Ќазаќстан тарихынан емтихан с±раќтары



бет1/8
Дата08.06.2023
өлшемі1,3 Mb.
#99680
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
қазақстан тарихы емтихан билеттері 9 сынып

ТҮСІНІК ХАТ


Қазақстан тарих- мектептегі оқу пәні ретінде негізгі орта білім беретін мектептегі барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың өзегін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана-сезімді қалыптастырады.


Қазақстан тарихы оқу пәнінің негізі—адамзаттың жүріп өткен табиғи және әлеуметтік даму жолы. Ол оқушыларды адамзат тарихының ең ежелгі дәуірінен қазіргі кезге дейінгі кезеңдерімен таныстырады.
Қазақстан тарихынан 9-сыныпқа арналған мемлекеттік емтихан билеттері 6-10-сынып бағдарламасы ескеріле отырып, білім беру, тәрбиелеу, дамытушылық жағынан ең маңызды деректер, оқиғалар, құбылыстар, тарихи үрдістер, тарихи-ғылыми ұғымдар іріктеліп алынды. Бұл тарихи объектілер адамзаттың кез келген қоғамының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдениет сияқты маңызды салаларын қамтитын болғандықтан оқушыларға адамзат қоғамының тарихын толық түсінуге мүмкіндік береді. 
Қазақстан тарихы мақсаты - емтиханға жүйелі, сапалы дайындалуға, өздігінен жұмыс істей білуге негізделген. Оқушылардың білім деңгейін, өтілген материалды меңгерудегі жетістіктерін айқындауға көмектеседі. Мемлекеттік емтиханда 9- сыныптың оқу бағдарламасына сәйкес негізгі теориялық сұрақтар қамтылған. Бірінші, екінші сұрақтар теориялық сұрақтар қамтылған, үшінші сұрақ функционалдық сауаттылыққа бағытталған сұрақтар қамтылған.
Мемлекеттік емтиханы төмендегідей міндеттерді жүзеге асыруға көзделеді:
- оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру; оларға адамзат жинаған әлеуметтік, рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгеру;
-оқушылардың басты назарын қоғам тарихына; адамдардың өмір тіршілігі мен қызметіне, салт-дәстүр тарихына аудару, тарихи оқиғаларды, құбылыстарды талдай отырып, олардың біртұтас тарихи қозғалысқа жататынын түсінуге көмектесу;
- гуманизм мен адам құқықтарын құрметтеудің озық дәстүрлерін меңгерген құнды бағдарланған жеке тұлғаны тәрбиелеу;
-оқушыларда тарихты оқып- үйренудегі көпөлшемділігі және тарихи процестің дамуының баламалы екендігі туралы түсінік қалыптастыру;
-оқушылардың тарихи білімді шығармашылықпен қолдану, тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырамалы талдау негізінде ой елегінен өткізе білу дағдыларын қалыптастыру;
-Отаны мен халқы алдындағы жаупкершілігін сезінетін жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет