Қазақ-ТҮрік тілдеріндегі дыбыселіктеуіштердің мағыналық дамуы



жүктеу 179.51 Kb.
Pdf просмотр
Дата15.03.2017
өлшемі179.51 Kb.

Г.С. ИСАЕВА

Филология ғылымдарының кандидаты

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері

ҚАЗАҚ-ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ ДЫБЫСЕЛІКТЕУІШТЕРДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ

ДАМУЫ

Аннотация

Еліктеуіш сөздер адамзаттың бес сезім мүшесі (есту, көру, иіскеу, жанасу және дәмін

тату) арқылы психо-физиологиялық әсерлері нәтижесінде қалыптасқан қоршаған ортадағы

түрлі   құбылыстар   мен   заттардың   дыбыстармен   бейнеленуінен   туындайды.   Сөздік

қорының бұл құрамы өзінің ғасырлар бойы қалыптасқан жасалу тәсілдері бар, тұрпаты

жағынан   өте   күрделі,   мазмұны   жағынан   құнарлы   тіл   категориясына   жатады.

Дыбыселіктеуіш   сөздер   жалпы   тіл   заңдарына   сәйкес   қалыптасса   да,   олардың   өзіндік

семантикалық   ерекшеліктері   бар.   Сол   себептен,   туыстас   қазақ-түрік   тілдеріндегі

дыбыселіктеуіштердің  мағыналық дамуы  ортақ белгілер  мен айырмашылықтар  арқылы

зерделенеді.



Тірек сөздер: еліктеуіш сөздер, дыбыссимволизм, түбірлер

Ключевые слова: подражательные слова, звукосимволизм, корни

 Keywords: imitative words, soundissymbol, roots.

Тіл ғылымында адамзаттың есту, көру, иіскеу, дене мүшелерімен (аяқ, қол, т.б.) жанасу

және   дәмін   тату   тәрізді   бес   сезім   мүшелері   арқылы   психо-физиологиялық   әсерлері

нәтижесінде қалыптасқан табиғаттағы сан алуан құбылыстар мен заттардың бейнеленуі

еліктеуіш   сөздер   деп   аталады.   Еліктеуіштер   жалпы   тіл   заңдарына   сәйкес

қалыптасқанымен, олардың өзіне тән семантикалық ерекшеліктері бар. Олардың бойынан

әр   уақытта   сезім,   түйсік,   экспрессия,   эмоция   нышандары   байқалады.   Сол   себептен,

еліктеуіш категориясы барлық тілдерге ортақ әмбебап құбылыс. 

Еліктеуіш   сөздер   грамматикалық   ерекшелігіне   қарай   сөзжасам   жүйесіне   сәйкес   зат

есім, сын есім, етістік, үстеу тұлғаларына еніп түрлену; еліктеуіш түбірлер – примарлық

уәжделген әмбебап   лексика және қосарлама, қайталама қос сөз жасауға да бейімді,   ал

күрделі   еліктеуіш   сөздердің   құрылымы   5-6   грамматикалық   деңгейде   дамып   қалыптасу

сипаттарына ие болады. Сондай-ақ еліктеуіштер қолданыс аясына қарай барлық сөйлем



мүшесі мен байланысу формасында келіп, ауызекі сөзде де, көркем әдебиетте де кең түрде

жұмсалады.

Тіл ойшылдары ғасырлар бойы тіл-тілдегі дыбыс еліктеуіш сөздерді салыстыру арқылы

сөздің дыбыстық тұлғасы мен мағынасы арасында тығыз байланыс бар екенін анықтады.

Көптеген зерттеулердің нәтижесінде дыбыселіктеуіш сөздердің теориялық негізі ретінде

дыбыссимволизм   құбылысы   қалыптасып   дамыды.   «Тіл   білімінде   дыбыссимволизм   –

белгілеуші   мен   белгіленуші,   мағына   мен   форма   арасындағы   қатынас   деп   түсініледі.

Олардың өзара байланысы жеке, дара емес, тәуелді сипатта болады. Дыбыселіктеуішпен

қатар дыбыссимволизмі бейнелеуіштің мағына білдіруі сияқты дыбыстық бейненің тілдік

сипатын   танытады.   Дыбыссимволизмі   мен   дыбыселіктеуіштіктің   арасындағы   түбегейлі

айырмашылық   сезімдік   қабылдау   арқылы   дараланып   танылған   денотаттың   уәжді

белгілерінің ұқсас келмейтінімен түсініледі» [1, 173]. 

Бұл   мәселенің   бастауы   заттың   атауы   оның   негізгі   мәнінен   құрылған   деген   пікірді

ұстанған   көне   үнді   Ведаларынан   алынып,   өзінің   дамуын   антикалық   дәуірдегі

философиялық ой-пікірлермен жалғастырады. Көне Грекияда туындаған бұл ой-тартыстар

ғасырлар бойы жалғаса келіп, мазмұны біршама өзгергенімен өзектілігі әлі күнге дейін

күшін жойған жоқ. Платонның «Кратил» деп аталатын әйгілі сұхбаты арқылы заттың сөз

арқылы   дыбысталуында   «табиғи   байланыс»   бар   деп   есептейтін   фюсей   (немесе

кратилшылардың)   теориясы   мен   атаудың   затпен   байланысы   «белгіленген   заңдылық»

деген   ойды   қолдайтын   тесей   (Гермогеннің   ойын   ұстанушылар)   теориясы   арасындағы

ұзаққа созылған айтыс-тартыстың дәуірін әкелді [2]. Бұдан кейін дыбыс пен мағынаның

байланысы туралы пікірлер Еуропа ойшылдары Августин, Фома Аквинский, Ж.Ж. Руссо,

Р. Декарт пен орыстың ғалымы М.Ломоносовтардың еңбектерінде орын алған. XVII-XIX

ғасырларда дыбыс еліктеуіш  пен дыбыс символизмнің зерттелуі  негізінен  тілдің пайда

болуы ономатопеялық және одағай теорияларымен байланыста қарастыруға мән берілді.

Алғашқы теорияның бағытын   француз  классиктерінен Ш. Де Бросс, Курт де Жеблен,

Ш.Нодье,   тіл   ойшылдарынан   Д.Б.Вико,   Г.В.Лейбниц,   И.Г.Гердер,   В.фон   Гумбольт,

Г.Штейнталь, В.Вундт, Г.Паульдер ұстанды. Бұл бағытты ұстанушылар тілдің еркіндігін

тарихи   эволюцияның   сан   алуан   факторлардың   ықпалына   ұшыраған   алғашқы   «нағыз»

тілдің   прогрессивті   пайда   болу   нәтижесі   ретінде   түсіндіреді   [3;   16].     XVII-XVIII

ғасырлардағы көптеген философтар тілдің тууын анықтау мақсатында еліктеуіш сөздерге

жүгінді. Мәселен, Г.В. Лейбниц пен И.Г. Гердер тілдің пайда болуына қоршаған ортадағы

дыбыстарға еліктеу пен мимиканың қатысы бар деп есептесе [4], В. фон Гумбольдт  тілдің

дүниеге келуінде адамның ойсыз қабілеті орын алып, әртүрлі мимикалық (рефлекторлық,

бейнелеуіштік, ишараттық) қозғалыстар сөздерді туғызды деген пікірді ұстанады [5]. 

ХХ ғ. басынан бастап дыбыс символизм теориясына қатысты негізгі ой-тұжырымдар

мен   теориялық   пікірлер   қалыптаса   бастады.   ХХ   ғ.   30-ы   жылдары   О.Есперсен   өзінің

еңбегінде   и   дауыстысының   мағыналық   тұлғасын   жан-жақты   қарастыра   келіп,   «тілдің

дамуында дыбыстық символизм елеулі орын алады және оны лингвистиердің көпшілігі

мойындады»   деген   пікір   айтады.   Дыбыссимволизмнің   тереңірек   әрі   жүйелі   түрде

сипатталғанын   Э.Сепирдің   және   бұл   құбылысты   психолингвистикалық   тұрғыдан

зерттеуші басқа да ғалымдардың зерттеулерінен көруге болады [6,  12]. 



Ал   орыс   тіл   білімі   бойынша   аталмыш   мәселеге   қатысты   зерттеулерді   А.   Леонтьев,

А.П.Журавлев, И.Р.Горелов, А.Н.Журинский, С.В.Воронин, А.Б. Михалевтің еңбектерінен

көреміз.

Түркі   тілдеріндегі   дыбыссимволизм   құбылысы   ең   алғаш   Н.И.Ашмариннің   шуаш

мимологиясы туралы еңбегінде сөз болады [7]. Ғалымның бұл еңбегі әлі күнге дейін өз

маңыздылығын жоя қойған жоқ. Сонымен қатар саха тілі бойынша Л.Н. Хоритоновтың,

қарақалпақ   тілі   бойынша   Н.   Баскаковтың,   қырғыз   тілі   бойынша   С.Құдайбергеновтың,

түркімен тілі бойынша М. Худайкулиевтің, өзбек тілі бойынша Р.Қоңыровтың еңбектерін

жатқызамыз.

Ал қазақ тіл білімінде еліктеуіш сөздерге біршама зерттеу еңбектер арналды. Қазақ тіл

білімінің   танымал   ғалымы   Ахмет   Байтұрсынұлы   «Тіл-құрал»   деп   аталатын   еңбегінде

одағайлардың   екі   түрін   көрсетіп,   оның   бірін   «одағайлар»,   ал   екіншісін   «еліктеу

одағайлар» деп атайды [8]. Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздерге қатысты арнайы зерттеулер

1948 жылы Ахмеди Ысқақовтың «Еліктеу сөздер туралы» мақаласымен басталып, Шора

Сарыбаевтың [9], Б.Катембаеваның [10], С. Ибраевтың [11] еңбектерінде жалғасын тапты.

Академик Әбдуәли Қайдар «алғашқы тілжасам процесіне белсене қатысып, оның дербес

тіл   болып   қалыптасуына   негіз   болған   тіл   элементтерінің   бірі   –   еліктеуіш   сөздердің   о

бастағы   ілкі   түбірлері»   дей   келе,   имитатив   теориясына   қатысты   жаңаша   көзқарасын

көрсетсе   [12],   ХХ   ғасырдың   соңында   қазақ   тіл   білімінде   дыбыселіктеуіш   сөздердің

фоносемантикалық   бағытта   қарастырылуы   проф.   Көбей   Хұсайынның   [1],

С.Өткелбаеваның   [13],   А.Исламның   [14]   еңбектерінде   және   2009   жылы   жарық   көрген

Б.Жонкешовтің [15] кітабында көрініс табады. Сонымен қатар, Б. Оспанованың («Қазақ

тіліндегі   бейнелеуіш   етістіктердің   этнолингвистикалық   сипаты»),   Қ.Шотаның

(«Дыбыстық   еліктеуіш   етістіктердің   этнолингвистикалық   негіздері»),   А.Мақұлбектің

(«Қазақ   топонимдерінің   фоносемантикалық   сипаты»(,   Ш.Зукайдың   («Неміс-қазақ

тілдеріндегі   еліктеуіш   және   бейнелеуіш   сөздердің   лексика-семантикалық,

коммуникативтік-прагматикалық   сипаты»)   кандидаттық   диссертацияларын   айтуға

болады. 


Түрік   тіл   біліміндегі   еліктеуіш   сөздердің   арнайы   зерттелуі   ХХ-ыншы   ғ.   20-шы

жылдардың аяғынан басталады. Аталмыш тақырыпта алғаш болып сөз қозғағандардың

бірі   Н.К.   Дмитриев,   Х.Марчанд,   А.Н.Кононовтар   болды   [16].  Одан   соң   түрік   тіліндегі

еліктеуіш   мәселесін   біршама   мақала   негізінде   қарастырған   ғалымдардың   еңбектерінен

көріуге болады [17].  Түрік тіліндегі еліктеуіш сөздерге арналған соңғы кездегі ең үлкен

және   ауқымды   зерттеу   еңбегі   профессор   Хамза   Зүлфикардың   «Түрікшеде   дыбыс

еліктеуіш  сөздер»  кітабын  айрықша  атап  өткен  болар  едік  [18]. Сонымен қатар  соңғы

жылдары   түрік-қырғыз   тілдеріндегі   еліктеуіш   сөздер   тақырыбында   кандидаттық

диссертация   қорғаған   Ергүн   Кожа   бұл   екі   туыстас   тілдердегі   еліктеуіштердің

фонетикалық, лексика-семантикалық, морфологиялық ерекшеліктерін қарастыра келе, ХІ

ғасырдың жазба ескерткіштері болып табылатын Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу Біліг» пен

Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрік» атты шығармаларында берілген еліктеуіш

сөздерге семантикалық талдау жасады [19].

Қоршаған ортада жанды және жансыз заттардан шыққан дыбыстарды, олардан болған

қимыл-қозғалыстардың   бейнелерін   білдіретін,   сонымен   қатар   тіл   ғылымында   ең   көне


лексемалар   ретінде   танылатын   еліктеуіш   сөздер   семантикалық   тұрғыдан   көп

қарастырылды.   Тіпті   мағыналық   қасиетіне   қарай   топтастырылуы   да   ғалымдар   көп   сөз

етілген.

Түркі   тілдеріндегі   лексикалық   жүйенің   ең   көне   қабаттарын   құрайтын   еліктеуіш

түбірлер тұлғалық өзгерістері мен семантикалық дамуы арқылы грамматикада маңызды

орынға ие болады. Қазақ және түрік тілдеріндегі (басқа да түркі тілдеріндегідей) дыбыс

еліктеуіш   сөздердің   мағыналық   даму   жолдары   біркелкі   болып,   мынадай   тәртіппен

қалыптасады:   Табиғаттағы   сан   алуан   дыбыстарға   еліктеу   >   сол   дыбыстарға   қатысты

заттар   мен   құбылыстардың   атауы   >   арнайы   тілдік   талдау   арқылы   анықталған

дыбыселіктеуіштік уәжділігі бар атаулар. 



Сарқ/ Çağıl  – cудың  дыбысына еліктеу.  Бұл еліктеуіш  түбірден  екі тілде де судың

ағысын, сұйық нәрсенің  қайнаған  күйін білдіретін  сөздер қалыптасқан.  Мәселен, қазақ

тілінде сарқы- «сұйық затты тік көтере түгел құю»; сарқылдау «бұрқ-сарқ етіп қайнау»;

сарқырау  «судың   биіктен   төмен   қарай   күшті   сарынмен   құлай   ағуы»;  сарқырама

«биіктен құлай аққан су» мағыналарын білдіреді. Осы түбірден сарқ-сарқ, сарқ-сұрқ қос

сөзді еліктеуіш туындаған. Мысалы бұл лексемалар әдеби контексте былай қолданылады:

Ортадағы екі темір пеш жан-жағына жалын атып, есік жақтағы төрт үлкен қазан сарқ-сарқ

қайнайды (Ғабит Мүсірепов). Есік алдындағы божылдаған самауырлар да булығынан буы

бұрқырап, қақпағын көтере  сарқ-сұрқ  қайнап, екі иінінен дем алады (С. Жүнісов, Өшп.

іздер). Кейбіреулердің пісірген қара көжесін ауыз тиіп қана қойып, менікін түк қалдырмай

сарқып  ішіп кетер еді (Шерхан Мұртаза). Ет асқан тай қазан  сарқылдап  қайнап жатыр

(Әбдіжәміл Нұрпейісов). Суының сарқырап аққанына дейін біздің Ақсайға ұқсас (Шерхан

Мұртаза). Мен Қызыл-қайың сарқырамасының жағасындағы кәрі қайыңның түбінде ойға

батып отырамын (Оралхан Бөкей).

Түрік   тілінде   осы   мағынаны   үстейтін  çağil  еліктеуіш   түбірінен  çağıldamak  «судың

ағысында тастарға, жартастарға соғылғандағы дыбысты шығару», çağıltı «судың ағысында

тастарға, жартастарға соғылғанда шығаратын дыбысы»,  çağlamak  ‘судың көпіріп, қатты

дауыс шығарып ағуы’, çağlayan/çağlar «аласа жерден төменге қарай аққан су»,   çağlayık

«жерден гүрілдеп қайнап шыққан ыстық су’, çağıldayış/çağlayış «сарқырау» мағыналарын

білдіретін   сөздер   мен   «судың   ағысынан   шыққан   дыбысты   бейнелейтін  çağıl   çağıl

еліктеуіш қос сөз туындаған. Мысалы,  Bu fıskiyenin sularını yıllarca neşeden çağıldar gibi

duymuştum (A. Ş. Hisar). Yalnız koca arktan akan suyun serin çağıltısı duyuluyordu (C. Uçuk).

Bir gün nehirler gibi çağlayarak derinden (Ö. B. Uşaklı). Yüksekten karşıda çağlayanın şırıltısı

duyuluyordu   (Ö.   Seyfettin).   Fırat,   Malatya'ya   doğru   bir   dirsek   gibi   kıvrıldığı   vadide   artık

dağlardan kopup çağıl çağıl köpürmüyor." - A. Kulin

Сыбыр   /  Fısıl  –  ақырын   шыққан   дыбысқа   еліктеу.   Қазақ   тілінде  сыбыр  түбірінен

қалыптасқан   мынадай   сөздер   мен   сөз   тіркестер   бар:  сыбыр-күбір  «сыбырласқан,

күбірлескен әңгіме, құпия сөз», сыбыр-сыбыр «ақырын, жай шыққан дауыс», сыбыр ету

«құпия сыр айту,  сыбырлау»,  сыбыр қосу  «ауыс. әңгімеге өрт салу». Мысалы: Келелі

кеңес жоғалды, Ел сыбырды қолға алды. Ел ішінде бітімші Түгел алып қайтпайды (Абай).

Сөйлесті бәрі сыбырлап, Мен отырдым тыңдауға. Жүрегім тұр жыбырлап, Дәл тапқанда

ымдауға   (Шәкәрім   Құдайбердиев).   Қадиша   бір   қаға   берісте  сыбыр   етіп,   Ақанның

алыстағы бір асқа кеткенін айтқан (Сәкен Жүнісов). Әлі есімде. Жақаш пен өкем ауылға



келе, оңашаланған сыбыр-күбір көбейді (Сәбит Мұқанов). Артта қалған ағаштар ақырын

сыбырласты,   Данконың   қаны   тамған   шөптер   анау   сыбырға   сыбыр   қосты   (Мағжан

Жұмабаев).

Түрік тілінде осы мағынадағы  fısıl еліктеуішінен  fısıldamak, fısıldaşmak (сыбырлаcу),



fısıl fısıl (сыбыр-күбір), fısıltı (сыбыр) сөздерi де қалыптасқан. Мысалы: Savcı, kumandanın

kulağına   birkaç   kelime  fısıldadı  (A.Gündüz).   Söylentiler,   haberleşmeler,  fısıldaşmalar  iftar

vaktine kadar devam etti (Mustafa N. Sepetçioğlu). Ağabeyi ile  fısıl fısıl  konuştular, birlikte

sevindiler (R.H. Karay). Top patlar patlamaz bütün sofradan bir besmele  fısıltısı  havalanırdı

(Rüşen E. Ünaydın).

Пыс   /   Mış  –   пысылдаған   дыбысқа   еліктеу.   Тілімізде   бұл   еліктеуіш   түбірден

қалыптасқан мынадай сөздер бар: пысылдау – «мұрын, танау арқылы дем алу», пыс-пыс

ету «пысылдаған дыбыс шығару», пысыл «пыс-пыс еткен дыбыс, мұрыннан шыққан дем»,

пысылдақ  «пысылдауық, пысылдағыш»,  пысқыру  «түшкіру»,  пысқырып та қарамау

«көңіл бөлмеу, елең қылмау». Мысалы: Үй іші үн-түнсіз, бір адам Әділбектің сөзін бөлер

емес,   бәрі   қалың   ойға   кеткендей,   қолдарындағы   кеселерінен   бастарын   алмай,   ыстық

шайды асықпай ұрттап пыс-пыс етеді (Ілияс Есенберлин). Батылым бармаса да, тәуекел

деп   кіріп   келгенімде,   басына   қара   жамылып   ағыл-тегіл   жылап   отырған   әйелді,   оны

қоғамдай қоршаған шиеттей-шиеттей балаларды көрдім. Шешесіне қосылып  пысылдап

жылайды   (Оралхан   Бөкеев).     Сен  пысылдақ  ұйқыдан   бас   алмайтын   жаман   атқосшы

боларсың   (М.   Сәрсекеев).   Қара   май   сіңген   бе,   әйтеуір,   сапасызданып   бұзылған   ащы

Бураны   түшіркендірмеді   білем,   ернін   жыбырлатып   басын   ырғап-ырғап   жіберді   де,

пысқырды-ай  келіп (Оралхан Бөкей). Алатын заттың үстіне біраз ақша қосып бермесең,

саудагерлер пысқырып та қарамайды (М. Қосшығұлов).

Түрік   тілінде   осы   мағынадағы  mış  еліктеуіш   түірінен  mışıl  (пысыл),  mışıldamak

(пысылдау), mışıl mışıl (пыс-пыс ету), mışıltı (пысыл) сөздері қалыптасқан. Мысалы: Mışıl



mışıl uyurken sıçrayış sıçrasın da aklı başına gelsin (Peyâmi Safâ). 

Қарқ / Gak – қарқ етіп шыққан дыбысқа еліктеу. Қазақ тілінде қарқ-қарқ еліктеуіші

«қарғаның  қарқылдаған  дауысы;  адамның қатты  күлгенде шығарған  дауысы»,  қарқыл

«қарғаның қарқылдаған дыбысы; қатты күлген күлкі»,  қарқылдау  «қарғаның қарқ-қарқ

етіп үн шығаруы;  қатты дыбыс шығарып күлу, қарқ-қарқ ету»,  қарқылдақ «қарқылдап

күлетін (адам)» Мысалы, Біреудің  мінін айтса өлеңшілерМәз болып тыңдағандар,  қарқ-

қарқ     күлер  (Ахмет   Байтұрсынұлы).   Қазір   мән-жайға   түсінген   Сергей   де  қарқылға

бастады (Қ. Исабаев). Өлексе үстінен топ Қарға  қарқылдап, шулап ұшып, аулақ барып

қонды   (С.   Елубаев).   Биік   пеш   мұржаларының   үстіне   қонып   алып   қара   қарғалар   ғана

қарқылдайды  (X. Рахимов). Терек  басында  қарғалар  жүр  қарқылдап  (Оралхан Бөкей).

Ырысбек дәл біреу екі қолтығынан бірдей шап беріп қытықтап жібергендей  қарқылдай

жөнелді (Сайын Мұратбеков). Доскей қол қусырып сәлем беріп, қарқылдақ  қапсағайдың

тізгінін ұстаған (Дүкенбай Досжанов).  

Түрік тілінде қарғаның қарқылдаған дауысы gak еліктеуішімен дыбысталады, gaklama

«қарғаның   қарқылдаған   дауысы»,  gaklamak  «қарғаның   қарқ-қарқ   етіп   үн   шығаруы».

Қарқылдап күлудің түрі түрік тілінде kahkaha деп айтылады. Kahkaha араб тілінен енген

ḳahḳaha    [ةœœهقهق ]  дауыстап  күлу дегенді  білдіретін   еліктеуіш  сөз   [20].  Kahkaha  сөзінен



қалыптасқан бірнеше сөз тіркестер бар:  kahkaha ile gülmek  (қарқ-қарқ күлу),  kahkaha

atmak (қарқылдап күлу), kahkahadan kırılmak (қарқылдап көп күлу), kahkahayı basmak /

koparmak / salıvermek (өзін өзі ұстай алмай қатты күлу), kahkaha-zen (қарқ-қарқ күлген).

Мысалы:   Akşamdan   bir  kahkaha  duysam   yaralanırım   (Necip   F.   Kısakürek).   Dudakları

müztenzî bir şekilde büküldü, Bir müddet güldü güldü, kahkahalarla güldü (Orhan S. Orhon).

Birbirlerine göstererek kahkahadan kırılıyorlar (Peşat N. Güntekin). İrfan artık dayanamayıp bir



kahkaha attı (Bediî Fâik). Sâdık bey bir kahkaha kopardı (Hüseyin R. Gürpınar). Ceza da olsa

olur karşısında kahkaha-zen, Ayılmıyor ki utansın cezâyı fi’linden (Tevfik Fikret).



Қор / Hor  – адамның ұйықтаған кезде қор етіп шығарған дыбысына еліктеу.  Қазақ

тілінде   осы   еліктеуіш   түбірден   қалыптасқан   мынадай   сөздер   бар:  қорыл  «ыңғайсыз

жатқан немесе тыныс жүйесін май басқан адамның ұйықтағанда ауыз қуысынан қор-қор

етіп шығатын дыбыс», қор ету / қор-қор ету / қорылдау «ұйықтап жатқан кезде қор-қор

еткен   дыбыс   шығару»,  қорылдақ  «үнемі   қорылдап   ұйықтайтын   (адам)»   сөздері   бар.

Мысалы:   Жомартбек   жоқ   еді,   Пернеш   кітапханадан   қайтпаған,   тек   Төлеубек   қана

төсегінде  қорылдап  ұйықтап   жатқан   (Әзілхан   Нұршайықов).   Құрым   үйдің   ішінде

Нұрабектің  қорылы, сыртта Нұрғалидың сақылдаған тістері ғана тиыштықты бұзып тұр

(Ғабиден   Мұстафин).   Ұйқыдан   қалжырап   жүрген   Тастемір   ілезде  қор   ете  қалды   (С.

Мұқанов, Шығ.). – Мен қорылдақ баланы сұрап тұрғаным жоқ, өзімнің бойымды ұйытып,

ойымды ұйтқытқан жігітті сұрап тұрмын, – деді Мәди (Әбжаппар Әбішев).

Түрік тіліндегі  hor  еліктеуішінен  horuldamak  «қорылдау»,  horul horul  «қор-қор ету,

қорылдау»,  horultu  «қорыл»   сөздер   де   қалыптасқан.   Мысалы:   Direğin   altında   bir   kişi

setresini   başına   çekmiş,  horuldayarak  uyuyor   (Fâik   Reşat).   Köy   halkı   daha  horul   horul

uyuyordu (Sait Fâik). Çok geçmez, bir horultudur peydâ olur (Fâik Reşat).

Арс   /Hav  –   иттің   үрген   дыбысына   еліктеу.   Бұл   еліктеуіш   түбірден   қазақ-түрік

тілдерінде мынадай лексемалар бар:  арсылдау –  havlamak,  арс етіп үру, арс-арс ету –



hav hav ürümek, арсыл – havlatma, арсыл-абалаң – havlayış. Мысалы: Ол үйден де

оттың   жарығы   молырақ   шығып,   ырылдасып,  арсылдасып  таласқан   иттердің   дыбысы

естіледі (Сәкен Сейфуллин). Айбат көрсете үрді,  арсылдады. Тұрғанда  «арс» етіп, азу

тістері   ақсиып   ырылдай   түрегелді   (Мұхтар   Әуезов).   Аржағынан   шынжырын   сүйрете

жүгірген   иттің  арсылы  шықты   (Ілияс   Есенберлин).   Өзен   жақтағы   қоқырсық   төгілетін

тұстан  түнгі  жорыққа аттанған  аш иттердің  қырқысқан  арсыл-абалаңы  құлаққа  келеді

(Ө.Қанахин).   Түрік тіліндегі мысал:  Havlar  zaman zaman gece ufkunda bir köpek (Yahyâ

Kemal). 


Тілімізде   ұрысқақтықты   білдіретін  арсылдақ  сөзі   иттің   шабаланып   үру   кейпіне

ұқсатып айтылса керек. Мысалы: Мұнымен елді жетілтсе, Ойбайды жүр қоймай дер, Аша

алмассың жылаумен, Арсылдақтың арасын (Ш.Құдайбердиев).

Шиқ   /   Cıv  –   шиқылдаған   дыбысқа   еліктеу.   Бұл   еліктеу   түбірден   қалыптасқан   екі

тілдегі  лексемалар  «кішкентай  құстардың  шығаратын  дыбысын» бейнелейді:  шиқ ету,



шиқ-шиқ ету – cıvıl cıvıl, шиқылдау – cıvıldamak, шиқыл – cıvıltı. Мысалы: Жазғы

таңда  шиқ-шиқ етіп  ұша бастайтын торғайлардың бірі жоқ (С. Жүнісов, Өшп. іздер).

Аспаннан оқта-текте бір естіліп қалатын құс шиқылы да біркелкі (Ә. Кекілбаев, Үркер.).

Инкубатордан жаңа шыққан құйтақандай жан иелері жәшіктің ішінде  шиқылдап, екі-үш



күн   иесіз   жатты   (Қ.Жұмаділов,   Қаздар.).   Түрік   тіліндегі   мысалдар:   Cıvıl   cıvıl  ötmek.

Bahçedeki   ağaçların   dallarında   serçeler  cıvıldaşıyor  (Kerime   Nadir).   Bülbül   sesleri   ve   serçe



cıvıltılarıyle dolu yeşil derinlikler (Ahmet Haşim). 

Бұл   дыбыселіктеуіш   қосымша   мағынада   қазақ   тілінде   «арба,   есік   секілді   жансыз

заттардың үйкелісінен шығатын дыбыс» мысалы: Үлкен дөңгелектері арбаңдаған қазақ

арба  шиқылдап  ауылды шуға толтырды (Мағжан Жұмабаев), ал түрік тілінде «ары-бері

қозғалысты,   абыр-сабырды»   білдіреді,   мысалы:   Serin   serin   Kapalı   Çarşı,  Cıvıl   cıvıl

Mahmutpaşa (Orhan K. Kanık).

Міне, еліктеуіш сөздер қорын арнайы зерттеп, оның тілімізге атқаратын неше алуан

қызметтерін атап айтқанда, өмірде болатын небір күрделі құбылыстың, бейнелі әрекеттер

мен   динамикалық   процестердің   ою-өрнегін,   бояу-нақышын   келтіре   суреттеуін   саралап

көрсетудің мәні аса зор. Бұл тек сан алуан еліктеуіштердің ауқымын анықтау үшін ғана

емес, сонымен қатар мағыналарын да дөп басып, дәл көрсету үшін де қажет. 

Қорыта   айтқанда,   түркі   тілдеріндегі   имитатив   сөздердің   лексика-семантикалық

байланысын қарастырғанда бұл құбылыстың тіл құрамында өзіндік жасалу заңдылықтары

мен қалыптасқан  жүйесі барлығы, қазақ  және түрік  тілдеріндегі  жеке-дара қолданыста

жүрген   жүздеген,   мыңдаған   дербес   сөздердің   төркінін   анықтауға   мүмкіндік   беретіні

анықталды. Осы туыстас тілдердің сөздік қорындағы еліктеуіш сөздердің ұқсастығы мен

ерекшелігін   саралап   қарастырғанда   мынадай   мәселелер   белгіленді:   –   қазақ   және   түрік

тілдеріндегі еліктеуіштер фонетикалық жағынан өзгерішке ұшырағанымен олардың түбірі

бір екені  мәлім. Мысалы  қор / hor, пыс / miş, қарқ / gak  және т.б.; – әрбір халықтың

қоршаған ортадағы дыбыстарды психологиялық қабылдау ерекшелігіне орай, қазақ және

түрік тілдерінде мағынасы бір еліктеуіштердің түбірлерде тұлғалық жағынан өзгешелік

кездесті. Мәселен, sarq/ çağil, сыбыр / fisil, арс /hav, шиқ / civ және т.б.; – түрік тіліндегі

шет тілден енген еліктеуіш сөздер. Мысалы, kahkaha т.б. 

ӘДЕБИЕТ


1

Хұсайын К.Ш. Дыбысбейнелеуіштік теориясының негіздері. – Алматы: Жібек

жолы, 2009. – 368 б.

2

Платон. Собр. соч. в 4 х томах. Перевод Т. В. Васильевой. Том 1. М.: Мысль,



1990.

3

Михалёв А.Б. Теория фоносемантического поля. – Краснодар: Кубанский гос.



университет, 1995. – 213 с.

4

Якушин Б.В. Гипотезы о присхождении языка. – М.: Наука, 1985. – 137 с.



5

Гумбольдт   В.   фон.   Избранные   труды   по   языкознанию.   –   М.:   ОАО   ИГ

«Прогресс», 2000. – 400 с.

6

Воронин С.В. Основы фоносемантики. – Л., 1982. – 244 с.



7

6. Ашмарин Н.И. Подражание в языках Среднего Поволжья. – Вып. I-IV. – В

кн.: Известия АзГУ. – Баку, 1925. Обществ. науки. – I-II. – С. 143-157; – III-IV. – С. 75-99.

8

Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 446 б.



9

Сарыбаев   Ш.   Подражательные   слова   и   их   отношение   к   междометиям   //

Известие АН КазССР. Серия филолог. и искусств. – 1954. – №135. – Вып. 2-4.


10

 Катембаева Б. Подражательные слова в казахском языке: дисс. ... канд. филол.

наук. – Алма-Ата, 1965.

11

 Ибраев С. Фонетические особенности подражательных слов в казахском языке:



дисс. ... канд. филол. наук. – Алма-Ата, 1971.

12

Қайдар   Ә.Т.   «Имитатив   теориясына»   қатысты   жаңаша   көзқарас   //   Қазақ



грамматикасының   өзекті   мәселелері.   –   Алматы:   «Кие»   лингвоелтану   инновациялық

орталығы, 2007. – 126-142 бб.

13

 Өткелбаева С.А. Қазақ тіліндегі дыбыстық символика құбылысы: филол. ғыл.



канд. ... дисс. – Алматы, 1994. – 155 б.

14

 Ислам А. Англо-казахские параллели в ономатопее: дисс.... канд. филол. наук.



– Алматы, 1999. – 172 стр. 

15

  Жонкешов   Б.С.   Эмоционалды   бірліктердің   тілдік   табиғаты   (семантика,



сөзжасам, фоносемантика). – Алматы: «Мемлекеттік тілді дамыту орталығы», 2009. – 192

бет.


16

 Дмитриев Н.К. Строй тюрксих языков. – М., 1962.; Marchand H. Die Bildung der

Lautsimbolischen   Wörter   .m   türkischen.   Oriens,   6-1.   leiden,   1953.;   34.;  Кононов   А.Н.

Грамматика современного турецкого литературного языка / Отв. редакт. С.Е.Малов. – М.-

Л.: Издат. АН СССР, 1956. 550 с.  

17

 Tuna O. N. Türkçede tekrarlar. TDED III, c. 3-4. s. 429-447; IV. C. 1-2, s. 35-82.



1950.;   Ergin   M.   Türk   Dil   Bilgisi.   (Eğitim   Enstitüleri   –   Yüksek   Okullar   ve   Temel   Bilimler

Fakulteleri için). – İstanbul, Minnetoğlu yayınları, 1977. – 395 s.; Gencan T. N. Yansımalar

Yahut Ses Kelimeler.  Onomatopеeler.  Ergene, S. 4, s. 10-11; S. 5, s. 9-10. İstanbul, 1947.;

Eren   H.   Onomatopée’lere   Ait   Notlar.   Türkiyat   Mecmuası   (İstanbul   Üniversitesi

Türkiyat Enstitüsü tarafından cıkarılır). C. X. – İstanbul, 1951-1953. – s. 55-58.; Gazimihâl   M.

R. Sese Benzetimli İsimler. Türk Folklor Araştırmaları. C. 6, S. 141, YL: 12 (Nisan), s. 2361-

2362. – İstanbul, 1961.;

Selen N. Nesnelerle Onlara Verilen İsimler Arasında O Nesnenin

Özelliğine Uygun Bir Ses Uyuşumu Var mıdır?", Ankara Üniversitesi DTCFD, C. XXV, S. 3-4

(Temmuz   –   Aralık).   –   Ankara,   1967.   –   s.   116-120.;   Demiray   M.   G.   Yöresel   ve   Yansıma

Kelimeler. Sıvas Folkloru (Sıvas’ta çıkar aylık folklore Dergisi). C. I, S. 9 (Ekim), Sıvas, 1973.;

Türkay   K.   Kaşgarlı'nın   Derlediği   Yansıma   Sözcükler.   Ömer   Asım   Aksoy

Armağani /Yazı Kurulu: Mustafa Canpolat, Semih Tezcan, Mustafa Şerif Onaran. – Ankara:

Ankara Üniversitesi Basımevi, 1978. – 317 s. (Türk Dil Kurumu: 449).

18

 Zülfikar H. Türkçede ses yansımalı kelimeler. – Ankara: Atatürk kültür dil ve tarih



yüksek kurumu, 1995. – 699 s. (Türk dil kurumu yayınları: 628).

19

  Кожа   Э.   Түрк   жана   кыргыз   тилиндеги   тууранды   сөздөр.   Автореферат.   –



Бишкек, 2008. – 25 б.

20

  Sevan   NİŞANYAN.   Sözlerin   soyağacı.   Çağdaş   Türkçenin   Etimolojik   Sözlüğü.



İstanbul, 2010.

Исаева Г.С. Смысловое развитие подражательных слов в казахском и турецком

языках

Резюме

Рассматривается  смысловое развитие  подражательных слов в казахском  и турецком

языках.


Issayeva G.S. Semantic development of imitative words is in the Kazakh and Turkish

languages

Summary

Semantic development of imitative words is examined in the Kazakh and Turkish languages.



Каталог: elib -> library.kz -> journal
journal -> Қазақ тіліндегі ономастикалық топтастырудың салыстырмалы-аналитикалық сипаты
journal -> МӘдениеттер сұхбаты – Ұлтаралық Қатынастар мәдениетінің басты негізі
journal -> Б. Т. Махметова
journal -> Применение энтропии в лингвосинергетике
journal -> ҚҰрамы сапасының жануарлар ағзасына әсері аннотация Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметі бойынша, су сапасының
journal -> Алимхан ермеков государственный деятель и ученый
journal -> Аудармадағы сәйкестіктер мен қателіктер түрлері
journal -> Ж.ҚАсымбаев – семей қаласының тарихын алғаш зерттеген ғалым


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет