Қазақ ЖӘне француз тілдеріндегі қанатты сөздерінің мағыналық сипаты



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі189 Kb.
#9667

                                                                     

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ФРАНЦУЗ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҚАНАТТЫ 

СӨЗДЕРІНІҢ МАҒЫНАЛЫҚ СИПАТЫ 

 

Калбирова Т.Н. 

Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық 

Университет, Алматы қаласы, Қазақстан 

                                                                            

Әр  тілдің  өзіне  лайық  ұлттық  қасиеті  тиянақты  сөз  тіркестерінен, 

мақал-мәтелдерінен, қанатты сөздерінен анық көрінеді. Мақал-мәтелдер 

сияқты  қанатты  сөздерде    халықтың  өмірі,  тұрмыс  тіршілігі,  ұлттық-

мәдени  сипаты,  ой-санасы  т.б.  кеңінен    кіреді.  Себебі,  ең  бірінші 

қанатты  сөз  болып  бір  тұлғаның  аузынан  шығып,  айтыла  келе, 

қолданысқа  түсіп  өз  авторын  жоғалтып  мақал-мәтелге  айналған. 

Олардың  шығу  төркіні,  дерек  көздері  белгілі  бір  жағдаятпен,  тарихи 

оқиғамен,  тарихи  тұлғалардың,  саяси  және  шығармашылық  өмірінен, 

халықтың  әдет  –  ғұрпы,  наным  -  сенімі  мен  сабақтас  болып  келеді.  Әр 

қанатты  сөзден  үлттық-мәдени  ақпарат  беретін  дағдылы  қалыптасқан 

дүниетаным,  ұлт  ерекшелігі  аңғарылады.  Себебі  оларда  әр  халықтың 

ғасырлар  бойы  өмірден  түйген  өзіндік  ақыл-ойы,  парасат  танымы, 

өмірлік түрлі қағидалары жатқанын көреміз.  

Қанатты  сөздер  халық  өмірінен,  оның  рухани  мәдениетінен  

туындап,  тілде  көрініс  тапқан  құбылыстар  болғандықтан,  оларды 

этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеудің мәні ерекше. Өйткені қанатты 

сөздерді  осы  тұрғыдан  зерттеу  олардың  шығу  көзін,  мағыналарының 

даму,  бейнелеу  түрлерімен  қалыптасу  заңдылықтарын  ашуда,  олардың 

тіл  байлығын  дамытудағы  қызметін  анықтауда  теңдесі  жоқ    мәні  бар. 

Қазақ  қанатты  сөздері  түркі  халықтарының  қанатты  сөздермен  үндесіп 

келсе, француз қанатты сөздері роман-герман тобына жататын тілдердің 

қанатты  сөздерімен  үндеседі.  Қанатты  сөдердің  тілдерде  пайда  болуы 

бірнеше жолдармен жүзеге асқан. 

Әр  ұлттың  өзінің  өмір  сүрген  дәуіріне  қарай,  күн-көріс,  түрмыс-

тіршілігі, сол ұлтқа тән әдет-ғұрыптарымен  салт-дәстүрлері, мәдениеті, 

тарихы бар. Оның бәрі әр халықтың ғасырлар бойы өзімен бірге жасаған 

тілмен 


көрінеді. 

Сондықтан 

да 

тілдегі 


қанатты 

сөздердің 

этнолигвистикалық сыр-сипатын ашу ұлттық дүниетанымның сыры мен 

ерекшеліктерін танып білуге септігін тигізеді.  

Қанатты  сөздердің  этнолингвистикалық  сипатын  тек  олардың 

қалыптасу  және  шығу  дерек  көздерін,  жалпы  мағынасын  анықтау  ғана 

емес, 

сонымен 


бірге 

олардың 


құрамындағы 

ұлттық-мәдени 

компоненттердің, 

қанатты 


сөздер 

мен 


фразеологизмдердің 

ара 


қатынасын  анықтау  т.б.  мағыналары  мен  мағына  өзгеру  жолдарын 

талдау арқылы да айқындауға болады.  



Қанатты 

сөздерді 

мағынасына 

қарай 


әр 

түрлі 


жолмен 

қалыптастыруға болады: алфавит бойынша, шығу тегіне қарай, тақырып 

бойынша, құрамындағы ұйытқы сөздің мағынасына қарай т.б.  

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін бірақ айтатын қанатты сөздер аз 

сөзден  жасалғаны  мен  көп  мағынаны  білдіреді.  Киелі  ойды,  кең 

мазмұнды  данышпандық  ақыл  өсиет  түрінде  салмақты  айтатын, 

айтқанда  да  соншама  дәл,  әрі  ащы  мысқыл,  әдемі  әжуасы  аралас  келіп, 

тапшылмай  мақұлдататын  қанатты  сөздерді  пайдаланудың  да  мәні 

ерекше.  

Қазақ 


және 

француз 


тілдеріндегі 

қанатты 


сөздердің 

этнолингвистикалық  сипатын  анықтауда  “қазақ”  және    “француз” 

лексемалармен  келетін  қанатты  сөздердің  орны  өзгеше.  Осындай 

ұлттық-мәдени 

компонентерді 

пайдаланып 

жүргізген 

этнолингвистикалық  зерттеулердің  негізгі  бағыты  –  лингвистикалық, 

этномәдени,  этнопсихологиялық  әлеуметтік  мәдени  т.б.  факторлардың 

тілдің  дамуына  тигізетін  әсері,  яғни  ұлт  тілі  арқылы  ұлтты  тану,  оның 

болмысын, ойлай жүйесінің ерекшелігін анықтау болып табылады.  

Ғалымдардың  белгілі  бір  ұлт  туралы  айтылған  мақал-мәтелдерге 

көптен  назар  аударғанын  Русский  ни  с  мечем,  ни  с  калачем  не  шутит, 

Француз  боек,  да  русский  стоек,  Русский  задора  ждет  т.б.  мақал-

мәтелдерді қарастырған “Русские в своих пословицах” (1;35).  

Этностың  танымынан  туындаған  қанатты  сөздер  –  мақал-мәтелдер 

сияқты  тілдердің  сөздік  қорында  ғасырлар  бойы  қордаланып 

шоғырланған  лексикалық  қазына  болып  табылады.  Олар  этнос 

болмысына  қатысты  бағалы  мағлұматтар  мен  құнды  деректерді 

сөйлетеді.  Ә.Қайдар  ұсынған  “індете  зерттеу”  принципін  қолдана 

отырып  қазақ  және  француз  халықтарын  өзі  туралы  қанатты  сөздерінің 

тілде  пайда  болу  уәждері  мен  ауыс  мағыналарын  қарастырғанда  сол 

халықтардың  ұлттық  ділін  түсінуге  болады.    Тіл  арқылы,  тілдердегі 

қанатты  сөздер  арқылы  халықтардың  ұлттық  түсінігімен,  ұлттық 

дүниетанымымен  таныс  боламыз.  Әр  халықтың  өзі  туралы  айтылған 

мақал-мәтелдерінде,  қанатты  сөздерінде  халық  өмірінің  сипаты,  ұлттық 

психологиясы көрініс табады. Қазақ халқы өзі туралы: Түбі бір түркіміз, 



ұраны  бір  қазақпыз;  Киіз  туырлықты  қазақпыз;  Ұранымыз  Алаш, 

керегеміз ағаш; Атамыз алаш, кеергеміз ағаш, үш жүздің ұрпағымыз – 

деп  кейінгі  ұрпаққа  өз  тарихымен,  тұрмысынан  мағлұмат  береді.  Осы 

өсиет  сөздердің  мазмұнына  теріңірек  үңілсек,  түбі  бір  түркі  жұрты  бір 

одаққа  біріккенде  ортақ  ұраны  Алаш  болғанын,  түркі  әлемінің  ата-

жұртында  қалыптасқан  қазақ  халқының  ортақ  ұранына  айналғанын 

көреміз.  Керегеміз  ағаш  дегенді  меңзеп  отырғаны  киіз  үйдің  біздің 

заманымыздан  көп  бұрын  болғандығын  дәлелдейді.  Ал  атамыз  Алаш  – 

сөзіне  келсек  ,  Шохан  Уалиханов  зерттеулерінде  Алаш  ескі  дәуірдегі 

қазақ  тайпаларының  жиынтық  аты  дейді.(2;111)  Қазақтың  байырғы 


шежілелерінде  де  Алаш  сөзі  Қазақ  атауының  синонимі  ретінде 

қолданылған.  



Алаш алаш болғанда, 

ала тай ат болғанда, 

таңбасыз тай, енсіз қой болғанда,  

Алаша  хан  болғанда  –  дейтін  сөздер  Алаш  жайындағы  аңыздың 

меншікті  мүлік  қалыптаспаған,  (малға  ен  мен  таңба  салынбаған  дәуір) 

бейқуат  тірлік  болған  заманнан  келе  жатқанын  аңғартады.  Алаш  хан 

туралы  көптеген  аңыз  ертегілер  оның  ежелгі  көшпелі  тайпалардың 

басын  біріктіріп,  қара  халықты  соңынан  ерткен,  айбарының  асқан  адам 

болғандығын айтады.  

“Қазақ”  атауының  этимолгиясын  анықтауға  арналған  көптеген 

ғалымдардың еңбектері бар. “Қазақ” деген сөздің өзі жазба деректерде Х 

ғасырдан бастап кездеседі екен.(3;12) 

Қарға тамырлы қазақпыз – мақалы қазақ халқының наным сенімі мен 

салт-дәстүрінде  қарғаны  аққу,  қаз,  қарлығаш  секілді  құстармен  қатар 

кие  тұтылған  деген  ой  келеді.  Бұл  сұраққа  жауап  ретінде  жыл 

құстарының  ішінде  ұзақ  қарға  ерте  көктемде  алғаш  келетінін  айтқан 

жөн. Яғни қарға көктем хабаршысы. Демек тәңірге табынып, барша өмір 

тіршілігін табиғат құбылыстарымен үйлестірген көшпенділер үшін қарға 

тәңірдің  елшісіне  баланған.  Туба  -  кіжілері  арасындағы  ертегілердің 

бірінде  Көктің  ұлы  Чахыр  –  Саянның  елшісі  ақ  қарға  еді  деп 

баяндалады.  Ал  башқұрттар  көктемнің  шүйгін  болу  үшін  “қарға  тойын 

өткізсе”, бұйраттың мифінде адамзаттың жаратушысы Бұрқан бақсының 

емшісі  қарға  мәңгілік  өмірдің  жауынын  жаудырады.  Қазақ  тілінде 

бүгінге  дейін  жақсы  көретін  перзентін  “қарғам”  дейді,  халық  әндерінде 

‘қарғам-ау”  арнайы  сөздері  бар.  Сондай-ақ  Біздің  қолымызға  да  қарға 

тышар  –  бізде  байырмыз  деген  мағынадағы,  Қарға  қарғаның  көзін 

шұқымас – іс-әрекеті, лауазымы бірдей адамдар бірін – бірі сатпас деген 

мағынадағы  қанатты  сөздер  көптеп  кездеседі.  Ал  қарға  тамырлы 



қазақпыз    -  қанатты  сөзі  түпкі  тамырымыз,  арғы  тегіміз  ортақ  деп 

халықты бас біріктіруге, жұмыла іске кірісуге шақырады.  



Киіз туырлықты қазақпыз – қанатты сөзі қазақтың тұрмыс салтынан 

туған.  Қойдың  жүнінен  қалың  етіп  басылып  киіз  үйдің  керегесіне 

тағылған  қалың  киіз  –  туырлық  жазда  ыстықты,  қыста  суықты 

өткізбейді.  Баспанасы  киіз  үй  болғандықтан  осы  қанатты  сөз  мақал 

болып  қалыптасып,  туырлықтай  шыдамдымыз  деген  ойды  білдірсе 

керек.  


Жоғарыда  келтірілген  қанатты  сөздер  қазақ  жік-жікке,  ру-руға 

бөлініп  тіл  табыса  алмаған  жағдайда  ақыл  берер,  жол  көрсетер  ел 

ағаларын  ынтымаққа,  ел  болып  ту  көтеруге,  бір-бірін  қолдап,  қорғап 

көтермелеуге  шақырады.  Түбіміз  бір  деп  ой  салады,  ағайын  ағайынмен 

араздаспаса деп, шыққан тегін есіне салып, ақыл өсиет айтады. Осындай 

қанатты сөздер бүгінгі күні де өз өзектілігін жоғалтпағаны анық.  



Сол  сияқты  Қазақ  байыса  қатын  алады,  өзбек  байыса  там  салады; 

Қазақ  қырғыз  бір  туған,  өзбек  сартты  кім  туған;  Қазақ  –  жүрген 

жерің  азап;  Түйе  мінген  қазақ  төрт  ауыз  өлең  біледі;  Абайға 

тоқтамаған  қазақ,  құдайға  да  тоқтамас;  Қазақ  жаманы  сарт  болар, 

сарт  жаманы  порт  болар;  Қазақ  жаманы  орыс  болмас;  Қазақтың 

айраны  көп,орыстың  мейрамы  көп;  Қарқалпақты  деңгене  құртады, 

қазақты  мен  сенен  кем  бе  құртады  (деңгене  –  ортақтасып  мал  сойып 

жейтін  дәстүр);  Мың  өліп,  мың  тірілген  қазақ;  Қазақтан  көңіл 

сұрасан,  көйлегіне  жамау  сұрайды;  Қоссыз  қазақ  болса  ,  доссыз  қазақ 

болмаған;  Қазақтың  өлгенінің  жаманы  жоқ,  тірісінің  өсектен  аманы 

жоқ;  Нағыз  қазақ  қазақ  емес,  нағыз  қазақ  домбыра  т.б  толып  жатқан 

қазақ халқының өзі жайлы қалжыңдап, күйініп, мақтанып айтқан мақал-

мәтелдерінің,  қанатты  сөздерінің  астарында  халық  пен  бірге  жасасып 

келе жатқан мол этнолингвистикалық мағлұматтар жатыр.  

Француз  халқының  өзі  туралы  айтылған  қанатты  сөздері  де  оның 

шаруашылығына салт-дәстүріне, мінез - құлқына, тарихи оқиғаларға т.б. 

сол  сияқты  жағдайларға  байланысты  тулайды.  Әр  халықтың  ұлттық 

мақтанышы  бар.  Француз  халқы  да  ол  сезімнен  кенде  емес.  Ұлттық 

мақтаныш  сезімі  бұл  халықтың  қанатты  сөздерінде  көптеп  көрініс 

табады. Француздар өздерін шыншыл, турашыл, сезімтал  халықпыз деп 

мақтанады.  

Француз  халқы  кейбір  деректерге  жүгінсек,  бақыты  оңынан  туған 

делінеді.  Өмір  сүріп  отырған  басқа  мемлекеттер  үшін,  француздар 

ғажайып, таңғажайып әлемде өмір сүріп жатқан  халық, яғни  төрт түлігі 

сай,  ерекше  өмір  сүру  өнерімен  көзге  түседі.  Француз  халқы  өте 

мәдениетті, ойы ұшқыр, тапқырлығы жоғары және өмір сүру деңгейінің 

жоғары  екенін  көрсетеді.  Кейбір  кезде,  нағыз  жаратушы  Құдай 

Францияда тұрады деген пайымдауларды да кездестіруге болады. Әрине 

ана  халық  анандай  екен,  ана  халыққа  мынадай  менталитет  тән  екен 

деген  тұжырымдар  жасау  үшін,  алдымен  сол  халықтың  тарихымен, 

мәдениетімен жан-жақты танысу қажет. 

Француз халқының ұлттық ерекшелігін анықтау мақсатында француз 

тіліндегі  қанатты  сөздерді,  мақал-мәтелдерді  талдай  келе  бірнеше 

ерекшеліктерді көруге болады: 

Елтану  материалдарын  және  тұрақты  тіркестер  мен  қанатты 

сөздермен  танысу  барысында  француздардың  ұлттық  асханасы  сөз 

болады.  Мәселен,  «Entre  le  fromage  et  la  poire,  chacun  dit  sa  chanson  à 

boire»,    “Celui  qui  laboure  le  champ  le  mange”,    “Chacun  vin  à  sa  lie”  т.б. 

деген  қанатты  сөздерден  француздардың  ұлттық  азық-түлігі  мен 

тамақтары  туралы  ақпараттарды  алуға  болады.  Міне,  осындай 

мысалдардан  француздардың  ұлттық-мәдени  өміріне  аспаздық  өнердің 

тән екендігін көруге болады.  

Ю.И.  Рубинскийдің  француздар  туралы  жазған  еңбегінің  бір  тарауы 

француздардың  сәнді  киіну  үлгісіне  арналған.  Француздар  үшін  «Мен 



қандай түрде боламын?» деген сұрақ бірінші орында тұрады. «Le savoir 

s’habiller est une pièce maîtresse du savoir vivre français», «Savoir s’habiller 

fait  partie  de  l’art  de  vivre  français»  және  т.б.  Сырт  адамдардың  сөз 

қылып, мазаққа ие болмау үшін, француздар сыртқы бейнесін дұрыстап, 

жөндеп  жүруге  тырысады.  Осындай  ұлттық  ерекшеліктерді  «Chacun  en 

sa  beauté  se  mire»,    «Chacun  vit  à  sa  mode»  т.б.  деген  қанатты  сөздер 

арасынан көруге болады. 

Сонымен  қай  тілде  болса  да  көкейге  қонымды,  ықшам,  ұтқыр  да 

ұтымды,  бейнелі,  өзіндік  ұлттық  қасиеті  бар  тұрақты  сөз  тіркестері 

молынан  кездеседі.  Солардың  ішінде  құрылымы  жағынан  да, 

компоненттерінің  байланысу  тұрғысынан  да  әр  түрлі  болып  келетін  аз 

сөзбен көп мағынаны білдіре алатын қанатты сөздердің орны ерекше.  

Қай тілде болмасын қанатты сөздер өзіндік қайнар көзі, тарихы, даму 

жолы  бар,  сыры  мол  тілдік  қазынаға  жалпы-халықтық  ұлттық  рухани 

байлыққа жатады.  

Олардың  шығу  тарихы,  қалыптасу  кезеңі,  көмескі  тапқан  іздері, 

қыры  мен  сыры  тек  халық  өмірімен  байланыстыра  қарастырғанда  ғана 

айқын айғарылады. Сондықтан да қанатты сөздерді этнолингвистикалық 

тұрғысынан зерделеудің ғылыми-танымдық әрі практикалық мәні зор.  

 

                             Қолданылған әдебиеттер

1. 

Снегиров  С.  Русские  в  своих  пословицах.  –  Москва,  ІІ  том, 



1751.-35 б. 

2. 


Уәлиханов  Ш.  Таңдамалы  шығармалары.2  басылым.-  Алматы: 

Жазушы, 1985.-560 б. 

3. 

Снегиров  С.  Русские  в  своих  пословицах.  –  Москва,  ІІ  том, 



1751.-12 б 

 

Резюме  



 

Данная  статья  посвящена  изучению  семантических  особенностей 

крылатых слов в казахском и французском языках. 

                                                              



Summary 

Ethnic  linguistic  is one of the dynamically developing  trend  in  language theory 

in the XXth century this article deals with research of winged words; the sources 

of  their  creation  and  some  ethnolinguistic  motives  in  the  semantics  of  winged 

words in the comparative aspect. 

 

 



 

 

                                                            



 

     


 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет