Мәліметтерді алу. Мәліметтерді алу әдістері мен құралдары. Бизнестегі мәліметтерді зияткерлік талдау. Мәліметтерді зияткерлік талдау негіздері, терминдері



бет1/3
Дата11.12.2023
өлшемі149,01 Kb.
#136862
  1   2   3

Мәліметтерді алу. Мәліметтерді алу әдістері мен құралдары. Бизнестегі мәліметтерді зияткерлік талдау. Мәліметтерді зияткерлік талдау негіздері, терминдері.

Мәліметтер

  • Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге ыңғайлы түрде берілген мағлұмат.
  • Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б. түрлерін атап өтуге болады. 

Мәліметтерді алу

  • Ақпаратты өңдеудің компьютерлік әдістері мен алгоритмдерінің қатынасы арнайы білім қорлары мен қоймаларынан мәліметтерді таңдап алу үшін мәліметтерді талдау процедуралары қолданылады. Іздеу процедураларынан қарағанда «мәліметтерді алу» термині мәліметтерді бағалау мен күрделі салыстыру алгоритмдерімен сипатталады.

Даму тарихы

  • 1960 – АКТ файлдарды өңдейтін қарапайым жүйелерден күрделі мәліметтер қорын басқару жүйелеріне
  • 1970 – МҚ саласындағы зерттеулер ерте заманғы иерархиялық және желілік мәліметтер қорларынан күрделі реляциялық МҚБЖ-не және мәліметтерді моделдеуге ауысты. SQL тілі дамыды.
  • 1980 - аса қуатты жаңа МҚБЖ-лері пайда болды. Мәліметтердің объектілі-бағытталған, объектілі-реляциялық және дедуктивті түрлері дамыды. Транзакцияларды онлайн өңдеу әдістері (on-line transaction processing – OLTP) реляциялық технологиялардың дамуына ықпал етті.
  • 1990 – Интернет желілерінің дамуы таратылған мәліметтер қорлары дамып, таратылған аумақтық ақпараттық жүйелердің құрылуына әсер етті. Сонымен қатар, мәлімет көлемінің күрт өсуі мәліметтер қоймалары (Data Warehouse) технологиясының пайда болуына әкелді. Оның негізінде мәліметтерді алдын ала өңдеу мен аналитикалық онлайн өңдеу (On-Line Analytical Processing, OLAP) жатыр.
  • 2000 - көпөлшемді мәлімет көлемінің ұғаюы мен ақпарат пен білімнің тапшылығы мәліметтерді зияткерлік талдау (Data Mining) саласының дамуына ықпал етті. Data Mining мәліметтерден қажетті білімді алу әдістерін іздеп, құруға негізделген, олардың көмегімен маңызды нақты басқару шешімдерін қабылдауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет