Қазақ мемлекетінің негізін салушы Керей мен Жәнібек хандар



Pdf көрінісі
Дата22.12.2016
өлшемі0,58 Mb.
#138

 

Қазақ мемлекетінің негізін салушы  

Керей мен Жәнібек хандар 

 

 



Қазақ хандығының 550-жылдығы аясында  

дайындалған қазақ хандары туралы өндірістік сабақ



           

/Сабақ барысында  слайд көрсетіледі/ 



                                                                            

                                                                                        

Иманбекова Клара Жұмағалиқызы 

                                                                                        Ғылыми-библиография  

                                                                                       бөлімшесінің басшысы 

 

 



Қазақстан  тарихында  Қазақ  хандығы  дәуірі  деп  аталатын  кезеңге  ХҮ 

ғасырдың ортасы мен ХІХ ғасырдың бірінші ширегі аралығы жатады.  

          ХҮ  ғасырдың  ортасында  Керей  мен  Жәнібек  хандардың  басшылығымен 

Қазақ хандығы құрылды. Ол мемлекет қазақ жерінде сақ дәуірінен бері жалғасып 

келе жатқан мемлекеттіліктің жалғасы және қазақ халқының ұлттық сипаттағы 

мемлекеті болып саналады. 



        Қазақ  хандығы  —  қазақтардың  XV  және  XIX  ғасырлар  аралығында  қанат 

жайған,  тәуелсіз  ұлттық  мемлекеті.  Қазақ  хандығы  қазақ  халқының  ғасырлар 

бойы  сақтап,  қорғап  келген  мемлекеттігінің нышаны.  Ол ұлан  – байтақ өңірді 

мекендеген  қазақ  тайпаларының  басын  қосып  шоғырландыруда,  қазақтың 

этникалық территориясын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз 

алдына  жеке  ел  болып  қалыптасуын  біржолата    аяқтауда    аса  маңызды  және 

түбегейлі шешуші роль атқарды.  

       2015  жылы  Елбасының  бастамасымен  Қазақ  хандығының  550  жылдық 

мерейтойын атап өтеміз. Тәуелсіздік алғалы бері Қазақ хандығының мерейтойы 

алғаш  рет  аталып  өтпекші.  Бұдан    бұрын  кеңестер  жүйесінің  қыспағында  біз 

ондай  бастамаларды  көтере  алмадық.  Оған  қоса,  кейбіреулер  қазақ  халқының 

мемлекеттігін сан-саққа жүгіртіп, оның тарихына күмәнмен қарап отырған кезде 

бұл  бастаманың  саяси  маңызы  да  зор.  Дегенмен,  алдағы  мерейтой  қазақ 

халқының  мемлекеттілігін  таныту  мақсатында    ғана  емес,  халықтың,  әсіресе 

жастардың патриоттық сезімін барынша күшейту үшін   қажет. 

     Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы мерейтойға аса мән беріп отыр, осы тарихи 

датаға  Елбасы мынандай сипаттама берген болатын: 

       


«Екі мың жылға жететін тарихымыз бар. Біздің ұрпақ білуі керек, біз 

бір  жақтан  пайда  бола  салған  адам  емеспіз.  Біз  кеше  ғана  аспаннан 

салбырап  түскен,  ештеңесі  жоқ  халық  емеспіз.  Біздің  тарихымыз  бар.  Ол 

тарих бүкіл Қазақстанның жерінде сайрап жатыр. «Біздің тарихымыз Кеңес 

одағының тарихы» деп келдік, сондықтан осыған ес жинап көңіл бөлетін 

кез  келді.  Соны  біз  хандықтың  550  жылдығынан  бастаймыз.  Ресейдің, 

Египеттің,  Иранның  өз  тарихы  бар.  Біздің  неге  тарихымыз  жоқ? 

Ұрпақтарымыз аяғынан нық тұру үшін біздің арт жағымызда бабалардан 

қалған  ел-жұрт,  хандық  болғанын,  олар  осы  жер  үшін  күрескенін,  қан 

төккенін ұрпақ білуі керек. Мына тұрған Қазақстан – бүкіл тарихтың түп-

тамыры». 

           

Қазақ  хандығының  құрылу  қарсаңында  (ХІҮ-ХҮ  ғасырларда)    Қазақ 

тайпалары  Сібірден  Сыр  бойына,  Ертістен  Жайық  жағасына  дейінгі  жалпақ 

өңірге жайылып қоныстанған болатын. Осы дәуірді баяндайтын орта ғасырлық 

тарихшылардың шығармаларында қазақ даласының негізгі тұрғындары ретінде 

қыпшақ,  қаңлы,  қарлұқ,  үйсін,  найман,  керей,  қоңырат,  маңғыт  т.б.  тайпалар 

аталады. Бұлар қазақ даласының ежелгі тұрғындары, сондай ақ бұдан бұрын осы 



өңірлерде  құрылған  Ақ  Орда,  Моғолстан,  тағы  басқа  хандықтардың  халқын 

құраған этникалық топтар еді. 

       Шыңғысхан  ұрпақтары  үстемдік  еткен  Алтын  Орда,  Ақ  Орда,  Шағатай 

хандықтарының  ыдырауына  байланысты  Дешті  Қыпшақ  даласы  мен  Орталық 

Азия   өңірінде пайда болған ұсақ хандықтардың және осы хандықтардың тағына 

таласқан  хандар  мен  сұлтандар  басқарған  түрліше  феодалдық  топтардың 

тынымсыз өзара соғыстарынан запа шеккен халық бұқарасы бұл қырқыстарды 

тиятын,  аласапыранды  тоқтататын  бір  тұтас  мемлекетті  арман  етті.  Бұл  сол 

кездегі өз алдына бейбіт өмір сүруді, жеке ел болуды аңсаған қазақ халқының 

көкейтесті тілегі еді. 



     1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза 

болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде 

өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр хандығы мен 

Ноғай  Ордасы  құрылды.  Шайбани  тұқымынан  шыққан  Әбілхайыр  хан  бұрын 

Орда Ежен /Жошы ханның ұлы/ билеген Ақ Орда территориясы – шығыс Дешті 

Қыпшаққа  40  жыл  (1428-1468)  үстемдік  етті.  ХҮ  ғасырдың  ортасында  осы 

Әбілхайыр  хандығындағы  толассыз  болған  қан  төгіс  соғыстар  мен  ішкі 

феодалдық  қырқыстар  барған  сайын  үдеп,  феодалдық  езгі  мен  қанау  халық 

бұқарасын ауыр күйзеліске түсірді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, 

шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал 

өңірінен,  солтүстігінде  Тобылдың  орта  ағысы  мен  Ертіске  дейінгі  жерді  алып 

жатқан  Әбілхайыр    хандығында  бір  орталыққа  бағынған  мемлекет  болмады. 

Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы 

ұрпақтары,  көшпелі  тайпалардың  билеушілері  тұрды.  Әбілхайыр  билік  еткен 

кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады

 



 

        

        Ауыр  тауқымет  тартқан  халық  бейбіт  өмірді,  Әбілхайырдың  әділетсіз 

үстемдігінен  құтылып,  өз  алдына  тіршілік  етуді  арман  етті.  Осы  жағдайда  Ақ 

Орданың  ақырғы  ханы  Орыс  /Ұрыс/  ханның  ұрпақтары  Керей  мен  Жәнібек  

қанаушыларға  қарсы  күрескен  тайпаларды  бастап  батыс  Жетісуды  1434-1462 

жылдары билеген  Моғолстан  ханы Есенбұға  жеріне  1456 жылы қоныс аударды.  

Бұл  қазақ  хандығының  құрылуына  мұрындық  болған  маңызды  тарихи  оқиға 

болды. Ал қазақ хандығының құрылуы  қазақ халқының тарихындағы төтенше 

маңызды  оқиға  болды.  Ол  ұлан-байтақ  өңірді  мекендеген  түрік  тектес 

тайпалардың  басын  қосып    шоғырландыруда,  қазақтың  этникалық 

территориясын  біріктіруге,  қазақтың  байырғы  заманнан  басталған  өз  алдына 

жеке ел болып біржолата қалыптасуында аса маңызды және түбегейлі шешішу 

рөл атқарды. 

     Өз  уақытының  аса  білімді  де  танымал  ғалымдарының  бірі,  тарихқа  кәсіби 

тұрғыдан  қарай  білген  тарихшы,  жазушы  Мұхаммед  Хайдар  Дулати  қазақ 

хандығының құрылған кезеңі туралы құнды мағлұмат жазып кеткен. 

     Тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати әлемге кең тараған  «Тарихи-и-Рашиди» 

атты еңбегінде: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы 

әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Керей мен Жәнібек 

Моғолстанға  көшіп  кетті.  Есенбұға  хан  оларды  қарсы  алып,  Моғолстанның 

батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Ол көшіп келген өзбектерді 

«қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары билей бастады…» деген 

мәлімет қалдырған. 870 жыл біздің есебіміз бойынша 1465-1466 жылдар. 


            Алғашында  қазақ  хандығының  территориясы  батыс  Жетісу  жері,  Шу 

өзені  мен  Талас  өзенінің  алқабы  еді.  Жетісу  рулар  мен  тайпалар  мемлекет 

бірлестігінің  орталығына  айналды.  Олардың  саны  200  мың  адамға  жетті.Міне 

нақ  осы  территорияға    деректемелерде  тұңғыш  рет  «Қазақтар»  деген  атау 

қолданылған. 

        «Қазақ»    деген  сөздің  мағынасы  батырлықпен,  ерлікпен  еркін  жүру,  яғни, 

Еуропа  тілімен  айтқанда,  «рыцарь»  дегенге  келеді  деп,  бірсыпыра  ғалымдар 

болжам  жасайды,    бұл  «Хас-сақ»  деген  ұғымнан  шыққан,  мағынасы    нағыз 

сақтар.   

 

     


          Қазақ  хандығының  құрылуы  туралы,    бұл  оқиғаның  тарихи  мәні  туралы 

Елбасы Н.Назарбаев мынандай  баға  береді: 



          «...Қазақ    хандығының    құрылуы  Қазақстан  тарихы  үшін  белесті 

кезең... Бұл оқиғаның саяси һәм қоғамдық мән-маңызы Қазақ хандығының 

Орталық Азиядағы  тұңғыш  ұлттық мемлекет  болғандығында  жатыр».                                                                                                      

             Қазақ  хандығының  құрылуы  нәтижесінде  халықтың  жартысы  Шығыс 

Дешті  Қыпшақтан  Түркістан  алқаптарына  және  Қаратау  бөктерлерінен 

Жетісудың батыс өңіріне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына  көшіп келді. 

Олардың  қоныс  аударуының  бір  себебі,  оларды  Шыңғыс  әулетінен  шыққан 

Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының 

дербес  мемлекетін  құру,  оның  тәуелсіз  саяси  және  экономикалық  дамуын 

қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Аласапыран 

соғыс салдарынан қажыған қазақ халқы бұл араға келіп ес жиып,  экономикалық 

тұрмысы түзеле бастады. 

 


 

               

        Жаңа  құрылған  Қазақ  хандығы  құрамына,  яғни  батыс  Жетісу  өңіріне  он 

шақты жыл айналасында  мыңдаған саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең 

өріс-қонысты  керек  етті.    Керей  мен  Жәнібек  сұлтандар  Арқа  қазақтары  мен 

Жетісу  қазақтарының  бірігу  ниеттерін  түсініп,  қазақтардың  қолдауы  арқылы  

және өздерінің батыл қимылдарымен бытырап  кеткен қазақ халқының бірігуін  

тездетті. 

        Қазақ  хандығы    құрылған  кезде,  әрбір  қазақ  тайпасының  өріс-

қоныстары  ұлан-байтақ территорияны алып жатты: 

       Наймандар – Ұлытаудан Есілге дейінгі аудандарда қоныстанды. 

       Керейлер  Жетісуда және Тарбағатайда, Ертіс, Зайсан көлінен Ом, Тобыл 

өзендеріне дейінгі жерлерде; 

      Үйсіндер -  өздерінің байырғы мекені Жетісу өңірінде; 

      Дулаттар – Іле, Шу, Талас өңірлерін, Ыстықкөлден оңтүстікке  дейінгі  

өңірлерде; 

      Қоңыраттар Түркістан мен Қаратау аудандарында; 

      Арғындар – Ертістен батысқа қарай, Орталық Қазақстанда,  ішінара батыс 

Жетісуда; 

       Қаңлылар – Қаратау баурайы, орта Сырдария өзендері бойында мекендеген. 



      Қазақ    хандығы  құрылған  кезеңде  осы  тайпалар  қазақ  мемлекетінің  негізін 

құраған деп толығымен  айтуға болады. 

       Сонымен қатар көшпелі елдің отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен, 

әсіресе  қолөнері  мен  саудасы  дамыған  экономикалық  орталық  Сырдария 

жағалауындағы  қалалармен  сауда-саттық  қарым  қатынасқа  қолайлы  жағдау 

жасау маңызды мәселеге айналды. Бұл қарым-қатынастың оңалуына тек көшпелі 

ел  ғана  емес,  отырықшы  аумақтардағы  халықтар  да  мүдделі  болды.  Осы 

жағдайлардың талабына сай Қазақ хандығының алдында үлкен тарихи міндеттер 

тұрды: 

           1.  Мал  жайылымдарын  пайдаланудың  Дешті-Қыпшақ  даласында 



бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілхайыр 

хандығындағы аласапыран кезінде бұзылған еді).  

          2. 

Шығыс 


пен 

Батыс 


 

сауда 


керуен 

жолы 


үстіне    орнаған    Сырдария    жағасындағы    Сығанақ,    Созақ,  Отырар, 

Яса    (Түркістан)    т.  б.  қалаларды  Қазақ  хандығына  қарату.  Себебі  Сырдария 

бойындағы  бай  қалалар  бұдан  бұрынғы  мемлекеттік  бірлестіктердің  —  Ақ 

Орданың,  Әбілхайыр  хандығының  саяси-әкімшілік  және  сауда-экономикалық 

орталықтары  еді.  Сырдария  бойындағы  қалаларды  өзінің  экономикалық  және 

әскери тірегіне айналдыру Дешті-Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып 

келген.  Сондықтан  бұл  қалалардың  саяси-экономикалық  және  соғыс-

стратегиялық маңызы зор еді.  

          3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық  территориясын 

біріктіру.  

         Қазақ  хандығының  ата  жауы  Әбілхайыр  хан  1468  жылы  Сырдария 

бойындағы  қалалар  үшін  Жетісуға  жорық  кезінде  қаза  болады  да,  оның 

ұлысының үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханға көшеді. Қазақ хандығы ондағы 

тайпаларды  бірте-бірте  өзіне  қосып  алады.  Сөйтіп  Қазақ  хандығының 

территориясы әлдеқайда кеңейіп, нәтижесінде Созақ және Сауран қалалары да 

Қазақ хандығының құрамына кіреді. 

 


 

          Керей мен Жәнібек хандардың  Қазақ хандығының  құрылуындағы  тарихи 

ролі  тарихшылар  мен  зерттеушілер  тарапынан  анықталып,  толығымен 

мойындалып  отыр.  Олай  болса,  осындай  тарихи  тұлғалардың  өздеріне  жеке  

тоқтап,  олардың  шығу  тегіне,  ата-бабаларына,  жеке  өміріне  хандықты  құру 

ісіндегі іс- әрекеттеріне, атқарған роліне назар аударайық.  

 

Керей мен Жәнібек сұлтандардың шығу тегі Жошы ханның үлкен ұлы Орда 



Еженнен бастау алады. 

          Орда Еженнің 4 ші ұрпағы Орыс /Ұрұс/ ханның  немересі,  Болат ханның 

баласы – Керей,   

          ал   Орыс/Ұрұс/  ханның шөбересі, Барақ ханның баласы – Жәнібек.   

           Екеуі  де    Орыс  /Ұрұс/  ханның  ұрпақтары.  Орыс  хан  ұрпақтарының 

арасында  ата  жолы  жағынан  Керейдің  мәртебесі  жоғары  болған.  Сол  себепті 

1458 жылдың көктемінде Тұлпарсазда  Керей сұлтан   -  хан болып сайланады.       

«…Құмды  қыстап  шыққан  қалың  ел  көктемде  Тұлпарсазда  Керейді  ақ  киізге 

көтеріп, хан сайлап, өздерін «қазақ» деп атапты», – делінеді тарихи аңыздарда.  

       «Керей хан болып сайланғаннан кейін оның иелігіндегі халыққа  «қазақ»  аты 

берілді» деп жазады Мұхаммед Хайдар Дулати. Сөйтіп, 1465 жылы Керей хан 

мен Жәнібек хан  билеген жаңа мемлекет – Қазақ хандығы дүниеге келді.     



         Керей  Орыс  ханның  ұрпағы,  Болат  ханның  баласы.  Керей  ханның  туған 

жылы  туралы  тарихи  деректер  табылмаған.  Тек  өлген  жылы  туралы    аздаған 

тарихи болжамдар кездеседі. 


 

 

Керей хан 

 

        Тарихи  деректерге  жүгінсек,  Керей  хан  болып  сайланғаннан  кейін  



жас кезінен жаужүрек, батыр болып өскен Керей хан өзінің батыр да батыл саяси 

көзқарастарымен ерекшеленеді.  Ол жаңа мемлекеттің мемлекеттік органдарын 

құру мен жаугершілік заманда әскер құрудың жаңа принциптерін енгізген. Бұл 

сол кездегі қазақ хандығының болашақта іргелі хандық болуына  кең  жол ашты.  

       Керей  бірінші  кезекте  көшпелі  мәдениетке  тән  әдет-ғұрып  нормаларын 

қолдады,  яғни  Қазақ  хандығында  қалыптасқан  дәстүрлі  құқықты  дамыта 

отырып,  мемлекет органының  басшы билігі  ретінде  хан  болатынын  және хан 

сонымен бірге бас әскери қолбасшы да болатынын бекіткен. 

     Қазақ хандығында сол кезде екі ірі таптар болды. Олар төрелер мен қожалар. 

Төрелер  ханнан кейінгі барлық әкімшілік-атқарушы билікті басқарды, қожалар 

болса  рухани-діни  билікті  өз  уысында  ұстады  және  қожалар  рухани  көсем 

ретінде ақсүйектер тобына енгізіліп, оларға төрелер секілді жеңілдіктер берілді.  

      Қазақ  хандығын  құрған  кезден  бастап  Керей  хан  мен  Жәнібек  хан    рулық 

қоғамды  қалыптастырды,  яғни    ру  –  қоғамның  ең  кішкентай  ұясы  ретінде 

қалыптасты.  

       Әр  ру  өз  алдына  көшіп-қонып  жеке  ауыл  болып  танылды.  Рудың  негізгі  

ұйытқысы  –  туыстық,  ағайындық  қатынастар  болды,  ауқаттысы  жағдайы 

төменге  көмектесті.  «У  ішсең,  руыңмен»  деген  принцип  қалыптасты.  Әр  ру 


мүшесі  өз  руының  шежіресін,  жеті  атасын  жақсы  білді.    Рулар    өз  кезегінде 

ұлыстарға,  ал  ұлыстар  жүздерге  бірікті.  Сөйтіп  жүзге  бөлу  принципі  пайда 

болды,  яғни  жүзге  бөлу  алғашқы  қазақ  хандығы  құрылған  дәуірден  бастау 

алатындығында еш күмән жоқ. 

        Әр  руды  сол  рудан  шыққан  ақсақалдар  басқарды.  Жаугершілік  заманда 

руларды  билер  мен  батырлар  басқарған  кездер  де  болған.  Осы  кезде  билер 

институты да қалыптасқаны тарихтан белгілі.        Қазақ даласында этносаяси, 

әлеуметтік-экономикалық және этномәдени процестер  мен жаңа  құрылымдар 

пайда болды. Бірте-бірте көшпелі бірлестіктерге тән белгілер қалыптасты: билер 

соты, аумақтық шекаралары, салық жүйесі т.б қалыптасты.  Қазақ хандығы тарих 

сахнасында  өмір сүруге қабілетті болып шықты.  

        Осындай жаңа мемлекеттің, қазақ мемлекетінің негізі қаланды. Бұған әрине 

Қазақ хандары Керей мен Жәнібектің  рөлі зор деп айтуға толық негіз бар.

         

        

Керей  хан  есімі  тарихи  деректерде  соңғы  рет  1472—1473  жж.  Сырдария 

жағасындағы  қалалар  үшін  болған  соғыс  кездерінде  айтылады.  Тарихи 

материалдарда Керей ханның хандық билікті ұлы Бұрындыққа бергені туралы, 

Керей ханның  тағдыры, қай уақытта, қандай жағдайларда қаза болғаны туралы 

нақты мәліметтер көрсетілмеген.    

 

Аңыз бойынша, Керей хан Қазақ хандығын 



10 жылдай билеген және Хан тауы етегінде жерленген.  

         

«Хандар  шежіресі»  Керей  ханның  үш  ұлы  болғанын  жазады:  Бұрындық, 

Қожа-Мұхаммед  және  Сұлтан  Әли.  Бұрындық  туралы  жазба  деректерде  азды-

көпті  мәліметтер  баршылық.  Ал  соңғы  екі  ұл  жөнінде  ешбір  деректе 

айтылмайды.  Дәстүр  бойынша  хандық  билік  Х-ХІІІ  ғасырларда  қыпшақтарда 

әкеден балаға емес, әкеден ініге не немере туысқа беріліп отырған

        VIII  ғасырдан  жеткен  атақты  Білге-Қаған  ескерткішінде:  «Әуелі  әкелері 



қаған болды, одан соң інілері қаған болды, содан кейін балалары қаған болды», 

– деп жазылған. Мұндағы бала деп отырғаны – ағаның баласы, одан соң келесі 

ініге, келесі ағаның әулетіне жол ашылмақ.

 

      Жергілікті тайпалардың бұл дәстүрі ХҮ ғасырда да өз жалғасын табады. Сол 



себепті Керей хан өлген соң Қазақ хандығы оның туысы Жәнібек ханға өтеді. 

Жәнібек хан өлген соң барып, Керейдің ұлы Бұрындық хан болған. Бұрындық 

ханнан соң хандық билік толығымен және түпкілікті түрде Жәнібек хан ұлдары  

мен  оның ұрпақтарына көшкен. 

 


 

Жәнібек хан 

 

        Жәнібек хан  (Әбу Сайд) Барақ ханның үшінші ұлы, шамамен ХҮ ғасырдың 



басында дүниеге келген. Сол ғасырдың 50-60 жылдары туысы Керейден кейінгі  

жолы жағынан ең үлкені болатын. Қазақ хандығының негізін қалағанға дейінгі 

оның өмірі туралы ешқандай мәлімет жоқ, сол себепті анық бір пікірлер айту өте 

қиын.  Бізге  белгілі  болған  тарихи  аңыз  мәліметтерге  қарап,  Жәнібек  хан  жиі 

болатын шайқастардың бірінде қаза тапқан деп болжауға болады.

   


        Халқымыздың қасиетті шежіресінде Жәнібек ханға ерекше айшықты орын 

беріледі. Ол ел естелігінде ақылгөй, данагөй және әділетті әмірші ретінде мәңгі 

қалған.  Халық  оны  жай  ғана  Жәнібек  хан  демей,  Әз-Жәнібек  деп  айрықша 

әспеттейді.      Жәнібек  ханның  билігі    тарихи  деректер  бойынша  6-7  жылға 

созылған. 

        Жәнібек  ханның  артында  9  ұлы  қалған.  Оның  ішінде  Жиренше,  Махмұт, 

Қамбар, Әдік, Қасым секілді ұлдары ХҮ ғасырдың соңы ХҮІ ғасыр басындағы 

Қазақ хандығы тарихында үлкен рөл атқарған тұлғалар. 

       ХҮІ  ғасырдың  ортасы  мен  2-ші  жартысында  Жәнібек  ханның  Жәдік  атты 

ұлы  мен  оның  ұрпақтары  саяси  билікті  қолдарында  ұстайды.  Қазақтың  ханы 

болған Тәуекел, Есім, Жәңгір, Тәуке хандар – Жәнібек ханның ұрпақтары болып 

келеді.  



 

           

         Қазақ  мемлекетінің  алғашқы  хандары  Керей  мен  Жәнібек  хандар  Жетісу 

өңірі, Шу мен Талас өзендерінің бойын мекендеген қазақтардың басын қосуда 

көп  еңбек  сіңірді.  Бұл  мақсатпен  олар  өзара  қырқысуларды  басып,    руларды  

маңайына топтастырды.



  

 

       Керей  хан  мен  Жәнібек  хан.  Бұл  екі  тұлғаны  бір-бірінен  ажырата  бағалау 

артықтау  болар.  Екеуі  де  –  елі  үшін  басын  бәйгеге  тігіп,  ұлтының  ұлылығын 

асыруда  аянбаған  парасат  иелері,  халық  сүйген  перзенттері.  Қазақ  хандығы 

құрылғанда жасы үлкен Керей хандық тізгінді ұстаса, одан кейін Жәнібек билік 

жүргізіп,  Керей  ханның  ісін  жалғастырды.  Қазақ  Ордасының  іргеленуі  мен 

іріленуі Жәнібек хан тұсында болған. Жаңа хандықтың мемлекеттік құрылымы 

мен заң жүйесі де Жәнібек заманында жүйеленіп, келер ұрпаққа мұра етілген. 

         Тарих  сахнасына  шыққан  біртұтас  Қазақ  мемлекетінің  ұлттық  ұраны  – 

«Алаш», мемлекеттік Елтаңбасы – «Төре таңба», яғни көне түрік заманынан келе 

жатқан бас таңба және қазақтың алғашқы астанасы Сығанақ қаласы  болған деген 

тұжырым тарихи деректерде айтылады. 

        Барлық  басылымдарда  соңғы  кезде  қазақ  хандығының  туы  деп  көк  ту 

бейнеленіп жүр. Бұл тудағы үш жұлдыз үш жүзді меңзейді деп айтылып жүр. 

Қалай  десек  те    биылғы  тойланып  отырған  мерейтой  жылы  Қазақ  хандығы  

туралы көптеген бұрмаланған деректер анықталып соңғы нүкте қойылады деп 

үміттенеміз.      


 

          

        Керей мен Жәнібек хандардың  құрған алғашқы Қазақ хандығы туралы  

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев   мынадай жоғары баға береді: 

          «Керей  мен  Жәнібек  1465  жылы  алғашқы  хандықты  құрды,  қазақтың 

мемлекеттілігінің  тарихы  сол  кезден  бастау  алады.  Бәлкім,  ол  бүгінгі 

шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі 

мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі 

басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде 

оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. 

Бүгінде  біздің  еліміз  барлық  таяу  мемлекеттермен  көпғасырлық  достық  және 

тату  көршілестік  дәстүрлерін  сақтап  отыр.  Осы  қарым-қатынасты  әрдайым 

сақтағанымыз жөн». 

      Үш  жарым ғасырдан  астам  өмір  сүрген  Қазақ хандығы  дәуірі өз ішінде  екі 

үлкен  тарихи  кезеңге  бөлінеді.  Біріншісі  –  бір  орталықтан  басқарылған  кезең, 

екіншісі  –  бытыраңқылық  кезең  деп  аталады.  Бірінші  кезеңге  хандық 

құрылғаннан, яғни 1465 жылдан 1715 жылы Тәуке хан қайтыс болғанға дейінгі 

аралық жатса, ал екінші кезең 1715-1824 жылдар аралығын қамтиды. 

      Бірінші кезең тағы да өз ішінде шартты түрде бірнеше кішігірім кезеңдерге 

бөлінеді. Олар – хандықтың құрылуы, күшеюі, әлсіреуі, қайта өрлеуі, өзара талас 

немесе текетірес, жоңғарлармен алғашқы күрес, «алтын ғасыр» кезеңдері. 

      Осы кезеңде Қазақ хандығында мынадай хандар билік жүргізді: Керей хан, 

Жәнібек хан, Бұрындық хан, Қасым хан, Мамаш хан, Тахир хан, Бұйдаш,  Ахмет, 

Тоғым  хандар  бір  мезгілде,  Хақназар  хан,  Шығай  хан,  Тәуекел  хан,  Есім  хан, 

Тұрсын хан, қайта Есім хан, Жәнібек хан, Жәңгір хан, Тәуке хан. 


Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін екінші кезең – бытыраңқылық кезең басталып 

Қазақ  елінде  –  Ұлы  жүзде,  Орта  жүзде  және  Кіші  жүзде  жеке  хандар  пайда 

болды. 

        


Біздің бүкіл өткен тарихымыз басқа елдердің, жат жұрт өкілдерінің қолымен 

жазылып өздерінің мүдделеріне сай бұрмаланып келгендігін есте сақтап,  өткен 

тарихтағы  оқиғалардан  «ақтаңдақтар»    жасауға    жол  бермеуміз  қажет.    Орта 

ғасырдағы  хандардың  өмірі  мен  тарихы  ел  тарихымен  тікелей  байланысты 

болғандықтан,  хандардың,  қазақ  хандығының  тарихын  білу  аркылы  өз 

тарихымызды  терең  біле  түсеміз  және  қазақ  мемлекетінің  негізін  қалаған 

тұлғалардың өмірі әрқашанда үлгі,  өнеге болады демекпіз.      

      Ендеше,  тәуелсіздігіміз  баянды,  еліміз  еңселі,  халқымыз  аманшылықта 

болып,  ата-бабамыз  аманат қылып қалдырған Қазақ жері, қазақ елі мәңгілік бола 

берсін!  

Пайдаланған әдебиеттер: 

 

1.



 

Аяған Б.Ғ. Қазақ хандығы  тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы. – Алматы,  

2011. – 98-111 б. 

2.

 

Аяған Б.  Қазақ хандығы: құрылуы, негізін салушылар //Ана тілі. – 2015. – 

5-11 ақпан. 

3.

 

Ергөбек Ш.  Керей және Жәнібек //Білім-Образование. – 2006. - № 3. – 72-

74 б. 

4.

 

Жамбабаев  Б.  Қазақ  хандығы  Қозыбасыда  құрылды  /  Б.Жамбабаев 

//Алматы ақшамы. – 2015. – 7 ақпан 

5.

 

Кәрібаев  Б.  Қазақ  хандығы  –  қазақ  халқының  ұлттық  сипаттағы  төл 

мемлекеті / Б.Кәрібаев //Мәдени мұра. – 2014. - № 6. – 50-55 б. 

6.

 

Интернет материалдары, фотосуреттер, картиналар. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет