Қазақстан республикасы оқу-ағарту министірлігі «дарын» республикалық



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата20.09.2023
өлшемі0,65 Mb.
#109116
  1   2


ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ 
ОҚУ-АҒАРТУ
МИНИСТІРЛІГІ
«ДАРЫН» 
 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ 
ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ 
ОРТАЛЫҒЫ 
ӘЛ-ФАРАБИ
АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ө. Жолдасбеков атындағы
математика және механика бойынша зерттеу 
жобаларының XІII Халықаралық конкурсының
БАҒДАРЛАМАСЫ 
Алматы қаласы, 2023 жылғы 1-3 наурыз
 


БАҒДАРЛАМА 
 
Өтетін күні: 
2023 жылғы 1-3 наурыз
Өтетін орны: 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
(Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 71/23) 
Қатысушылар: 
11 (12) сынып оқушылары 

Өтетін іс-шараның мазмұны
Уақыты
Орны
1 наурыз, сәрсенбі

Ө. Жолдасбеков атындағы 
математика және механика 
бойынша зерттеу жобаларының XІII 
Халықаралық конкурсының 
салтанатты ашылуы 
 
10.00-11.30 
Әл-Фараби атындағы 
ҚазҰУ,
Ө. Жолдасбеков 
атындағы үлкен 
мәжіліс залы 

Түскіс ас 
12.30-13.40 

Секция жұмыстарын 
қорғау/тыңдау: 
1 секция – математика; 
2 секция – қолданбалы математика; 
3 секция – механика; 
4 секция – экономикадағы 
математикалық әдістер. 
 
14.00 - 18.00 
Әл-Фараби атындағы 
ҚазҰУ кітапханасы 
(304, 306, 307, 308 
кабинеттер) 

Қазылар алқасына арналған кофе-
брейк; 
Қатысушылар үшін үзіліс уақыты 
16.00-16.20 
Әл-Фараби атындағы 
ҚазҰУ кітапханасы 
(401 каб.) 
2 наурыз, бейсенбі

Секция жұмыстарын 
қорғау/тыңдау: 
1 секция – математика 
(жалғасы);
2 секция – қолданбалы математика 
(жалғасы);
3 секция – механика 
(жалғасы);
4 секция – экономикадағы 
математикалық әдістер 
(жалғасы). 
 
09.00 - 16.00 
Әл-Фараби атындағы 
ҚазҰУ кітапханасы 
(304, 306, 307, 308 
кабинеттер) 

Қазылар алқасына арналған кофе-
брейк; 
Қатысушылар үшін үзіліс уақыты 
10.30-10.50 
Әл-Фараби атындағы 
ҚазҰУ кітапханасы 
(401 каб.) 

Түскіс ас 
13.00-14.00 

Қазылар алқасының қорытынды 
отырысы 
16.00-18.00 
Әл-Фараби атындағы 
ҚазҰУ кітапханасы 
(401 каб.) 
3 наурыз, жұма 

Конкурс қорытындысы бойынша 
жеңімпаздар мен жүлдегерлерді 
марапаттау рәсімі 
 
10.00 - 11.30 
Ө. Жолдасбеков 
атындағы үлкен 
мәжіліс залы 


ПРОГРАММА 
Дата проведения: 
1-3 марта 2023 года 
Место проведения: 
Казахский национальный университет имени Аль-Фараби 
 

Содержание мероприятия
Время
Место
1 марта, среда

Церемония 
открытия 
XIІІ 
Международного 
конкурса 
исследовательских проектов по 
математике и механике имени У. 
Жолдасбекова 
 
10.00-11.30 
Каз НУ им. Аль-Фараби, 
Большой зал им.У. 
Жолдасбекова 

Обед 
12.30-13.40 
Библиотека КазНУ им.Аль-
Фараби 

Защита/прослушивание работы 
секции: 
Секция 1 - математика; 
Секция 


прикладная 
математика; 
Секция 3 - механика; 
Секция 4 - математические 
методы в экономике
 
 
14.00 - 18.00 
Библиотека КазНУ им.Аль-
Фараби (Кабинеты 304, 306, 
307, 308) 

Кофе-брейк для членов жюри
Время перерыва для участников.
 
16.00-16.20 
Библиотека КазНУ им.Аль-
Фараби (каб.401) 
2 марта, четверг

Защита/прослушивание 
 работы секции: 
Секция 1 – математика
(продолжение);
Секция 2 - прикладная 
математика 
(продолжение);
Секция 3 – механика 
(продолжение);
Секция 4 - математические 
методы в экономике 
(продолжение).
 
09.00 - 16.00 
Библиотека КазНУ им.Аль-
Фараби (Кабинеты 304, 306, 
307, 308)

Кофе-брейк для жюри; 
Время перерыва для участников
 
10.30-10.50 
Библиотека КазНУ им.Аль-
Фараби (каб.401) 

Обед 
13.00-14.00 
Библиотека КазНУ им.Аль-
Фараби 

Итоговое заседание членов жюри 
16.00-18.00 
Библиотека КазНУ им.Аль-
Фараби 
3 марта, пятница 

Церемония награждения 
победителей и призеров по 
итогам конкурса 
10.00 - 11.30
КазНУ им. Аль-Фараби, 
Большой зал им.У. 
Жолдасбекова 


ЖОЛДАСБЕКОВ ӨМІРБЕК АРЫСЛАНҰЛЫ 
(1931 – 1999 жж.) 
Жолдасбеков Өмірбек Арысланұлы - 1931 жылғы 1 наурызда Оңтүстік 
Қазақстан облысы, Шымкент ауданы, Қызыл су ауылында дүниеге келген. 
Орта мектепті алтын медальмен бітіріп, М.Ломоносов атындағы Мәскеу 
мемлекеттік университетінің механика-математика факультетіне түсті.
1954 ж. – университеттен кейін еңбек жолын Шымкент қаласындағы 
Қазақ технологиялық институты, Математика және механика кафедрасының 
оқытушысынан бастады; 
1958 ж. – осы институттың механика факультетінің деканы болып 
тағайындалды;
1958 ж. Мәскеу тоқыма институтының аспирантурасына түсті;
1962 ж. – техника ғылымдары бойынша кандидаттық диссертациясын 
қорғады;
1962 - 1970 жж. – В.Ленин атындағы Қазақ политехникалық 
институтының (қазіргі Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық 
университеті) доценті, кафедра меңгерушісі, декан, оқу жұмыс жөніндегі 
проректор қызметтерін атқарды; 
1970-1986 жж. – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік 
университетінің ректоры (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық 
университеті). Оның тікелей жетекшілігі және қатысуымен «Казгуград» 
университет қалашығының кешені салынды; 
1972 ж. – техника ғылымдарының докторлық диссертациясын қорғады; 
1979 ж. – Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі болып сайланды;
1986-1988 жж. – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті 
Қолданбалы механика кафедрасының меңгерушісі; 
1988-1991 жж. – Қазақ КСР Ғылым академиясының Механика және 
математика институты зертханасының меңгерушісі;
1991 - 1999 жж. – Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының 
президенті (қазіргі Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясы);
1992 ж. – Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының және 
Халықаралық 
инженерлік 
академиясының 
академигі, 
Халықаралық 
инженерлік академиясының бірінші вице-президенті болып сайланды;
1991-1994 жж. – Қазақстан ғылым академиясы Механика және 
машинатану институтының директоры; 
1994-1995 гг. – ғылым, білім және жаңа технологиялар жөніндегі 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес комитетінің төрағасы;
1995 ж. – аль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің 
Құрметті профессоры;
1995-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Мәжіліс Парламентінің 
депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы. 
Ө.А. 
Жолдасбеков 
– 
Қазақстан 
Республикасы 
Инженерлік 
академиясының негізін қалаушы және осы академияның бірінші президенті, 
Халықаралық инженерлік академиясының бірінші вице-президенті, Ислам 
елдері институттары инженерлік федерациясының бірінші вице-президенті 
болып сайланған.


Ұлттық ғылым академиясы, Қазақстан Республикасы Инженерлік 
академиясы, Халықаралық инженерлік академиясы, Экологиялық қайта құру 
халықаралық академиясының академигі. АҚШ инженер-механиктер 
қоғамының нақты мүшесі, бірқатар ТМД елдері инженерлік академияларының 
және Пәкістан инженерлік академиясының Құрметті академигі. Ғылым, 
техника және білім саласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік 
сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Құрметті қайраткері.
Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков – Қазақстанның әйгілі механик-
ғалымы, механизм және машина теорияларының негізін қалаушы. Жоғары 
оқу орындарына арналған механизм және машина теорияларының тұңғыш 
терминологиялық сөздігін құрастырып шығарған. Ол – 400-ден астам ғылыми 
жұмыстардың, оның ішінде 70-ке жуығы шетелдерде жарық көрген, сонымен 
қатар, 12 монографиялар, 30 оқулықтар мен оқу құралдары, 126 авторлық 
куәліктер және шетелдік патенттер иесі. Ө.Жолдасбеков 25 ғылым 
докторларын және 100-ден астам ғылым кандидаттарын дайындаған. 
Ө. Жолдасбеков – Үкіметтік жоғарғы марапаттар кавалері: Ленин 
Ордені, екі Еңбек Қызыл Ту ордені, КСРО және Қазақстан Республикасы 
медальдары, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталары. Ол - 
Халықаралық инженерлік академия сыйлығының лауреаты және осы академия 
Үлкен алтын медалінің иегері, В.Г.Шухов (Мәскеу) және аль-Хорезми (Иран) 
медальдарымен марапатталған. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет