Қазақстан мен ұлыбритания мектептік білім беру жүйесі: салыстырмалы аспект



бет1/2
Дата27.09.2023
өлшемі31,49 Kb.
#110627
  1   2
Байланысты:
annotation24619 2


ҚАЗАҚСТАН МЕН ҰЛЫБРИТАНИЯ МЕКТЕПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: САЛЫСТЫРМАЛЫ АСПЕКТ

З.У.Ельбаева


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
«Педагогика және психология» мамандығының
1 курс докторанты
А. Карибаева
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
«Педагогика және психология» мамандығының
1курс студенті

Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс. Адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық болып табылатын, қай ғасырда болмасын әлемдегі ең өзекті мәселе болмақ. Ал сол білімді қайда алу керек? Жалпы білімнің сапасын анықтауда, білім беру жүйесінің құрылымы дұрыс па? - деген көптеген сұрақтар туындайды. Сол сияқты «Үлкен жетілік» алып елдер қатарына жататын Ұлыбритани мен Қазақстанның мектептік білім беру жүйесіндегі ерекшеліктерін айтып кетуге болады. Бұл екі елдердің білім беру жүйесіндегі тиімді, яғни оң және теріс жақтарын мақаламда ашып көрсеткім келеді.


Ұлыбритания мектептері әлемнің түкпір-түкпіріндегі оқушыларды магнит секілді тартуда. Британдықтар: «Барлық жерде оқытады, бірақ біз нағыз серілерді тәрбиелеп шығарамыз» деп ұрандайды [1]. Ұлыбритания білім беру жүйесінің бренді де осы тіркеспен байланысты.

Кесте-1. Қазақстан мен Ұлыбритания мектептеріндегі білім беру деңгейлері





Қазақстан

Ұлыбритания

11 жылдық мектеп
7-18 жас
1-4 5-9 10-11
4+5+2

13 жылдық мектеп
5- 18 жас
1-6 7-11 12-13
6+5+2

Кестеде көріп отырғандай біздің еліміздің жүйесі 11 жылдық болса, Ұлыбритания 13 жылдық. Соның өзінде британдықтар мектепке дейінгі тәрбиеге өте қаражат, көп көңіл бөледі. Бала мектепке келген өзінде материалдық базасы болып, сол себепті, сабақта айтарлықтай қиыншылықтар болмайды. Бастауыш сынып буынынан балаларын зерттеу жұмыстарына бағыттап, соған бейімдейді. Сол арқылы балаларда өзіндік ізденіс, жауапкершілік сияқты қабілеттері ерте жастан қалыптасады. 12-13 жыл кәсіби бейінді мектеп болып саналады. Бұл жерде бала өзі қалайтын университетпен тығыз қарым – қатынаста болады. Сол университетке барып білім беру бағдарламасымен танысып, кеңес алуы қалыпты жағдай юолып табылады.


Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы бойынша мемлекеттік принциптердің ішіндегі азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі басшылыққа алынады. Ұлыбритания да тұратын барлық балалар заңға сәйкес оқып білім алуға міндетті болып табылады. Міндетті білім алу кезеңі 5 жастан 16 жасқа дейін. Заңға сәйкес, балалардың мектеп пен басқа да оқу орындарына баруына ата-аналары жауапты. 16 жастан кейін білім алу міндетті болуын тоқтатып, жасөспірім өзінің мүмкіндіктері мен талпынысын ескере отырып, ары қарай оқуды жалғастыруды немесе еңбек қызметін бастауды таңдайды. Ұлыбритания жасөспірімденің 70%-ы 16 жасқа келген соң, өзі оқыған мектебінде немесе колледждерге түсіп оқуын жалғастырады. 10%-ы жұмыс істей бастаса, қалған 20%-ы еңбек біліктілігін алу үшін «government training programs» атты еңбек ісіне дайындайтын арнайы үкіметтік программаларына қатысады [3,4]. Біздің елде де оқушының 9 сыныптан кейін орта білімін колледже жалғастыру мүмкінділігі бар.
Кесте-2. Қазақстан және Ұлыбритания мектептерінің негізгі ерекшеліктері



Орта білім

Қазақстан

Ұлыбритания

Бастауыш сыныптан орта буынға өткенде тест тапсырылады.
9 сыныптан кейін МАБ мемлекет аралық бақылау, баланың бұл жерде оқуды колледжде жалғастыру таңдауы болады.

11 сынып ҰБТ ұлттық бірінғай тестілеу, ол бойынша ЖОО түсу анықталады.



Әр буынға өткен сайын тест тапсырылады.
Міндетті оқу кешенің аяқтаған соң (GSCE) сертификаты беріледі, бірақ онмен Вузға түсу құқығы болмайды.
Сертификатпен колледжге түсуге болады.
12 сыныпта өткен пәндер бойынша аралық А-levels
13 сыныпта экзамен, ол Вузға түсуі сол бойынша анықталады.

Қазақстан

Ұлыбритания

7 жастан мектепке барады

5 жастан мектепке барады

Сабақ 1 қыркүйекте басталады
Мамырдың 25 дейін

Ресми түрде 1 қыркүйек болғанмен, одан алдын да басталады
Шілденің аяғына дейін

6 күндік

5 күндік, 6 күнді көбі спорт шараларын ұйымдастырылады

Бастауыш сыныпта бір сынапта

20 аспау керек

30 аспау керек

Cабақ ұзақтығы

1-сыныпта – 35 минут
2-4 сыныпта – 45 минут

15-45 минут

Каникул уақыты

Оқу жылы 4 тоқсанға бөлінген
Күзде 8 күн (5-12 қараша)
Қыста 10 күн (30 желтоқсаннан 8 қаңтарды қоса)
Көктемде 12 күн (21 наурыздан 1 сәуірді қоса)
Жазғы – 3 ай (25 мамырдан бастап)
(Мейрамдарды санамағанда)
1–2-сыныпта 3 тоқсанда 1 апта қосымша демалыс
нақты мерзімін Қазақстан Республикасы білім саласының уәкілетті органы белгілейді.

Рождество және пасхальный (2-3 апта)
Жазғы – 6 апта, 42 күн

Бағалау жүйесі

5 баллды

A.-өте жақсы
B.-жақсы
C -қанағаттарлық

Жылдық оқу уақыты

34 апта

38 апта

Орташа оқу уақыты

8.15 – 13 сағ 30 мин
Түстік үлкен қоңырау

9.00 - 15 сағ. 30 мин
Түстік үзіліс пен таңғы молитва

Кестеден көріп тұрағнымыздай Ұлыбританияның мектептік білім беру жүйесінде оқушылар оқудың әр деңгейіне өту кезінде тест тапсырады. Сәйкесіншеоқушылар тест тапсыруға бейім болып, аталған жағдайларда стрестік жағдайларға аз түседі. Қазақстанда мектептік білім беру жүйесінде оқушылар оқудың әр деңгейіне МАП тапсырғанымен, ең негізгі жүктемені ҰБТ көрсеткішіне түсіреді де, оқушылардың көп бөлігінде психологиялық стрес жағдайларына тап болуда.


Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы бойынша мемлекеттік басшылыққа алынатын принциптерінің ішінде: Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді деген нұсқау бар [3]. Ал Ұлыбританияда таңғы молитваға арнаулы уақыт бөлінеді. Бірақ та бұл молитваға қатысу қатыспауын ата – аналардың өзі шешеді. Яғни, ата –ананың рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

Кесте-3. Қазақстан және Ұлыбритания мектептерінің статистикалқ көрсеткіштері



2012 жылға санақ бойынша

Қазақстан

Ұлыбритания штаттары

7698 мектеп, онда 3 079 200 бала
мемлекеттік 7598
мемлекеттік емес 100



Мемлекеттік Ұлыбритания мен Уэльсте
30 мың мектеп, онда 8,5 миллион бала
Шотландияда 2741
Солтүстік Ирландияда – 1300
Мемлекеттік емес Ұлыбритания, Уэлс пен Шотландияда 2500 мектеп
жартымиллионнан астам бала

Орта Білім беру бағдарламасы бойынша негізгі пәндік бағыттары төмендегідей



Қазақстан

Ұлыбритания

«Тіл және әдебиет»,
«Математика және информатика», «Жаратылыстану»,
«Адам және қоғам»,
«Өнер»,
«Дене шынықтыру».



ақпарат пен қарым-қатынастың технологиясы, дизайн мен технология,
тарих,
география,
өнер мен дизайн,
музыка және физикалық білім беру (дене шынықтыру).

Ұлыбританияда бастауыш мектепте ең негізгі деген пәндер саны аз болады да, осыған орай балалары сол пәннің шет жағасын, қыр-сырын меңгеріп шығады. Қазақстанның бағдарламасында сабақ саны көп, бірақ сапасы жоқ. Тек үстіртін оқып шығады. Бұның өзі балалардың оқу сапасының көрсеткішіне септігін тигізеді.
Қазақстанда да және Ұлыбританияда мемлекеттік және жеке меншік мектептер бар. Көп мемлекеттерде негізгі акцентті жеке меншік мектептерге беріледі.
Жеке меншік мектептер төмендегі көрсеткіштері бойынша жоғары деңгейде бағаланады:

  • Матариалдық құрылымы, құралдармен жабдықталуы

  • Оқытушылар мүшелерінің жүйелі түрде таңдап алынады

  • Көп пәндер оқытылады

  • Өте бай кітапхана мұрағаты

  • Физикалық дамуына көп жағдай жасалынады

  • 100 % жоғарғы оқу орнына түсуіне кепілдік береді [4].

Кесте-4. Қазақстан және Ұлыбритания мектеп типтері



Қазақстан



Ұлыбритания



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет