Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесіндегі ұлттық тәрбие, халық даналығы Тақырыбы: «Ұшқан ұя» повесі Бауыржан Момышұлы Мақсаты: а Батырдың балалық шағы немесе жалпы «Ұшқан ұя»



Дата02.12.2023
өлшемі15,25 Kb.
#131539

Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесіндегі ұлттық тәрбие, халық даналығы
Тақырыбы: «Ұшқан ұя» повесі Бауыржан Момышұлы
Мақсаты:
а) Батырдың балалық шағы немесе жалпы «Ұшқан ұя» повесін оқығандығы туралы не білетіндерін ескере отырып, ұлттық тәрбие, өнеге, халық даналығын талдап шығуға мүмкіндік беру.
ә) Бауыржан Момышұлын терең сезіну, қайталанбас азамат тұлғасынан үлгі алу, Бауыржан шыншылдығының дәрежесінің адамгершілік кемелдігіне тоқталу.
Міндеті: Топпен жұмыс негізінде оқушының ойлау қабілетін дамыту, өз ойын тұжырымдауға және басқалардың пікірін сыйлауға үйрету. Повестегі батыр бейнесін мәтіндегі деректерден алынған үзінділер, әріптестерінің естеліктері арқылы толықтыру.
Ұлттық тәлім - тәрбие, өнеге, салт - дәстүрді, отанды сүйетін ұлтжанды, парасатты сезімтал ұрпақ тәрбиелеу.

Сыныптан тыс іс-шара: Пікірталас

Әдісі: Шолу, брейнг - ринг, сұрақ - жауап, пікірталас, «Қай топ жылдам» қанатты сөздер сайысы
Көрнекіліктері: Б. Момышұлының портреті, интерактивті тақта, романнан үзінді суреттер мен бейнеклиптер, аудиобасылым.

Барысы:
Топқа болу. 1.«Әдебиетшілер» 2.«Зерттеушілер»
Кештің мақсатын хабарлау
«Екі жұлдыз, бір тілек» топ оқушылары бір - біріне тілек айтады
Бүгінгі кеште оқушылардың мақсаты

Эпиграф
Мен де қазақпын жаралған сүйек - еттен,
Менде ар бар, менде ой бар жан тебіренткен.
Халқымның қарапайым бір ұлымын
Жанымды арым үшін құрбан еткен.
(Б. Момышұлы)

Бейнеклип. Шолу

«Әдебиетшілер»
«Қаһарман батыр – Бауыржан» (өмір жолы). Көзінің тірісінде - ақ аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы туралы не білеміз?
«Батырдың тегі, ұрпақтары туралы білеміз бе?»
«Зерттеушілер» Жазушының шығармалары, әңгімелері туралы» Жазушы туралы естеліктер, арнаулар, өлең жолдары.
«Бала Бауыржаннан батыр Бауыржанға дейін» (Соғыс жылдарындағы ерліктері мен жетістіктері)

Бауыржан Момышұлы өмір жолына шолу


1. Бауыржан Момышұлы кім?
2. Бауыржан Момышұлы қашан, қай кезде дүниеге келді?
3. Көзінің тірісінде - ақ аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы туралы не білеміз?
4. Батырдың тегі, ұрпақтары туралы білеміз бе?
5. Батыр атамыздың алған білімі туралы не айтар едіңдер?
6. Еңбек жолын қай мамандықпен бастады?
7. Жазушының қандай шығармалары, еңбектері бар?
8. Жазушы туралы естеліктер, арнаулар, өлең жолдары.
9. Соғыс жылдарындағы ерліктері мен жетістіктері
10. Б. Момышұлының 100 жылдық мерей тойы қашан аталып өтті?
11. Жазушының неше томдық шығармасы шықты, қашан?

Өмірдерек - Хроникалық тәртіп бойынша «Бала Бауыржаннан – батыр Бауыржанға дейін»


1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.
1921 жылы Әулиеатадағы Аса интернатына оқуға келеді.
1924 жылы үшінші сыныпта Шымкенттің жеті жылдық мектебіне ауыстырылады.
1928 жылы мектепті үздік бітіріп, Орынборға келеді. Бірақ әлеуметтік жағдайына байланысты кері қайтады.
1928 - 1930 жылдары бастауыш мектепте мұғалім болады.
1932 жылы Қызыл армия қатарына шақыртылады. Қызметін өтеп қайтқан соң, Шымкент, Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс істейді.
1936 жылы Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітіреді, сол жылы Қызыл армия қатарына қайта алынып, взвод, рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі болады.
1939 жылы әкесі Момыш қайтыс болады.
1941 жылы соғыс басталғанда 316 - атқыштар дивизиясының жасақталуына ат салысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады. Осы жылы Мәскеу түбінде ұрыстар жүргізіп ерлігімен көзге түседі.
1941 жылы 26 қарашада маршал Рокоссовский полк командирі етіп тағайындайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет