«Қазақстандағы туризм және экотуризм. Пунктуация» бөлімі 1-нұсқа



бет1/3
Дата19.05.2023
өлшемі16,73 Kb.
#94934
  1   2   3
Байланысты:
БЖБ8


«Қазақстандағы туризм және экотуризм. Пунктуация» бөлімі


1-нұсқа



Оқу мақсаты:

8.2.5.1 перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру;
8.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу.



Бағалау критерийі:

Білім алушы
Мәтін бойынша сұрақ құрастырады.
Перифразаның түрлі тәсілдерін қолданады.
Мәтіннің әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация) жазады.
Мәтіннің баяндау желісін сақтайды.



Ойлау дағдыларының деңгейі:

Жоғары деңгей дағдылары





Орындау уақыты:

15-20 минут





1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтін бойынша перифразаның түрлі тәсілдерін қолданып, 4 сұрақ құрастырыңыз.

1993 жылы Қазақстан Дүниежүзі туристік ұйымының мүшелігіне енді. Дәл осы жылы туризмді дамыту бағдарламасы дайындалып, ал 1997 жылы «1997-2003 жылдар кезеңінде Ұлы Жібек Жолының тарихи орталықтарының өркендеуі, түркі тілді мемлекеттердің мәдение мұраларын сақтау және туристік инфрақұрылым құру» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Елімізде туризмнің дамуы үшін барлық қажетті, мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар бар.


Қазақстандағы қандай туризм түрлері бар екенін білесіз бе? Бізде туризмнің бірнеше түрі қарқынды дамып келеді. Олар: этнотуризм, тау туризмі, емдік-сауықтыру туризмі, мәдени-танымдық туризм, аңшылық пен балық аулау, т.б.
Этнотуризм. Этнотуризм – Қазақстандағы елдің бай тарихи өткені мен қазақ халқының мәдениетінің өзіндігіне қызығатын адамдарды тартатын туризмнің бір түрі. Қазақстанның қай аймағында болмасын жолаушылар қазақ этносына тән салт-дәстүрмен, шығармашылық ерекшелікпен танысып, елдің мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін зерттей алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет