Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті қазақ халқы мәдени мұрасының маңызды құраушысы ретінде



Дата02.10.2023
өлшемі14,83 Kb.
#112335

Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті қазақ халқы мәдени мұрасының маңызды құраушысы ретінде


Кіріспе

Әрбір ұлт немесе этнос өзінің қазіргі таңдағы болмысын анықтауда тарихи негізін немесе іргесін іздеуге тырысады. Мұндайда әрбір халықтың немесе ұлттың тарихи, мәдени мұрасының атқаратын ролі ерекше. Қазақ қоғамы да өзінің мәдени мұрасының анықталып, өзі тарапынан да, әлем тарапынан да оның дұрыс бағалануына мүдделі.


Қазақстан аумағы ұзақ уақыт бойында көшпелілер қауымы ретінде қалыптасқанымен танымал. Мұндағы географиялық, саяси, әлеуметтік және басқа да көптеген факторлар қоғамдық қатынастардың көшпелілік форматында қоғамның дамуына септігін тигізген. Сәйкесінше, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, діни наным-сенім, қол өнер, өнер, жалпы, ілімнің дамуы, оның көріністері қоғамның көшпелі өмір сүру салтына не икемдестірілетінін, не осындай салтта өмір сүруге итермелейтінін аңғарамыз. Мұндай жағдайда өмір сүру отбасылық қатынастардан бастап, мемлекетті, қоғамды басқару, көрші елдермен қарым-қатынастар, ел ішіндегі әралуан мазмұндағы дау-дамайларды шешу әдістеріне де ықпалын тигізетіні анық.


Қазақ көшпелі қоғамы

Сонау сақ заманынан бертіндегі Кенесары ханның дәуірімен ғана аяқталған сан ғасырлар бойындағы қазақ даласының тарихы қоғамның бас-аяғына дейін өмір сүру салтында тұтас елдің бір орында тұрақтау деңгейінің төмендігімен баяндалып келді. Алайда тарихи деректер мен жазбалар көрсеткеніндей, көшпелілік елдіктің болмауының белгісі емес. Кеңес Одағы тұсында советтік идеологтар қазақ даласына мемлекетшілдік тән болмағанын дәріптеуге тырысқанымен көшпелі қоғамдағы адамдардың өмір салтының, олардың билікпен қарым-қатынастарының болғанының және оның әрбір тұсының тіпті отырықшы деп саналған елдердегі қатынастарға қарағанда әлдеқайда бекем болғанын байқаймыз. Атап айтқанда, көшпелі қоғамдағы ер азаматтардың тәрбиеленуі олардың болашақ әскер бірлігі ретінде қалыптасуына орайластырылатыны, адамдардың қоныстайтын мекендерінің рулық, тайпалық форматында болғаны елге сырттан қатер туғанда күшті жылдам шоғырландыру міндетіне икемдестірілгені мұндағы ішкі байланыстардың беріктігін көрсетеді.


Сол сияқты, қазақ тілінің де түркі тілдес топта ерекше фонетикалық күшке ие екендігі де мәлім. Тілдегі қатаң, ұяң әріп-дыбыстардың басымдығы (басқа түркі тілдес халықтармен салыстырғанда) бұйрықшылдықтың, әмімшілдіктің, жылдамдықтың, ойды тиянақты, жылдам жеткізу мақсатына икемдестірілгендігінің куәсі.


Көшпелі мәдение және оның элементтері

ХХ-ғасырдың соңы мен ХХІ-ғасырдың бастапқы онжылдығы аралығында қазақ зиялыларының бастауымен «номадизм» айрықша тарихи құбылысты білдіретін категория ретінде танымал бола бастады. Ел азығы болған төрт түлік малды шүйгін жайлау мен қыстақтарға ұдайы көшіріп отыру, мал баптау сыр-қырлары қазақ қоғамның айрықша тұстарының бірі. Соңғы кездегі тарихи деректер көрсеткеніндей, қазақ даласының әрбір жерінің өзінің айрықша атаулары болған, яғни қазақ даласы игерілмеген, тың жерлерден тұрады деген жалған гипотеза қазақ көшпелі қоғамның болмысымен жоққа шығарылып отыр. Адамдар мал жайлауға немесе қоныстануға ыңғайлы жерлерді көшпелі салтта болуының арқасында тың-тыңды игеріп, әрбір жер-судың өзіндік атауларын дәлме-дәл беріп отырған.


Сонымен бірге, көшпелі қоғамда дәріптелген әралуан мейрамдардың да мәдени мұралық функцияларының зор екендігін ұмытпау керек. Атап айтқанда, көрісу, Наурыз сияқты айтулы күндердің белгіленуі қоғамда табиғат құбылыстарын бақылап, оның заңдылықтарын анықтаудың да болғанын білдіреді.
Қазақ көшпелі қоғамныңдағы маңызды мәдени мұралардың қатарында ауызекі әдебиеттің де маңызы ерекше. Ақын-жыраулардың өлеңдері мен аталы сөздерінің қоры бір жағынан қазақ тілінің сөздік қорынының молдығын көрсетсе, басқа жағынан өлең, жырлардың жаттаудың ерекше қолға алынғанын да куәландырады.
Сол сияқты, көшпелі қоғамның мәдени мұраларының қатарында киім, оны тігу, үй жиһазы мен тұрмыстық заттарды жасау әдіс-құралдарын да атап өту керек. Мысалы, киіз илеу, кілем тігу.


Қорытынды


Жалпы, әрбір халық өзінің тарихи дамуы барысында басқа халықтан ерекшелендіретін саналуан мәдени, тарихи мұраларға ие. Қазақ қоғамында орын алған әртүрлі көшпелі мәдени мұралардың анықталып, олардың халықтың қазіргі болмысымен сабақтастығына дұрыс баға берілуі, өткеннің қазіргімен байланысын анықтау елдің өзін-өзі тануына айрықша септігін тигізеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет