Қазақ тіліндегі күрделіетістіктердің морфологиялық сипаттары ізбасарова П



Pdf көрінісі
Дата06.02.2017
өлшемі154,57 Kb.
#3558

WWW.ENU.KZ

 

 



ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КҮРДЕЛІЕТІСТІКТЕРДІҢ 

МОРФОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАРЫ 

 

Ізбасарова П. 

3-курс студенті 

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Л.О.Жақсылықова 

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, Ақтөбе қаласы 

 

Етістік – қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы  



кең  грамматикалық  категория.  Морфологиялық  құрылымы  жағынан 

етістіктер  жалаң  етістіктер  мен  күрделі  етістіктер  деп  аталатын  екі  салаға 

бөлінеді.  Жалаң  етістіктер  құрылымына  қарай  түбір етістіктер  және  жұрнақ 

арқылы  жасалған  туынды  етістіктер  деген  екі  топқа  жіктеледі.  Жалаң 

етістіктер мысалы: ек, жек, оқы, жаз, кел, аяқта, баста, қолда, арала, сабала, 

сүйреле,  шапқыла,  үймеле,  кіріс,  жуын,  айтқыз  т.  б.  Түбір  етістіктер  деп 

арнаулы 

морфологиялық 

бөлшектері 

жоқ, 


демек, 

қазіргі 


кезде 

морфологиялық жағынан түбір және жұрнақ деп бөлшектеуге болмайтындай 

етістік формалары аталады. Мысалы: аз, ал, айт, алда, арба, ат, ас, аш, ақ, бар, 

бас,  бат,  бер,  без,  бол,  бөр,  байла,  баста,  бақырай,  де,  ез,  ер,  ес,  жет,  жала, 

жыла,  же,  жел,  жебе,  жорт,  жи,  жар,  жаз,  жүз,  жүгір,  илан,  тасы,  тара,  тос, 

тол, тоқы, түс, үр, ұқ, шал, шай, шаш т.б.  

Бірақ,  өзге  түбір  сөздер  сияқты,  етістік  түбірі  де  тарихи  дамып 

отырғандықтан,  олардың  қатары  да  бірте-бірте  толығып,  көбейіп  отырған, 

сол  себептен  түбір  етістіктердің  ішінде  бұрын  ұзақ  замандар  бойы,  туынды 

сөз  есебінде  жұмсала-жұмсала  келіп,  бірте-бірте  түбірі  мен  жұрнағын 

ажыратуға  болмайтындай  болып  кеткен  сөздер  бар.  Мысалы,  жоғарыдағы 

етістіктердің  ішінен:  айт  (ай+т),  алда  (ал+да),  байла  (бай+ла,  бау+ла), 

бақырай  (бақ+ырай),  жыла  (йығ+ла),  баста  (бас+та)  дегендерді,  сондай-ақ 

тоқта  (тоқ+та),  тоқыра  (тоқ+ыра),  болыс  (бол+ыс),  сөйле  (сөз+ле),  тула 

(ту+ла),  шегін  (шек+ін),  шегер  (шек+ер)  т.  т.  тәрізді  қазіргі  шақта  түбір 

саналып жүрген етістіктерді алсақ, жақша ішінде көрсетілгендей, әуелгі түбір 

сөздер  мен  жұрнақтардан  кейбіреулері  деформаланбай-ақ,  кейбіреулері 

деформаланып бөлшектенбейтін түбірлерге айналып кеткен. 

Туынды  

етістіктер:  Туынды  етістіктерге,  әдетте,  түбірлерден 

арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған етістіктер жатады. Туынды етістіктерді 

тиісті  түбірге  және  жұрнаққа  бөлшектеуге  болады,  бірақ  ол  туынды  тұлға 

есебінде  қолданыла  береді.  Мысалы:  ой+ла,  той+ла,  тер+ле,  сүр+ле,  ем+де, 

көз+де, тоқпақ+та, іс+те, сын+а, мін+е, мол+ай, ес+ей.  

Есім  негізді  етістіктер:  Есім  негізді  етістіктерге  етістіктерден  өзге  сөз 

таптарынан  жасалатын  етістіктер  жатады,  олар  арнаулы  жұрнақтар  арқылы 

көбінесе 

зат  есімнен

сын  есімнен



үстеулерден

еліктеуіш  сөздерден



,  әредік 

одағайлардан

 жасалады. Есімдерден етістік тудыратын жұрнақтар мыналар:   

-лан (-лен, -дан, -ден, -тан, -тен) жұрнағы;  

-лас (-лес, -дас, -дес, -тас, -тес) жұрнағы;  


WWW.ENU.KZ

 

 



-лат (-лет, -дат, -дет) жұрнағы;  

-а (-е)жұрнағы;  

-ай (-ей, -й)жұрнағы;  

-қар (-ғар, -кер, -гер)жұрнағы;  

-ар (-ер, -р)жұрнағы;  

-ал (-әл, -ыл, -іл, -л)жұрнағы;  

-ық (ік)жұрнағы;  

-сы (-сі) және -ымсы (-імсі) жұрнақтары;  

-сын (-сін) жұрнағы;  

-сыра (-сіре)жұрнағы;  

-ра (-ре, -ыра, -іре)жұрнағы;  

-ырай (-ірей)жұрнағы;  

тек  белгілібіресімдерден,  кейбіреулері  тек  санаулығанаесімдер  мен 

етістіктердентуындыетістікжасайтынәрікөне,  әрімаңдымсызжұрнақтар  бар. 

Оларға мыналар жатады:  

-ы, -і (бай-ы, жас-ы, жан-ы, желп-і, кең-і, келк-і, тарп-ы т. б.)  

-шы, -ші 

-ан, -ен, -ын, -ін, -н 

-ырқа, -ірке 

-ырқан, -іркен 

-ына, -іне 

-қа, -ке, -ға, -ге 

-ди, -тый, -ти  

Етістік  негізді  етістіктер:  Бұл  салаға  етістік  негіздерінен  арнаулы 

жұрнақтар  арқылы  жасалатын  туынды  етістіктер  енеді.  Бұл  жұрнақтарды 

семантикалық ерекшеліктеріне қарай екі салаға бөлуге болады  . 

Бірінші  тобына  өзі  жалғанатын  етістік  негіздерінің  мағыналарына 

амалдың  жиілену,  еселену,  қайталану,  үстемелену,  солғындау  сипаттарын 

білдіретіндей  рең  жамайтын  жұрнақтар  жатады,  олар,  шартты  түрде, 

амалдың өту сипатын білдіретін жұрнақтар деп аталады.    

-ла (-ле, -да, -де, -та, -те)   

-қыла (-кіле, -ғыла, -гіле)  

-мала (-меле, -бала, -беле, -пала, -пеле)   

 

-ғышта (-қышта, -кіште, гіште)   



-ыңқыра (-іңкіре, -ңқыра, -ңкіре) 

 

-ымсыра (-імсіре, -мсыра, -місре)   



 

-ыстрыр (-істір, -стыр, -стір) 

 

Екінші  тобына  өзі  жалғанатын  етістік  негізінің  мағынасына  амалдың 



субъектіге  қатысын  білдіретіндей  реңк  жамайтын  жұрнақтар  жатады,  олар 

етіс  жұрнақтары  деп  аталады.  Ерекшелігіне  қарай,  бұл  жұрнақтар 

етіс 

категориясының



  арнаулы  формалары  болып  саналады  да,  етістердің 

көрсеткіштері делініп танылады.      

-ыс (-іс, е)-т   

-тыр (-тір, -дыр, -дір) 

 


WWW.ENU.KZ

 

 



-қыз (-ғыз, -кіз, -гіз) 

 

-ыл (-іл, -л)   



-ын (-ін, -н)   

Күрделі етістіктердің түрлері:   құранды 

етістік, 

құрама 


етістік 

,сараламалы  етістік,  суреттеме  етістік,  тұрақты  етістік.  Құранды  етістік: 

етістіктің бірінші компоненті (есім) негіз болса, екінші компоненті (көмекші 

етістік) сол есім сөзді етістікке айналдыратын дәнекер есебінде қызмет етеді. 

Мысалы: жәрдем ет, ән сал, үлгі қыл, қабыл ал т.б.    

Құрама  етістік:  бұл  етістіктердің  әрбір  компонентінде  өзді-өзіне  дербес 

лексикалық мағына бар және әрқайсысының осы мағыналары бір-бірінен кем 

емес, бір-бірімен пара-пар я тең түседі. Мысалы: алып ал, ала кел, барыпкел, 

бара кел, алып бар, ала бар, алып кет, ала кет, келіп кетт.б. 

Сараламалы  етістік:  Бұл  етістіктер  екі  я  одан  аса  етістіктің  тіркесінен 

құралады.  Лексикалық  мағынасына  алғашқы  етістік  негіз  (жетекші)  болады 

да,  оған  қосылатын  көсемшенің  жұрнағы  (-а,  -е,  -й,  -ып,  -іп)  мен  соңғы 

көмекші  етістік  селбесіп  жетекші  етістіктің  мағынасын  саралайтындай 

қосымша грмматикалық мән үстейді. Сарамалы етістік құрамындағы көмекші 

етістіктердің  түрлі-түрлі  болуларына  қарай  және  компоненттердің  сандары 

да,  өздері  де  басқа-басқа  болуларына  қарай,  олардың  грамматикалық 

қызметтері  де,  грамматикалық  семантикалары  да  сала-сала  болып,  амалдың 

жүзеге  асу  я  өту  сипаттарының  әр  қилы  кезеңі,  сатысы  сияқты  абстракты 

құбылыстарды  білдіреді.  Мысалы:  айтып  жібер,  айтып  жібере  қой;  айтып 

жібере жаздап қалды; айтып көр, айта көр, айта сал, айта қой, айтып қой, айта 

жүр, айта біл, айта түс т.б.  

Суреттеме  етістік:Бұл  етістіктер  жетекші  сөз  бен  көмекші  етістіктен 

құралады.  Жетекші  сөз  етістіктің  жалаң,  я  күрделі 

көсемше


есімше


 

формасында,  жалаң  есімдер  және  есім  мен  етістік  араласқан  формаларында 

болады.  Бұларға  жәрдемші  болып  көмекші  етістік  қосылады.  Көмекші 

етістіктердің көбі - е көмекші етістігінің түрленген формасы 

болып 

келеді.Мысалы: барып едім, барған едің, келетін еді, түсінуші едік, ұйықтап 



кеткен екенмін, кешігіп қалған екенсің, келсе игі едіңдер, мұғалім едіңіздер, 

жас екен, бармақ болды, келемек екен, жазатын болды, келетін көрінеді т.б.  

Тұрақты естістік: Бұл етістіктерге лексикаланған, 

идиомаланған

 тіркестер 

жатады.  Мысалы: опық жеді, таяқ жеді, құр қалды, бас қойды, ауыз жаласты, 

арам тер болды, қырғи қабақ болды, бетке шіркеу салды, жан алқымға алды, 

ауыз салды, көз салды, жек көрді, жанын қияды т.б.    

 

Етістік 


формалары: 

Етістік 


формаларының 

жүйесі 


төмендегі 

грамматикалық категорияларға

 бөлінеді:   

 

- Етістік негізі.  



                                                                                                               

- Қимыл атауы категориясы.   

                                                                                              

- Салттық және сабақтылық категориясы.   

                                                                      

-  


Етіс

 категориясы.  

                                                                                                          

-  Болымдылық және болымсыздық категориясы.                                                               

- Амалдың өту сипаты категориясы.   

                                                                                 



WWW.ENU.KZ

 

 



-  

Есімшелер

 категориясы.                                                                                                       

-  


Көсемшелер

 категориясы.                                                                                                     

-  

Рай


 категориясы.   

-  


Шақ

 категориясы.  

                                                                                                                  

Жіктік



көптік жалғауларының

 шаққа қатысы.  

 

Етістіктердің мағыналары: Етістіктерді іштей бір-біріне мағына жағынан 



жақындықтарына,  өз  ара  функция  жағынан  орайластықтарына  қарай  топ-

топқа бөлуге болады:  

-

 

амал-әрекет етістіктері (босат, көтер, күрес, ки, сыз, өлше т.б.);  



-

 

қимыл-қозғалыс етістіктері (ауна, аудар, домала, жыт, қаш, секір т.б.);  



-

 

қалып-сапа етістіктері (жат, жантай, тұр, тос, күт, ұлғай т.б.);  



-

 

ойлау-сөйлеу етістіктері (айт, сөйле, де, ескер, жатта т.б.);  



-

 

өсу-өну етістіктері (балала, жапырақта, гүлде, өс, өн т.б.);  



-

 

бағыт-бағдар етістіктері (бар, кел, кет, қайт, әпер, әкет т.б.);  



-

 

көңіл күйі етістіктері (жыла, қайғыр, өкін, күл, қуан т.б.);  



бейнелеу-еліктеу 

етістіктері 

(жарқыра, 

күркіре, 

дүркіре, 

тарсылда,сыртылда, сырқыра т.б.);  

-

 

дыбыс-есетістіктері;  



-

 

көру-естуетістіктері;  



-

 

мінез-құлық етістіктері    деген сияқты әлденеше топқа бөліп, саралауға 



болады.                                                                                             

Сондай-ақ, сыртқы түр-тұрпат ұқсастықтарына немесе мағына-мазмұнын 

алшақтықтарына  қарай  оларды: 

омоним


  естістіктер, 

синоним


  етістіктер, 

антоним


 етістіктер деген тәрізді топтарға да жіктеуге болады. 

Ал егер етістіктің түбір тұлғасы мен бұйрық райдың 2 жағы бір  

грамматикалық  мағынаны  білдіріп,  бір  ұғым  болып  ұғынылатын  болса, 

бірдей екі нәрсені екі бөліп атаудың қажеті жоқ сияқты. Олай болса, беретін 

мағыналары  бір,  сыртқы  тұлғалары  бір  ұғымдарды  бір  атаумен  атаған 

орынды.  Егер  етістік  түбіріне  бұйрықтық  мағына  о  бастан  тән  болса, 

етістіктің  белгілі  бір  тұлғадағы  көрінісі,  яғни  бұйрық  райдың  екінші  жақ 

анайы жекеше түрінде ол қайталанбаған болар еді. 

Оларда  2  жақ  бұйрықтық,  жекешелік  мағына  бар.  Бірақ  осы  етістіктерді 

тұтасымен  алып  түбір  деуге  болмайтындығы  дәлелдеуді  қажет  етпейді. 

Мағыналық  жағынан  сәйкес  келетін  болымсыз  етістік,  етіс  жұрнақтары 

жалғанған етістікті түбір деп қарастырмасымыз анық. Ендеше, етістік  түбірі 

мен  бұйрық  райдың  2  жағы  бір  нәрсе  емес.  Сыртқы  тұлғасы  бірдей  болып, 

қимылды  білдір-генімен,  екеуін  бір  нәрсе  деп  шатастыру  дұрыс  емес. 

Етістіктің  түбір күйінде  тұрып  білдіретін грамматикалық мағынасы-  қимыл, 

іс- әрекетті білдіру мағынасы. Бұл мағына етістік қандай тұлғада қолданылса 

да сақталады. Ал 2 жақ бұйрықтық мағына етістік түбірінде жоқ, ол сөйлемде 

етістіктің  бастауышпен  (сен  жіктеу  есімдігімен)қарым-қатынасқа  түсу 

нәтижесінде  пайда  болатын  мағына.  Етістік  түбірі  сөйлем  ішінде 

қолданылғаннан  кейін  бастауышпен  тікелей  мағыналық  қатынасқа  енеді, 

екеуі  бұйрықтық,  жақтық,  шақтық  және  жекешелік  қарым-қатынасқа 

түседі.Міне, осы жердегі етістікке 2 жақ бұйрықтық мағына үстеледі. Демек, 



WWW.ENU.KZ

 

 



бұйрықтық  мағына  –  етістік  түбірінің  сөйлеу  процесінде  қолданылғанда 

пайда    болатынмағынасы. 

Негізгі  етістік  пен  көмекші  етістіктердің  тіркесінен  жасалған  сөздердің 

бәрі  –  сөздің  формасы  емес,олар-жаңа  мағынаға  ие  болып,семантикалық 

бірлікте жұмсалатын,дербес ұғымды білдіретін сөздер.  

 

Пайдаланылған әдебиет 

1.

 

Жұбанов  Қ.  Қазақ  тілі жөніндегі зерттеулер.  –  Алматы:  Ғылым, 



1966. 

2.

 



Маманов  Ы.Е.  Қазіргі  қазақ  тілі.  Лекциялардың  текстері.- 

Алматы, 1973.  

3.

 

Маманов  Ы.Е.  Сөз,  морфема,  қосымша  туралы  түсінік  //  Қазақ 



тілі мен әдебиеті. – 1991, №7.  

4.

 



Мырзабеков  С.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  етістіктің  құрылымына 

статистико-лингвистикалық талдау. КД, 1973.  

5.

 

Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. 1966. 



6.

 

 Оралбаева  Н.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  етістіктің  аналитикалық 



форманттары. 1975. 

7.

 



Хасенова  (Қалыбаева  А).  Етістіктердің  лексика-грамматикалық 

сипаты. 1971. 



8.

 

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. 1994.  



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет