Медициналық қызметкердің біздің қоғамда алатын орны орасан зор. Ойып алар маңызды орнын ешбір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес



Дата26.12.2023
өлшемі14,37 Kb.
#144375

Медициналық қызметкердің біздің қоғамда алатын орны орасан зор. Ойып алар маңызды орнын ешбір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Адам баласына ауыру мен жазылу тән болғандықтан, медицина қызметкерінің де бұл өмірде, әр қоғамда, әр ұлтта болуы логикалық түрден заңды, орынды құбылыс.

Заман ағымына сәйкес өскелең ұрпақтың күнделікті медицинадағы ілім,білімі артып, кейде медбикелердің күнінде кейбір ыңғайсыз ситуациялар жиі орын алады. Мысалы, бәріне де өзекті екпе салу мәселесі. Көптеген әлеуметтік желілерде екпеге қатысты жалған ақпаратты мақалаларды оқыған әрбір ата-ана екпе алу керек па деген үлкен ой мен сұрақ астында қалады. Осындай қарсылықпен не сұрақпен келетін ата-аналар бәрібір де баласына екпе салдырмай кетсе, бірі өз ойнынан айнып, екпесін уақытылы салдырады. Оған не себеп? Оған себеп- медициналық қызметкер. Екпе медбикесінің екпенің маңыздылығын, қандай аурулардың профилактикасына қолданылатынын орынды да, қарапайым тілде жеткізе алатын болса, әр ата-ана келісімін береді. Мысалы, бұл ситуациядағы медбикенің рөлі қандай? Арнайы, қанша жылдық медицинадағы терең білімінің және де коммуникативті дағдысының арқасында әртүрлі ситуациядан шыға білуі қабілеті. Бұндай жағдайлардың сан түрі медицинаның әр саласын да кездеседі.


Менің ойымша, медицинадағы ең маңызды сәт- пациенттің жазылып, оңалуы. Ал менің жұмысымдағы мақсат басқаша. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде демекші, менің мақсатым балалар инфекциясының екпе арқылы алдын алу. Дәрігерлердің артында жиі байқалмай, көзге көрінбей кете беретін біздің жұмысымыздың ауырлығы біреуге мәлім, біреуге жоқ.


Қызығы мен шыжығына толы бұл қызметтің жиі бағаланбай кететін сәттері болса да, әрбір адамға көмек қолын соза алатынымыз рухымызды көтеріп, даңқымызды одан әрі асқақтата түседі. Мен үшін үлкен жетістік ата-аналардың алғысын алғаннан бөлек, жалғыз қызымның менің іздеріммен медицинаны таңдағаны. Әрбір отбасыда осындай жағдайлар орын алатын болса, елімізде медициналық қызметкерлердің саны артып, көмек көрсету деңгейіміз жаңа белестерден көрінетіні хақ.




Адам баласы күнсіз, түнсіз өмірін елестете алмаса, мен медицинасыз бір күнімді де елестете алмаймын…

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет