Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі коммерциялық емес акционерлік қоғам



бет1/2
Дата08.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#72567
  1   2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«Ғ. Ж. ДӘУКЕЕВ атындағы
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»

«Электрмен жабдықтау және энергияның жаңғыртылатын көздері» кафедрасы



«ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ»
пәні бойынша


№3 ЕГЖ

Жұмыстың тақырыбы: «Жерге қосатын құрылғыны есептеу»


Мамандығы: Электро энергетика
Орындаған: Муса Балнур
Тобы: ЭЭк-21-8
Тексерген: Хидолда Е

Алматы 2022


3 Есептеу-сызбалық жұмыс №3. Жерге қосатын құрылғыны есептеу
3.1 Есептеу-сызбалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
3.1.1 Жалпы мәліметтер Есептеу мақсаты – жерге тұйықтау құрылғысының негізгі параметрлерін анықтау, шарт сақталатын электродтардың санын, мөлшерерін және орналастыруын:
R ≤ Rт ,
мұнда R – жерге тұйықтау құрылғысының есептік кедергісі, Ом;
Rт – жерге тұйықтау құрылғысының ең көп рұқсат етілген кедергісі, Ом.
Rт мәні кернеу шамасына, электрмен жабдықтау жүйесінің түріне және қоректендіруші трансформатордың қуатына байланысты орнатылады [1]:
- нейтралі оқшауланған желідегі кернеуі 1 кВ жоғары (6, 10 кВ) электр қондырғыларында жерге тұйықтау құрылғысының кедергісі 10 Ом аспауы тиіс;
-нейтралі оқшауланған немесе жерлендірген кернеуі 1 кВ дейін электр қондырғыларында жерге тұйықтау құрылғысының кедергісі 4 Ом аспауы тиіс.
Қуаттары 100 кВ∙А және одан аз генераторлар мен трансформаторлардың жерге тұйықтау құрылғыларының кедергілері 10 Ом артық болмауы тиіс. Әртүрлі кернеуі 0,4 және 6 (10) кВ электр қондырғыларын бірлесіп пайдалану кезінде жалпы жерге тұйықтау құрылғысын орындау ұсынылады. Мұндай жерге тұйықтау контурының кедергісі 4 0м аспауы тиіс. Егер трансформаторлардың (генераторлардың) қуаты Ѕh ≤ 100 кВ∙А болса, онда жалпы жерге тұйықтау құрылғысының кедергісі 10 Ом аспауы тиіс.

3.1.2 Бастапқы деректерді дайындау.


Есептеуді орындау үшін қажет:
- электр жүйесінің сипаттамасы (жүйенің түрі, кернеу), қоректендіруші трансформатордың қуаты;
- негізгі өлшемдері мен электр жабдықтарын орналастыруы көрсетілген қорғалатын объектінің жоспары;
- топырақтың және объектінің климаттық аймағының сипаттамасы;
- табиғи жерге тұйықтағыштардың болуы және оларды пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтер.

3.1.3 Жасанды жерге қосқыштың қажетті кедергісін анықтау.


Көп жағдайда жерге тұйықтау құрылғысының кедергісі негізінен жерге тұйықтау тогының ағуына кедергісімен анықталады. Сондықтан тәжірибелік есептеулерде магистральды және жерлендіргіш өткізгіштерінің кедергісі, әдетте, ескерілмейді (ескерітілетіндерге жататындар - қорғалатын объектіден едәуір қашықтықтағы сыртқа шығарылатын жерге тұйықтау ).
Егер жерге тұйықтау құрылғысы тек жасанды жерге тұйықтағышты пайдаланса, мұндай жерге тұйықтағыштың талап етілетін кедергісінің шамасы мынау шартқа сәйкес болуы тиіс:

Rтал ≤ Rт ,


Табиғи және жасанды жерге тұйықтағыштарды бір мезгілде пайдаланған кезде жасанды жерге тұйықтағыштың талап етілетін кедергісі мынадай формула бойынша анықталады:

мұнда Rтаб – табиғи жерге тұйықтау кедергісі, Ом;
Rт – жерге тұйықтау құрылғысының ең көп рұқсат етілген кедергісі, Ом.
Табиғи жерге тұйықтағыштың кедергісін ұқсас нысандағы жасанды жерге тұйықтағыштар үшін шығарылған формулалар бойынша есептеуге болады (қосымшаның 1 кестесі). Алайда, табиғи жерлендіргіш кедергілеріне, осы формулалары ескермейтін, көптеген факторлар әсер етеді (құбырларда антикоррозиялық оқшаулау болуы және т. б.) сондықтан көрсетілген есептеулер, әдетте, үлкен қателік береді. Сондықтан табиғи жерге тұйықтағыштардың кедергілері әдетте тікелей өлшеулермен анықталады.

3.1.4 Жасанды жерге қосқыштың түрі мен алдын ала сұлбасын таңдау.


Жасанды жерлендіргіш орналастыруға мүмкінділігі бар аумақ туралы деректерге және ІЗ, Rи, ρ және т. б. мәндеріне негізінделіп жерге тұйықтау құрылғылардың түрін таңдайды - шығарылатын немесе контурлы.
Содан кейін электродтар түрін таңдағаннан кейін оларды шамамен учаске жоспарына орналастырады.
Жерге тұйықтағыш түрін анықтағаннан кейін электродтардың өлшемін, нысанын таңдауға және оларды учаске жоспарында бағдарлы орналастыруға кіріседі. Құбырлардан немесе бұрыштық болаттан жасалған тік электродтардың ұзындығын әдетте 2,0 – 3,0 м тең қабылдайды.
Бір өзекті жерге тұйықтағыштардың шамамен алғандағы саны мына формула бойынша анықталады

мұнда Rтік – жеке тік электродтың кедергісі, Ом;
Rтал - жерге қосу құрылғысының талап етілетін кедергісі, Ом;
ηтік - тік жерге тұйықтағыштарды пайдалану коэффициенті.
Бір электродтың кедергісі оның нысаны мен орналасуына сәйкес келетін формула бойынша есептеледі (қосымша). Бұл ретте жердің есептік меншікті кедергісі, жыл ішінде жер кедергісінің ықтимал артуын ескере отырып қабылдануы тиіс, яғни:

мұнда ρ ' – топырақтың меншікті кедергісінің өлшенген (немесе кестелік) мәні, Ом∙М (қосымшаның 2 кестесі);
ψтік - тік электрод үшін маусымдық коэффициенті, климаттық аймаққа, өлшеу жүргізу кезіндегі жердің жай-күйіне, жерге тұйықтағыштың құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты қабылданады (қосымшаың 3,4 кестелері).
Электродтардың алынған санын алаңға тиісті түрде (қатарға, контурға және т. б.) орналастырады; бұл ретте олардың арасындағы қашықтық тең (1.-.3) L, мұнда L – тік электродтың ұзындығы.

3.1.5 Жерге қосқыш параметрлерін анықтау.


Есептеулер қабылданған жерге тұйықтағыштың сұлбасына сәйкес келесі ретпен орындалады:
- қосымшаның 5 кестесі бойынша тік және көлденең электродтарды пайдалану коэффициенттерінің нақты мәндері анықталады;
- (5) формуласы бойынша тік жерге тұйықтағыштардың қажетті саны анықталады және жерге тұйықтағыштың сұлбасы нақтыланады;
- электродтарды қосатын болат бір тілкемнің ұзындығы есептеледі және қосымшаның 1 кестесі формула бойынша оның токтың ағуына кедергісі анықталады;
- жасанды жерге тұйықтау құрылғысының тогы ағуының жалпы есептік кедергісі қосу тілкесін ескере отырып, келесі формуласы бойынша есептеледі [2]:

Алынған мән шартқа сәйкестігі тексеріледі (2 немесе 3 формулалар).
Егер ол шартты қанағаттандырса және RТ қажетті мәнінен сәл өзгеше болса, бұл жерге тұйықтағыштың барлық негізгі параметрлері дұрыс таңдалғанын білдіреді. Кері жағдайда жерге тұйықтағыштың қабылданған сұлбасына тиісті түзетулер еңгізу мен есептерді қайталау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет