Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты


Құдағи- ерлі-зайыптылардың шешелерімен әжелері  Қайын ене



Pdf көрінісі
бет131/135
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#17695
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   135
Құдағи- ерлі-зайыптылардың шешелерімен әжелері 
Қайын ене ерлі зайыптылардың туған шешелері  
Құда бала- құдасының баласы 
Қайын аға- ерлі зайыптылардың ер ағасы 
Қайын апа- күйеуінің әпкелері 
Қайын бике- зайыбының туған әкпесі 
Қайын іні- күйеуінің інісі 
Балдыз- әйелінің жасы кіші туыстары 
Бажа- апалы сіңілі қыздардың куйеулері 
Абысын- туыс ағайын адамдардың әйелдері 
Төркін- тұрмысқа шыққан қыздың туыстары 
 
 
Қосымша №3 
Отбасы туралы мақал-мәтелдер 
Бойымдай бой табылса да, 
Ойымдай ой табылмас. 
Сыйға сый, сыраға бал. 
*** 
Иесін сыйлағанның итіне сүйек таста. 
*** 
Тіріде сыйласпаған, 


156 
 
Өліде жылыспайды. 
*** 
Танымас, танымасын сыйламас. 
*** 
Көңілдегі сырды көз білдіреді. 
*** 
Өз үйім өлең төсегім. 
*** 
Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын. 
*** 
Үй ішінен жау шықса, 
Тұра қашып құтылмассың. 
*** 
Тұлпардың өз тұяғы өзіне дәрі. 
*** 
«Сіз», «біз» - деген жылы сөз, 
Ағайынға жарасар. 
*** 
Қарындасың – қарлығашың. 
*** 
Ине өткен жерден жіп өтер. 
*** 
Інісі бардың тынысы бар, 
Ағасы бардың жағасы бар. 
*** 
Төркін десе қыз төзбейді, 
Көкпек десе түйе төзбейді. 
*** 
Апасының киген тонын сіңлісі де киер. 
*** 
Қазаны басқаның қайғысы басқа. 
*** 
Ата – баланың қорғаны. 
*** 
Атаға баланың алалығы жоқ. 
*** 
Енесі тепкен құлынның еті ауырмас. 
*** 
Сақау баланың тілін шешесі біледі. 
*** 
Балаң жаман болса, 
Көрінгеннің мазағы. 


157 
 
*** 
Бала, баланың ісі шала. 
*** 
Балам – балым, 
Баланың баласы – жаным. 
*** 
Қарға баласын аппағым дер, 
Кірпі баласын жұмсағым дер. 
*** 
Атаның көңілі балада, 
Баланың көңілі далада. 
*** 
Балалы үйдің ұрлығы жатпас. 
*** 
Торғай жаңбыр жауса баласын қорғар, 
Бұршақ жауса, басын қорғар. 
*** 
Жалғыз түйе бақырауық, 
Жалғыз бала жылауық. 
*** 
Жылайын деген бала әкесінің сақалымен ойнайды. 
*** 
Бала – ананың бауыр еті. 
*** 
Бала қадірін балалы болғанда білерсің. 
*** 
Балалы үй базар, 
Баласыз үй қу мазар. 
*** 
Бала – бауыр етің. 
*** 
Балаға пышақ бермесең бір жылар, 
Берсең екі жылар. 
*** 
Ат болатын тай саяққа үйір, 
Адам болатын бала қонаққа үйір. 
*** 
Ат болатын құлынның, 
Бауыры жазық келер. 
Адам болар баланың, 
Маңдайы жазық келер. 
*** 


158 
 
Отыз ұлым болса да орны басқа. 
*** 
Немере етін жеп, сүйегін берер. 
*** 
Бас екеу болмай, 
Мал екеу болмас. 
*** 
Сүйгенін шұнағым дейді. 
*** 
Сұлу, сұлу емес, 
Сүйген сұлу. 
*** 
Көш жүре түзеледі. 
*** 
Жылы – жылы сөйлесең, 
Жылан інінен шығады. 
*** 
Жақсы әйел жаман еркекті ер қылады, 
Жаман еркек жақсы әйелді жер қылады. 
*** 
Жақсы таз басын жасырмайды, 
Жақсы әйел асын жасырмайды. 
*** 
Қалған көңіл шыққан жанмен семіреді. 
*** 
Шын жыласа соқыр көзден жас шығады. 
*** 
Қайғысыз қара суға семіреді. 
*** 
Аталастың аты озғанша, 
Ауылдастың тайы озсын. 
*** 
Қарға тамырды қазақпыз. 
Сұраса келе қарын бөле болып шығамыз. 
*** 
Өз жұрттың - күншіл, 
Нағашы жұрттың – сыншыл, 
Қайың жұрттың міншіл келеді. 
*** 
Қартың болса, жазып қойған хатпен тең. 
*** 
Немере етін жеп, сүйегін қалдырады. 


159 
 
*** 
Өз балаңды өскенше бағасың, 
Немереңді өлгенше бағасың. 
*** 
Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату. 
*** 
Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді, 
Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді. 
*** 
Ағасы бардың жағасы бар, 
Інісі бардың тынысы бар. 
*** 
Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол 
Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол. 
*** 
Ағаның үйі – ақ жайлау. 
*** 
Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза. 
*** 
Қонақ жаман болса, үй иесі қалдырады, 
Үй иесі жаман болса, қонақ қыдырады. 
*** 
Келінің жаман болса, ұлыңнан көр. 
Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет