Қазақ ұлтының мәдени коды



Дата08.03.2022
өлшемі203,92 Kb.
#27204

Қазақ ұлтының мәдени коды


Группа: БЖДк-20-01 Орындаған:Сұлтан Б. , Ерғали А.

Тексерген: Найзабаева Г

Ғ.Даукеев атындағы «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциалық емес акционерлік қоғамы 

Әлемде ұлттық мәдениетіміз орта немесе төмен дейтін халық жоқ. Барлығы да жоғары деп санайды, айтады, жазады. Біз де сондай ұлттар қатарындамыз.

Шын мәнінде, қазақ мәдениетінің ұлттық сипатын ұлттық код деп атауға болады. Мұндай кодтардың бірі біздің туысқандық қатынастарымызда жатыр. Туысқандық қатынастың көрініс табатын жері – салт-дәстүрімізде. Қазақтың салт-дәстүрі – ұлттық мәдениетінің биік тұғыры. Осы салтпен, дәстүрмен ғасырлар бойы халқымыз «тал бесіктен жер бесікке дейін» өз ұрпағының саналы, мәнді, қызықты, философиялық мәні зор өмір сүріп келгенін бізге дейінгі ғылыми еңбектерден көреміз.

Елбасы Н.Назарбаев «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты мақаласында: «Жа­ңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық ко­дыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаң­ғырыққа айналуы оп-оңай» дейді. Байыптап қарасақ, атал­­ған мақаланың қазақ үшін ма­ңызы ерекше.

Керісінше, за­мана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаң­ғырудың маңызды алғы­шарт­тарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», – делінген Елбасы мақаласында.

Қазақ мәдениетінің тарихы, оның рухани болмысы, бүгінгі мәдени ахуалдағы қарама-қайшылықтар және оның болашағы қай кезде болмасын қоғам назарынан тыс қалмады. Ұлттық мәдениетімізді танып, білуге, оны бағалауға қазақтың біртуар тұлғалары - Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев қалдырған ой-пікірлер тұжырымдамалық негіз болса, М. Әуезов, Е. Бекмаханов, М. Ғабдуллин, С. Қасқабасов, Ә. Марғұлан, Б. Қазыханова, Б. Байжігітов, Н. Сәрсенбаев және т.б. ғалымдардың еңбектерінде одан әрі дамытылды. Сан ғасырлар бойы ұлттық болмысымызға ықпал еткен отаршылдық пен тоталитарлық саясат мәдени мешеулікке алып келді. Өткен ғасырларда өмір сүрген даналарымыз өз еңбектерінде халықты руханиадамгершілікке бағдарлаған. Әл-Фараби замандастарына қайырымды, ізгілікті қаланың қажеттілігін айтса, Жүсіп Баласағұн қоғамда әрбір адамның әділетті болуын көксеген, Абай қазақ баласына Адам бол! деп нақты кеңесін берді, ал дана Шәкәрім әлеуметтік болмыстың, адам өмірінің түп қазығы ар- ұятта, ұжданда деп білген. Осылардың барлығы түптеп келгенде еркіндікті сүйетін, еркін ойлайтын тұлғаны қалыптастырады. Қазақ халқының мәдениетін осы сипаттары ерекшелеп, еліміздің әлемдік кеңістіктегі орнын анықтап отыр.


Қазақстандық мәдениеттің мәні мен мазмұ

Мәдени мұраны сақтаудың басты мәселелері мен міндеттері

Қазақстанның мәдени мұрасының қазіргі жай-күйі сан ғасырлық дәстүрлерді сақтау мен одан әрі дамыту жөніндегі шаралар кешенін қолдан келгенше қаматамасыз етілумен, тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштерінің ашылуымен, кесенелерді, ескі мешіттерді, ежелгі кенттерді тұмшалаумен, қалпына келтіру жөніндегі жұмыстардың жандануымен, олардың негізінде жаңа тарихи-мәдени мұражай қорықтардың құрылуымен сипатталады.

Қорытынды

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» - ең алдымен, еліміздің Біртұтас ұлт болуын мақсат етіп, соған барар жолдағы ұлттың рухани болмысының мәні қалай болуы керек, нені негізге алып, қандай базалық құндылықтарды сақтауымыз қажет, ертеңгі ұрпаққа табыстар мұрамыздың сипаты қандай болуы керек, бүгінгі жастар мұраты қандай, батысқа еліктеу Еліміздің болашақ межесіне үлгі бола ала ма деген бүгінде қазақ қоғамын іштей толғандырып жүрген басты мәселелердің шешімі мен оның бағдары осы бағдарламада кеңінен қозғалып, тиянақталған.

ХХ ғасырдағы батыстық жаңғырудың үлгісі бүгінгі егемен қазақ еліне үлгі бола алмайды дейді Елбасы,

өйткені «жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады.

Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу».

Ұлттық код – ең алдымен, тілде, сосын дәстүріміз бен салтымызды, мінезімізді айқындайтын ділде, ұлттық

мәдениетте. Қазақ баласының тағылымы мол тарихында мәдени-рухани болмысы ізгілікпен әдіптеліп,

қарапайымдылықпен шыңдалып, парасатпен шырайланған. Ұлттық кодымызда ізгілік, адалдық, перзенттік

инабаттылық, адамгершілік, парыз, этикет, ақыл-парасаттылық кеңінен өрістеген, молынан қамтылған.

Назарларыңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет