Ғылым философиясы – философияның ғылымды адам іс-əрекетінің
ерекше аясы əрі ұдайы дамудағы таным жүйесі ретінде қарастыратын бір
саласы.Ғылыми танымды гносеология жəне методология
тұрғыдан зерттеу
тарихы əріден басталғанымен, Ғылыми философия 20 ғ-да ғана дербес пəн
ретінде қалыптаса бастады. Ең алғаш бұл термин О.Конт, Э.Литтре, Г.Спенсер,
т.б. ғалымдар еңбектерінде қолданылды. Олар ғылым тілін филос. тұрғыдан
зерттеу əрекеттері тек формальды (матем.) логиканың шеңберінде жүзеге асуға
тиіс, ал ғыл.-теор.
ұғымдарды эмпирикалық таным, тəжірибе сынағы арқылы
негіздеуге болады деп тұжырымдады. Бұл тұжырым бойынша, ғылым –
адамның ең жоғары ісі, ал ғылым философиясының бір ғана міндеті – тұтастай
ғылымды, оның пəндік салаларын логикалық-методол.
тұрғыдан қамтамасыз
ету. Бертін келе бұл тұжырымдаманың сыңаржақтылығына көзі жеткен
ғалымдар ғылым философиясының зерттеу нысандарына елеулі өзгерістер
енгізді. Енді ол ғылымның құрылымымен қатар тарихын зерттеуге ден қойып,
бұрыннан белгілі проблемалармен қатар жаңа пəндік мəселелерді,
олардың
қалыптасу үрдісін қарастыра бастады.
Ғылымның теориялық сатысының белгілі бір шамада тəжірибеге тəуелсіз
екендігін мойындап, жаңа ғыл. білімнің табиғатында тəжірибесынақ арқылы
дəлелдеу мүмкін емес дүниетанымдық
көзқарастардың, методол.
принциптердің болатынына көз жеткізді. Бірақ ғылымның даму заңдылығын,
оның қызметтік міндеттерін дұрыс түсіндіре алатын методол. ұстын – диалект.
көзқарас қана. Сананың техникаландырылу деңгейінің артып,
компьютерлік
дүмпудің өркениет өресіне тікелей əсер етуі, сол арқылы ғылым функциясының
кеңейіп, қоғамның өзге салаларымен, алуан текті мəдениет тұрпаттарымен
байланысының күшеюі ғылым философиясының алдына күрделі мəселелер
қойып отыр. Сондықтан ғылым философиясы
ғылыми танымның логикалық-
гносеология
проблемаларымен қатар ғылымның əлеумметтік-философия жəне
этика-этника мəселелерін зерттеуге тиіс. Ғылым философиясы мен
методологиясының қазақстандық мектебі (негізін қалаушы Ж.Əбділдин мен
Ə.Нысанбаев) отыз жыл бойы осы бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізуде. Расселдің пікірінше: «Ғылым адамы (мен түгелдей бəрін атап
тұрғаным жоқ, яғни ғылым адамдарының көбі ғалым емес,- мен ғылым адамы
туралы, оның қандай болуы туралы айтып тұрмын) –
бұл ықыласты, абайлы,
бірізгілікті, ол тек өз тəжірибесіндегі қорытындыларға сүйенеді жəне түгел
жалпылауға дайын емес, ол теорияны тамаша, симметриялы жəне синтетикалық
сипатта болғандығына қарап қабылдамайды; ол оңы бөлшектеп жəне қосымша
зерттейді».
Рассел ғылым туралы түсінік бере отырып, ғылым — ол ең алдымен, көптеген
бөлек мəліметтерді байланыстыратын, жалпы заңдылықтарды табуға
ұмтылатын жалпы заң. Ғылым ақиқатты іздестіретін өнермен тең, бірақ ол
өнерде жоқ практикалық манызға ие. Осыған орай ғылыми білімдердің
қорғансыздық ерекше формасы пайда болады, яғни ғылым, өз жемісінің қалай
қолданатының шешпейді. Ғылым адамдарға əдепті емес, мақсатқа жету жолын
Ғылыми қызметтің нəтижесі болып текст, құрылымды кесте, графикалық
тəуелдік, формула т.б. түрінде көрсетілетін болмысты жазу, процесс пен
құбылыстардың болжауын түсіндіру жатады. Бірақ ғылыми таным теориямен
аяқталмайды. Барлық ғылыми нəтижелерді шартты сатылап реттеуге болады:
«эмпирикалық-теориялық білім» немесе «дара дерек-эмпирикалық жалпылау-
модель-заңдылық-заң-теория».
Қазіргі заманның ғылымы қоғам мен адамды қоршаған ортаны өзгертудің жəне
оны танып-білудің аса қуатты құралына айналды. Оған көз жеткізу үшін ұялы
телефондар мен интернет, автомобильдер мен көшедегі тығырықтар, бай
өмірдің насихатты, жұмыссыздық пен көшелердегі қайыршылықты еске түсіру
жеткілікті. Бұның барлығы капитализм деп аталатын қоғамдық формацияның
өзіне тəн белгілері. Осы формацияның жəне капиталистік қатынастардың негізі
ретінде техникалық мəдениет пен қоршаған орта ресурстарын экстенсивті
пайдалану болып табылады. Қоғамдық қатынастардың бұл түрі
жаратылыстанушылық жəне техникалық ғылымдардың қоғамның басты
өндіруші күштері ретінде қарастырылып, пайдалануының негізінде дамып,
пайда болған.
Басқа сөзбен айтқанда, ғылымның дамуының əлеуметтік қозғаушы күші болып
жаңа табиғи ресурстар мен машиналарды қажет еткен капиталистік өндіріс
болып табылды. Осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қоғамның өндіргіш
күші ретінде ғылым қажет болды. Сталиндік типтегі социалистік жүйенің
құлауы жаңа капиталистік қатынастардың бүкіл əлемге тарауына əкеліп соқты.
Сол себепті қазіргі сəтте капиталистік техникалық мəдениет өзіне тəн қарама-
қайшылықтарына қарамастан қазіргі заманның əлемдік қауымдастығының
идеалы жəне бас иетін құдайы тəрізді болуда. Сондықтан барлық мемлекеттер
аса қуатты капиталистік елдер секілді пайда табудың жолына түсіп отыр.
1. Ғылым объектісі
2. ғылым пəні
ғылым
3. ғылымның заңы,
заңдылығы, принципі,
əдісі, əдістемесі
4. Категориялық
аппарат: ұғым,
категория, терминдер
т.б.