«Қазақстан тарихы» пәнінен Мемлекеттік емтихан сұрақтары



Дата18.05.2023
өлшемі46 Kb.
#94342

«Қазақстан тарихы»

пәнінен Мемлекеттік емтихан сұрақтары





  1. Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері.

  2. Қазақстан территориясындағы ежелгі адамның шаруашылығы мен тұрмысы.

  3. Қазақстан аумағындағы ежелгі темір өңдеу техникасы.

  4. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті.

  5. Дала аймағы – көне дөңгелекті көлікті даму орталықтарының бірі.

  6. Қазақстан аумағындағы қола дәуірі мәдениеттерінің шығу тегі мәселесі.

  7. Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени факторлар.

  8. Қазақстан территориясындағы мал шаруашылығының рөлі мен маңызының артуы.

  9. Сақтардың Ахеменидтер державасымен қарым-қатынасы.

  10. Сармат тайпалық одағы.

  11. Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихы мәселесі.

  12. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері.

  13. Қазақстандағы ерте темір дәуірінің зерттелуі.

  14. Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы.

  15. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы.

  16. Батыс Түрік қағанаты («он оқ»): құрылуы, аумағы, этникалық құрамы.

  17. Жетісу және Оңтүстік Қазақстандағы араб-қытай қайшылығы.

  18. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер мен тайпалармен қарым-қатынастары.

  19. Сырдария бойындағы жабғу мемлекеті.

  20. Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер.

  21. Қыпшақтардың саяси гегемониясының Қазақстан аумағына таралуы.

  22. Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы.

  23. Шығыс Түркістан мен Жетісу: моңғол шапқыншылығы кезеңі.

  24. Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы: территория, этникалық процестер, мәдени симбиоз.

  25. Әмір Темірдің Алтын Ордаға жорықтары.

  26. Моғолстанның әлсіреуі және құлауы.

  27. Әбілқайыр хан мемлекеті.

  28. Ноғай Ордасының көршілес мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы.

  29. Қазақ жүздерінің қалыптасуының этносаяси және шаруашылық факторлары.

  30. Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғалары.

  31. Қазақ хандығының XVI ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.

  32. Қасым хан тұсында хандық аумағының ұлғаюы.

  33. Хақназар ханның билігі.

  34. Жоңғар хандығының пайда болуы, алғашқы қазақ-жоңғар қатынастары.

  35. XVIII-XIX ғғ. қазақ қоғамындағы батырлар мен билер ықпалының өсуі.

  36. Ауызша тарих айту дәстүрі және оның ерекшеліктері мен маңызы.

  37. «Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама» жылдары.

  38. Ордабасындағы басқосу - өзара келісім және аумақтық біртұтастықты сақтап қалу жолы.

  39. Қазақтар мен жоңғарлардың әскери өнері: салыстырмалы талдау.

  40. Әбілқайырдың Орынбор әкімшілігімен қарым-қатынасының шиеленісуі.

  41. Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары

  42. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.

  43. Орта және Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы.

  44. Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері.

  45. Жоламан Тіленшіұлының наразылық қозғалысы(1822-1824 жж.).

  46. Жәңгір ханның ағартушылық саясаты.

  47. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіруі.

  48. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.

  49. Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлының көтерілістері.

  50. 1867-1868 жж. уақытша ереженің жүзеге асырылуы.

  51. 1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстау қазақтары көтерілістері.

  52. Әскери-казактық отарлауы: Орал, Орынбор, Сібір казак әскерлері.

  53. ХІХ ғ. 60-90 жылдарындағы көші-қон мәселесі.

  54. «Зар-заман» мектебінің поэзиясындағы наразылық.

  55. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы.

  56. Ш.Уәлиханов және оның Қазақстанның тарихы, географиясы, экономикасы мен мәдениетіне қатысты ғылыми мұрасы.

  57. Еуропалық саяхатшылар Қазақ даласы туралы.

  58. Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлері.

  59. Жәдидшілдік ағартушылық идеяларының ықпалы.

  60. 1916 жылғы Орта Азия ұлт-азаттық көтерілісі.

  61. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімді басылымдар.

  62. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері.

  63. Жалпықазақ съездері және олардың маңызы.

  64. Алаш автономиясының құрылуы.

  65. Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметінің құрылуы.

  66. Қазақ өлкесіндегі «ақтар» мен «қызылдардың» қарсыластығы.

  67. Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы.

  68. 1921-1922 жж. Қазақстандағы ашаршылық.

  69. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС).

  70. Бай шаруашылықтарының тәркіленуі және оның саяси-экономикалық салдарлары.

  71. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарын отырықшы өмірге күштеп көшіру.

  72. Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы және ауыр зардаптары.

  73. Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау.

  74. ІІ Дүниежүзілік соғыс кезіндегі өнеркәсіп кәсіпорындары мен мәдениет объектілерін Қазақстанға эвакуациялау.

  75. Қазақстан аумағындағы ядролық сынақтар және олардың зардаптары.

  76. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру.

  77. КОКП ОК-ның Бас хатшысы М.С. Горбачевтың «қайта құру» саясаты.

  78. 1986 жылғы Алматыда және республиканың басқа қалаларында болған Желтоқсан оқиғасы.

  79. 1991 жылғы тамыз бүлігі және КСРО-ның ыдырауы.

  80. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұранының бекітілуі.

  81. «Қазақстан-2030» Стратегиясы. Қазақстан астанасының көшірілуі.

  82. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі кезеңдері.

  83. Қазақстан Республикасының білім және ғылым жүйелеріндегі реформалар. «Болашақ» бағдарламасы.

  84. «Мәдени мұра», «Тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты мен негізгі кезеңдері.

  85. Тарихи сананы жаңғырту. «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы.

  86. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының тарихи маңызы.

  87. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық қатынастары.

  88. Тәуелсіз Қазақстанның конфессионалдық саясаты.

  89. Қазақстан Республикасының жастар саясаты.

  90. «Қаңтар оқиғасы». Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет