Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы



Дата21.06.2023
өлшемі36,43 Kb.
#102726

  1. Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы

Адамның алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Сондықтан да аса ұзаққа созылған алғашқы тарихи кезең – тас дәуірі деп аталады. Бұл дәуір адамзат дамуының ең ұзақ кезеңі болып табылады. Ол осыдан 2,5 миллион жыл бұрын басталып, өркениеттің даму стандарттары бойынша жақында ғана – бес мың жыл бұрын аяқталды. Осы уақыт ішінде адамзат өзінің дамуында үлкен секіріс жасады. Археологтар көне қорымдардан ежелгі адамдар жануарлардың сүйектері мен ағаштарынан жасаған қару-жарақ пен тұрмыстық заттар, саз балшықтан жасалған заттар бар. Бұл материалдарды адам жасауы әртүрлі уақыт кезеңдерінде болды. Тас дәуірі мынадай 3 кезеңге бөлінеді:


Палеолит – ежелгі тас дәуірі (б.з.б. 2,5 млн. жылдан – 12 мың жылдыққа дейін).
Мезолит – орта тас дәуірі (б.з.б. 12-5 мың жылдықтар).
Неолит – жаңа тас дәуірі (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар).
Алғашқы адамдардың өндіргіш күші біріншіден, алғашқы адамнан, екінші – оның тас құралынан тұрды. Археология ғылымы зерттеуді осы тас құралдардан бастайды.
Қазіргі Қазақстан Еуразия континентінің орталығында орналасқан, яғни оның аумағында адам тәрізді тіршілік иелері өмір сүрген екі аймақ түйіскен. Ғалымдар тас дәуіріндегі Қазақстанды қазіргі адамдардың ата-бабалары мекендегенін батыл дәлелдейді. Ылғалды және жылы климаттың көмегімен мұнда өсімдіктер жайнап, дала мен орманды жабайы аңдар жайлады. Мұның бәрі ежелгі адамдардың пайда болуына ықпал етті.
Жерімізде алғашқы адамдардың құрал-жабдықтарын зерттеуде айтарлықтай еңбек сіңірген ғалым академик Ә.Х.Марғұлан болды. Ғалымның жетекшілігімен жүргізілген Орталық Қазақстан экспедициясы Бетпақдаланың орталық бөлігінен бірнеше жерден тас дәуірінің қонысын тапқан. Әсіресе, ғалымның басты бір көрнекті еңбегі Сарысу бойынан мысты-тас дәуірінің шақпақ тастан құрал жасайтын шеберхананың орнын табуы. Сонымен қатар Ә.Х.Марғұлан алғашқы адамдар мекендеген көптеген қоныстар мен үңгірлер тауып, оларға ғылыми сипаттама жазған. Бұл тіршілік иелері от жағуды, ыстық тамақ пісіруді, аң аулауды, теруді білген. Мұны Оңтүстік және Шығыс Қазақстан аумағындағы Қаратау тауларындағы, Арыстан және Көлғұтта өзендерінің сағаларындағы археологиялық олжалар (қолдар, үшкір нүктелер, өзектер, үлпектер) растайды.
Орталық Қазақстандағы кейінгі палеолиттік ескерткіштердің ең көрнектісінің бірі – Батпақ тұрағы. Оның мәдени қабаты жер бетінен 6 метр тереңдіктен табылған. 300-ге таяу тас қырғыштар қазып алынды. Тұрақтың жасы – б.з.б. 30-25 мыңыншы жыл. Орталық Қазақстандағы Семізбұғы тұрағынан жүзі түзу, кейде қайқы тас пышақ түріндегі қырғыштар табылған.
Ретушь әдісі – бір қабат өңделген тас құралдың жүзін ұсақ кертік ойықтар жасау арқылы өткірлеу. Үшкіртастарды тас жарықшақтарынан жасап, ұштарын ретушь әдісімен өңдеп өткірлеген. Қырғыштардың жүзін де ретушьпен өңдеген.
Бұл дәуірдегі екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш тас құрал – бифас. Тас дәуіріне жататын Жамбыл облысындағы Бөріқазған және Шабақты тұрақтарынан 5000-ға жуық тас құрал табылды.
Археологиялық олжалар палеолит дәуіріндегі Қазақстанда ежелгі адамжар жай қоныстанған жоқ, сонымен бірге алғашқы халықтық мәдениет те осында дүниеге келгенін дәлелдеуге мүмкіндік береді.
2. Жартасқа сурет салу өнері – петроглифтер (Мыңшұңқыр, Өлеңті, Еңбек, Тесіктас, Шатыртас, Ақбидайық, Ақбауыр, Баянжүрек)
Көне заман суретшілерінің ашық аспан астында галереялар жасауы, ата-бабаларымыздың бізге қалдырған мұрасы – көне заман жайында дерек беретін жәдігер.
Петроглиф (лат. петро — тас және грек. глиф — жазу) — тақтатас, жартастарға салынған суреттер, бейнелер. Ежелгі П-тер соңғы палеолиттің ақырында п.б. Кейінгі тарихи-мәдени кезеңдерде қоғамдағы өзгерістерге байланысты дамыды. Петроглифтерде адамдар көбінесе жануарларды, адамдарды немесе күн құдайын, өздерінің неше түрлі салт дәстүрлерін салып отырған. Қазақстанда 200-ден астам жартас суреттерінің шоғырланған орын-дары белгілі болып отыр. Солардың ішінде жан-жақты зерттеліп, ғылыми айналымға түскендері: Мыңшұңқыр, Өлеңті, Еңбек, Тесіктас, Шатыртас, Ақбидайық, Ақбауыр, Баянжүрек болып табылады.
Бірінші Ақбауыр петроглифтері туралы айтсақ, бұл жер Шығыс Қазақстан жерінде Ақбауыр үнгірінің қабырғаларына салынған, олар қызыл күрең түсті жоса мен салынғаны анықталды, бұл жерде құрбандық шалынып, неше түрлі ырым-жоралғылар жасалған және де осы көріністерді тасқа салып көрсеткен.
Ақбауыр үңгірі – қола дәуірінен сақталған ескерткіш. Суретті үңгір Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Бестерек ауылынан солтүстікке қарай 3 шақырым жерде, Ақбауыр тауының етегінен табылған. Ақбауыр үңгірі таудың етегінен 5-6 метр биіктікте орналасқан. Оның алдындағы алаңда діни жиындар, құрбандық шалу т.б. рәсімдері өткізілген. Үңгір қабырғасында қызыл күрең түсті охрамен б.з.б. ІІІ мыңжылдықтың басында салынған суреттер бар. Негізінен, қос аяқты арба, өгіз, таутеке т.б. суреттері бедерленген. Олардың айналасында әртүрлі ирек сызықтар, нүктелер, үшбұрыштар, төртбұрыштар және адамдар бейнеленген. Бұл суреттер жердің құнарлы болуын, мал-жанның өсіп-өнуін білдіреді.
Тесіктас Қарағанды облысында Аксу-Аюлы ауданында орналасқан. Бұл үңгір тәрізес дер болып табылады, бұл жердін керегелері де төбесіде суреттермен қапталған,ол суреттерде көбінесе адамдар мен жануарлардың бейнесі кездеседі. Тесіктас жерінде геометриялық таңбалар мен бұқалардың да бейнесі бар, сол кездегі адамдар суреттерді қою қызыл табиғи бояумен салған.
Баянжүрек суреттері – Алматы облысындағы Ақсу ауданының Қапал ауылынан шығысқа қарай 25 шақырым жерде, Жетісу, Алатау сілеміндегі Баянжүрек тауында сақталған жартастағы суреттер. Олар құрамы мен мазмұны жағынан алуан түрлі. Суреттердің арасында қола дәуіріне жататын басын жан-жағына шашырай тараған, 7 сәуле көмкерген екі ғажайып бейне бар. Баянжүрек суреттерінің ішінен сақ және ғұн-сармат кезеңіне жататын көріністер де кездеседі. Жартастағы суреттердің көпшілігі, негізінен, салт атты сарбаздар бейнесінде берілген ежелгі түрік дәуірін сипаттайды.
Ақбауыр үңгірі – қола дәуірінен сақталған ескерткіш. Суретті үңгір Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Бестерек ауылынан солтүстікке қарай 3 шақырым жерде, Ақбауыр тауының етегінен табылған. Ақбауыр үңгірі таудың етегінен 5-6 метр биіктікте орналасқан. Оның алдындағы алаңда діни жиындар, құрбандық шалу т.б. рәсімдері өткізілген. Үңгір қабырғасында қызыл күрең түсті охрамен б.з.б. ІІІ мыңжылдықтың басында салынған суреттер бар. Негізінен, қос аяқты арба, өгіз, таутеке т.б. суреттері бедерленген. Олардың айналасында әртүрлі ирек сызықтар, нүктелер, үшбұрыштар, төртбұрыштар және адамдар бейнеленген. Бұл суреттер жердің құнарлы болуын, мал-жанның өсіп-өнуін білдіреді.

3. Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі.


Осыдан 5000 жыл бұрын адамдар мыс өндеуді үйрене бастады және мыстан жасалған құралдарды өндіріске енгізді.Бірақта металл тас құралдар қолданыстан шығып кеткен жоқ. Яғни тас пен мыстан жасалған құралдарды қолданған кезең бізде энеолит деп аталады. Бұл кезең б.з.б 3-2 мың жыл аралығын құрайды. Осы кезеңде ең алғаш қолданылған металл "мыс" болып табылады. (Энео -мыс, литос –тас). Мыс-тас дәуірінде екі ірі өзгерістер орын алды. Ең біріншісі аналық рудың(матриархат) орнына аталық ру (пвтриархат) қалыптаса бастады. Себебі сол кездегі егіншілік және мал шаруашылықтары,металлды(мысты)өңдеу көп күшті талап етті. Осының арқасында аталық ру қалыптасып, еркектердің рөлі арта бастады. Адамдардың даму барысында еңбек құралдарын үнемі жетілдіріп отырды.


Адамның жасағаны, ойлап тапқаны бәрі еңбек өнімі деп аталды. Тесені тас тісті ағаш соқа алмастырды, нәтижесінде еңбек өнімділігі арта түсті. Энеолитте қайтыс болған адамды қоныстың шетіндегі зиратқа жалғыз жерлеу, сонымен қатар қайтыс болған адамның бейнесін (маскасын) жасау дәстүрлері кездесті.Энеолит кезеңінде жаңадан діни түсініктер қалыптаса бастады.Мысалға анемизм, тотемизм, фетишизм, магия секілді ұғымдар қалыптасты.Қысқаша айтып кетсек “анемизм" жан мен рухтың барлығына сену,”тотемизм" адамдардың шығу тегін табиғатпен (жануарлар мен өсімдіктер) байланыстыру ,”фетишизм" байырғы адамдардың белгілі бір материалды затты ерекше қасиетті деп табынуы.Діни түсініктердің пайда болуын неандертальдықтардың жерлеу ғұрпынан байқауға болады .Олар өлімді мәңгі ұйқыға кету деп түсінгендіктен , адамды бір қырынан жатқызып, бір қолын басының астына салып жерлеген . Адамның маңайына киіктің мүйізін айналдыра қойған. Алғашқы адамдар бүкіл табиғатты жанды деп ойлаған.Күн мен айды Құдай деп табынған. Қайтыс болған адамдардың жаны аруақ денеден бөлек өмір сүреді деген.Ата-баба аруағына сиынып,оларға арнап құрбандық шалған.Адамдар табиғаттың дүлей құрылыстарынан өздерін сақтау үшін әр түрлі әрекеттер жасаған. Құлшылық еткен, құрбандық еткен билеген. Осының бәрі магиялық әрекеттер. Энеолит ескерткіштеріне Ботай және Шебір тұрағы болып табылады.
Қола дәуірі б.з.б 2-1 мың жыл аралығын қамтыды.Осы кезеңде адамдар қалайыны ашты,оны мыс пен қосу арқылы “қола" алынды. Қола еңбек құралдары еңбек өнімділігі арттыруға ықпалын тигізді.Мысалы тас балтаға қарағанда қола балтамен ағашты үш есе тез шабуға мүмкіндік туды.Қоладан жасалған құрал саймандар: балта,пышақ,қанжар, жебе және найза ұштары,қайла, әр түрлі әшекейлер жасалды.Ағаштан үй салу, жиһаз,соқа , дөңгелек, жасауға жеткізді. Металл құралдарды пайдалану дөңгелекті ойлап табуға және дөңгелекті кеңінен пайдалануға әкелді.Ал дөңгелек көлік адамзат баласының ерекше жетістіктерінің бірі болып саналады.Қола дәуірінде тұрғындар рулық тайпалық құрылымында өмір сүрді. Алғашқы қауымдық құрылыстың қола дәуірінің соңына қарай ыдырай бастауы басталып,қауым мүшелерінің малы көп байлар,соғыспен байыған қолбасылар шыға бастады. Малды туысқандар арасында бөлісу жеке меншікке әкелді.Көшпелілер малды өз меншігіне иеленіп,ал жер қауымның,рудың меншігінде қалды.Мал мүлік теңсіздігі шығуы барған сайын орнығып,әлеуметтік теңсіздік туғызды.Қола дәуірінде діни-наным сенімдер қалыптасып,жоғары дінбасылар абыздар пайда болды.Олар руды ежелгі салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптарын бұлжымай орындалуын қадағалады.Бұл дәуірінде мүддені “Жер ана" қойнына анасының құрсағында жатқан қалыпта қоюға тырысқан.Адамды қабірге оң жамбасымен қырындап жатқызған.Түсінігінше:О дүниеде тіршілік жалғасады. Заттарын бірге көмген.Қола дәуірінде андрон және Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптасты.Андрондықтар күнге,отқа табынған.Қола дәуірінде адамдар табиғат күшіне сыйынған. Тотемизм,фетишизм,анимизм ғұрыптары болды. Олар жыртқыш аңдардың тісін бойтұмар тақты.
4. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті.

Ботай мәдениеті – еліміз аумағында энеолит (энео – мыс, литос – тас), яғни мыстас дәуіріне жататын бірден-бір ескерткіш. Ол — энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жердегі Ботай қоныстарына байланысты аталған.


Қазба жұмыстарын жүргізген Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы (1981 — 83, жетекшісі В.Ф. Зайберт) 15 га жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылды. Олар қабырғалары бір-біріне жалғастырып салынған бірнеше тұйықталған бөліктерден тұрады. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған. Шаруашылық құралдары түрлі тастардан, балшықтан және сүйектерден жасалынған. Ботай мәдениетін жасаған тайпалар жылқыны қолға үйреткен. Тастан жасалған пышақ, қанжар, жебенің, найзаның ұштарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді. Сонымен қатар гарпун, ине, жуалдыз, тескіштер, тұмар және әшекей бұйымдардың кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді. Ботай мәдениетінің қалыптасуына Атбасар неолиттік мәдениетін жасаған тайпалары араласқан. Ботай мәдениеті Жайық пен Ертіс өзендерінің аралығын қоныстанған тайпалар мәдениетіне жатады. Ғалымдарды табылған ат сүйектерінің көптігі таң қалдырған.
Ботай мәдениетінің құндылығы жайлы археолог В.Зайберттің тұжырымдамасында: «Ботай қонысы Орталық Азия даласында жылқыны қолға үйретудің ең алғашқы археологиялық дәлелі іспеттес. Сонымен қатар қоныстан табылған керамикалық ыдыстардан липид пен сүт майларының қалдықтары табылуы – мұнда жайы­лымдық жылқы шаруашылығы болғандығының бір дәлелі. Яғни б.з.д. IV мың жылдықта қазақ даласында жылқы қол­ға үйретіліп, қымыз дайындалды. Со­нымен қатар ботайлықтар қола дәуіріне дейін екі мың жыл бұрын мыс құрал-саймандарды пайдаланды. Оларда сурет­шілік, зергерлік өнері ерекше дамыды. Кейбір артефактілердің жасалу шеберлігі таңғалдырады. Бұл мәдениет соңғы алты мың жыл ішінде, андронов, сақ-сармат, қаңлы, түрік-қыпшақ, бар. Кембридж университетінің археологиялық мұражайында Ботай жайлы арнайы көрме өткізіліп, дүние жүзі археологиясының ең үздігі ретінде аталды.
Мұнда тастан жасалған тоқпақтар, түрлі пішіндегі пышақтар, сан алуан қанжарлар, найзалардың ұштары, балық аулау үшін қолданылған шанышқылар, жылқы малына пайдаланған жүгеннің сүйектен әзірленген тетіктері, жылқыны ұстауға лайықталған ілгектер кездеседі. Ал үй-жайларды тұрғызу үшін балға мен қашауды, шот пен кескішті, ағаш қыратын заттарды қолданған екен. Сондай-ақ, ботайлықтардың тастан жасалған бұрғы мен шой балға, түрпі секілді қосымша құралдары да болған.«Ботай мәдениетін» зерттей келе, мұнда тері өңдеу ісінің керемет дамығанын, тігіншіліктің де кең өріс алғанын, керамикалық өндірістің болғанын дәлелдейтін көптеген заттар табылды. Ол заттарды жасау үшін ботайлықтар ат сүйегін кеңінен қолданып отырған. Ал жерлеу салты қандай болған деген сұраққа келер болсақ, мұнда тотемизмнің, бабалардың әруағына сыйынудың дәстүрін бірден аңғаруға болады. «Ботай мәдениеті» осындай өзінің өзгеше тарихымен, ерекшелігімен басқа мәдениеттерден бөлек екенін көрсетеді.

5. Қола дәуірі мәдениеттерінің шығу тегі мәселесі мен таралу аймағы.


Біздің жерімізде қола дәуірі б.з.б. екінші мыңжылдықта басталған.


Осы мәдениетке жататын үйлердің, жерлеу орындарының құрылыстары ірілігімен, тас қашау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Әдетте үйлердің қабырғалары бір-бірімен балшықпен байланыстырылып, ірі тастардан қаланған. Ішкі және сыртқы беттеріне тастың тегіс жағы қаратылған.
Қола дәуірінде Қазақстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мәдениет болған. Оның көнесі – Андронов мәдениеті (б.з.б. ХVІІІ-ХІІ ғғ.). Ал б.з.б. ХІІ-VІІІ ғғ. яғни соңғы Қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптасты.
1946 жылы қазақтың біртуар энциклопедист-ғалымы Әлкей Хақанұлы Марғұлан көне дәуір тарихын зерттейтін археологиялық экспедиция құрды. Ә.Х. Марғұлан және оның шәкірттерінің зерттеулері нәтижесінде Қазақстан жеріндегі Қола дәуірі ескерткіштерінің сыры ашылдыҚола дәуірінде Қазақстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мәдениет болған. Оның көнесі – Андронов мәдениеті көп таралған және жақсы зерттелген аймағы – Орталық Қазақстан. Андронов мәдениеті екі кезеңге бөлінеді: алдыңғысы – Нұра кезеңі; кейінгісі – Атасу кезеңі. Бұл кезеңдер Нұра, Атасу өзендері атымен аталады. Андронов мәдениеті алғашқы ескерткіші Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының маңындағы Андроново селосынан табылған, сондықтан осы селоның атымен аталады. Бұл кезде өмір сүрген тайпаларды шартты түрде андрондықтар деп атаймыз. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің атауы Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обаларға байланысты қойылған.
Андронов мәдениетіндегі жерлеу орындары:
а) Нұра кезеңінің жерлеу орындары кішігірім қазандай жалпақ тастарды жерге жартылай батырып орнатқан қоршау түрінде болып келеді. Қоршау пішімі әртүрлі – дөңгелек, тік төртбұрышты, шаршы түрінде кездеседі. Қабір қабырғалары кішігірім жалпақ тастардан қаланған тас сандық сияқты, тас сандықты циста деп атайды.
ә) Атасу кезеңінің жерлеу орындары да Нұранікіндей дөңгелек, төрт бұрышты қоршаулар болып келеді. Қабірлері үлкен қақпатастардан салынған, тас сандықтар жоқ. Кейде жер қабір, кейде ағаш қорщау түрінде де кездеседі. Бұл кезеңде қос қабір (бір қоршау ішіне) немесе көп адамды бір зиратқа жерлеу кездеседі. Айшуақ кешенінің қоршауы – соның дәлелі. Мұнда 6 адамды бір үлкен зиратқа жерлеген.Беғазы-Дәндібай мәдениетінің жерлеу орындары: үйлердің, жерлеу орындарының құрылыстары ірілігімен, тас қашау, тас қалау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Қабырғаларына екі қатар болып қаланған тастар бір-бірімен иленген балшық арқылы байланыстырылып, ішкі, сыртқы жақтарына тастың тегіс беттері қаратылып қаланған.Андронов мәдениетіндегі адамды жерлеу ғұрпы: а) Нұра кезеңінде көбінесе адамның сүйегін жартылай өртеп қойған, кейбір зираттарда адамды өртемей қою ғұрпы да кездеседі. ә) Атасу кезеңінде адамды сол күйінде жерлеген, өртеу ғұрпы сирек кездеседі.Беғазы-Дәндібай мәдениетіндегі адамды жерлеу ғұрпы: үлкен патриархалды отбасыларға арналған, көп адам жерленген зираттардың орнына бір-ақ адам жерленген үлкен жерлеу құрылыстары кездеседі. Бұл – осы кезеңдегі ру, тайпа көсемдерінің, беделді бай адамдардың зираты.Ыдыс жасау ерекшеліктері: Андронов мәдениетінің Нұра кезеңіндегі қыш ыдыстардың иіні дөңгеленіп келсе, Атасу кезеңі ыдыстарының мойнынан бүйіріне ауысар тұсы тіктеу болып келеді. Нұра кезеңі ыдыстарындағы өрнек мойнынан бүйіріне дейін біртұтас, Атасу кезеңі ыдыстарында өрнек ыдыстың мойнына, ортан беліне, кейде түп жағына да салынған. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ыдыс жасау ерекшеліктері: ыдыстардың ернеуі тік, бүйірі шар тәріздес болып томпайып келген, түбі тегіс. Құмыра өрнектері – тарақ жүзді, үзік сызықты үшбұрышты, ұштаған таяқшамен салынған және батырып салынған таға сияқты, моншақ, түйін өрнектер кездеседі.Тарақ жүзді және үзік сызықты үшбүрышты өрнектер көп кездеседі. Қола дәуірінде Шығыс Қазақстан жерінде тау-кен өнеркәсібі және металлургия жақсы дамыды.Солтүстік пен Батыс Қазақстан жерінде қола дәуірінің 150-ден аса қонысы, 200-ге тарта қорымы зерттелген.Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы қола дәуірі ескерткіштері аздау зерттелген. Аралдың шығыс жағында орналасқан Түгіскен кесенелері Беғазы-Дәндібай ескерткіштеріне қатты ұқсайды. Айырмашылығы: Беғазы-Дәндібай кесенелері ірі гранит тастан салынса, Түгіскен кесенелері шикі кірпіштен қаланған.

6. Қола дәуіріндегі өнер: петроглифтер. Ешкі өлмес, Тамғалы кешендеріндегі тасқа қашалған суреттер.


Қола дәуірінде өнер түрлері, оның ішінде петроглифтер, яғни жартасқа сурет салу өнepi дами бастады. Ерте заманның суретшілері жартастың теп-тeгic жазық бетіне аңдардың, адамдардың бейнесін немесе белгілі бip сюжеттік желіге кұрылған тұтастай композицияны шекімелеп түcipгeн. Жартастағы суреттер - нәзік те, күрделі өнер, оның кұпиясын түсініп, мән-мағынасын ашу үшін зерттеуші археология, тарих, этнография, геология, өнертану және мифология салаларынан хабардар болуы керек. Олар жартастағы суреттер арқылы айналада болып жатқан құбылыстарды, өздерінің білетін білімімен тәжірибесін, өздері жөніндегі мәліметтерді символдармен кейінгі ұрпаққа бере білген.


Өнердің көне ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарында, әсіресе, Жетісу, Баянауыл, Қарқаралы, Маңғыстау, Қаратау, Шыңғыстау, Іле Алатауы, Тарбағатай, Алтай тауларында жартас гравюралар жиі кездеседі.Көне заман суретшілерінің ашық аспан астында галереялар жасауы, ата-бабаларымыздың бізге қалдырған мұрасы – көне заман жайында дерек беретін жәдігер.
Қола дәуірінде, ертедегі көшпенділер заманында ежелгі тайпалардың мифологиялық сюжеттері мен аңыз әңгімелерінің негізінде жасалған көп пішінді композициялар пайда болған.Орта ғасырлардағы жартасқа сурет салу өнері бұрынғы қалыптасқан дәстүрде дамыды. Бұл заман суреттерін көне петроглифтердің үстіне салу мұнда жиі кездеседі. Кейбір орта ғасырлық петроглифтердің жанында жазулар да бар. Кейінірек қазақтар өмірінің этнографиялық сюжеттерін бейнелейтін петроглифтер пайда болды. Жер асты суларының мол қоры мен ұлан-ғайыр жайылымды жердің болуы аумақтық және экономикалық жағынан Ұлытау көшпелі малшыларға ұзақ уақыт тұрақты қоныс болған.Жартастағы суреттерден ертедегі темірқорытушылардың, көшпелі керуеншілердің, малшылардың өмірінен деректер беретін сызбаларды көруге болады. Түйелі керуендер мен салт аттылар топтары бейнеленген петроглифтердің сюжеттері қазақтардың Желмая жайлы көне аңызымен үндеседі. Қола дәуірінің петроглифтері діни нанымдарды, аңшылық сахналарын, тұрмыстық, әдет-ғұрыптық сюжеттерді бейнеледі.Суретшілер нүктелі әдіспен қашап, бояу, сызу арқылы көшпелі тұрмысты, шабандоздарды, жабайы аңдардың бейнелерін – құлан, барыс, бұқа-тұр, қасқыр, жабайы жылқы тағы басқаларды анықтап көрсеткен. Жануарлар жанды қимыл үстінде көрсетілген. Ертедегі шеберлер қос өркешті түйенің тәкаппар келбетін, тұлпарлардың сымдай сымбатын, бұғы мен киіктің әсемдігін, барыстың серіппеше атылуға әзір тұлғасын көрсете алған.Петроглифтерде мифологиялық сюжеттер, діни-нанымдар, әдет-ғұрып сахналары – «Көкке табыну», «Құрбандық шалу салты», «Көк Тәңірге жол тарту» көріністері бейнеленген. Сондықтан да, қажылыққа барып тәу етушілер мен мистиканы әр түрлі жақтаушылар мұнда жиі келеді. Петроглифтердің көп бөлігі қазіргі уақытта адамның аяғы жете алмайтын, шығуға келмейтін биік тік тастарға салынған. Ертедегі суретшілер аттардың керемет сымбаты мен мінезін бере алған. Тамғалы археологиялық кешені. Тамғалы немесе Таңбалы деп аталатын петроглифтер Жетісу өңіріндегі ең ескі тарихи мұралардың бірі. Тас кешен 2004 жылы халықаралық дәрежеге ие еліміздегі ескерткіштердің қатарына қосылды. Шатқалдағы тастың бетіне түскен керемет суреттердің алғаш табылған уақыты – 1957 жылдың 19-қыркүйегі. Оның тарих бетіне шығуы А.Г.Максимовтың жетекшілігімен жүргізілген КСР Ғылым Академиясы Тарих және археология институтының Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының Жетісу отрядына тікелей байланысты. Бұл орын ашыла сала, әлемдік ғалымдардың назарын аудартып, 2004 жылы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұрасының қатарына кірді.Тамғалыдағы петроглифтерді ең құнды тарихи мұра ретінде санауға негіз бар. Таста салынған суреттердің барлығы да пикетаж техникасымен түскен, тек кейбірі тас пен темірдің көмегімен ойылған екен. Бағзы замандағы тас қашаушылар өз суреттеріне мүлде бояу қолданбаған. Ол суреттер орта, кейінгі қола дәуірі, ерте сақ, ерте темір, ерте түрік, жаңа заман дәуірлері секілді түрлі ғасырларға жатқызылады. Ғалымдар мұндағы петроглифтердің ішіндегі ең кереметі орта қола дәуірінде салынғанын анықтап отыр. Олардың эстетикалық, мәдени құндылықтары жоғары. Петроглифтерде күнбасты құдайлар, шоқпар ұстағандар, қасқыр бетпердесін киген садақшылар, қару ұстаған жауынгерлер, мал мен адамды құрбандыққа шалған суреттер, босанып жатқан әйелдер, эротикалық көріністер, арба мен түрлі символдар, жабайы аңдар, жылқы мен түйе, қабан, қасқыр, түлкі, бұғы секілді белгілерді табасыз. Бұл сол кезеңде өмір сүрген адамдардың ойының кеңдігін, қиялының ұшқырлығын көрсететіні анық.Тамғалы шатқалы Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 170 шақырым жерде, Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс беткейінде орын тепкен. Ілгеріде айтылған петроглифтер өте кең алқапты, шамамен 3х10 шақырымды құрайды. Ерекше, маңызды бөлігі болып, 250 мен 500 метрді алып жатқан, құрамына екі мың тасқа қашалған сурет кіретін алқап саналады. Бұл орын әсемдігімен, кең көлемде ерте замандағы адамдардың тыныс-тіршілігін, таным-түсінігін толық ашып білуге жетелейтін құнды әлемдік маңызды орындардың біріне айналған.
Тамғалының Таңбалы деп аталуына тікелей жергілікті жұртшылықтың тигізген әсері бар. Себебі, ондағы таңбалардың көптігіне байланысты халық Таңбалы деген атау таққан. Жартылай шөлейтті жердің табиғаты көрген көзге керемет әсер қалдырады. Қалың бұта бойлай өсіп, көктем мезгілінде гүлмен көмкеріледі. Тамғалыдағы тамаша қырма суреттерден бөлек сирек кездесетін өсімдіктер мен жабайы аңдар жетерлік. Атап айтқанда, қасқыр, түлкі, қоян, жылан, құстардан бүркіт, сұңқарды көруге болады. Алайда, келген адам әсем табиғаттан гөрі, ашық аспан астындағы суреттердің галереиясына қаттырақ қызығатынын мойындау керек. Мемлекет деңгейінде қорғалып келе жатқан Тамғалыға он энциклопедия арналған, сонымен қатар «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Мультимедиялық энциклопедия коллекциясына» енгізілді. Алғаш петрлогифтерді тапқан А.Г. Максимовтың жетекшілігіндегі экспедицияның құрамындағы А.А. Попов осы тарихи құнды жерді алғаш суретке түсіріп алған еді. Содан кейін зерттеушілер Қарақұдық аталатын шатқалдағы зираттарды зерттеуден өткізді. Максимов осы орынды ашқан ғалымдардың бірі реінде күнделік жазып, кейін келе ол кітап болып жарыққа шықты. «Тамғалы шатқалындағы қырма суреттер» деген атау алып, көлемді, тарихқа үлкен үлес қосқан дүние көпшіліктің қолына тиді.

7. Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени факторлар.


Көшпелілер немесе көшпелі қоғам, көшпелі өркениет дегеніміз — негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып, күнкөрісінің көзі мал өнімдерінен тұратын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік-экономикалық,саяс қауымдастығы және өркениеті. Көшпеліліктің шығуы, көпшілік жағдайда, географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты. Сондықтан да көшпелілік белгілі бір нақты тарихи кеңістіктерде ғана таралды. Көшпеліліктің пайда болуы — белгілі бір климаттық жағдайлар, экологиялық ұяның шектеулі мүмкіндіктеріне, табиғи ресурстарға байланысты. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық, табиғи-климаттық аймақтарда қалыптасады.


Көшпелі малшаруашылығының қалыптасуы. Қазақстан аумағының табиғи және климаттық ерекшеліктері, яғни экожүйесі жергілікті тұрғындардың шаруашылық түрінің қалыптасуына ежелден-ақ тікелейәсер еткен. Ежелгі тұрғындар тіршілік ортасының өзгеруіне қарай біртіндеп егіншіліктен малшаруашылығына көше бастады. Шамамен б.з.б. ІІ мыңжылдықтың соңындағы қуаңшылық жағдайында егіншілікпен айналысу тиімсіз болды. Қазақстан аумағының басым бөлігін шөлейт жерлер алып жатыр. Күн радиациясы өте жоғары, қуаңшылық жиі орын алып отырады.Су көзі мен жайылымдық жерлердің тапшылығы, аумақтағы өсімдіктердің жеткіліксіздігі табиғи мал азығы қорының тарылуына әкелді. Жер құнарлығы төмендеп, эрозияға ұшырау қаупі артты. Біртіндеп мал басының саны көбейді. Мұның бәрі адамның өмір сүру ортасына икемделіп, әлеуметтік-мәдени бейімделудің ерекше түрін таңдауына мәжбүр етті. Ол көшпелі малшаруашылығының орнығуына жеткізді. Жайылымдық алқаптарды егіншілік мақсатында пайдалану өнімділікті арттырмады. Ұлы даладаегіншілікке аса тиімді балама ретінде көшпелі малшаруашылығы дамыды. Археолог К. Ақышевтің пікірі бойынша, Қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығының қалыптаса бастауы қола дәуірінің соңы, темір дәуірінің басына, яғни б.з.д. IX—VII ғасырларға дәл келеді. Осы кезден бастап, Орталық, Батыс Қазақстан жерінде меридиан бойымен көшу, ал Шығыс Қазақстан мен Жетісуда қыста жазықтар мен қар аз түсетін таулардың қойнауын қыстап, жазда биік таулы жайлауларға көшу қалыптасқан. Оңтүстік Қазақстан аймағында ерте заманнан-ақ көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы шаруашылық пен тұрмыс орын алған. Төңкеріске дейінгі кезде қазақтардың шаруашылығының басты саласы мал өсіру болды. Қазақтардың негізгі байлығын қой мен жылқы құрайтын. Көшпелі қазақтың дәулеті мен атағы жылқысының санымен өлшеніп, есептелетін. Жылқының шаруашылықтық маңызы зор болғандықтан көшпенділер үшін оның алатын орны ерекше. Бәрінен бұрын жылқы төзімді әрі жыл бойы жайылып шығуға бейімді жануар болып табылады. Жылқы өсіру көшпелі шаруашылық жүргізуге аса ыңғайлы етті. Жылқы көшпендіге жаз мезгілінде жақсы сақталатын дәмді де жұғымды ет, көне замандардан күні бүгінге дейін жеткен сүйікті сусынымыз – қымыз әзірленетін сүт, көшпендіге өте қажетті берік арқан есуге керекті қыл, аяқ киім үшін былғары беретін.
8. Ерте темір дәуірі хронологиясы мен археологиялық мәдениет ескерткіштері.
Темір дәуірі – адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең. Бастаулары темір металын игерумен және оны кеңінен қолданумен сәйкес келетін бұл кезеңді ғылым тарихында «темір дәуірі» деген тұрақты атаумен белгілеуді алғаш рет 19 ғ-дың ортасында К. Томсен ұсынды.
Біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезең арасында темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Қазақстандағы темір дәуірінің басы б.з.д. VIII - б.з. VI ғасырларына жатады. Ал ерте темір дәуірінің хронологиясы: б.з.д. VIII - б.з.д. III ғ. Кейінгі темір дәуірінің хронологиясы: б.з.д. III - б.з VI ғ. Көптеген тайпалар үшін темірді ашу және кеңінен пайдаланудың бастапқы кезеңі б.з.б 8 ғасыр болды. Б.з.б 8-7 ғасырларда көптеген тайпалар үшін темірді ашу және кеңінен пайдалану оларға жаңа өзгерістер болды.Еуразия даласында темір игеру алғашқы қадам жасалған өңірлер Қазақстан мен Сібір өңірлері еді.
Археологиялық мәдени ескерткіштері.
Сырдария, Талас, Шу жерлерінен сақтардың ескерткіштері көптеп табылды. Оңтүстік Қазақстандағы сақ тайпаларының ең көне ескерткіштері Түйіскен мен Ұйғарақ. Б.з.б 8-5 ғ Түйіскен мен Ұйғарақ ескерткіштері Арал теңізінің шығыс жағында салынды.Бұл оболарды қазу барысында үш қырлы жебе,ат ауыздық,ер тұрман және т.б бұйымдар табылды.Бұл ескерткіштерді Массагеттер тайпалары қалдырған.Жетісу жеріндегі сақ ескерткіштері Бесшатыр,Берел және Есік .Б.з.б 5-4ғ Бесшптыр обасы Желшалғыр тауының етегінде орналасқан.Бесшатыр қорымында 31 оба жиынтығы баржіне оны патша қорғандары депте атайды.Обадан семсер-ақинақ,темір пышақ,ақық моншақ , шаш түйрегіштер және т.б заттар табылған.Алматының күншығыс жағындағы Іле Алатауының баурайындағы жазықта 40-тан астам оба орналасқан ескерткіш Есік.Есік обасы б.з.б 5-4ғ салынған және ол жерден алтын киіммен жерленген сақ ханзадасы табылған.Есік обасынан 4000-нан астам бұйымдар және күміс табақша табылған . Ерте темір дәуірінде кездесетін археологиялық ескерткіштер олар обалар. Мысалға Арал төбе, Шілікті, Талды, Тақсай ханшайым обасы және т.б. Ерте темір дәуіріне жататын қалалар – Шірік-Рабат,Чигучен, Бәбіш-Молда.
9. Тасмола мәдениеті: қорғандар мен материалдық мәдениеттің ерекшеліктері.
Тасмола мәдениеті - Орталық және Солтүстік Қазақстан өлкелерінде ерте темір дәуірінде өркендеген.Тасмола мәдениеті қамтыған аймақтар-Қарағанды, Ақмола, Павлодар. Сарыарқаның ерте темір дəуірі ескерткіштері "тасмола мəдениеті" деп аталады.Алғашқы ескерткіштері табылған жер – Павлодар облысының Екібастұз ауданындағы Тасмола өңірі. Бұл мəдениетті исседон тайпалары қалдырған.Тасмола мәдениетінің ерекшелігі – “мұртты обалар”. Мұртты обалар – ерте темір дәуірінен сақталған (б.з.б. 7–4 ғасырлар) Сарыарқа даласына тəн ескерткіштер.
Мұртты обалар Сарыарқаның ерте темір дәуіріндегі тасмола мәдениетінің ғұрыптық ескерткіштері болып саналады. Құрылымдық жағынан да, семантикалық өрісі жағынан да күрделі құрылыстарға жатады. Ол екі жерлеу орнынан тұрады. Обалардың біреуіне адамды, екіншісіне атын жерлеген. Обалардан шығысқа қарай тастан қаланған мұртқа ұқсас екі тас құрылыс тартылған.
“Мұртты обалардың” 4 түрі кездеседі. Біріншісі – үлкендеу обаның шығыс жағынан салынған кішілеу оба. Екіншісі – екі оба оңтүстіктен солтүстікке қарай қатар салынады. Үшіншісі – алдымен үлкен оба салынады, оның үстінен кіші оба тұрғызылады. Төртіншісі – үшіншіге ұқсас, бірақ бұл обалардың ара жігін қазба барысында ғана анықтауға болады.“Мұртты обалар” бағдаршам рөлін атқарған. Белгілі бұрышпен салынып, оңтүстік, солтүстік, батыс, шығысты көрсеткен. Мұртты қорғандардың шығысқа қарай бағытталуының себебі олардың күнге табынғанын білдіреді. Мұртты оболар Сарыарқа және Орталық Қазақстан аймақтарында көп таралған. Тасмола мәдениеті ескерткіштерінің өте аз зерттелген соңғы екі түрін ежелгі кен алған орындар мен петроглифтер құрайды. Мыс., алтын, т.б. металдар өндірілген кен орындарының бірқатары Солт. Балқаш өңірінде (Тесіктас, Саяқ, Сорқұдық, т.б.), Нұра өзенінің жоғарғы алабында (Алтынсу, Бесшоқы), т.б. аумақтарда белгілі. Солт. Балқаш өңірінде, Абыралы-Дегелең таулары маңында, Нұраның жоғ. бойында, Баянауыл тауларында және бірқатар орындарда ашылған петроглифтер қашау әдісімен орындалған аң, адам пішіндерін, аңшылық көріністерін, садақшылар қақтығысын және жайылып жүрген тағы аңдар мен үй жануарлары үйірлерін, түйе жегілген арбаларды, түйе керуенін бейнелейді. Обалардан алынған заттық деректерге сипаттама беруші мәліметтер танымал үш бөлікті құрайды: а) қару-жарақтар; ә) ат әбзелдері; б) ғұрыптық заттар, әшекейлер, тұрмыстық бұйымдар. Тасмола қоғамында қола құю ісінің үздік шеберлері болды. Материалдық мәдениеттің жетекші категорияларының бәрі дерлік қоладан жасалған. Сонымен қатар темір бұйымдар (пышақтар, сулықтар, тоғалар) 1-сатының (б.з.б. 7 – 6 ғ-лар) өзінде-ақ пайда болған. Ерте кезеңнің екі қанатты ұңғылы және біршама ұзындау үш қанатты шыбықты жебе ұштықтары генетик. тұрғыдан алғанда беғазы-дәндібай мәдениетінің жебелерінен бастау алады. Осы кезге сабы қырлы, басы саңырауқұлақ іспетті қанжарлар, құрама жауынгер белдіктері тән. Ат әбзелдеріне ауыздықтар, үш саңылаулы қола немесе сүйек сулықтар жатады. Ғұрыптық заттардан артқы беті ілмекті дөңгелек қола айналар, шағын, кейде 4 – 6 аяқты тас құрбандық ыдыстары ұшырасады. Қолөнеріне алтыннан жасалған жолбарыстың пішіндері, таутекенің қола мүсіндері, қабан мен бұлан бедерленген қола айналар, шиыршықталған қабан тәрізді мүйіз қапсырмалар жатады. “Хайуанаттық нақышта” дайындалған көп тұлғалы композициялардың бірі, мүйіз қапсырмадағы көрініс – алыстағы Туваның “алдыбел” ескерткіштеріне ұқсас. Табылған зергерлік бұйымдар сіркелеу, бедерлеу әдістерімен көркемделген.
Тасмола мәдениеті жоғары дамыған, мүліктік теңсіздік белгілері терең белең алған, дамыған қоғамдық құрылым түрінде сипатталады. Тасмолалықтарда металлургия мен металл өңдеу гүлденіп, экономикасының негізі көшпелі мал ш. болған. Шашыраңқы шаруашылыққа бірнеше туыстас отбасылардан тұратын кішігірім қауымдар жүйесі сәйкес келді. Мәдениетінің қалыптасуы мен ерекшеліктері осының алдындағы беғазы-дәндібай заманы қоғамының экожүйесінде туындаған бағыттардың нәтижелері ретінде бой көрсетеді.
10. Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы.
Ерте темір дәуірінде қазіргі қазақ жерінде сақ, сармат, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары өмір сүрді. Сақтар мен сарматтар. Б.з.д. 1 мыңжылдықта Қазақстан жерінде, Орталық Азияда, кейінірек Ауғанстан мен Солтүстік Үндістанда сақ деген жалпы атауы бар тайпалар мекендеген. Дәл осы заманда Солтүстік Қара теңіз, Днепр өзені бойын скиф деп аталатын тайпалар жайлаған. Олар мәдениеті жағынан сақтарға туыстас болған. Осы кезде Еділ жағалауында, Орал тауының оңтүстікшығыс бетінде савромат тайпалары өмір сүрген.Геродот сақ және скиф тайпаларының туыстығын көрсете келіп, олардың ортақ «сколот» деген атпен де белгілі екендігін айтады.
Геродоттың айтуы бойынша, бұл тайпаларға скиф деген атауды гректер берген. Олардың тегі Азиядан шыққан.Көне парсы жазба ескерткіштеріне жататын «Персеполь», «Бехистун» жазуларында тур тайпаларының ортақ атауын сака деп береді. Біраз кейінірек табылған жазбаларда сақтарды ендігі жерде үш топқа бөледі. Олар — парадарайя сацтары, тиграхауда сацтары және хаомаварга сақтары. Парадарайя сақтары дегеніміз — теқіздіқ арғы жағындағы сақтар. Бүгінгі күні көп зерттеушілер парадарайя сақтарының мекендеген жерін Қара теңіз жағалауы деп есептейді. Тиграхауда сақтарының негізгі орналасқан жері Каспий теңізінің шығысынан Жетісуға дейінгі аймақ деп көрсетеді. Ал массагеттер осы тиграхауда сақтарының грек жазбаларындағы атауы деген пікірлер де бар.Тиграхауда сақтары жөніндегі деректерді Ахеменид патшалары II Кир мен Дарийдің оларға қарсы жасаған жорықтары жөніндегі жазба мәліметтерден де білеміз. Олар осы күнгі Ташкенттің маңайын, Тянь-Шаньды мекендеген.
Грек жазба деректерінде хаомаварга сақтарды кейде амюргия сацтары деп те атайды. Олар Ежелгі Бактрия мен Маргиана аймақтарында, яғни Әмудария мен Мұрғаб өзендерінің жағалауларында орналасқан. Сонымен қатар хаомаварга сақтарының біраз топтары қазіргі Ташкент облысын, Ферғана маңын жайлаған.Көне грек тарихшыгеографы Страбонның хабарлауынша, массагеттердің солтүстігінде дах (дай) тайпалары өмір сүрген. Бұл, шамамен Аралдың оңтүстігі мен Каспий теңізінің шығысы болса керек. Б.з.д. III ғасырдан бастап массагеттердің аты көп аталмайды, олардан гөрі дайлар (дах) тарихи мәліметтерде көбірек аталып, бұлар Каспийдің оңтүстік-шығысынан Парфия шекарасына дейінгі жерді алып жатты.«Авестада» сайрим деген тайпалар жөнінде айтылады. Осы сайрим тайпаларын кей ғалымдар грек деректеріндегі савромат, сарматтар деп есептейді. Олар Каспийдің солтүстік-батысынан Азов теңізіне дейінгі аралықты жайлаған. Бұлардан солтүстікке қарай Жайық өзені бойына аргиппейлер орналасқан. Аргиппейлерден шығысқа қарай исседондар жайлаған. Олардан солтүстік-шығысқа қарай аримаспылар мен «алтын қорыған самұрық» тайпалары орналасқан.Сонымен, ғалымдардың тұспалдауы бойынша, аргиппейлер қазіргі Солтүстік, исседондар — Орталық, ал аримаспылар Шығыс Қазақстан жерін мекендеген. Бұл аталған тайпалар Қазақстан жерінде б.з.д. VIII—IV ғасырлар аралығында өмір сүрген. Бұлар өзара мәдениэтникалық жақын, туыстас тайпалар болған. Сақ тайпаларының әлеуметтік және мемлекеттік құрылысы. Қазақ мемлекеттігінің тұптамырын зерттеуді сақ, үйсін, қаңлы және ғұн тайпаларының әлеуметтік құрылымынан бастаған жөн. Ғылымда бұл көшпелі тайпалардың әлеуметтік құрылымы аз зерттелген.
Сақтар мен үйсіндер өмір сүрген (б.з.д. VIII ғ. — б. з. V ғ.) көшпелі қоғамда малға жекеменшіктің шығуына байланысты қоғам байлар мен кедейлерге бөлінді. Сөйтіп, мемлекеттік құрылымның пайда болуы жүзеге асты. Сақтардың мемлекеттік құрылымынан олардың көршілері Ахеменидтік Иран мен ГрекБактриялық мемлекеттердің әсерін байқауға болады. Ал үйсіндерден Хань (Қытай) патшалығының әсері сезіледі. Сақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастарды қалпына келтіруде жазба деректері мардымсыз, сондықтан археологиялық деректердің маңызы ерекше.
Алғашқы кездегі сақ қоғамын әскеридемократиялық жүйе деп түсіну керек. Ал әскери-демократиялық қоғамда ел басқару тізгіні тайпа көсемдерімен қатар қолбасшылардың, батырлардың қолында болады. Әскери демократия заманында байлық тек шаруашылықты ұйымдастыру жолымен ғана емес, басқа жұрттардың мал-мүлкін тартып алу арқылы да жасалады. Түскен олжа жауынгерлер арасында тең бөлінбейтін. Тайпа көсемдері, қолбасылар, батырларға үлес бастапқыда көбірек, кейіннен тіпті толығымен тиетін болды. Бұл кейін мүлік теңсіздігіне әкеліп соғып, қоғамда байкедей топтар қалыптаса бастады. Бұл әлеуметтік теңсіздікке, таптық жіктеліске алып келді. Соңында таптың қоғамдағы меншікті қорғайтын, әлеуметтік қайшылықтарды шешетін, өндіріс пен соғысты, қорғанысты ұйымдастыратын аппарат — мемлекет пайда болды. Антикалық авторлардың деректері бойынша, сақтарда патшалар мен патшайымдар болған. Олардың қол астындағы жұртына әмірі күшті болды. Сақ патшалары соғыс пен бейбітшілік мәселесін шешті, басқа елдерге елші тағайындады, сырт елдермен одақ құру мәселесіне басшылық жасады, әскерді басқарды. Патшаны бір рудан ғана сайлады. Егер патша өлсе, оның орнына інісі патша болып сайланды. Үлкен мемлекеттік істерді шешуде патша кейде ел құрылтайын шақырды. Бұл сақтардың мемлекеттік жүйесінде демократиялық қағиданың болғандығын көрсетеді. Антикалық автор Аррианныц дерегіне сүйенсек, сақ патшасы елді өзінің сатраптары (қызметшілері) арқылы басқарды. Олар патшанық белгілі бір аймақтағы немесе тайпадағы өкілі болып есептелді. Сақтардың басқару жүйесіндегі келесі бір буын — әскеритайпалық ақсүйектер болатын.Сақтардың әлеуметтік құрылымы жөнінде тікелей жазба деректер жоқ. Сақтармен мәденигенетикалық туыстас, қоғамдық дамуы деңгейлес скиф тайпалары жөніндегі жазба деректерді сақтар тарихына қатысты ғалымдар жиі пайдаланады. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, сақтардың әлеуметтік құрылымында қоғамдыңәлеуметтік сатының ең басында патшалық ру тұрған. Патша тек сол рудан ғана сайланған. Бұл дәстүр жерімізде сақтардан кейін өмір сүрген ғұндарда, одан түріктерде, тіпті бергі Қазақ хандығында да жалғасын тапқан. Алтайдағы Берел, Шілікті, Жетісудағы Бесшатыр, Есік, Тарбағатайдағы «патша қорғандары» сақтардың патша әулеті мен ел басқарған ірі ақсүйектердің молалары. Сақтардың Қазақстан аумағындағы ғана емес, тіпті Еуразия құрлығындағьі ең көне мемлекеттігінің жәдігерлері (б.з.д. VIII ғ.) Шілікті даласында зерттелді. Ұзын саны 200ден астам сақ-үйсін мәдениеттерінің ескерткіштері шоғырланған бұл жазықта сақтардың қырықтан астам ірі патша обалары бар. Соңғы зерттеулердің нәтижесінде үш ірі патша обасы зерттелді. Соның «Бәйгетөбе» деп аталатын біреуінен алтын киімде жерленген ерте сақ мемлекеті патшасының мүрдесі ашылды. Мола ерте замандаақ тоналып кеткен екен. Тоналғаннан қалған алтын түймелер, қаптырма әшекейлер мен зергерлік бұйымдардың саны 4000нан асады. Есіктен ашылған белгілі алтын киімді адам жерленген ірі оба, Бесшатыр, Боралдай үлкен ғимаратты ескерткіштері (б.з.д. VI—IV ғғ.), т.б. — сақ қоғамында терең әлеуметтік және мүлік теңсіздігінің, таптың жіктелістің, мемлекеттің болғандығының куәсі. Скифтер мен сақтарда ел басқарудың ұлыстың қағидасы болғанға ұқсайды. Олардың патшалығы үш бөлікке бөлініп басқарылған. Ел басқару жүйесінде, қоғамның келесі әлеуметтік биік тұғырында тайпа, ру көсемдері, ақсүйектер тұрды. Антикалық жазба деректеріне сүйенер болсақ, скифтердің осындай ақсүйектерінің сыртқы ерекшелігі — олардың ерекше цалпац киюі. Сақтар мемлекетінде жауынгерлердің, әсіресе қолбасшылар мен батырлардың орны жоғары. Патша маңайындағы нөкерәскердің де қоғамдық байлықтан алатын үлесі мол болған. Мемлекеттің келесі бір әлеуметтік тобын абыздар, сәуегейлер, бақсылар, емдомшылар құрады. Бұлар да сақ қоғамының сыйлы адамдарына жатты. Жалпы, ғылымбілім әлі дұрыс дамымаған ерте кездегі, тіпті орта ғасырлардағы мемлекеттерде елді өзінің тылсым өнерімен соңынан ертетін, діни сеніммен ұйытатын адамдар сол заманның идеологтерінің рөлін атқарған. Сондықтан діни адамдар мен олардың арасынан шыққан үлкен басшылармен, көрнекі тұлғалармен кейінгі замандардағы мемлекеттер де санасып отырған. Сақ мемлекетіндегі келесі әлеуметтік топ — қауымның еркін мүшелері. Мемлекеттің көпшілік халқын да осы әлеуметтік топ құрады. Олардың әрқайсысының өз меншік малы, жеке үй-жайы, шаруашылығы болды. Бұлардың еркек кіндіктілері тыныштық кезде өз шаруашылығымен айналысты да, соғыс кезінде әскер сапынан табылды. Сақтардың кішілеу, орташа қорғандары осындай еркін қауым мүшелерінікі. Олардың барлығына жуығынан жебенің ұшы, қанжар, найзаның ұшы сияқты қарулар табылуы жоғарыда айтқан ойымызды дәлелдейді. Сақтардың ерлерімен қатар әйелдерін де кейде қарумен жерлеген. Мұның өзі сақ әйелдерінің де жауынгер болғандығын көрсетеді. Сақскиф қоғамында өз малы, мінетін аты, қосын тігетін арбасы жоқ өте кедейкепшіктер де болды. Олар қоғамның басқаларға тәуелді бөлігін құрады. Сақ мемлекетіндегі әлеуметтік сатының ең төменінде құлдар болды. Әдетте, басқа елді жаулаған кезде қолға түскен тұтқындар құлға айналдырылатын. Жалпы көшпелілердегі құлдың мәселесі — көп талас тудырған мәселе. Бұгінгі ғылыми тұжырымдар бойынша, көшпелі елдерде құлдың отырықшы елдердегідей аса дамымаған. Көншелілерде құлдықтың тек алғашқы түрі — үй ішілік түрі ғана болатын. Яғни, құлдар қоғамдық өндірісте елеулі рөл атқармаған, тек ауқатты адамдардың есігінде жүріп, үй ішілік жұмыстар атқарған. Сонымен сақ қоғамы — патшасы, нөкер жасақтары, ел басқарушылары, елшілері, әскері, діни идеологтері, байлары, кедейлері, құлдары бар қоғам болған. Ал мұндай әлеуметтік құрылымды басқару мемлекеттіліксіз мүмкін болмағандығы анық.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет