Қазақстан Республикасында қор нарығының қалыптасуы Жоспар: 1. ҚР-да қор нарығының қалыптасуы.
2. Мемлекет меншігін мемлекет иелігінен шығару мен жекешелендіру. Қазақстандағы жекешелендіру кезеңдері.
3. Бағалы қағаз нарығының қызметтері, құрамдас бөліктері.
4. Бағалы қағаз нарығына қатысушылар
ҚР-да қор нарығын қалыптастыру негіздері. ҚР – ның орталықтандырыл-ған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуі қоғамдық өндіріс сипатын (меншік қатынастары, шаруашылық субъектлері құрылымы мен қыз-мет ету механизмі, олардың арасындағы қаржылық байланыстар формалары, қоғам қабаттарының шаруашылық қызметі нәтижелеріне мүделлілік дәрежесі) өзгерте түседі.
Мемлекет иелігінен алу – бұл шаруашылық басқармасы қызметтері мен сәйкес өкілдіктерін мемлекеттен кәсіпорын дәрежесіне беру, тік шаруашылық байланыстарды көлденең шаруашылық байланыстарға ауыстыру; мемлекет ие-лігінен алу меншік иесін өзгертпей-ақ жүрілуі мүмкін.
Жекешелендіру – заңды тұлғалар мен заматтардың мемлекеттен мемлекет-тік меншік объектлерін, сондай-ақ, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды қайта құру жолымен құрылған акционерлік қоғамдар акциясын сатып алу.
ҚР-дағы экономиканы мемлекет иелігінен алу және меншікті жекешеленді-рудің негізгі формалары:
▪ мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамға, басқа шаруашылық қоғам немесе серіктестікке айналдыру;
▪ азаматтардың, сондай-ақ, мүлкі мемлекет меншігі болып табылмайтын заңды тұлғалардың конкурс бойынша немесе аукционда мемлекеттік кәсіп-орындар мүлкін немесе мемлекеттік акцияларды сатып алуы;
▪ меншік иесінің шешімімен холдингтер мен акционерлік қоғамдар бөлін-ген жағдайда акционерлік қоғамдардың акцияларын, сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешенінің өңдеуші және қызмет көрсететін кәсіпорындарының акцияларын сатып алу.
1991-1995 жылдар аралығында Қазақстанда мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің екі бағдарламасы жүзеге асырылды: 1) 1991-1992жж. – ша-ғын жекешелендіру – негізінен сауда және қызмет көрсету объектлерін қамты-ды, сондай-ақ, мемлекет меншігін кәсіпорындардың еңбек ұжымдарына беруін қарастырды; 2) 1993-1995 жылдардағы бағдарлама шағын жекешелендірумен қатар жаппай жекешелендіруді, жеке жобалар бойынша жекешелендіруді (ірі және ерекше объектлер үшін) және агроөнеркәсіп кешенін жекешелендіруді қамтыды.
Жаппай жекешелендіруге қарапайым халық жекешелендіру инвестиция-лық купондар арқылы қатысты. ондай купондар азаматтардың мемлекет мүлі-гіндегі үлесін білдірді. Купондар конкурс негізінде қаржылық делдалдарда, яғни купондарға жекешелендірілген объектлер акцияларын сатып алған инвес-тициялық жекешелендіру қорларына жинақталды. Объектлерді жеке жобалар бойынша жекешелендіру шеңберінде стратегиялық инвесторларға ашық сату-мен қатар (акционерленгеннен кейін) сенімді басқаруға, оның ішінде акцияның мемлекеттік пакетін ары қарай сатып алу арқылы шетелдік заңды тұлғаларға беріледі.
1996-1998 жылдары Қазақстанда мемлекет меншігін жекешелендіру және қайта құру бағдарламасы жүрілді, онда мемлекет меншігінде қалған объект-лерді қайта құра отырып, жекешелендіру процесі аяқталды. Мұнда мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін сатудың екі түрі қолданылды:
1. Аукциондық және тендерлік негізде саудада сату. Аукцион меншік құқы-ғын, сауда барысында ең көп баға ұсынған және бекітілген тәртіппен ресімдеп, ақы төлеген субъектіге беруді білдіреді. Тендер объектіге меншік құқығын ресімдегенде айтарлықтай жоғары бағамен қатар сатып алушының сатудың белгілі шарттарын орындауын (профилін, жұмыс орнын, т.б. сақтау) немесе жақсы жағдайлар ұсынуын білдіреді.
2. Тікелей атаулы сату жекешелендіруге дейінгі шаралар мүлікті сатып алу құқығымен жалға беруді, не мемлекеттік акция пакетін тендер негізінде ары қарай сатып алатын сенімді басқаруға бере отырып, акционерлеуді қамтыған объектлерге қатысты белгіленеді.
Қазір ҚР-на экономиканы құрылымдық қайта құруға, оның приоритетті салалары, жоғары технологиялық деңгейде өндірісті дамытудың нақты объект-леріне тікелей инвестиция қажет. Мұнымен қаржылық нарық, оның ішінде «Ба-ғалы қағаздар мен қор биржалары туралы» Заң (1991ж.) және «Бағалы қағаз нарығын қалыптастыру шаралары туралы» Президент Жарлығы (1994ж.) негі-зінде қалыптасқан қор нарығы қамтамасыз ете алады. 1995 жылы сәуірде баға-лы қағаздар бойынша ҚР-ның Ұлттық комиссиясын құру туралы Президент Жарлығы шықты. Оның негізгі міндеті – бүкіл нарықтық жүйенің айырылмас бөлшегі болып табылатын мәдениетті қор нарығын қалыптасыру.
Экономикалық-құқықтық механизмге сүйенетін нарықтық қатынастар объектлері байланысының материалданған формасы ретінде бағалы қағаз әр мемлекеттің төлем айналысында маңызды роль атқарады, бағалы қағаз арқылы инвестициялар автоматты түрде халық шаруашылығының ең тиімді сфералары-на жіберіліп, оны айтарлықтай өміршең нарықтық құрылымдар алатындай етіп құрылған инвестициялық процесс жүзеге асырылады.