Қазақ сөйлеу этикетінің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата06.03.2023
өлшемі0,55 Mb.
#71969
  1   2   3   4   5
Байланысты:
қазақ сөз этикеті



Қазақ сөйлеу этикетінің ерекшеліктері 
Серия «Филология». № 3(67)/2012 
55 
ƏОЖ 81’33 
Ф.Т.Саметова 
 «Қайнар» университеті, Алматы
Қазақ сөйлеу этикетінің ерекшеліктері 
Əрбір халықтың салт-дəстүрі, эстетикалық талғамы, əдеп нормалары уақыт өте өзгеріп отыратын 
тарихи құбылыс. Олар тілде көрінеді жəне сөйлеу əдебінің арнайы ережелері ретінде сөйлеу этикетін 
анықтайды. Ауызекі қатысым, немесе тілдік қатынас, адамдардың қоғамдағы əдебін қалыптастыратын 
маңызды үрдіс болса, тіл олардың объективті дүниетанымының деңгейін көрсетеді. Сөйлеу этикетінің 
табиғатына келсек, сөйлеу этикетінің микрожүйесі — тілдік қатынас барысында əлеуметтік-реттеу 
қызметін атқаратын тілдік амалдардың жиынтығы. Бұл жүйенің екі жақты бағыты бар, біріншіден, 
сөйлеу этикеті тілдік жүйеге жатады, оның бірліктері тілдік нормаға тəуелді. Ал, екіншіден, сөйлеу 
этикеті жалпы этикеттің құрамдас бөлшегі ретінде адамның тəртібін басқаратын əлеуметтік 
нормалармен тығыз байланысты. 
Кілтті сөздер: тілдік қатынас, сөйлеу этикеті, қатынас мəдениеті, бата-тілек сөздер, сөйлеу дəстүрі, 
тілдік норма. 
«Сөйлеу
этикеті» түсінігі «қатынас мəдениеті» түсінігімен тығыз байланысты. «Қатынас» 
феномені психология, философия, лингвистика, семиотика, педагогика, этика, эстетика жəне т.б. 
көптеген ғылымдардың негізінде дамып келеді. «Қатынас» феномені XX ғасырдың 60-шы 
жылдарынан бастап əлеуметтік-психологиялық теория деңгейіндегі барлық формадағы адамдардың 
психологиялық өзара əрекеттері ретінде зерттеле бастады. Қазіргі уақытта қатынас психологиясының 
қарқынды дамуына байланысты қатынас — адамның өзара қарым-қатынасының ерекше түрі ретінде 
анықталады. «Қатынас мəдениеті — көптеген қызметтер: педагогикалық, публицистикалық жəне т.б. 
саласындағы кəсіби құзырет белгісі болып табылады» [1; 106]. 
Қатынас мəдениеті адамдардың мыңдаған жылдар бойы қалыптастырған белгілі бір ережелері 
мен нормаларын сақтауға негізделген. Орта ғасырдан бастап адамдар арасындағы қатынастардың 
ережелері мен нормалары, соның ішінде «қоғамдағы адам əдептерінің əлеуметтік жинақталған 
нормалары» — этикет те жүйелене бастаған болатын [1; 270]. Этикет деп адамның рухани 
мəдениетімен, оның басқа адамдарға (айналасындағылармен тіл табысуы) жəне этикеттік маңызы бар 
заттарға (киімі, шаш үлгісі жəне т.б.) деген қатынасы айтылады. Адамдардың сөйлеу қатынасы тілдік 
əдептер деп аталуы қабылданған əдептің маңызды бөлігін құрайды. Н.И.Формановская жəне де басқа 
зерттеушілер «сөйлеу этикеті» түсінігін қалыптастырған болатын. 
Сөйлеу этикеті — бұл əлеуметтік берілген жəне коммуниканттардың байланыстарын анықтау, 
қолдау мен аяқтау жағдаяттарындағы сөйлеу əдебін ресми жəне бейресми қатынас жағдайындағы 
олардың əлеуметтік жағдайлары мен рөлдеріне, рөлдік жəне тұлғалық қатынастарына сəйкес арнайы 
ұлттық 
реттеуші 
ереже [1; 
12]. Сөйлеу 
этикеті 
коммуникативтік 
лингвистиканың, 
прагмалингвистиканың жəне де функционалдық стилистика, риторика, мəтін лингвистикасы, 
психолингвистика, когнитивтік лингвистика, əлеуметтік лингвистика, этнолингвистика мен 
паралингвистика сияқты бірқатар ғылыми бағыттардың да зерттеу нысаны болып табылады. 
Қазіргі кездегі зерттеулер бізге сөйлеу этикетінің сипаттамалық негізгі ұстанымдарын айтуға 
мүмкіндік беріп отыр: 
1) Сөйлеу этикеті — қандай да бір қоғамда қабылданған адамдар айналасында жəне тиісті 
мəндермен жүзеге асырылатын сөйлеу əдебінің ережесі. Сөйлеу этикеті — бұл «қатынасты 
негіздейтін: тілдік, ұлттық, этникалық сияқты көптеген факторлардың түйісіп келетін, адамдар 
арасындағы қатынас саласы» [2]. Бір-біріне қарама-қарсы қойылған қандай да бір узустағы тыйым 
салу мен рұқсат ету, сөзсіз, осы қайшылықтардың мəдени құндылықтары тұрғысынан ғана беріледі. 
Жағдаятқа сəйкес емес сөйлеу этикеті формаларын қолдану қатынастың микроклиматының 
бұзылуына əкеліп соғады. Сөйлеу этикеті кез келген ұлттық мəдениеттің маңызды элементі де болып 
саналады. Оның мəдениетке екі жақты қатысы бар: 1) ол — қатынас, сөйлеу əдебі мəдениетінің 
элементі; 2) ол — тіл элементі, ал тіл болса — мəдениеттің туындауы мен өнімі, оның құралы мен 
оның сақтаушысы [1; 54]. Ұлттық мəдениет ерекшеліктері сыртқы белгілерде (мысалы, сəулет немесе 
киімі) ғана емес, сөйлеу əдебінің формаларында да көрініс береді. Мысалы, гректер: «Қуана бер!» деп 
амандасса, қытайлықтар ішінде ең алдымен: «Тамақ іштің бе?» сұрағынан басталады
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


Ф.Т.Саметова 
56 
Вестник Карагандинского университета 
ағылшындықтар: «Бүгін ауа райы жақсы» сұрағынан бастаса, қазақта амандасу: «Мал-жан аман ба? 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет