Салыстырмалы теорияның постулаттары. Лоренц түрлендірулері. Энергия



Дата02.06.2022
өлшемі5,33 Kb.
#36229
Байланысты:
Салыстырмалы теорияның постулаттары. Лоренц түрлендірулері. Энер-melimde.com


Салыстырмалы теорияның постулаттары. Лоренц түрлендірулері. Энергия
Салыстырмалы теорияның постулаттары. Лоренц түрлендірулері. Энергия.
ХХ ға сырдың басында тұжырымдалған А.Эйнштейннің арнайы салыстырмалылық принципі
ғалымдардың ғылыми көзқарасын түпкілікті өзгертті. Бұл теорияға сәйкес жарық жылдамдығы
санақ жүйесін таңдауға тәуелді емес, әр түрлі санақ жүйелеріндегі уақыт пен кеңістік түрліше. Кеңістік пен уақыт туралы көзқарастардың өзгеруіне электрдинамиканың дамуы себеп болды.
А.Эйнштейнің салыстырмалылық теориясының постулаттары
1. Барлық физикалық құбылыстар әртүрлі инерциялық жүйелерде бірдей жүреді.
2. Вакуумдағы жарық жылдамдығы барлық инерциялық санақ жүйелерінде бірдей. Ол жарық
көзінің жылдамдығына да, бақылаушының жылдамдығына да тәуелді емес.
Эйнштейн постулаттарына сәйкес кеңістік пен уақыт абсолютті емес. Олар бір санақ жүйесінен екінші санақ жүйесіне өткенде өзгереді.
Эйнштейннің салыстырмалылық теориясымен сипатталатын құбылыстарды релятивистік (лат.
«relatives» – салыстырмалы) деп атайды. Мұндай эффектілерге мыналар жатады:
Лоренц түрлендірулері
Майкельсон мен Морли тәжірибесі нәтижелерін зерттеп, Лоренц Жердің қозғалыс бағыты
бойынша және сәуленің таралу бағыты бойынша орналасқан интерферометрдің иіні эфирмен
әрекеттесу барысында қысқарады деген қорытындыға келді. Ол мынаған тең болады:
мұндағы
- интерферометрдің иіні;
- Жердің «әлемдік эфирге» қатысты жылдамдығы.
Масса мен энергия арасындағы байланыс
Эйнштейннің арнайы салыстырмалылық теориясына сәйкес дене массасы оның қозғалыс
жылдамдығына тәуелді, демек, энергия мен масса арасында байланыс бар.
Эйнштейн формуласы
Арнайы салыстырмалылық принципі негізінде Эйнштейн масса мен энергия арасында
байланыс орнатты: - мұндағы m − дененің массасы.
Физикалық мағынасы: материяның бір түрінің екінші түрге – зат өріске және керісінше, өріс затқа айналуы мүмкін.
мұндағы – дененің қозғалмайтын санақ жүйесіне қатысты жылдамдығы, – қозғалатын санақ жүйесінің қозғалмайтын санақ жүйесіне қатысты жылдамдығы, – дененің қозғалатын санақ жүйесіне қатысты жылдамдығы.
Эйнштейннің салыстырмалылық туралы арнайы теориясы кеңістік пен уақыт туралы көзқарасты толығымен өзгертті. Оның теориясы жарық жылдамдығының тұрақтылығына негізделген.
Жарық жылдамдығы – абсолют шама, санақ жүйесін таңдауға тәуелсіз. Кеңістік пен уақытты сипаттайтын шамалар салыстырмалы болу керек. Жарық жылдамдығына жуық жылдамдықпен қозғалатын дене үшін кеңістік пішіні өзгереді: бөлшектің қозғалыс бағыты бойынша қысқарады, уақыт баяулайды. Бір процесс әртүрлі санақ жүйелерінде әртүрлі уақыт аралығында өтеді.
Тапсырма:
http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет