Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 0.8 Mb.
Pdf просмотр
бет2/9
Дата29.12.2016
өлшемі0.8 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 
Шырша 
Есентай Ерботин 
Жасыл шырша төрдегі  
Дейді: «Бәрің көр мені!»  
Кеткен әсем құлпырып,  
Ойыншықтар тұр тұнып. 
Түрлі түсті шамдары –  
Түнде ғажап жанғаны.  
Көргендерді елітеді  
Керемет бip epтeгi. 
 
Жемістер жыры 
Рза Қунақова 
Алма: Нарттай қызыл алмам бар,  
Мәз болады алғандар.  
Жазда әдемі киінем,  
Тілді балдай үйірем. 

20 
 
 
 
Өpiк: Көктемде ерте гүлдеймін,  
Кешігуді білмеймін.  
Піспей тұрған кезімде,  
«Менен аулақ жүр», - деймін.  
Уылжыған өрікпін,  
Бау-бақшаға көрікпін. 
Қapa өрік: Қара деген атым бар, 
Менен де дәм татыңдар.  
Дәрі орнына жүруге  
Кейде менің хақым бар.  
Алыңдар баққа ектіріп,  
Сақтаңдар ұзақ кeптipiп.  
Шаймен iшкен сусындар,  
«Па, шіркін-ай!» - деп тұрып. 
 
 
Жақсы мен жаман 
Р.Тышқанбаев 
Жақсы бала құлақ сап  
Айтқаныңды ұғады.  
Төсегінен тұра сап  
Таза ауаға шығады. 
Жақсы бала ол анық,  
Істемейді шалалық.  
Тап-таза боп жуынып,  
Алады ол таранып. 
Жаман бала құрысып,  
Өз-өзінен тырысып,  
Түске дейін жатады,  
Шешесімен ұрысып. 
 
 
Не деу керек? 
Әнуарбек Дүйсенбиев 
Апаң сенің базардан  
Алма сатып әкелді,  
Ең үлкенін, жақсысын  
Саған таңдап әперді,  
Не деп барып жеу керек? 
 
Балалар жүр көшеде,  
Естіледі шу-айғай.  
Сен де шықтың, көршіңді  
Қағып кеттің байқамай,  

21 
 
 
 
Сен не деуді ұмыттың? 
 
Әжен, түскі тамаққа  
Қант-кәмпитті салды мол.  
Жұрттан бұрын ыдысқа  
Әй-шәйі жоқ салдың қол,  
Жөн еді не айтқаның? 
Добын апар Назардың, -  
Деді ағаң, бармадың,  
Тапжылмадың, сазардың,  
Аға тілін алмадың,  
Сен қай сөзді айтпадың? 
 
 
Ойыншықтар 
Қадыр Мырза Әли 
Асыққанда,  
Сасқанда 
Tүciп қалған дорбаңдай.  
Екі аяғы аспанда  
Құлап жатыр қорбаңбай.  
Ойыншық ит қарап тұр,  
Жаны жоқ қой – үрмейді.  
Моторы жоқ трактор  
Сүйремесең – жүрмейді.  
Көзі қайда қыранның?  
Мүйізі сынған бұғылар ...  
Жүк көтерген кранның 
Күші жоқ та, жүгі бар.  
Үйреншікті ізбенен  
Келеміз біз сәріде. 
Ойнағанда бізбенен  
Жан кіреді бәріне! 
 
 
Мен тәртіпті баламын 
Өтебай Тұрманжанов 
Моншадан келгенде  
Суық суды ішпеймін.  
Шалшық суды көргенде  
Бәтеңкемен кешпеймін.  
Тұрысымен төсектен  
Сұрамаймын нанды да.  
Үйге қонақ келгенде  

22 
 
 
 
Көп мазаламаймын да.  
Мен тілалғыш баламын,  
Мен тәртіпті боламын.  
 
Мектеп 
Несіпбек Айтов 
Сарғыш тартып күллі алап,  
Жеміс пicтi,  
Күз келді. 
Шақырады мұндалап  
Мектебіміз біздерді.  
Көзінен нұр төгілерер,  
Балалық шақ - алтын күн.  
Өз үйіңдей көрінер  
Өз мектебі әркімнің.  
Саяхаттап мектепке,  
Таныстық жер сәнімен.  
Мектебіміз бipaқ та  
Әсем екен бәрінен. 
Кім күшті 
Күресе де білетін, 
Тіресе де білетін  
Алтай бала бәрінен 
Күштімін деп жүретін. 
Қызарса да құлағы, 
Тарқамайтын құмары. 
Абайсызда бір күні 
Мұзға тайып құлады. 
Көз алдына бұлт қонып
Кірпігіне шық толып, 
Ісіп кетті шекесі, 
Күдірейіп, күп болып. 
Мұз дегенің мықты екен, 
Қалай ұрып жықты екен, 
Білейінші - мұндай күш 
Бұған қайдан бітті екен! 
Әй, мұз, дейім, мұз, дейім, 
Бәрін айтып тізбейін. 
Сенен күшті бар ма осы? 
Бар болса, мен - іздейін. 

Не дегенің, шырақ-ау, 
Менен күшті Күн - анау. 
Тастаса бір сәулесін, 
Тас-талқаным шығар-ау... 

23 
 
 
 
Теңізді де кешеді, 
Таудан тауға көшеді, 
Алтай бала, ақыры, 
Күнге барды, деседі. 
-
 
Қандай өзің көрікті ең, 
Тұрмын Жерден келіп мен. 
Сенен күшті бар ма осы, 
Тастай мұзды еріткен? 

Соған, балам, сендің бе? 
Анау бұлтты көрдің бе, 
Сол күштірек, бөгесе, 
Өте алмаймын мен мүлде... 
Тарқамайды құмары, 
Тау басына шығады. 
Будақ-будақ бұлттардың 
Бала жөнін сұрады. 
Бұлттар келіп топталып, 
Айтуға енді оқталып 
Жатқанда, жел кенеттен 
Қуып-айдап, кетті алып. 

Жел, әкеттің бұлтты айдап, 
Күн сәулесі шықты ойнап. 
Сен екенсің ең күшті, 
Таба алмап ем қатты ойлап. 
Ортекедей орғыған 
Масаттанды жел бұған. 

Қозғалтшы енді, батырым, 
Мына тауды орнынан! 
Жел олай бір жүгірді, 
Жел былай бір жүгірді. 
Қозғалмасын білді де, 
Құзға барып жығылды. 

Деген біреу Жел күшті, 
Желдің өзі жер құшты. 
Бәрінен де, Асқар тау
Сен екенсің ең күшті. 

Жоқ! - деді тау, 

Менен де 
Күшті мынау Емендер. 
Тұрса дағы денемде, 
Тамыры оның тереңде! 

Мұз да қалды далада, 
Құз да қалды далада. 
Күн де қалды көгінде, 

24 
 
 
 
Түк болмады Желің де, 
Ең күштісі, Еменім, 
Сен екенсің, тегінде. 

Әлі сен жас баласың, 
Әрнеге таң қаласың. 
Қажет етсең менен сен 
Қағаз жасай саласың. 
Мұз, күн, бұлт, жел, қара орман 
Адам үшін жаралған. 
Бәрін соның қорғайтын - 
Күшті ешкім жоқ адамнан! 
 
 
Көктем өрнегі 
Ермек Өтетілеуұлы 
Қap eрідi, су ақты,  
Күндер келді шуақты.  
Байтақ дала келбеті  
Tүктi кілем сияқты.  
Көкке бояп өңірді,  
Көктем келді көңілді.  
Бау-бақшада, орманда  
Құстар әні төгілді.  
Жаңбыр жауып басылды,  
Күлімдейді көкте күн.  
Кемпірқосақ асылды  
Өрнегіндей көктемнің.  
Жазда 
Сағи Жиенбаев   
Көлім, көлім, көлім деп, 
Қаз да келді маймаңдап. 
«Шомыл, шомыл, шомыл» деп, 
Жаз да келді жайраңдап. 
«Тыру, тыру, тыру» деп, 
Келді ұшып тырналар. 
«Құру, құру, құру» деп, 
Жүр жылқышы ағалар. 
Өзен-көлдің жағасы 
Гүлмен ою ойғандай. 
Тырналарға қарашы 
Жіпке тізіп қойғандай. 
Ал, жүріңдер, балалар, 
Қырға шығып көрейік. 
Қызғалдақты терейік, 

25 
 
 
 
Құшақтап ап келейік. 
 
Қыста 
Сағи Жиенбаев   
Тағы да қыс түсті де, 
Тон жамылды қырқалар. 
Қайың, терек үстіне 
Қона қалды ұлпа қар. 
Адырға бар, жарға бар, 
Алыпты қар бүркеніп. 
Қарға, қарға, қарғалар 
Қар үстінде жүр тоңып. 
Көрінбейді бетеге, 
Көрінбейді ай тегі. 
Үйге кіріп кете ме, 
Мына боран қайтеді. 
Ауланы тез күрейік, 
Аққаланы үйейік, 
Есігінен кораның 
Кіре алмасын бораның. 
 
Жаңа жыл келді 
Сағи Жиенбаев 
Аспан жерге төгеді, 
Ақ күмісін уыстап. 
Жаңа жылда келеді, 
Бізге қарай жылыстап. 
 
Өлең де әзір, ән де әзір, 
Ойын да әзір, бәрі де әзір. 
Кел, Жаңа жыл біздерге, 
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл! 
 
 
Қиял 
Қадыр Мырза Әли 
Барар едім бақшаға,  
Жаяу жүрер жоқ шама.  
Meнi мұнда, көке, сен  
Ұшақпенен әкелсең!  
Нең кетеді, немене  
Алып келсең кемемен!  
Көңіл үшін желікпе  
Машина да көлік пе?! 

26 
 
 
 
 
Қыс 
Қадыр Мырза Әли 
Көктемде әнші құстар кеп қонатын, 
Колхоздың айналасы бақ болатын. 
Конақ қыс ала келіп базарлығын 
Кигізді ұлпа қардан ақ халатын. 
Түтеген бораны да ере келіп, 
Тулайды алай-дүлей дөнгеленіп. 
Таң ата саябырлап тыным алып, 
Тұрады таңғажайып түрге еніп. 
Айнала бір де қара дақ көрінбей, 
Қанатын ызғарлы жел қақты ерінбей. 
Кіршіксіз күміс қарға көз тұнады 
Басталмаған оқушы дәптеріндей. 
 
 
Ата 
Сырбай Мәуленов 
Айтады ертек жан атам 
Ақ сақалын салалап.  
Құмарымды таратам,  
Жер мен көктi аралап. 
 
 
Балбұлақ 
Нұрхан Жанаев 
Балбұлақ ағады, 
Таңдайын қағады. 
Сөйлейді сылдырлап, 
Бөпемдей былдырлап. 
 
Шырша 
Есентай Ерботин 
Жасыл шырша төрдегі, 
Дейді: «Бәрің көр мені!» 
Кеткен әсем құлпырып, 
Ойыншықтар тұр тұнып. 
 
Түрлі түсті шамдары –  
Түнде ғажап жанғаны. 
Көргендерді елітеді 
Керемет бір ертегі. 
 

27 
 
 
 
Наурыз 
Бауыржан Жақып 
Қарды ерітіп жылғасы, 
Наурыз келді жыл басы. 
Шуақ төкті жарық күн 
Мейрамында халықтың. 
Бата беріп атамыз, 
Бата беріп анамыз. 
Тәтті болып жасалған 
Наурыз дәмін татамыз. 
 
 
Көктемде 
Қасым Аманжолов 
Көктем, көктем, көктем де, 
Құстар келіп жеткенде. 
Қуанып бір қаламыз, 
Әнмен қарсы аламыз. 
 
 
Жаз келді 
Жұбан Молдағалиев 
Жайқалып жапырақ, 
Құлпырып қызғалдақ. 
Тұратын көз тартып, 
Жаз келді, күн шуақ. 
 
 
Өрік гүлдеп 
Тұманбай Молдағалиев 
Әкеледі бағымызға көріктi,  
Көктем шыға гүлдегені өріктің.  
Аппақ гүлдер жауып өткен ақ қардай  
Сәл маужырап күн көзіне epiп тұр.  
Ақ гүл басып кеткендей бip қала iшін,  
Беріледі қуанышқа дала шын.  
Сол гүлдepдi жел сілкілеп түcipce,  
Мен аяймын нәзік өрік ағашын. 
 
 
Жеміс тойы 
Әдібай Табылды 
Күзгі шақта   Алша, жаңғақ... 
Біздің бақта  Ал, үз таңдап. 

28 
 
 
 
Түрлі түсті  Енді көп ic: 
Жеміс пicтi: Жина жеміс. 
Анар, алма,  Қойма толсын, 
Алмұрт, алуа.  Тойлар болсын. 
 
 
Апорт 
Оразақын Асқар 
Апорт деген алманың 
Таттың ба, сен, бал дәмін? 
Апорт деген тәтті алма, 
Өседі ол бақтарда. 
Алатауда өседі ол, 
Оған тең жоқ деседі ел. 
 
Шие 
Әнуарбек Дүйсенбиев 
Мен шиемін, шиемін, 
Күннің көзің сүйемін. 
Қышқыл шырын менде бар, 
Төмен басты иемін. 
 
Алма 
Рза Қунақова 
Пісіп тұрған алмамын, 
Тамсандырар бал дәмім. 
Жерге сілкіп түсірме, 
Ісіп кетер маңдайым. 
 
 
Алмұрт 
Рза Қунақова 
Тіл үйірген алмұртпын, 
Таңсығымын бар жұрттың. 
Жақсы өсіре алмайды 
Қараса егер салғырт кім.  
 
Өрік 
Рза Қунақова 
Көктем келе бүрлеймін, 
Ең алдымен гүлдеймін. 
Шілде болмай пісемін, 
Дастарқанға түсемін. 
 

29 
 
 
 
 
Бақшада 
Әдібай Табылды 
Ала шапан киініп,  
Теңкиіпті қарбыздар. 
Жесең, тілді үйіріп, 
Сусыныңды қандырар.  
«Еңбек түбі - зейнет» қой, 
Мен де қарбыз жинадым, 
Атам сыйға береді, 
Құшағыма сыйғанын. 
 
Бір апта 
 
Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,  
Сейсенбіде серуен құрдық далада.  
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,  
Бейсенбіде би биледік әндетіп.  
Жұма күні жидек тердік қыратта,  
Сенбі күні кино көрдік клубта.  
Жексенбіде үйде болып дем алдық,  
Осылайша өте шықты бір апта.  
 
 
 
Құлыншақ 
Сапарғали Бегалин 
Қиығындай құрақтың, 
Қиығы екі құлақтың, 
Үкідей кекілі желбіреп, 
Бүліштей ерні үлбіреп, 
Томағадай сауыры, 
Аш бөрідей бауыры, 
Толқынды бұйра жал-құйрық 
Шопса құлын құдиып, 
Шаншылып күлте құйрығы, 
Құлын жердің жүйрігі. 
 
Ойыншықтар 
М.Әлімбаев 
Жүрмейсің бе абайлап, 
Болмасаңшы ұрыншақ! 
Асыр салып көп ойнап, 
Ақсап қалдың құлыншақ! 

30 
 
 
 
 
Ашытпайды көзіңді, 
Шомыла ғой, балақай! 
Қарашы  енді өзіңе, 
Аппақ болдың, алақай! 
 
Түсті түймең үзіліп, 
Неге қадап алмайсың? 
Тұр ғой әне ине-жіп, 
Неге ұқыпты болмайсың? 
 
Мектебіне ертемен 
Баратұғын бала аз ба? 
Апарамын ертең мен 
Машина тұр гаражда. 
 
Шырылдама, әндетпе, 
Бұлбұлым, ертең жырларсың. 
Папам келді қызметтен, 
Ұйықтап біраз демалсын. 
Тиіспе, күшік, қоянға, 
Тентектікті қойыңдар! 
Кикілжің жоқ араңда, 
Тату-тәтті болыңдар! 
 
Қуыршақ 
Ұлықбек Есдәулет 
Жетелесем – жүрмейді, 
Қуыршағым жалқау, 
Ешбір тілді білмейді, 
Аузын ашқан аңқау. 
 
Жуынбайды жуынсақ, 
Бұл не деген қуыршақ? 
Тығылмайды тығылсақ, 
Бұл не деген қуыршақ? 
Бір, 
Екі, 
Үш, 
Төрт, 
Бес, 
Қуыршақтың тұсауын кес!  

31 
 
 
 
Қуыршағым, қаз-қаз, 
Қыдырайық аз-маз.  
 
 
Аспаз 
Нұрсұлтан Әлімқұлов 
Біздің гүл бақшада  
Бар әсем асхана.  
Бар онда аспазшы,  
Ақкөңіл, жақсы аға.  
Әлде майқұймақ па,  
Көже ме, сорпа ма,  
Әлде балқаймақ па,  
Тұрады ортада.  
Тәп-тәтті тамағы,  
Ағай - ас маманы. 
Пicipe білгенге  
Астың жоқ жаманы. 
 
 
Ләйлә мен мысық 
Оразақын Асқар 
Іздеп жүрсек Ләйләні 
«Қайда кетті бұл?» - десіп. 
Отыр екен жайланып, 
Мысығымен сөйлесіп.  
Десек: «Ақыл қосады 
Мысығына бұл не деп?» 
Шарды аузына тосады: 
-
 
Ал, мияуым, үрле! – деп.  
 
 
Мысық 
 
Ләйлә бүгін төсектен 
Өксіп жылап тұрған-ды. 
Мұны бірден есіткен 
Ағасы кеп сұрады.  
 
-
 
Денең аздап ысыпты, 
Ауырды ма бір жерің? 
-
 
Бір әдемі мысықты 
Алғым келіп жүр менің. 
 

32 
 
 
 
-
 
Көз жасына болайын, 
Түсіп жатқан домалап. 
Мысық іздеп табайын, 
Жылай ма екен соған да. 
 
-
 
Мысық іздеп шаршама, 
Жүр ғой бақтың ішінде, 
Соны ұстап берші, аға, 
Көрдім жаңа түсімде. 
 
 
Халық ауыз әдебиетінен 
Шөре-шөре, лағым, 
Тентек болма, шырағым! 
Секеңдеме, деміңді ал, 
Селтеңдемей құлағың. 
 
*** 
Кіп-кішкене, момақан, 
Қошақанды ұнатам. 
Сүйеді апам «қозым» деп, 
«Қошақаным өзің» деп. 
 
*** 
Әукім-әукім, әукешім! 
Қасиыншы әукесін. 
Енең әне келеді, 
Ақ мамасын береді. 
 
*** 
Ботақаным – бөбегім, 
Қара көзің мөлдіреп 
Қызықтырмай қоймайды, 
Жібек жүнің үлбіреп, 
Қарасам көз тоймайды. 
 
 
Беске дейін санау 
Ә. Табылдиев 
Бірді бірге таяп қой.  
Екеу болар қос таяқ ,  
Цифры оның тап мына  
Ұқсайды бір аққуға.  
Екі мен бір – болар үш,  

33 
 
 
 
Цифры оның – ұшқан құс.  
Үш пен бірің төрт екен.  
Төртеу санның көркі екен.  
Төрт аяқпен жануар,  
Стол, төсек... тағы бар..  
Төрт аяқпен нық тұрар,  
Төрт бірлікті ұқтырар.  
Бес дегеннің цифры, 
Қарап тұрсаң оп-оңай.  
Үштің басын қайырып,  
Қоя салған жай бұрап.  
 
Бой сергіту өлеңдері 
Бала, бала, балақан (қолдарын көтеріп
Кәне, қайсы алақан? (алақандарын көрсету
Саусақтарың әйбәт (саусақтарын қимылдату, ойнату
Былай, былай ойнат. 
 
*** 
Аю, аю тұршы (орындарынан тұру
Бетіңді жушы (екі қолымен бет жуу
Айнаға қарашы (айнаға қарау қимылы
Шашыңды тарашы (шаш тарау қимылын жасау
 
 
*** 
Күнге қарайық (шеңберге тұру), 
Шашымызды тарайық (бастарын жоғары көтеру). 
Керіліп, дем алайық (күнге созылу), 
Бойымызды жазайық (қолды белге қою). 
 
 
*** 
Сылдырлайды мөлдір су 
Мөлдір суға қолыңды жу (қол жуу қимылын жасау
Жуынсаң сен әрдайым 
Таза бетің, маңдайың (бетін, маңдайын сипау
Тазалықтың досы – 
Су дегенің осы. 
 
*** 
Орнымыздан тұрайық 
Аяқты нық басайық (бір орында жүру)           

34 
 
 
 
Бір отырып, бір тұрып (тізе бүгіп отырып, тұру) 
Біз демалып алайық (орнына отыру)  
 
*** 
Орнымыздан тұрамыз (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасату) 
Қолды белге қоямыз 
Иілеміз оңға бір 
Иілеміз солға бір 
Жоғары қолды созамыз 
Аяқтың ұшында тұрамыз 
Бір отырып, бір тұрып 
Біз тынығып аламыз 
 
 
*** 
Оң қолымда бес саусақ (оң қолының саусақтарын көрсету) 
Сол қолымда бес саусақ (сол қолдың саусақтарын көрсету) 
Бәрін қоссақ – он саусақ (екі қолының саусақтарын қосу) 
Оң аяқпен секіремін (екі аяқпен кезек секіру) 
Сол аяқпен секіремін (орында жүру) 
Екі аяқпен жүгіремін 
 
 
 
*** 
Саусақтарым дем алып (орындарынан тұрып)  
Қайта сурет салады (саусақтарын қимылдату) 
Аяқтарым секіріп (қолдарын белге қою) 
Қуаттанып қалады (орындарында секіру) 
 
*** 
Бала, бала, балақан (қолдарын көтеріп) 
Кәне, қайсы алақан? (алақандарын көрсету) 
Саусақтарың әйбәт (саусақтарын қимылдату, ойнату) 
Былай, былай ойнат. 
 
*** 
Біз аяқпен топылдаймыз (мәтінге сәйкес іс-қимыл жасату) 
Біз қолмен шапалақтаймыз 
Баспен біз шайқаймыз 
Қолды жоғары көтереміз 
Одан кейін түсіреміз 
Одан кейін ақырын 
Орнымызға жүгіреміз 

35 
 
 
 
 
*** 
Аю, аю тұршы (орындарынан тұру) 
Бетіңді жушы (екі қолымен бет жуу) 
Айнаға қарашы (айнаға қарау қимылы) 
Шашыңды тарашы (шаш тарау қимылын жасау) 
 
 
*** 
Оң қолымда - бес саусақ (оң қолды созып, саусақты көрсету) 
Сол қолымда – бес саусақ (сол қолдың саусақтарын көрсету) 
Беске, бесті қосқанда (екі қолды біріктіру) 
Болады екен он саусақ (он саусақ көрсету) 
 
 
*** 
Қане, қайсы алақан, (орындарынан тұру) 
Біз– кішкентай. (балапан) (алақандарын көрсету) 
Аралардың нәрі (гүлдің қимылын көрсету) 
Бау-бақшаның сәні. (гүл) 
Тік, тік, тік пісте, (ағаштай бір орында теңселу) 
Қысы-жазы бір түсте. (шырша) 
Менің тұрақты мекенім, 
Сәнді етіп жүремін. (үй) 
*** 
Бір дегенде тұрайық, (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасау) 
2, 3, 4 – 
алақанды соғайық, 
Оң жаққа бұрылып, 
Сол жаққа бұрылып, 
Бір отырып, бір тұрып, 
Біз жүгіріп алайық. 
5 дегенде асықпай, 
Орнымызды табайық. 
 
*** 
Оң қолымда бес саусақ, (мәтінге сәйкес саусақтарды көрсету) 
Сол қолымда бес саусақ. 
Оларды атап шақырар, 
Әрқайсысының аты бар. 
Бас бармақ, 
Балан үйрек, 
Ортан терек, 
Шылдыр шүмек, 
Кішкене бөбек. 

36 
 
 
 
 
*** 
Орнымыздан тұрамыз (орындарынан тұру) 
Екі қолды созамыз (қолдарын екі жаққа сермеп) 
Құс боп қанат қағамыз (құстың қанаттарын келтіру) 
Бір отырып, бір тұрып 
Орнымызды табамыз 
 
*** 
Тауық, тауық тұрады – қыт – қыт- қыт (тәрбиешінің басында тауықтың 
атрибуты) 
Серуенге шығады қыт-қыт-қыт 
Балапандар  тізіліп  –  шиқ-  шиқ  –  шиқ  (балаларда  балапандардың 
атрибуты) 
Артына  еріп  тұрады  (бірінің  артынан  бірі  тізіліп  тұрып,  қимылдар 
көрсетеді) 
Балапандар тыңдайды 
Алысқа бармаңдар 
Дәндерді теріңдер 
Шиқ – шиқ – шиқ 
 
*** 
Үлкен шеңбер құрайық (мәтінге сәйкес іс-қимылдар) 
Құсша қанат қағайық 
Бір отырып, бір тұрып 
Тынығып біз алайық 
 
*** 
Алақай-ау алақай (орындарынан тұру) 
Қандай жақсы көктем ай (алақан соғу) 
Нұр жамылды далалар (қолдарын жоғары көтеру, бұлғау) 
Келді ауылға көп торғай (құсша қанат қағу) 
 
 
*** 
Үлкен шеңбер құрайық (шеңберге тұру) 
Қазша қанат қағайық (қолдарын жайып көтеріп, түсіру) 
Аққуша мойнымызды созайық (мойындарын оңға, солға созу) 
Құсша жерге қонайық (қолдарын түсіріп, жай тұру) 
Үлкен үйді жасайық. 
 
 
*** 
Екі қолды жоғары (мәтінге сәйкес іс-қимылдар көрсету) 

37 
 
 
 
Сәл көтерсек болады 
Енді оны бөгелмей 
Түсірейік төменге 
Міне былай ... 
Қарайық 
Құстай қанат қағайық  
1,2 
1,2 
Жаттығайық бір келкі. 
 
 
*** 
Алақай-ау алақай (орындарынан тұру) 
Қандай жақсы көктем ай (алақан соғу) 
Нұр жамылды далалар (қолдарын жоғары көтеру, бұлғау) 
Келді ауылға көп торғай (құсша қанат қағу) 
Ал, балалар тұрайық (мәтінге сәйкес іс-әрекеттер жасау) 
Алақанды ұрайық 
Бір отырып, бір тұрып 
Біз тынығып алайық 
Қарлығашқа ұқсайық 
Кәне қанат жазайық 
Ұшып, ұшып алайық 
Орнымызды табайық 
 
*** 
Топ, топ, топ, топ басайық (шеңберге тұру) 
Жалаудан күн жасайық (жалаушаларын көтеру) 
Жаса, жаса, алтын күн (бір орында аяқты нық басып жүру) 
Жаса, жаса, алтын күн 
 
 
*** 
Санайық жаңаша, (шеңбер құру) 
Бір, екі, үш! (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасату) 
Желбіре жалауша, 
Достықта біздің күш. 
 
 
 
*** 
Орнымыздан тұрамыз 
Қолды белге қоямыз 
Бұрыламыз оңға бір 
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет