Қазақ тілін аир азаматтарына оқытудағы кейбір ерекшеліктер



бет1/2
Дата25.07.2023
өлшемі52,11 Kb.
#104787
  1   2

ҚАЗАҚ ТІЛІН АИР АЗАМАТТАРЫНА ОҚЫТУДАҒЫ
КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Ибраимова Ж.Т.
Қазақстан, Алматы қ.
әл-Фараби атындағы Қаз¥У
к.ф.н., доцент
В статье рассматриваются эффективные методы обучения казахскому языку граждан і
'сламской Афганской Республики.
In this article are devoted effective methods of training of the Kazakh language of citizens of Islam
public Afghanistan.
7S
ҚР Президенті Н.Э. Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Респубдикасының Үкіметі
арасындағы Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім негізінде
АИР азаматтары Әл-Фараби атындағы Қаз¥У-дың ЖОО-ға дейінгі білім беру
факультетінде екі жылдан бері білім алуда. Ауған жастары дәрісханаларындағы
қазақ тілі сабағының білімдік дәрежесі бүтіндей басқа. Өйткені, аталған
дәрісханада қазақ тілін оқытудың әдісі де, оған қойылатын талаптары да өзгеше.
Басты мақсаты - студенттерді қазакша сөйлей білуге үйрету болады да, сол
сездерден сөйлем құрау үшін грамматикалық ережелер, анықтамалар сөз
уйретудің техникасы ретінде қарастырылады. Жалпы, қазақ тілін шет тілі
ретінде оқытудың негізгі мақсатын төмендегідей жіктеуге болады:қатысымдық
мақсат, тәжірибелік мақсат, тәрбиелік мақсат, білімділік мақсат
Қатысымдық мақсат тіл үйренушінің қатысымдық біліктілігін
қалыптастырып, сөйлеу қабілетін дамытуды көздейді. Тәжірибелік мақсат тіл
уйренушіге заттар мен қүбылыстарды қабылдаудың жаңа жолдары мен
қүралдарын үйретуге негізделеді. Ол үшін арнайы лексикалық тақырыптар,
мысалы, «Ресми сәлемдесу», «Отбасы», «Мамандық», «Дукенде», «Театрда»,
«Саяхатта», «Бос уақыт» т.б. таңдалып алынады. Тақырыпты басты нысан ретінде
ала отырып, сол тақырып төңірегінде әңгімелесу тіл үйренушіге оған қатыаы
өмірлік жағдайларды меңгеруге көмек береді. Әрі нақтылы нәрсе жайлы не
гуралы айту керектігін аңғартса, әрі қалай айту керек, қандай сөздерді игеру
керектігіне назар аудартады. Бүл ретте тақырыппен қатар сөздік, грамматика,
дыбыстардың айтылуы, тілдік ережелер мен заңдылықтар кешенді түрде бірге
жүргізіледі. Сөйтіп, тәжірибелік мақсатта сөйлесу ерекшелігін меңгерген тіл
уйренуші өз ойын ауызша және жазбаша түрде іске асырады. Тілді үйретудін
білімділік мақсатында тіл үйренуші өз ана тілінен басқа екінші тілді үйрене келе
ойды жеткізудің жаңа тілдік амалдарын меңгереді. Екінші тілде сөйлесу арқылы
ол жаңа мағыналармен, ұғымдармен танысады. Сонымен қатар, ойлау жуйесі
дамиды, таным аясы кеңейеді. Жаңа грамматикалық заңдылықтарды,
ережелерді есте сақтап, оларды іс жүзінде қолданады. Тілдік түлғалардың
байланысу түрлерін меңгеріп, сөйлеу кезінде пайдаланады. Тіл үйренуші ана
гілінен басқа тілде сөйлесу арқылы оқығанын жинақтауға, талдауға, салыстыруға
жаттығады. Сол арқылы оның ойдау жүйесі жаңа біліммен толығады. Тіл
уйретуде аталған мақсаттардың ішінде тәрбиелік мақсаттың да орны ерекше.
Тілді үйренушіге тілді үйрете отырып, оған адмдармен қандай қарым-қатынаста
болу қажеттілігі де үйретіледі. Адамдардың езара тіл табысуын, тусінісуін
қамтамасыз етеді. Демек, басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту тек қазақша
сөйлеуге, қазақша сөйлеуді түсініп оқу, жазуға үйренумен ғана шектеліп
қоймайды. Сонымен қатар, қазақ мәдениеті мен салт-санасы, тарихы, әдебиеті,
дәстүрінен белгілі дәрежеде білім беріледі.
76
Язык как маркер этнокультурной идентичности
Студенттердің сапалы білім алуына, сол пәннен алынатын міндетті білім
дағдыларын меңгеруіне дұрыс бағытта жол ашу ушін,әр пән оқытушысы сол
пәннің өзіне тән ерекшеліктеріне, сол пәнге тән оқытудың принциптеріне баса
көңіл бөлгені жөн. Қазақ тілі шет тілі ретінде оқытылатын топтарда студенттер
өзіне таныс емес тілдің дыбыстық құрамын, дыбыстардың айтылу нормасын,
дыбыстық заңдылықтарын, оның грамматикалық құрылысын игеруге, ойын
еркін жеткізуге, басқаның сөйлеуін түсінуге, жеткілікті дәрежеде сөздік қорын
меңгеруге тиісті және қазақша сейлеуге жаттығып, қазақ тілінде қарым-қатынас
жасай алуы қажет.
Қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту жоғарыда тоқталған мақсаттармен қатар
өзіндік әдіс-тәсілдерді қажет етеді. Солардың негізгілеріне тоқталып өтсек.
Өзге тілді оқыту әдістемесінің тарихына көз жіберер болсақ, екі әдістің негізгі
орын алғанын байқауға болады. Олар: аударма әдісі, екінші тілді тікелей(тура)
оқыту әдісі
Аударма әдісі XIIX ғасыр мен XX ғасырдың басында кеңінен қолданылады.
Бұл әдістің нәтижесінде тіл үйренушілер мәтіндерді түсініп, ез ана тілдеріне
аудара алатын дәрежеге жетті. Бірақ өзара тілдік қарым-қатынас жасау, сөйлесу
деген маңызды факторлар ескерілмеді. Сол себепті XIIX ғасырдың сексенінші
жылдарында ол реформаға үшырады. Аударма әдісі реформаға үшырағаннан
кейін сөйлесім әрекетін негізгі оқыт нысаны ретінде танитын тілдерді оқытудың
натуралдық немесе тура деп аталатын әдісі дүниеге келді. Оның негізін қалаған
В.Фиетор, М.Берлиц, М.Вальтер(Германия), Ф.Гуэн, И.Пасси, Ш.Швейцер
(Франция), О.Есперсен (Дания), К.Бройл, Г.Сунт (Англия), М.Пальгрен (Швеция)
т.б. сияқты корнекті лингвист, педагог, психолог мамандар болды [1].
Натуралдық немесе тете жолмен оқыту кезінде тіл үйренушілердің ана
тіліндегі тәжірибесіне сүйенбестен, теориялық түсініктердің көмегінсіз дайын
сөйлем үлгілеріне еліктеу арқылы сөйлеуге үйрену, механикалық
жаттығулардың арқасында автоматты түрде сөйлеуге қол жеткізу басты назарға
алынды. Бүл тұрғыда Я.А.Каменский «Тілдерді ережелер жаттау арқылы ғана
емес, практика жүзінде үйрену керек. Алайда, ережелер практиканы
толықтырыпбекітіп отыруы қажет. Ережелер философиялық емес,
грамматикалық болуы керек. Яғни сөздердің, сөз тіркестерінің шығу тегін,
тарихын түсіндіру қажет емес, тек қана не қалай жүзеге асатынын түсідіруі керек.
Бурын өздері білетін тілден айырмашылығын ғана түсіндіру қажет», -деп тілді
ереже үйрету арқылы емес, сөйлеуге үйрету, жаттықтыру арқылы игертуді
дәделдеген [2].
Қазақ тілін басқа тілді дәрісханаларда оқыту барысында қазақ тілінің өзіндік
басты ерекшеліктерін назарда үстауымыз керек. АИР азаматтарына қазақ
тілінен алғашқы дәріс- қазақ әліпбиімен таныстыру. Әліпбидегі әріптерді
ретімен дүрыс айтқыза әрі жазғыза отырып салыстырмалы түрде меңгерткен


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет