексерген: Кусаинова А.Ж.
Орал қ.2023
Қазақтарда зергерлік өнер ұрпақтан- ұрпаққа беріліп, өнер құпиясы мұқият сақталған. Зергерлер мен темір ұсталары сәндік қолданбалы өнер бұйымдарын металдан, күміс пен мыс, темірден жасады. Бұл өнердің техникалық және сәндік бұйымдар жасау түрінің басы қола дәуірінде б.з.д. II ғасырда, өмір сүрген сақ-сарматтардың дәстүрінен және үйсін, кангуй, ғұн өнерінен басталады. Зергерлік бұйымдардың пішіні-де, бүтіндей бөліктері-де, материалы мен ондағы өрнектері-де сол дәуірдегі наным-сенімге байланысты болды. Ондағы әшекейлік тастар мен күмістер күрделі функцияларды атқарды. Зергер мен оның құралдарының ерекше бір сиқырлы күші бар деп есептелінді. Әсіресе көрік қасиетті саналған.
Зергерлер алтын мен күміс,жезбен мыстыкенінен қолданған. Солардың арасында көбірек қолданғаны күміс. Күмістің тартымды, сыйқырлы қасиеті бар деп есептелінген. Күмістің тіл-көзден, түрлі сырқаттан сақтайтын, тазартатын қасиеті бар деп сенген. Сондықтан да үй шаруасындағы әйел ас қамдаса да, бала шомылдырса да қолынан күміс жүзігін алмаған.
Төсеніш бұйымдары. Тұскиіз- сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын үй жиһаздарының бірі. Оны жасау үшін нығыз басылған жұқа киіз таңдалып алынады. Тұскиізді безендіріп, әшекейлеу үшін түсті барқыттар, жібек, шұға т.б. маталардан бетіне ою-өрнектер тігіледі. Текемет- бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз. Оның бетіне жүнді бояп, ою-өрнек жасап, киіз басқан әдіспен басады. Сырмақ- киізден сырып оюлап жасалған төсеніш. Екі түсті киізден оймалаған немесе үстіне матадан ою басқан тігістеріне жиек басып, сырып жасайды. Қоржын- өрмек құрып тоқылатын бұйым. Ұзындығы 120 см, ені 50 см болады. Ердің артына бөктеріп жүру үшін екі басты етіп жасалған қапшық. Аяққап – ыдыс-аяқ салуға арналған қапшық. Ол көбінесе киізден жасалады. Алаша- әр түрлі жүннен немесе түрлі түске боялған мақта мен жүннен тоқылған төсеніш. Алаша терме және қақпа алаша деп екіге бөлінеді. Төсеніш ретінде қолданады. Тұтқыш- ас пісіретін қазанды оттан көтеріп түсіргенде қолды күйдірмеу, қазанның күйесін қолға жұқтырмау үшін киізден жасалған екі қолғап. Оның ұзын етіп жасалған бауы болады.
Ағаштан жасалған бұйымдар. Сандық киім кешек тағы басқа заттарды салуға арналған ағаштан жасалған бұйым. Кебеже ағаштан жасалған әшекейлі сандық. Оған тамақ, ыдыс-аяқ салып сақтаған. Адалбақан- төрде тұратын киім ілетін өрнектелген бұтақты, не бұтақтарын қолдан жасаған сырық.
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің түп тамыры өте тереңде жатыр. Қазақ мәдениетінің қалыптасып дамыған аймағы осы ұлттың бүгінгі мекені, соның төңірегі. Оның дәлелі археологиялық, палеоэтнографиялық деректер. Біздің жерімізде мекендеген андронов тайпаларының қыш құмыраларындағы ою-өрнектер кейінгі қазақтың бау, басқұрларындағы нақыштарға ұқсайды. Андроновтықтардың тастан салған үйлері, шаруашылық құрылыстары, құдықтары кейінгі қазақтың осындай құрылыстарында көрініс тапқан. Одан бергі сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпаларының да мәдениеттерінің қазақ дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуына әсері аз болмаған. Ерте ортағасырларда бүгінгі Қазақстан жерін және көрші аймақтарды мекендеген таза түркілік этностар және мемлекеттер тұсында бүгінгі қазақ халқы дәстүрлі мәдениетінің, тілінің негізі қалыптасты. Жалпы мәдениетті, әдетте, шартты түрде екіге бөлеміз. Ол материалдық (заттай) және рухани мәдениет. Материалдық мөдениетке ұстап көруге болатын заттық дүниелерді жатқызсақ, рухани мәдениетке көзбен көріп ұстауға келмейтін рухани құндылықтарды жатқызамыз.
Дәстүрлі қазақ көшпелі қоғамының материалдық мәдениет саласындағы үлкен бір жетістігі — киіз үй. Киіз үй ағаш, киіз бөліктерінен және бау-шудан тұрады. Үйдің ағаш саймандары төрт бөліктен: кереге, уық, шаңырақ және есіктен тұрады.
Кереге — киіз үйдің дөңгелек қабырғасын құрайтын, бірнеше жиналмалы бөліктен тұратын зат. Әрбір жеке бөлігі қанат деп аталады.
Уық — шаңырақ пен керегенің арасына дәнекер болып тұратын иінді шыбық ағаштар.
Шаңырақ — киіз үйдің төбесі.
Ұлттық аспаптар
Ұлыттық киімдер
Қазақ халқының ұлттық киімдері. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері
Қазақ халқынын ұлттық киімдерінің коп ғасырлық тарихы бар. Ұлттық киімдер- эстетикалык мәні жағынан да маңызды дайындалған және коркем жасалған өндірістік немесе қолонер арқылы өмірге келген коркем туынды.
Қай халыктын болса да тұрмыс-тіршілігіне қажетті әдемі бұйымдар мен заттарды дүниеге әкелген қолонері.
¥лттық киім-бай тарихи , мәдени мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырдағы әдет-ғұрып, салт-дәстүр, халықтың хал-ахуалынан хабар етеді.
Қазақтың ұлттык киімдері негізінен ертедегі кошпенділер киімдерін еске түсіреді
Ұлттық ойындарымыз
Ұлттық тағамдарымыз
Пайдаланған әдебиеттер
Ғабитов Т.Х., Затов К,. Қазақ; мәдениетінің рухани кеңістігі. - Алматы: Раритет, 2013.