Қазақстан тарихы №1 билет «Кеңестік кезеңдегі жетістіктердің бірі халыққа білім берудің жедел дамуы болып саналады»



Pdf көрінісі
Дата28.04.2023
өлшемі121,85 Kb.
#87984


Қазақстан тарихы 
№1 билет 
3. «
Кеңестік кезеңдегі жетістіктердің бірі халыққа білім берудің жедел дамуы болып саналады». 
Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз. 
 
Кеңестік кезеңде рухани сала түбегейлі жаңғыруға ұшырады. Дінге, білімге, жоғары және 
бұқаралық өнерге қатыстының бәрі өзгерді. 
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін бейбіт өмірге көшуге байланысты халықтың мәдени деңгейін 
жетілдіру, сауатсыздықты жою мен маман кадрлар дайындау қажеттілігі туындады.
Кеңестік кезеңдегі (соғысқа дейінгі кезең) жетістіктердің бірі халыққа білім беру жедел дамыды.
Кеңес үкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. 
Елде халыққа білім беру мен ағарту ісін дамытуға баса назар аударылды. Халық ағарту арқылы 
большевиктер өздерінің идеологиясын сіңіруді және қарапайым адамдардың сеніміне кіруді көздеді. 
Дәлел: Сауатсыздықпен жаппай күрес, жалпыға бірдей бастауыш, одан кейін толық емес орта білім 
беруді енгізу осы жолдағы кезеңдер болды. Білім беру индустрияландырудың қажетті негізгі шарты және 
маңызды идеологиялық құралы қызметін атқарды.
Ересектер арасындағы сауатсыздықты жоюға бағытталған күрес Кеңес үкіметінің алғашқы 
қадамдарынан-ақ басталды. Жер-жерде «Сауатсыздық жойылсын!» қоғамдастығының бөлімшелері 
ашылды. Бөлімшелерде мыңдаған ересек адам оқып-жазуға үйренді.
Мектеп «еңбек мектебі» деп аталды (ІІ-сатыдан тұрды), өйткені еңбек дағдыларын меңгеруді 
қамтамасыз етті. Көшпелі және жартылай көшпелі халықтың арасында мектеп-коммуналар құрылды. 
1920-
1921 оқу жылында Қазақстанда 2410 мектеп болды (1914-1915 оқу жылында – 2011 мектеп). Бірақ 
1929 жылы үй-жайлардың, мұғалімдердің жетіспеуінен мектептерге мектеп жасындағы балалардың тек 
40 пайызы ғана барды. Екінші сатылы мектептер, әсіресе қазақ мектептері әлі де болса аз болды. Ауылдық 
мектептерде толық орта білімі жоқ адамдар сабақ берді. 
Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс, халыққа 
білім беру саласын жеделдетуге зор үлестерін қосты. Қазақ тілінде оқулықтар жазылды. 1928 жылдың 
соңына қарай қазақ мектептері үшін 30-дан астам оқулық жарық көрді. 
Ахмет Байтұрсынұлы – «Қазақ әліпбиі» (1924 ж.) 
Қаныш Сәтбай – «Алгебра» 
Әлихан Бөкейхан – «География» 
Санжар Асфендияр – «Қазақстан тарихы» 
Әлімхан Ермек – «Ұлы математика курсы» 
Заманауи үлгідегі алғашқы қазақ ғалымдары ХХ ғасырдың бас кезіндегі кәсіптік, ғылыми және 
қоғамдық-саяси қызметті үйлестірген ағартушылар болды. Мысалы, Ә.Бөкейхан экономика, 
А.Байтұрсынұлы тілтану, М.Тынышбаев тарих, Ж.Аймауытов психология мен педагогика, 
Х.Досмұхамедов медицина, зоология, әдебиет жөнінде еңбектер жазды. 
1930 жылы КСРО-да жалпыға бірдей бастауыш білім беру енгізіліп, педагогикалық кадрлар 
мәселесі шешіле бастады. Нәтижесінде 1937 жылға қарай балалардың 96 пайызы бастауыш біліммен 
қамтылды (7,5 мың мектеп). 1936 жылы алғашқы 11 бала қазақ орта мектебін бітіріп шықты. 
Соғыстан кейінгі жылдары ҰОС кезінде қазаға ұшыраған мамандардың орнын толтыру, ғылым мен 
білімді одан әрі дамытуға назар аударылды. Жалпыға бірдей міндетті орташа білім алу (1972 жылы), ал 
облыстық және өнеркәсіптік ірі орталықтарда – онжылдыққа көшу жөніндегі шараларды жүзеге асырды. 
Үлкен қалаларда балабақшалардың жетіспеушілігі өзекті мәселе болып қала берді. Қалалық және 
ауылдық мектептердегі оқыту сапасында да айтарлықтай айырмашылықтар байқалды.
Мектеп жүйесіндегі ауыр дағдарыс ауқымды деңгейде ХХ ғасырдың 80-жылдарының екінші 
жартысында басталды. 
Дәйек:
1926 жылы сауаттылық деңгейі қазақ халқында – 6,9 %, орыс халқында 36 %, ал жалпы сауаттылық 
деңгейі 17,8%-ды құрайтыны анықталған.
1939 жылы Қазақстанның 50 жасқа дейінгі халқының сауаттылығы 80%-ға жақындады. Қазақ 
халқының сауаттылығы – 54,5 %, орыс халқының сауаттылығы – 70,4 % деп анықталды. 
1940 жылдардың басына қарай елімізде 7,5 мың мектеп, оның 5,2 мыңы бастауыш, 1,7 мыңы толық 
емес орта мектеп болды. Бұл мектептердегі оқушы саны 1 млн балаға жетті. 
1950 жылға қарай республикада жалпы білім беретін 9088 мектептер жұмыс істеп, оларда 1 млн 439 
мың оқушы білім алды. 


Қосымша: 2022-2023 оқу жылында барлығы 7550 мектеп, 3,6 млн оқушы, 366,6 мың педагог 
жұмыс істейді. (ҚР ОАМ дерегі)
Кемшіліктері:

Мектеп ісіне әліпбидің өзгертілуі үлкен қиындықтар туғызды 
- 1920-
1930 жылдардағы аштық мектептердің кеңінен ашылуына кедергі жасады 

Кадр тапшылығы (Қазақстанда бірден-бір жоғары оқу орны Орынбор қаласындағы Халыққа білім 
беру институты, алғашқы ЖОО 1928 ж. Қазақ педагогикалық институты (Абай ат.) ашылды) 

1959 жылғы санақ бойынша республикада жергілікті ұлт өкілдерінің саны халықтың 30%-ын 
құрады. Қазақстанның солтүстік облыстарында қазақ тілінде оқытатын мектептер саны қысқарды. Облыс 
орталықтарында бір-бірден ғана қазақ мектептері жұмыс істеп тұрды. 1970 жылы қала халқының 
құрамындағы қазақтардың үлесі 17,2 % ғана болды. Соның салдарынан қазақ мектептері жабылып, орыс 
тілінде оқытатын мектептерге айналды. Қазақ мектептерінің жағдайы ауыр болып қала берді. 

Мектептердегі білім беру ісі тоталитарлық тәртіптің ықпалынан шықпады. 
Қорытынды: Кеңестік тәртіптің елеулі жетістіктерінің бірі – халық ағарту жүйесін дамытты және 
азаматтардың жаппай сауат ашуын жүзеге асырды. Елеулі қиыншылықтарына қарамастан, сәтті 
жүргізілген мәдени бастамалардың бірі болды.
1980 жылдары қазақ тілінде оқытатын мектептер саны азайса, тәуелсіздік жылдары 
оқушылардың төрттен үш бөлігі мемлекеттік тілде білім алады. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет