Жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы



Pdf көрінісі
Дата21.10.2022
өлшемі250,52 Kb.
#44517


Пән оқытушысы:Римма Кенжеболатовна
Орындаған:Жолдыбеков Бакдаулет
■ Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғарғы 
қазақ педагогикалық колледжі


жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін 
салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы 
Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы 
(бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында 
(бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс 
тауының бауырында дүниеге келді. Ол ауыл 
молдасынан оқып жүрген кішкентай 
кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін 
ол Семей қаласында 3 жылдық медресе 
тәрбиесін алады.



Абай өзінің шығармашылығында қара 
сөзге ерекше мән берген. Абай 
поэзиясының арқауы ғылым, білім, 
еңбек – осы қара сөздерде жалғасып 
дамиды. Қара сөздерден адамның көңіл-
күйінің жарығы мен қараңғысының 
айнасы болған – күлкі мен қайғы туралы 
педагогтар арасында осы күнге дейін 
айтылмаған тың ой табамыз. Өйткені 
күлкі мен қайғы туралы ешкім Абайдай 
тап басып айта алмаған.


Абай тек қана ақын емес, сонымен 
бірге сазгер. Халық арасынан шыққан 
таланттарды танып, олардың еңбегін 
таратушы болды. Абайдың ән 
шығармашылығы қазақтың халық 
музыкасында ерекше орын алады. 
«Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, 
Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» 
т. б. әндері әлі күнге халық жүрегінен 
жылы орын алған


Қорыта айтқанда, Абай қазақтың 
демократ ақыны, ұлы ойшыл, философы. 
Ол қазақ тілінің мәйегінен көптеген 
өлеңдер мен дастандар сондай-ақ, басқа 
да философиялық шығармалар жазды.
Абайды Абай еткен,жүрегіне жыр болып 
байланған қасиеті – өмірден әділет, 
мейірім, сенім, адалдық іздеу барысында 
тапқан танымдық олжалары, санасын 
сарғайтып барып көзін ашқан тұжырым 
тоғыстары өлең арқылы өріліп жатыр.


Назарларыңызға рақмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет