Қазақ қоғамындағы ру-тайпалық құрылымның қалыптасуы Т. Альмира



Дата04.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#134236
түріДоклад
Байланысты:
f61730263786200


ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ РУ-ТАЙПАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМНЫҢ
қалыптасуы
Верстка
ОСНОВНЫЕ ПРИНЦИПЫ
Презентации являются средствами коммуникации, которые могут использоваться в качестве демонстраций, лекций, выступлений, докладов и многого другого. В большинстве случаев они демонстрируются перед аудиторией. Они многофункциональны,что делает их мощным инструментом для убеждения и обучения.
Шрифты
Бүгінгі сабақта:
• қазақ қоғамындағы шежіре және туыстық пен туыстық қатынастар қағидасының маңызы туралы білеміз.
• қазақ қоғамындағы ру-тайпалық ұйым;
• Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз туралы білеміз.
Шежірелік дәстүр ел арасында ауызша аңыздар түрінде өмір сүрді. Шежіреде рулардың шығу тегінің бір екендігі және біртұтас туыстық жүйеге жататындығы көрініс табады. Шежіре қазақ этносының ұжымдық тарихи жады болып табылады. Әрбір қазақ тайпасы мен руының өз шежірелері бар. Олар бірігіп, қазақтардың ру-тайпалық жүйесін біртұтас етіп байланыстыратын ортақ шежірені құрайды. Қазақтардың рухани мәдениетіндегі шежіре дәстүрі басқа да түркі- моңғол этностары тәрізді ауызша тарих айту дәстүрімен байланысты.
Оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші шежірешілер ауызша ақпаратты есте сақтауға қабілетті, тамаша жадты пеленген адамдар болды. Олар -халықтың тарихшы-аңызшылары, тарихи фольклордың білгірлері. Шежірешілер өткен тарих туралы халық аңыздары мен әңгімелерін (хикаяларын ) жинады, жүйеледі, түсіндірмелер берді және оларды келесі
ұрпаққа айтып жеткізді. Ауызша тарих айту дәстүрі қола дәуірінің өзінде-ақ пайда болған. Онда әрбір ру мен тайпаның өз шығу тегі туралы білімі жинақталып, ғасырлар бойы сақталды және ұрпаққа беріліп отырды. Олар тарихи тұлғалар мен оқиғалар жайлы әңгімелер түрінде болып, бүкіл халықтың жылнамасы ретінде қабылданды.
Бұл әнгімелер нақты тарихи оқиғалардан қалыптасты. Сондықтан әңгімелердің аңыздық сипатына қарамастан, қазақ халқының ауызша тарих айту дәстүрін мұқият сақтау және зерттеу қажет. Шежіре бағалы тарихи дереккөз болып табылады.
Шежіре
Шежіре
Ер адам жағынан ата-бабаларын ауызша немесе жазбаша санамалайтын туыстық қатынастар тізбегі (генеалогиялық тармақтары). Қазақтардың
шежіресі аңыздармен қатар жүреді. Шежіренің ең қысқа бөлігі «жеті ата» саналады.
Көшпелі қоғамның негізгі белгісі. Шежіре айту
дәстүрі бар ру-тайпалык ұйым кез келген көшпелі қоғамға тән. Рулар
мен тайпаларға бөліну көшпелілердің коғамдық өмірінде маңызды
рөл атқарады. Рулар мен тайпалар - патронимиялар , яғни ер адам
жағынан ататегі ортақ топтар. Шежіре қатаң түрде әке жағынан
есептеліп, баладан әкеге қарай отыз және одан да көп ұрпаққа дейін
айтылады. Сондай-ақ патронимиялар (рулар мен тайпалар) перархиясы
РУ-ТАЙПАЛЫҚ ҰЙЫМ
Туыстық қағидасы мен рулық құрылымның маңызы.
Көшпелілердегі әке жағынан туыстыққа негізделген ру-тайпалық жүйенің өмір сүруінің басты себебі - ақпарат пен меншікті әкеден балаға беріп отыруында. Көшпелі малшы болу үшін табиғи құбылыстар туралы қажетті ақпараттың бәрін білу қажет. Ал бұл білімді тек ата-бабалардан ғана алуға болатын еді. Білім жиналды, сақталды және ұрпақтан-ұрпаққа берілді. Көшпелілер әлемінде әрбір адам міндетті түрде өз руына, ал ру арқылы тайпаға тпісті болды. Ол
ру-тайпалық жүйеден тыс әлеуметтік тұлға ретінде өмір сүре алмады. Сондықтан румен байланыс көшпелілер үшін әркашанда өте манызды болды. Iрі патронимиялардың, яғни тайпалар мен тайпалар одағының шығу тегі мифтік, ал шежіресі аңыздық сипат алады. Шежіре патронимияның барлық мүшесінің шығу тегінің ортақтығын негіздеу қызметін атқарды. Шағын патронимияларда ортақ ататек - накты тұлға. Жеті атаны білу - туыс адамдардың үйленуіне салынған тыйымды, яғни экзогамияны сақтау үшін қажет.
Қазақтардың ру-тайпалық ұйымы
Көшпелі ру-тайпалық ұйымның аталған ерекшеліктері қазақтарда да болды. Әрбір қазақ белгілі
бір рудың мүшесі болды. Рудың көшіп-қону аймағы атажұрт (қазақтардың бүкіл этникалық аумағы - атамекен , ата-бабалар жері) ретінде қабылданды. Бірнеше ру-тайпаға, ол тайпалар тайпалар бірлестіктеріне (жүздерге) бірікті. Тайпалар бірлестіктерін кейіннен жеке хандар басқарды. Қазақтардағы экзогамия шегі кем дегенде жеті ұрпақты қамтып, «жеті ата» деп аталды. Әрбір қазақ жеті атасының атын білуге тиіс болды. Олардың ұрпақтары туыс болып есептелді және олардың арасындағы некелерге қатаң тыйым салынды.
Қазақтардың этникалық тарихының маңызды сипаты этникалық-аумақтық бірлестіктерге
- жүздерге бөліну болып табылады. Үш жүздің әркайсысына жайылымдар мен көшіп-қону жолдары бекітіліп берілген. Дереккөздерде қазақ жүздері туралы алғаш XVII ғасырдың бас кезінде айтылады. Қазақ хандығында жүздер жүйесінің көмегімен орасан зор көшпелі
аумақты басқару жүзеге асырылды.
Жүздер
Қазақтардың бірыңғай этносқа (қазақ елі) тиістілігін
ұғынған, ортақ этникалық аумақты (атамекен) мекендейтін, шежіремен бекітілген ортақ
генеалогиялық дәстүрі бар этникалық-аумақтық бірлестіктер (тайпалар одағы).
Жүздер
Ұлыстар мен жүздер
Түркі және моңғол көшпелілерінің мемлекеттік құрылымдарына көшпелі ұлыстық жүйені жатқызуға болады. Ол Қазақ хандығында XV-XVI ғасырларда сақталды. Мемлекет ұлы ханның меншігі ретінде қарастырылып, неғұрлым ұсақ пеліктерге ұлыстарға бөлінді, оларды сұлтандар басқарды.
Ұлыстың барлық адамы елге бірікті. Әрбір ұлыстың көшу аумағы - жұрты болды. Белгілі бір ұлыстың елін құрайтын рулар мен тайпалардың бекітілген
аумақтары болды. Ұлыстық жүйе біртіндеп жүздік жүйемен алмасты. Бұл көшіп-қону жүйесіндегі өзгерістермен түсіндіріледі. Ұлыстарда
көшпелілердін көпшілігі арбадағы үйлермен көшті және үнемі козғалыста болып, жылына мың және одан да көп шакырым жол жүрді. Кейін қолданысқа құрастырылмалы киіз үй енді. Қысқа қашықтыққа көшіп-қону шағын туыстас топтар- ауылдармен жүзеге асырыла бастады. Бұл рулардың арасындағы туыстық және шежірелік байланыстарға аумақтық байланыстарды қосты. Жүздерге бөлінуде әртүрлі үш аумақ - Жетісу, Орталық Қазақстан
(Солтүстік және Солтүстік-Шығысты қоса) мен Батыс Қазақстандағы шаруашылық-мәдени үдерістердің ерекшеліктері көрініс тапты. Бұл аумақтарда жергілікті жердің географиясына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар көшіп-қону аймақтары қалыптасты. Әртүрлі мәдени аймақтар, әртүрлі көршілермен қатар болу әрбір жүздің белгілі бір мәдени тұрмысын (мысалы, салттағы кейбір айырмашылық) анықтады. Жүздердің шығу тегін тек аталған факторлармен ғана байланыстырмайды. Жүздердің шығу тегінің кең таралған нұсқаларының бірі «әскери» нұсқа болып табылады: қазақтардың тайпалар одағы Әбілхайыр хандығынан бөлінген (көшіп кеткен) соң, өз тәуелсіздігі мен аумағын қорғауға тиісті, хан басқарған әскери-саяси құрылым (Қазақ хандығы) болды. Сондықтан жүздер - сұлтандар басқарған Қазақ хандығының әскери бөлімшелері ретінде қалыптасқан. Жүздердің
қалыптасуына саяси, географиялық, шаруашылық-экономикалық және әскерн факторлар өз әсерлерін тигізген.
Қазақтар дың рулық бірлестіктері олардың этнос ретінде қалыптасуы мен бірлесе өмір сүруіне мүмкіндік берді. Олардың саяси ұйымы рулардың шежірелік сатылары түрінде құрылды. Атауларынан көрініп тұрғандай, жүздердің өзі сатылардан тұрады. Беделді (жолы үлкен, аға) рулар қазақ мемлекетінің жетекшілері ретінде әрекет етті. Әскери қауіп төнгенде, жүздер бір ханның басшылығымен ұйымдасып, ортақ әскер шығарды.
Бейбіт уақытта олар барлық мәселені жүздің ішінде, қажеттігіне қарай жалпы жиналыс
құрылтай шақыра отырып шешуге тырысты. Үш жүздің - Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші
жүздің әркайсысы өз аумағында мекендеді. Үш жүздің қазақтары өздерінің туыстығын, сондай-ақ қазақтың этникалық аумағы мен тілінің біртұтастығын ұғынды. Бұл шежіремен бекітілді, оған сәйкес қазақтар Алаш болып бірігеді. Ал ағайынды Ақарыс, Бекарыс пен Жанарыс Ұлы, Орта және Кіші жүздердің түпкі аталары саналады. Қазақтар арасында «тегі бір екендігі» туралы түсінік сақталған.
Ұлы жүз қазақтары Жетісу мен одан батысқа қарайғы жерлерді пеленді. Олардың көшіп-қонуы солтүстігінде Балкашка дейін, оңтүстігінде Солтүстік Тянь-Шань қыраттарына дейін, шығысында Жоңғар Алатауы мен Тарбағатайға дейін жетіп, Іле өзені мен оның салалары алабында орналасты. Ұлы жүздің қысқы жайылымдары жазықта, жазғы жайылымдары Алатау тауларында болды. Ұлы жүз мынадай рулардан кұралды: жалайыр, дулат, сары үйсін, шапырашты, албан, суан, ошақты, қаңлы, шанышқылы, сіргелі, ысты.Жалайыр тайпасынан ертеде моңғол әскерінің атақты әскербасылары шыққан, кейін жалайырлар Ұлы жүздің үлкен руларының біріне ай- налды. Ұлы жүздің аса ірі тайпасы - дулат . Дулаттар бүкіл Жетісуға кеңінен таралып коныстанған ірі тайпа болды. Далалық тайпалардың
бірі - үйсіндер Жетісуда біраз уақыт саяси үстемдік орнатты. Кейін олар Ұлы жүз казактарына өз атауын
қалдырды (кейде Ұлы жүз үйсін деп айтылады). Шежіреге сәйкес, осы жүздің мифтік түпкі бабасының
аты Үйсін болған.
Ұлы жүз
Орта жүз
Орта жүз қазақтары Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан аумағын пеленді. Оларға орасан алыс қашықтықтарға
көшіп-қону тән болды. Орта жүз тайпаларынын шығу тегі, негізінен, қыпшақтық саналғанымен, оған Шығыс Дешті Қыпшақтың әртүрлі тайпалары қосылған. Орта жүз руларының атаулары өзбек, ноғай, қарақалпақтар мен басқа да түркілік халықтардың арасында кездесетінэтнонимдерге ұқсас.
Аргындар - жүздің аса ірі тайпалық бірлестігі, олардың көшіп-қонатын жерлері Сарыарқа кеңістігінде орналасты. Арғындарда әртүрлі генеалогиялық аңыздарға сүйенген күрделі құрылым болды. Наймандар Қазақстанның шығыс бөлігінде, Алтайдан Жетісу (Жоңғар) Алатауына дейінгі жерлерде және бүгінгі Қызылорда облысының аумағында көшіп-қонып жүрді. Орта жүз руларының бірі қытшақтар арғындар қонысынан батысқа қарай, Тобылдан бастап Сырдарияның төменгі ағыстарына дейін көшіп-қонып жүрді. Қазақ қыпшақтары ортағасырлық қыпшақтардың тікелей ұрпақтары болып табылады. Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстанда (Ертіс жағалауы мен Батыс Алтайда) керейлер көшіп-қонып жүрді. Олар керейттер ұрпактары болуы мүмкін, алайда жергілікті ру болуы да мүмкін деген болжамдар да бар. Керей этнонимі басқа да қазақ тайпаларының құрамында кездеседі. Керейлерге туыстас уақтар Қазақстанның солтүстігінде, Торғайдан Алтайға дейінгі аралықта көшіп-қонды. Орта жүз аумағының оңтүстік бөлігін ірі ру қоңырат пеленді. Кун-
грат атауы ортағасырлық жазба дереккөздерде өте жні аталады.
Кіші жүз қазақтары үш ірі ру-тайпалық бірлестікке -
әлімұлы , жетіру, байұлына біріккен. Олар бүкіл Батыс Қазақстан
аумағын пеленді. Алты ата әлімұлы бірлестігіне шекті, төртқара, шөмекей,
кете, қаракесек, қарасақал рулары енді.
Кіші жүздің екінші ру-тайпалык бірлестігі жетіру болды. Ол жеті
рудан: табын, тама, кердері, төлеу, керейт, жағалбайлы , рамадан-
нан тұрады. Байұлы бірлестігі - Кіші жүздегі ең көп санды бірлестік.
Байұлы тайпалары Жайық және Ембі өзендерінің аралығы мен Үстіртті
пеленді. Байұлының құрамына он екі ру: шеркеш, ысық, байбақты,
масқар, алаша, қызылқұрт, тана, алтын-жаттас, беріш, есентемір,
таз, адай кіреді. Шежіреге сәйкес, олардың бәрі Қадырқожа «бай
ұлдарынын» ұрпақтары саналады.
Кіші жүз
Шрифты
Кіші жүз қазақтары үш ірі ру-тайпалық бірлестікке -әлімұлы , жетіру, байұлына біріккен. Олар бүкіл Батыс Қазақстан аумағын пеленді. Алты ата әлімұлы бірлестігіне шекті, төртқара, шөмекей, кете, қаракесек, қарасақал рулары енді. Кіші жүздің екінші ру-тайпалык бірлестігі жетіру болды. Ол жеті рудан: табын, тама, кердері, төлеу, керейт, жағалбайлы , рамаданнан тұрады. Байұлы бірлестігі - Кіші жүздегі ең көп санды бірлестік. Байұлы тайпалары Жайық және Ембі өзендерінің аралығы мен Үстіртті пеленді. Байұлының құрамына он екі ру: шеркеш, ысық, байбақты, масқар, алаша, қызылқұрт, тана, алтын-жаттас, беріш, есентемір, таз, адай кіреді. Шежіреге сәйкес, олардың бәрі Қадырқожа «бай ұлдарынын» ұрпақтары саналады.
Қорытынды
Қазақтардың ру-тайпалық жүйесі маңызды рөл атқарды, өйткені ол қазақтардың этнос ретінде ұйымдасуы мен бірлесе өмір
сүру тәртібін реттеді. Осылайша Даладағы тәртіп пен қазақ мемлекет-
тілігінін өмір сүруіне мүмкіндік жасады. Қазақтардың саяси ұйымы
Үш жүзге біріккен ру мен тайпалар перархиясы түрінде құрылды.
Ұлы, Орта және Кіші жүздер ортақ шежірелік дәстүрмен Қазақ елі
болып бірікті.
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет