«Қазақ тілі» ПӘні бойынша ұЗАҚ мерзімді жоспар. 11-сынып



бет1/7
Дата29.09.2023
өлшемі27,08 Kb.
#111622
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
11 КЛ КАЗАК ТИЛИ


«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІ БОЙЫНША ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ЖОСПАР. 11-СЫНЫП
(жаратылыстану-математика бағыты)



Тақырып

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқу мақсаттары

Барлығы: 34 сағат, аптасына 1 сағат.

1-тоқсан

1-тарау.
Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі

Тыңдалым және айтылым

11.1.1.1 - мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу;
11.1.3.1 - мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық –саяси, ғылыми) талдай отырып, негізі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен салыстыру

Оқылым

11.2.2.1 - таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы);
11.2.3.1 - таза ғылыми стильдегі тезис, аннотацияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

Жазылым

11.3.1.1-. таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, тезис, аннотацияжазу;
11.3.5.1-. әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу;
11.3.6.1- жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау)

Әдеби тіл нормалары

11.4.1.1- мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу;
11.4.5.1- мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу

2-тоқсан

2-тарау.
Экология: ядролық және мұнай өндірістері

Тыңдалым және айтылым

11.1.2.1- мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;
11.1.4.1 - мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау

Оқылым

11.2.3.1 - таза ғылыми стильдегі дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
11.2.4.1 - әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
11.2.6.1- БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу, дәйексөз келтіру

Жазылым

11.3.4.1- оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу;
11.3.5.1-. әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу

Әдеби тіл нормалары

11.4.3.1- белгілі бір тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдалану:
көркемдеу, айшықтау, дəлелдеу, сөздерді сұрыптайбілу(образды-эстетикалық)

3-тоқсан

3-тарау.

Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция



Тыңдалым және айтылым

11.1.2.1- мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;
11.1.4.1 - мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау;
11.1.5.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу

Оқылым

11.2.1.1 - әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау;
11.2.3.1 - таза ғылыми стильдегі интервью, мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
11.2.5.1- мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру.

Жазылым

11.3.1.1-. таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью жазу;
11.3.2.1- мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау;
11.3.6.1- жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау).

Әдеби тіл нормалары

11.4.2.1- сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану

4-тарау.
Әлемді өзгерткен өнертабыстар

Тыңдалым және айтылым

11.1.1.1 - мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу;
11.1.2.1- мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (бейнебаян) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;

Оқылым

11.2.3.1 - таза ғылыми стильдегі рецензияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
11.2.5.1- мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру

Жазылым

11.3.1.1-. таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, рецензия жазу;
11.3.3.1- қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

Әдеби тіл нормалары

11.4.4.1- мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып)

4-тоқсан

5-тарау.
Туризм: экотуризм

Тыңдалым және айтылым

11.1.2.1- мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;
11.1.5.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу

Оқылым

11.2.1.1 - әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау;
11.2.3.1 - таза ғылыми стильдегі баяндаманың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

Жазылым

11.3.2.1- мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау;
11.3.3.1- қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі);

Әдеби тіл нормалары

11.4.5.1- мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет