Қазақстан жастары – Тәуелсіздік толқынында



Дата06.01.2022
өлшемі27,5 Kb.
#16146

Қазақстан жастары – Тәуелсіздік толқынында
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінде 10-12 желтоқсан аралығында «Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту әдістемелері» пәндік-циклдік комиссиясының оқытушылары М.Бекенқызы мен Ф.С.Шәріпбектің ұйымдастыруымен «Қазақстан жастары – Тәуелсіздік толқынында» тақырыбында патриоттық шығармаларды мәнерлеп оқу бойынша қашықтықтан жастар акциясы ұйымдастырылды.

Акцияның мақсаты – ақын-жазушыларымыздың патриоттық шығармаларын насихаттай отырып,  өлеңге деген ынтасын, көркем сөз оқу шеберлігін арттыру, ізденімпаздық қасиеттерін  қалыптастыру,  Отанды сүюге, адамгершілікке,  өлеңді, өнерді, сезімді бағалауға тәрбиелеу. 



Акция барысында білім алшылар қазақтың халық ақындары мен енді әдебиетке тәй-тәй қадам басып келе жатқан жас ақындардың шығармаларынан үзінділер оқыды. Атап айтар болсақ, 3-курс студенті Нұрғожа Ақмарал қазақтың біртуар ақыны М.Шахановтың «Желтоқсан алаңы» өлеңін, 1-курс студенттері Тлесбаева Толғанай Ф.Нұрмаханбеттің «Алаш туы астында», Бекберген Алтынай Ғ.Қожахметтің «Алаштың асылдары», Нүсіпқызы Альбина ағартушы әрі ақын С.Торайғыровтың «Мен қазақ», Ерман Шұғыла Н.Айтұлының «Азаттығым» өлеңдері, 2-курс студенттері Әбілда Мадина «Тәуелсіздік – тұғырым», Социал Аяулым С.Торайғыровтың «Алаш ұраны», Жұмағазы Гүлдана Е.Жүністің «Тәуелсіздікке тәу ету» т.б. поэзия сүйер білім алушылар патриоттық бағыттағы қазақ ақын-жазушыларының туындыларын нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыды.

М.Бекенқызы мен Ф.Саниқызы білім алушыларға тәуелсіздік күніне орай, тәуелсіздік жолында күрескен ұлы тұлғалар өміріне шолу жасап, аянбай жанын салған ерлік істерін, еңбектерін атап көрсетті.

Тәуелсіздік – халықтың тойы, елдің тойы. Қалың қазақ, алты алаш туған күні, мерейтой. Тәуелсіздік күні құтты болсын! Еліміздің кемел келешегі жастардың қолында! Біз жастарға сенеміз!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет