ҚазаҚстан мұсылмандары діни басҚармасы АллАғА мАдАқ (таңдаулы діни өлеңдер) алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет87/124
Дата13.05.2022
өлшемі2,13 Mb.
#34309
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   124
Иманбердиев Мақсат, 
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті 
 ІІ курс студенті.
ИмАндЫлЫқ ЖолЫндА
Алланың өзі де шын, сөзі де шын.
Өмір деген адамға берілген сын.
Сүйікті құлы болып бір Алланың
Ей, адамзат, тәубе қыл, көңілмен шын
Ниетің таза болсын мөлдір судай
Өмір өтіп кетеді бір күн зулай 
Пендешілік адамға тән қасиет
Надандықтан сақтасын жалғыз құдай.
Шеберлігі Алланың шексіз екен.
Бар әлемді уысында дөңгелеткен.
Қаһарына Алланың ұшырасаң,
Әлеміңді етеді жермен-жексен.
Уа, Аллам бір өзіңе табынамын,
Табынудан өмірде жалығар кім.
Құранды оқы әрқашан иманды ойлап
Сонда ғана Аллаға жағынасың.
Алла діні адамға берілген сый,
Имандының жүрегінде толқыған күй.
Алланың ақ жолымен жүрер болсаң
Қанағат қыл, шүкір ет, нәпсіңді тый.


198
Исаболұлы Манап
Алматы обылысы,
Қарасай ауданы, 
Шамалған ауылы,
«Шамалған» медресесінің І курс студенті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет