«Қазақ тілі» (Т1) пәні бойынша жалпы орта білім беретін мектептер үшін бастапқы бақылау кескіні
10-СЫНЫП
1-мәтін
Қызғалдақ жалпы алғанда, тек бір түптен өсіп, гүл ашады. Бірақ, бір түптен 4 гүл ашатын түрлері де кездеседі. Қызғалдақтың отаны Азия, Қазақстан болып саналады. Бірақ, алғаш рет Голландияда өсірілген. Cолайша Еуропаға кең таралып, танымал болып кеткен. Қызғалдақты Голландияда ең алғаш фламандық ботаник Карл Клузиус немесе Шарль де Леклюз (Charles de l'Écluse) 1593 жылы Лейден университетінің ботаникалық саябағында өсіре бастайды. Нәтижесінде, 1594 жылы қызғалдақтың Нидерландыда өсіре бастауы ресми тарихи маңызға ие болған. Карл Клузиус - жапырақтарда әдемі сызықтар пайда болатын вирустық инфекция «сызығы бар қызғалдақтарды» анықтаған алғашқы зерттеуші. Зарарсыз бір вирустың болу себебінен кейбір қызғалдақтарда сызық пайда болады.
1. Мәтіндегі мақала түрі:
A) Насихаттық мақала
B) Ақпараттық мақала
C) Бас мақала
D) Ғұмырнамалық мақала
E) Әдеби мақала
2. Мәтін мазмұнына алшақ ой
A) Еуропаға кеңінен таралған.
B) Төрт гүл ашатын кездері бар.
C) Қызғалдақ алғаш рет Қазақстанда өсірілген.
D) Зарарсыз вирус болады.
E) Қызғалдақта сызықтар пайда болады.
2-мәтін
Шекілдеуік шемішкенің ағзаға тигізер пайдасы зор. Ол ағзаны май қышқылдарымен толықтырып отырады. Кептірілген пістеде оның құрамындағы барлық дәрумен сақталады. Ал қуырылғаннан кейін оның құрамындағы пайдалы заттардың 90 пайызы жойылып кетеді. Күнбағыс пістесі – тері жасушалары үшін таптырмас дәрумен. Өлі тері жасушаларын тірілтіп, оның жасаруына септігін тигізеді. Атеросклероз, инфаркт миокарды, жүрек-қан тамырлары ауруларына, бауырға пайдасы бар. Онда теңдесі жоқ аминқышқылдары бар. Ақ пістенің 100 грамында 540 ккал бар, ал қара пістеде – 580 ккал.
Пістенің құрамында холестерин мүлде жоқ. Ақ пістеде – 34 пайыз, қара пістеде 20 пайыз белок бар. Көбіне оны ауыр тағам деп есептейді. Асқазанда қорытылуы жарты сағатты алады. Ал кәуаптың 3,5 сағатта әзер қорытылатынын ескерсек, бұл онша көп уақыт емес, әрине. Қара пісте магнийдің қоймасы деп саналады. Онда қара нанның құрамындағыдан да магний 6 есе көп. Ағзада мырыш жеткіліксіздігі болса, аяқ сіңірі тартылып, шаш түсе бастайтыны белгілі. Ал пістеде мырыш көп.
Тәуліктік қажеттілігін бір стақан пісте алмастыра алады. Ағзада темір жетіспесе, қаназдық, созылмалы шаршау синдромы болатыны белгілі. Құрамында темірі көп ақ пісте соның бәрін қуып шығады. Ол – дәмді ғана емес, өте пайдалы тағам. Өсімдік майы мен А, D, Е дәрумендері мол. Дегенмен диетологтер артық салмақ пен семіздіктен зардап шегетіндерге пісте шағудан бас тартуын талап етеді…
3. Шекілдеуік қуырылғаннан кейінгі өзгеріс
A) Құрамындағы дәрумендер жойылып кетеді.
B) Құрамындағы пайдалы заттар сақталады.
C) Құрамындағы май азайып кетеді.
D) Құрамы құрғап кетеді.
E) Құрамындағы мырыш жойылып кетеді.
4. Құрамында темір көп шекілдеуіктің түрі
A) Қара пісте
B) Шекілдеуік пісте
C) Ақ пісте
D) Шемішке пісте
E) Сары пісте
5. Мәтінде кездесетін диалект сөздер:
A) Күнбағыс, дәрумен
B) Шекілдеуік, пісте
C) Уақыт, шаш
D) Жарты сағат
E) Темір, стақан
6. Медицина ғылымына байланысты термин сөздері бар қатар:
A) Жүрек-қан тамырлары, пісте
B) Белок, қышқыл
C) Атеросклероз, инфаркт миокарды
D) Тері жасушасы, күнбағыс
E) Холестерин, мырыш
3- мәтін
Табиғат тамашасы
1.Қыс мезгілінде шыны терезеге салынған аяз өрнектеріне қарап тәтті қиялға берілген сәттеріміз көп. Аяз салған суреттерге қарап жатып суретшінің туындысын тамашалап отырғандай күйге бөленуші едік. Табиғаттың шеберлігінде шек жоқ екен. Тек оны көре алатын көз болса болғаны. Италиялық жас фотосуретші Никколо Бонфандинидің жұмыстарының ішінен табиғаттың өзі қашаған таңғажайып мүсіндерді табуға болады. Никколо бала кезінен бері табиғаттың сұлулығына қатты ғашық болып келеді. Жастайынан саяхатқа шығып, дала кезуді қалады. Оның бұл арманы фотосуретшілік жолға алып келді. Ол бүгінде фотоаппаратын асынып алып, табиғатты жиі кезетін болды. Әдемі жерлерді арнайы іздеп барып, суретке түсіреді. Еңбегі де елеусіз қалып жатқан жоқ. Никколо Бонфандини бұл фотосуреттер топтамасын «Арктиканың күзетшілері» деп атады. Бұл жұмыстар Финляндияның Лапландия ауданында түсірілген.
2. Ақ қалта – Аризона мен Юта штаттарының шекарасында орналасқан Вермиллион ұлттық ескерткішінің аумағындағы шөл далада оқшау орналасқан құмды жер. Аймақтың барлығы да жақпар-жақпар сұр қабаттармен көмкерілген, кейде бірнеше сантиметрге ғана жететін жұқа қабаттарды да кездестіруге болады. Аталған өңір бір қарағанда қант ұнтағы себілгендей болып көрінсе, қабаттары қисайған келесі бір жерінде алып мәрмәр бәлішке ұқсап кетеді.
3. Ақ қалтадағы әдеттегіден тыс геология әлі күнге дейін толық түсіндірілмей келеді. Кейбір геологтар бұл құбылыс юра дәуірінде шөгудің деформациялануы нәтижесінде пайда болды деген қорытынды шығарды.
4. Ал Ақ қалтаға ең көп зерттеу жүргізген мұнай геологы Марк Десховиц жер сілкінудің әсерінен құмның мөлшері төмендеп осындай пейзаж пайда болды дегенді айтып отыр. Жұқа тілімшелердің ғасырлар бойы сақталып келе жатқандығы таңқалдырмасқа қоймайды. Қызыл, қоңыр, ақ түстердің белгілі бір ретпен орналасуы да ақылға қонымсыз құбылыс болып көрінеді. Толқынды тастар 910 метр биіктікке дейін көтеріле алады.
5. Осыдан бір жыл бұрын Ақ Қалтаны тек қана жергілікті тұрғындар білетін еді. Кейіннен National Geographic Вермиллиондағы ғаламат құбылыс туралы деректерді айдай әлемге таратты. Бүгінде Ақ Қалта әрбір саяхатшының, әрбір табиғат сүйер қауымның тізімінен орын алды десек, артық айтқандық емес.
7. Никколланың арманы туралы айтылған бөлім
A) 2
B) 4
C) 3
D) 1
E) 5
8. Никколаның жұмыстарының бірі
A) Әдемі жерлердегі тастар
B) Ақ қалта
C) Толқынды тастар
D) Аяз салған суреттер
E) Табиғат қашаған мүсіндер
9. Мәтін мазмұнына алшақ ой
A) Никколла табиғатқа бала кезден ғашық.
B) Ақ қалтаны Никколла түсірген.
C) Аталған өңір қант ұнтағындай.
D) Толқынды тастар 910 метр биікке көтеріледі.
E) Ақ қалта табиғаттың ерекше жаратылысы.
10. Мәтінде ауыспалы мағынада тұрған сөз:
A) Ұлттық ескерткіш
B) Таңғажайып мүсіндер
C) Жұқа тілімшелер
D) Қант ұнтағы
E) Тәтті қиял
11. Сапалық сын есім:
A) Қызыл түс
B) Құмды жер
C) Ақ қалта
D) Тәтті қиял
E) Сұр қабаттар
12. Кейінді ықпал тұрған қатар:
A) Жергілікті, тұрғындар
B) Ауданында, барлығы
C) Тізімнен, ғасырлар
D) Табиғаттың, терезеге
E) Шеберлігінде, ұнтағы
Достарыңызбен бөлісу: |