Сабақ тақырыбы: Неліктен тарихшы Е. Бекмаханов 25 жылға бас бостандығынан айырылды?



Дата07.01.2022
өлшемі23,56 Kb.
#18037
түріСабақ
Байланысты:
Сабақ жоспары тарих



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:




Мектеп:35

Б. Момышұлы атын №35

Күні:




Мұғалімнің аты-жөні:

Абдрасилова У

Сынып: 9 а




Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:













Сабақ тақырыбы:

Неліктен тарихшы Е. Бекмаханов 25 жылға бас бостандығынан айырылды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.2.3.1 – Ермұхан Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесін бағалау;

10.3.1.1 – қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау




Сабақ мақсаттары

10.2.3.1 – Ермұхан Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесін бағалау;

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Кем дегенде бір ғалым туралы біледі.



Зерттеушілік дағды

Бекжан Сүлейменов, Есмағамбет Ысмайлов, Қажым Жұмалиев, Ермахан Бекмаханов секілді ғалымдардың репрессияға ұшырау тарихын сипаттай алады.



Анализ

Репрессияның жаңа толқынының басталуына әсер ететін факторларды РЕSTLE талдау кестесінен кем дегенде 3 факторды анықтайды.



Тарихи концепт

Интерпретация

Тілдік мақсаттар


Бекжан Сүлейменов, Есмағамбет Ысмайлов, Қажым Жұмалиев, Ермахан Бекмаханов секілді ғалымдардың:

- зерттеген тақырыптары және олардың ғылым мен білімге қосқан үлестері.................

- еңбектерінің кеңестік идеологияға қайшы келуі..........

- тағылған айыптары.........

Мен мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын....

Айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймын...



Құндылықтарды

дарыту

Құрмет

Ынтымақтастық

Ашықтық


АКТ қолдану дағдылары

Бейнефильм

Пәнаралық

байланыстар

Қазақ әдебиеті, құқық негіздері

Бастапқы білім

ХХ ғасырдың бірінші жартысында КСРО-да қалыптасқан тоталитарлық жүйенің басқару ерекшеліктері, жоспарлы экономиканың күшті және әлсіз жақтары, Сталиннің жеке басына табынушылық, зиялылардың қуғын сүргінге ұшырағандығы туралы білімдеріне сүйене алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут


Б Ұйымдастыру кезеңі (Оқушыларды түгендеу, кіріспе жасап өту)

М/Б Суреттер арқылы тақырыпқа шығады. Сұрақтар:

Қандай суреттер көрсетілген?

Бұл қандай фильм? Немен байланысты?

Бұл тұлға кім болуы мүмкін?

Бүгінгі сабағымыз немен байланысты?

М Сабақ мәселесі, жетістік критерийлерімен таныстыру. Cабаққа шағын шолу жасайды:


  • БК(б)П ОК «Звезда», «Ленинград» журналдары туралы (1946 ж. 14-тамыз) қаулысы кеңестік идеологиядан басқаша ойлайтын адамдарды қудалаудың жаңа нұсқасын ашып берді.

  • Республика Компартиясы ОК 1947 ж. наурызда өткен пленумы Қазақстан тарихын жазудағы, әдебиет пен өнердегі саяси қателер мен ұлтшылдық бұрмалауға қарсы большевиктік сынды кеңінен өрістетті.

  • Бұл кезде Орталықта «Ленинградтық іс», «Дәрігерлердің ісі» қолдан жасалып жатқан кезде, Қазақстанда «Бекмахановтың ісі» ұйымдастырылды.




Презентация



Сабақтың ортасы
5 минут

6 минут
7 минут

2 минут

7 минут


3 минут

Бейнематериал

"Аманат" фильмінен үзінді көрсетіледі. Талқылау ұсынылады:

Е.Бекмахановқа қандай айыптар тағылды?

Е.Бекмаханов қалай жазаланды?

Е.Бекмахановтан басқа тағы кімдер жазықсыз жазалануы мүмкін еді?

Зерттеу жұмысы Ермұхан Бекмаханов

Дескрипторлар:

1. Ғалымның зерттеген тақырыптары және оның ғылым мен білімге қосқан үлестерін анықтайды

2. Еңбектерінің кеңестік идеологияға қайшы келуін көрсетеді

3. Тағылған айыптарды анықтайды.



Ж Зерттеу жұмысының нәтижесімен таныстырулары.

Б Содан сыныпқа тақырып сұрағын қойып көріңіз: Неліктен репрессиялардың жаңа толқыны басталды?

Ж/ж Неліктен репрессиялардың жаңа толқыны басталды?

PESTLE анализ жасау

P - саясат

E - экономикалық

S – әлеуметтік –мәдени

T - технологиялық

L - құқықтық

E –этникалық факторлар



Дескриптор:
Репрессияның жаңа толқынының басталуына әсер еткен кем дегенде 3 факторды анықтайды.

Тақтадағы мүмкін жауаптар негізінде өз-өздерін бағалайды



Презентация

Бейнематериал

Мәтін



Сабақтың соңы

3 минут


Б Рефлексия

Не білдім?

Не есте қалды?

Нені білгім келеді?




Презентация

Сабақтың басы

2 минут


М Сабақ мәселесі, бағалау критерийлерімен қайтадан таныстыру.

Презентация


Сабақтың ортасы

10 минут


15 минут

10 минут


Зерттеу жұмысы

Т. І топ - Бекжан Сүлейменов;

ІІ топ - Есмағамбет Ысмайлов;

ІІІ топ - Қажым Жұмалиев;

сияқты тұлғалардың тағдыры туралы дербес зерттеу жұмысын жүргізеді, топта талқылайды.



Дескрипторлар:

1. Ғалымдардың зерттеген тақырыптары және олардың ғылым мен білімге қосқан үлестерін анықтайды

2. Еңбектерінің кеңестік идеологияға қайшы келуін көрсетеді

3. Тағылған айыптарды анықтайды.



Ж Зерттеу жұмысының нәтижесімен таныстырулары.

Д/Ж. ПТМС талдау. Неліктен тарихшы Ермұхан Бекмаханов 25 жылға бас бостандығынан айырылды?

Позиция (мен солай санаймын....)

Түсіндіру (себебі......)

Мысал (мен мұны мынадай мысалдар арқылы дәлелдей аламын....)

Салдар (айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймын....)

Дескриптор:

Оқушы өз позициясын анықтай алады;

Оқушы өз позициясының себебін түсіндіруде кем дегенде 1 аргумент келтіреді;

Оқушы өз позициясын дәлелдеуде кем дегенде 2 аргумент келтіреді;

Оқушы мәселе аясында қорытынды жасайды.


Презентация

Мәтін


Үлестірмелі материал


Сабақ соңы

3 минут


Рефлекия

Не білдім?

Не есте қалды?

Нені білгім келеді?




Презентация


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет