Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланудың тиімділігі ескожина Самал Сембаевна



бет1/2
Дата05.10.2022
өлшемі271,84 Kb.
#41508
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Ескожина баяндама смарт тех


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Ескожина Самал Сембаевна
БҚО, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Оқу процесінде пән мұғалімі ретінде цифрлық білім беру рескрстарының басты жемісі күнделік kz және bilimland.kz сынды платформаларды күнделікті қолданамын. Күнделікті әр сабағымда қолданып, уақытымды тиімді пайдалансам, bilimland.kz арқылы мазмұнды ресурс көзін тапқандаймын. Әсіресе бұл платфоманың артықшылақтарын қашықтықтан оқыту барысында жақсы қолдандық. Әр сабақта нақты, мақсатқа бағытталған ресурс көзі болуымен қатар, барлық білім алушының білімін арттырудың негізгі құралы қызметін атқарды. Бүгінде оффлайн форматта оқысақ та, интерактивті сабақтарын құрастырып, теориялық дәрістерін құнды ақпарат ретінде жиі аламын. Сондай-ақ БЖБ, ТЖБ конкурсына да тапсырма жүктеп, практикалық дағдымды жетілдіріп, тәжірибемді арттыруға мүмкіндік алдым.
Мысалы, 11-сыныптың 1-оқу тоқсанындағы БЖБ тапсырмасын құрастырып, оқушылардың білім, білік, дағдысын арттыруға бағыттадым.
Оралхан Бөкейдің «Атау кере» повесіндегі шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын сәйкестендеруге тапсырма бердім.
Мысалы, О.Бөкейдің «Атау кере» шығармасының «Будан аралар» бөліміндегі сюжеттік-композициялық құрылымын анықтап, дұрыс жауапты таңдап, сәйкестендіріңіз.

Сюжеттің басталуы

«Жәндік-жендеттерге» таланған Нюра Фадеевна

Байланысуы

Таңғы шай үстіндегі төртеудің мардымсыз әңгімесі

Дамуы

Бал шайқау науқанындағы «Қауіпті гибридтердің» анталаған шабуылы.

Шиеленісуі

Омартаны өртеген Айна. Қара орманға бет алған Таған мен Айна. Салқынқанды омарташы.

Шарықтау шегі

Берекесі қашқан үй: Тағат таппаған Таған, құрақ ұшқан Айна, кінә артқан Ерік. Мәңгілікке сапар шеккен Нюра ана

Шешімі

Намаз арасында шуақтауға өтініш білдірген Нұрке әже.

Көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану мақсатында түйгендерін, түсінгендерін жаздыру арқылы шығармашылыққа баулу да көзделеді.


Бөлім бойынша жиынтық бағалауды жасағандағы артықшылық әр тапсырманың бағалау критерийлері мен дискрипторары қоса көрсетіліп, оқушының толымды әрі нақты орындауына жол сілтейді.
Сонымен қатар, биылғы оқу жылында да 6-сыныптың әдебиетінен 1-оқу тоқсаны бойынша бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын жасап конкурсқа салған болатынмын.
Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру мақсатын Әбу Насыр әл-Фарабидің "Тіршілікте құрыштай бол төзімді" өлеңіндегі көтерілген әлеуметтік -қоғамдық мәселені анықтап, идеясын 4-5 сөйлеммен түсіндіріп жазыңыз:
Тіршілікте құрыштай бол төзімді,
Сан мәрте алдаса да өзіңді.
Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,
Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған,-деген тапсырма арқылы алдым. Немесе
Доспамбет жыраудың «Айналайын Ақ Жайық» толғауының үзіндісіндегі кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына 7-8 сөйлеммен баға беріңіз.
Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?
Еңсесі биік боз орда,
Еңкеймей кірер күн қайда?
Қара бұлан терісін
Етік қылар күн қайда?
Күдеріден бау тағып,
Кіреуке киер күн қайда?
Күмбір-күмбір кісінетіп
Күреңді мінер күн қайда?
Толғамалы ақ балта
Толғап ұстар күн қайда?
Бұл тапсырмалар арқылы оқушылардың ақпараттық –коммуникативтік технологиялар арқылы сауатты жазу дағдысы, ойын ықшамдап жазуға бейімділігі артады.
Бұған қоса, өзіміз интерактивті сабақтар жоспарлап, түрлі бейнебаян, презентация жүктеп салып, қосымша мәліметтер де қосып жоспарлай аламыз. Мына суретте осы платформада жасаөтаған менің бірнеше интерактивті сабағымның үлгісі берілген.


Мысалы, мәтінде көтерілген мәселені талдай отырып, сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау деген мақсат бойынша құраған сабағымда алдымен ұлттық киім туралы бейнеролик көрсетіп, соңынан мәтін бойынша


Отбасында кімдер ұлттық киім киіп жүреді?
2. Қандай ұлттық киім атауларын білесіңдер?
3. Қазақ халқының киімі басқа ұлттардан өзгешелігі қандай?
4. Ұлттық киім кию дегенді қалай түсінесіңдер?
5. Қазіргі таңда ұлттық киім киіп жүрміз бе, көңіліңіз тола ма? –деген секілді жетекші сұрақтар қойдым.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет